Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар

Жоспар

1.Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар

1.Есеп – математиканы оқыту курсында үлкен орын алады және математиканы оқытудың барлық жұмыстарымен байланыста жүруі тиіс, кейбір жағдайларда оқып білуге тиісті теориялық материалдың мәнін, практикалық мағынасы мен маңыздылығын түсіну есеп шығару арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайларда есеп шығару математикалық ұғым қалыптастыруға мүмкіндік береді. Есеп шығару – оқушылардың білімін толықтыру, нақтылау мен дағды қалыптастыру және оны одан әрі жетілдіру үшін пайдаланылады. Қазіргі кезде есеп – оқыту мақсаты үшін емес, оның математиканы оқыту құралы болып табылатындығы туралы көптеп айтылып жүр.

Сонымен бастауыш сыныптарда математикадан есеп шығару практикумын оқыту келесі өзәра байланысты төрт түрлі мақсатқа жетуді көздейді:

1. Білімділік: бағдарламаға сәйкес математикалық білім, білік және дағдылардың белгілі бір көлемін оқушыларды игеруі;

2. Тәрбиелік: шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, жоғарғы ізгі игіліктер мен сапалар, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру;

3. Дамытушылық: логикалық құрлымдар мен олаудың математикалық стилін дамыта түсу;

4. Практикалық: меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларда практикалық есептерді, мәселелерді шешуде қолдана білумен байланысты білік қалыптастыру.

Сонымен есеп шығаруды оқыту міндеттері төмендегіше:

1. Есеп туралы түсінік қалыптастыру, оның құрамы және шешу процесімен таныстыру.

2. Есепті “есеп еместен” ажыратуға және “Есеп еместі” есепке айналдыруға үйрету.

3. Есептің берілген деректері және оның шешуін салыстыру негізінде жай есептің барлық түрлері туралы түсінік беру.

4. Құрама есеппен таныстыру, құрама есепті жай есептен және басқа тапсырмалардан ажыратуға үйрету.

5. 5. Жай есепті құрама есепке және керісінше айналдыра алу білігін қалыптастыру.

6. 6. Есепті талдау негізінде шешуге және шешу жоспарын құруға, амалдар, өрнектер теңдеулер көмегімен шешуін жазуға және шешуін әр түрлі тәсілмен тексеруге үйрету.

7. 7. Есептің кез келген түрін шеше алу білігін қалыптастыру үшін әр түрлі есептерді салыстыра алу білігін дамыту.

8. 8. Арифметикалық амалдар қасиеттері мен ережелері жөніндегі білім негізінде есепті әр түрлі тәсілмен шешуге үйрету.

9. 9. Түрлі мәліметтер мен мағлұматтар, сурет, қысқаша жазу, сызба, график, схема, кесте мен өрнектер бойынша есеп құрастыра алу білігін қалыптастыру.

10. 10. Кері және өзара кері есептер құру мен шешуге үйрету.

1. Қарастырылатын есеп түрін шығаруға дайындық.

Мақсаты: мұндай есептерді шешу барысында оқушылардың амал таңдауына, негіз болатын берілген деректер мен ізделінді арасындағы байланысты игеру.

2. Қарастырылатын есеп түрін шығарумен таныстыру.

Мақсаты: берілген деректер мен ізделінді арасындағы байланысты тағайындауға және соның негізінде арифметикалық амал тағдауға үйрету, яғни есепте суреттелген нақты жағдаяттан сәйкес амал таңдауға көшуге үйрету. Соның нәтижесінде қарастырылатын есеп түрін шығару тәсілі таныстырылады.

3. Қарастырылатын есеп түрін шығара алу біліктерін қалыптастыру.

Мақсаты: қарастырылатын есептің нақты мазмұнына қарамастан, барлық түрін шығаруға үйрету, яғни осы түрдегі есепті шешу тәсілін жалпылау.

1 БАСҚЫШ. Қарастырылатын есеп түрін шығаруға дайындық кезеңіндегі көрнекіліктерді көрсетейік:

1. Көптеген жағдайларда есепті шығармас бұрын элементтері нақты заттар немесе олардың суреттері болатын жиындармен жұмыс орындалады:

а) қосындыны табуға арналған жай есепті еңгізбес бұрын жиындарды біріктіруге (жақындатуға) жаттығулар жүргізіледі;

 
  Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru

ә) қалдықты табуға арналған жай есепті еңгізбес бұрын жиынды бөліп алу (алыстату) жаттығулары жүргізіледі;

 
  Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru

б) көбейтіндіні табуға арналған жай есепті еңгізбес бұрын тең жиындарды біріктіруге жаттығулар жүргізіледі;

 
  Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru

в) бөліндіні табуға арналған жай есепті еңгізбес бұрын жиындарды тең қуаттас ішкі жиындарға бөлуге жаттығулар жүргізіледі;

 
  Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru

г) санды бірнеше бірлікке арттыруға арналған есептер берілген жиыннан бірнеше эллементі артық жиындар құру жаттығуларын көздейді (сонша және тағы екі):

 
  Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru

д) санды бірнеше бірлікке кемітуге арналған есептер берілген жиыннан бірнеше элементі кем жиындар құру жаттығуларын көздейді (біреусіз сонша).

Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru

1. Оқушылар қажетті амалды дұрыс таңдап алуы үшін суреттегі сәйкес сөйлемдер құрастыруға арналған дидактикалық ойындарды ұсынуға болады:

Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru   Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Есеп ұғымын оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru
4 - 1 3 + 2 2 + 1 4 - 2 5 - 2 4 + 1

Құрама есептерді шешу оның құрамына енетін бірнеше жай есептерді шешуге келтіріледі, сондықтан сәйкес жай есептерді шешу құрама есепті шешуге дайындық болып табылады.

Мысалы: «Екінші сынып оқушылары 20 жалауша және 5 фонарь жасады. 15 ойыншықты олар бала бақшаға сыйлады. Оларда неше ойыншық қалды?»

Бұл – екі жай есептен тұратын құрама есеп:

а) «Екінші сынып оқушылары 20 жалауша және 5 фонарь жасады. Оқушылар барлығы неше ойыншық жасады?» - қосындыны табуға арналған есеп 20+5=25 (о.).

ә) «Оқушылар барлығы 25 ойыншық жасады. 15 ойыншықты олар балабақшаға сыйлады. Оларда неше ойыншық қалды?»- қалдықты табуға арналған есеп: 25-15=10 (о.).

Ендеше, осы есептің шешуін өрнек түрінде жазуға болады: (20+5)-15=10 (о.).

Наши рекомендации