Сұрақ Дәріске қойылатын талаптарға сай технологиялық карта құрастырыңыз
Дәрістің негізгі дидактикалық максаты - студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру.
Лекцияға қойылатын талаптар: дәріс пендәріс окудың адамгершіліктік, ізгіліктілік (гуманистік) жағы; Ғылымилығы мен ақпараттылығы; (қазіргі кездегі ғылыми деңгейі) Дәлдігі мен дәлелділігі; Түсіндірудің эмоционалдық жағы; Тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсендіру; Қойылған сұрақтарға жауап берудегі құрылымы мен қисығының нақты болуы; Басты ой-пікір мен ережелерді бөліп алу; Тірек ұтымдарды бөліп алу, түсіндіру; Қорытындылау; Тілінің түсінікті және анық болуы; Басты, жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіндіре білу; Мүмкіндігінше дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді (аудио, видео, интерактивті мультимедиалық кұралдар т.с.с. ) пайдалану; Аталған талаптар лекцияның сапасын бағалау критерийлерінің негізі болып табылады. Лекцияның құрылымы және оның сапалылыгын бағалау Өзінің құрылымы жағынан лекциялар әртүрлі болып келеді. Оның құрылымы оқытылатын материалдардың мазмұны мен сипатына байланысты, бірақ, кез-келген лекцияға қолданылатын жалпы құрылым-дық форма болады. Ең алдымен лекцияның жоспарын хабарлап, яғни жоспармен таныстырып, сол жоспар бойынша жүйелі түрде сұрактардың мазмұнын ашуды қатаң түрде сактау қажет. Емтихан сұрақтарына кіретін негізгі, маңызды мәселелерге ерекше назар аударып, соларды жоспарға міндетті түрде енгізілуі шарт. Алдыңғы өтілген лекцияның мазмұнын еске түсіріп, оның жаңа материалмен байланысын, пәндегі және басқа ғылымдар жүйесіндегі орны мен қажеттілігін айтып өту керек. Тақырыпты ашу барысында индуктивті әдісті қолдануға болады: ғылыми қорытындыларға әкелетін мысалдар, фактілер; сол сияқты нақты мысалдар арқылы жалпы ережелерді түсіндіруде дедукция әдісін де қолдануға болады. Лекцияның соңында айтылған мәселелер бойынша қорытынды жасау лекцияньщ құңдылығын арттырады. Жоғары мектептегі дәстүрлі лекциялар ақпараттық болып табылады. *Лекциялар мазмұны, кұрылымы, сипатына қарай әртүрлі болып келеді. Бірақ, жалпы басшылыққа алатын әдістемелік ереже, қагидалар ортақ болады. Лекцияның үш түрі болады: І.Кіріспе. 2. Ағымдағы лекция. 3. Қорытынды, немесе шолу лекциясы. 1. Кіріспе лекция - мұнда пәннің мақсаты, ғылымдар жүйесінде алатын орны, сол мамандыққа қажеттілігі, яғни рөлі, мамандыққа қажет оқылатын басқа да пәндермен байланысы, сол пән ғылымының зерттеу пәні, әдіснамалық негізі, әдістер, мәселелер мен гипотезалар, даму перспективасы, іс-тәжірибесі, яғни практикамен байланысы, теориялық материалдар, даму тарихы, студенттердің болашақ мамандығына байланысы, пәнге байланысты оқулық, оқу-әдістемелік құрал, ғылыми әдебиеттермен таныстыру сияқты мәселелер сөз болады. Бұдан басқа пәнді оқып, меңгерудің, жүйелі түрде әдебиет пен конспектілермен жұмыс жасаудың әдістерімен таныстырған жөн. 2. Ағымдағы лекция - оқу жоспары негізінде жасалған типтік бағдарламаға сәйкес жұмыс бағдарламасы бойынша жүргізіледі. 3. Қорытынды немесе шолу лекция - бұл қысқаша конспект түрінде берілмейтін, білімнің жоғары деңгейде жүйеленіп берілуі. Сонымен бірге ең қиын, күрделі емтихан сұрактарының жауаптары қарастырылады. Жалпы лекцияны оқи отыра, лектор студенттердің қандай мәселелерді жазып алып жатқандығын байқап, соған бағдарланып отыруы керек. Конспект мұқият тыңдау, жазба жұмыстары кезінде жаксы есте сақтау, семинар, емтихандарға дайьщдалуда тірек материалдары ретінде көмек береді. Лектордың міндеті - студенттерге конспект жазу барысында ойлап, саналы түрде ұғыну, зерделеуді, тыңдай отырып, қысқаша жазып алулары үшін жағдай тудыруы керек. Ол үшін лектор студештерге көмектесуі, яғни барлығына түсінікті ме, жоқ па, үлгеріп жатыр ма, міне, осындай мәселелерге назар аударуы қажет. Бұны ол аудиторияның реакциясынан байқай алады. Ол үшін лектор өзінің дауыс ырғағына, материалды қалай жеткізіл жатқандығына, тақтадағы жазбаларына, көрнекілікті қолдануына, дауыс темпіне, лекцияның регламентінің қалай сақталып жатқаңдығына үнемі бақылау жасап отыруы қажет. Студенттерді қысқаша лекция жазуға уйрету, жазбаларды рәсімдеу, қысқартылған сөздер, әртүрлі белгілерді дұрыс қоя білу, жазба жұмысы барысында әртүрлі қаламдарды қолдану сияқты іс-әрекетгерге дағдыландыру пайдалы. Лекция мазмұнының құрылымының нақтылылығы, студенттердің ынта - ьқыласын өзіне аудара білуі студентгердің белсеңділігін, жұмысқа деген қабілеттілігін, педагогикалық қарым-қатынас орнатуға, еңбекке деген құлшынысты, пәнге деген қызығушлықты тудырады. Лекция сапалылыгын бағалау Өзара сабаққа қатысу барысында қызметтестер оқытушыньщ лекцияны оқу сапасын бағалайды. Лекцияны бағалау критерилерінің негізгі түйіндері: оның мазмұны, әдісі, студенттер жұмысына жетекшілік, лекторлық дарын, лекцияньщ нәтижелілігі. 1. Лекцияның мазмұны: ғылымилығы - қазіргі кездегі ғылымның дамуына, жетістігіне сәйкестілігі; саяси бағытгылығы - дүниетанымдық идеяларды бөліп алу, жекелеу, әдіснамалық сұрактарды ажырата біліп, оларды түсіндіру; ойлаудың белсенділігі - мәселелік сұрақтар қою және пәнаралық байланыстарды анықтау; Лекция мен окулық арасындағы байланыс, яғни оқулықта жоқ материалдар беріле ме, әлде оқулық бойынша айтылып жатыр ма? Қиын сұрақгарды талдау, ерекше токталу, жекеленген метериалдың бөлімдері бойышпа студенттерге өз бетінше тапсырма беру. Пәнішілік және пәнарлық байланыстар. 2. Оқытудың әдісі - лекцияның құрылымы, қисыны (логикасы), жоспары, әдебиеттер мен қосымша әдебиеттерді беру, жаңа терминдер, дәлелділігі мен дәйектілігі, негізгі ойлар мен қорытыңдылар, оларды ажырата білу, көрнекілік құралдар, жекеленген жазбалар, тірек конспектілерді қолдану. Қорытындылауда сұрақтарды қайталау, бақылау, тексеру сұрақтары, лекцияның соңында бүкіл лекция материалы бойынша қорытыңды, тұжырым жасау. 3. Студенттер жұмысына басшылық - лекция, конспектілерді жазуды талап ету, сұрақ-сауал, дискуссия ұйымдастыру. Конспектілерді семинар сабағында, лекцияньщ соңында тексеріп отыру. Шешендік әдістер, риторикалық сұрактар беру, әзіл-қалжынды орында қолдану сияқты студенттердің ықыласын аудару, көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуына кейбір әдістерді қолдану. 4. Лекторға қойылатын талаптар: пәнді жетік білуі, идеялық сенімділік, көңіл-күй, дауысырғағы, сөз құрамының дұрыстылығы мен нактылығы, демалысы, сырт көрінісі, өзін-езі аудиторияда ұстай білуі, аудиторияны "көре" және "сезе'? білуі, аудиториямен байланыста болуы. шешендік шеберлігі. 5. Лекцияның нәтижесі: ақпараттық құндылығы, тәрбиелік әсері, дидактикалық мақсатқа жетуі. Лекция оку барысындағы лектордың міндеті: - студенттердің танымдық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, яғни лекцияны тыңдау, қабылдауы, түсінуі сияқты танымдық процестердің белсеңді жүруін байқау, қадағалау; материалды өңдеу; тұжырымдап, қорытынды жасау: Дұрыс әрі тиімді ұйымдастырган лекцияның тәрбиелік маңызы арта түседі, яғни, ойлау, еңбек әрекеті, пәнге деген ынта, ықылас және қызығушылық дамып, қалыптасады. Семинар және лабораториялық сабақтар. Семинар сабағының оқытудың формасы ретінде өзіне тән тарихы бар.