Мектептерде жүргізілетін тәрбие жұмыстарын анықтауға бағытталған сұрақнама құрастырыңыз.

1. Мектепте тәрбие жұмыстары жүргізіледіме? 2. Мектептегі тәрбие жұмыстары уақытылы өтіп тұрадыма? 3.Мектепте өткізіліп отыратын тәрбие жұмыстарына көңіліңіз толадыма? 4.Тәрбие жұмыстарын құрастырушылар оқушылардың көзқарасымен санасадыма? 5. Тәрбие жұмыстары көбінесе қандай бағытта жүргізіледі? 6. Тәрбие жұмысына сіз қандай бөлім қосар едіңіз? 7. Тәрбие жұмыстарының нәтижелігі қаншалықты деңгейде жоғары? 8. Тәрбие жұмыстарын әзірлеп оны жүзеге асыратындарға ұсыныстарыңыз барма? 9. Тәрбие жұмыстарын жоспарлау сізге берілсе қандай тақырыптан бастар едіңіз? 10. Мектептегі жүргізілетін тәрбие жұмыстарының маңыздылығы қандай?

51Хохланд сұрақтамасын кәсіптік бағыттарға байланысты топтастырыңыз.

Тұлғалардың типологияларына сәйкес американдық психолог Дж. Холланд адамдарды алты психологиялық типтерге бөлді:

- реалистiк,

- интеллектуалды,

- әлеуметтiк,

- конвенционалды,

- тапқыр,

- әртистік.

Әрбiр тип темперамент, мінез сипатының нақтылы ерекшелiктерiмен бейнеленедi. Тұлғалардың осыған байланысты нақтылы психологиялық типі адамды ең үлкен жетiстiкке жеткізе алатын мамандыққа сәйкес келедi.

Нұсқау: «Сiз кез келген мамандық бойынша лайықты оқудан кейiн жұмыс iстей алатыныңызды болжаймыз. Егерде сiзге дегенмен тек екi мүмкiндiктен бірін ғана таңдау тұрса, сіз қайсысын таңдар едіңіз? Тiркеу парағына сiз таңдаған жауапты дөңгелекпен белгілеңіз.

Нәтижелердi өңдеу. Тiркеу парағындағы әрбiр жеке бағанада белгiленген жауаптардың саны есептелінедi. Алынған сандық көрсеткіштердің мәндері Дж. Холландтың классификация бойынша адамның нақтылы типiн мiнездейдi:

1-шi бағана - реалистiк тип,

2-шi бағана - интеллектуалды тип,

3-шi бағана - әлеуметтiк тип,

4-шi бағана - конвенционалды тип,

5-шi бағана - тапқыр тип,

6-шы бағана – әртістік тип.

Алынған мәлiметтердiң талдауы бағаналарды ерекшелеу жолымен өндiрiп алынады, көп белгiленген жауаптардың саны, Дж. Холланд бойынша адамның тиiстi нақтылы типі болады.

Тұлғалардың типтерi

1.Реалистiк тип. «Еркектік» тип. Жоғары эмоциоялық тұрақтылыққа ие болады, қазіргіге бағытталған. Нақты объекттермен шұғылдануды қалайды және олардың қолдануымен. Моторлы дағдыларды (тұрақты қозғалыс), ептілікті талап ететiн жұмыстарды таңдайды. Нақты есептерi бар мамандықтарды қалайды: механик, жүргiзушi, инженер, агроном және т.б. сол секілді. Вербалды емес қабiлеттiлiктер, дамыған моторлы дағдылар, кеңiстiкті елестету (сызбаларды оқу) тән. Мүмкiншiлiктері физика, экономика, кибернетика, химия, спорт аймақтарында жетiстiкке қол жеткiзе алады.

2. Интеллектуалды тип. Аналитикалық ақыл, тәуелсiз және өзіндік пiкiрлер тән. Теориялық және эстетикалық құндылықтар басым болады. Интеллектуалды творчестволық мақсаттардың шешiмiне бағдарланған. Ғылыми мамандықтарды жиiрек таңдайды. Үйлесімді интеллектінің құрылымы: вербалды және вербалды емес қабiлеттiлiктер дамыған. Жоғары белсендiлiк бейнеленедi, бiрақ қарым-қатынасқа түсуге бағытталмаған . Әңгiмелерде мәлiметтiң хабарлағышы, негізінен интроверт. Қалайтын қызметтерінің түрлерi: математика, география, геология, творчестволық мамандықтар.

3.Әлеуметтiк тип. Айрықша бейнеленген әлеуметтiк айырмашылығы болады (қатынаса бiлу, жетекшiлiкке талпыныс, көп әлеуметтiк байланысулардағы қажет етеді). Қоршаған ортадан тәуелсiз, жағдайларға табыспен бейімделеді. Эмоционалды және сезімтал. Интеллект құрылымында вербалды қабiлеттiлiктер көрінеді. Айырмашылығы қоршағандарына ақыл айтып және тәрбиелеуге, бірге күйзелу және жан ашуға қабiлеттi. Қалайтын қызмет салалары: психология, дәрiгерлiк, педагогика.

4. Конвенционалды тип. Құрылымдық қызметтерді, нұсқаумен жұмысты, нақтылы алгоритмдарды қалайды. Мiнез-құлық қасиеттері: консерватизмділік, бағыныштылық, тәуелдiлiк. Қарым-қатынаста стериотипті ұстанады, салттарға ереді. Әлсiз ұйымдастырушы және жетекшi вербалды емес (әсiресе есептiк) қабiлеттiлiктер жиiрек басым болады. Қалайтын мамандықтары: есепші, финансист, тауар танушы, экономист, iс жүргiзушi, канцелярия қызметшiсі.

5.Тапқыр тип. Энергияны, импульстiлiкті, энтузиазмды тексеруге арналған мақсаттары мен мүдделерді таңдайтын. Қасиеттері болып табылады: жетекшiлiкке талпыныс, мойындаудағы қажеттiк, кәсiпшiлдiк, кейбiр агрессивтілік. Басқаруға қатысты дербес мәртебені қалайды. Интеллект құрылымында вербалды қабiлеттiлiктер басым болады. Шыдамдылық, үлкен еңбек, моторлы дағдыларды, зейiн қою талап ететiн жұмыстар ұнамайды. Бұл ерекшелiктер дипломат, репортер, менеджер, директор, делдал, кооператор мамандықтарда өте жемiстi жүзеге асырылады.

6.Артистік тип. Қоршағандарымен қатынасында өз елестетуi және сезгiштiгіне арқа сүйейдi. Өмiрге эмоционалды күрделi көзқарас тән. Қасиеттері: шешiм қабылдаудағы тәуелсiздiк, иiлгiштiк, оригиналды ойлау. Ереже және дәстүр бойынша өмiр сүрмейдi. Творчестволық сипаттағы жұмыстарды қалайды: музыкалық өнер, сурет салу, гуманитарлық ғылымдардың төңiректерiдегi қызметтер. Қабылдауы және қимылы жақсы дамыған. Экстраверттілiк жоғары деңгейде. Интеллект құрылымында вербалды қабiлеттiлiктер басым болады. Қалайтын қызмет салалары: тарих, филология, көркемөнер.

Кәсіби бағыттың негізгі жүргізу принциптері – нақтылық, оптималдық, эффектілік, кері байланысты, жүйелік , комплекстік бақылау, интеграция, ғылыми салалы.

Кәсіби бағыттың функциялары: әлеуметтік функция, экономикалық функция, медика-физиологиялық функция.

Кәсіби бағытты жүргізудің объектісі – 1-11 сынып оқушылары. Мектепте кәсіби бағыт мынадай компоненттерден байқалады:

Кәсіптік даму, оқушылардың ынтасы, кәсіптік консультация, кәсіби адаптация.Осы жүйеліктер өзіндік міндет атқарады.

Кәсіби бағдар мақсаты – жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету, екендігі белгілі. Ол үшін мынадай нәрселер қажет: Оұушылардың бойында ішкі психологиялық-әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу.

Түрлі еңбек қызметтерімен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу.

Кәсіпті өз бетінше саналы түрде жеке касиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жеңілдетіп, тәрбиелеу.

52 Шмишек сұрақтамасының қолданылу жолдарын ұсыныңыз.

«Акцентуация» - түсінігін алғаш рет неміс психиатры және атақты психологы, Берлин университетінінің неврологиялық клиникасының профессоры Карл Леонгард енгізген болатын. Оның еңбектерінде «акцентуацияланған тұлға» және «мінез-құлықтың акцентуацияланған

қырлары» деген тіркестер қолданады. К.Леонгард « психопат» терминін «акцентуацияланған тұлға» терминімен алмастырған. К.Леонгард бойынша мінез-құлық акцентуациясы психопатия мен норма арасындағы бір жағдай, оның пікірі бойынша «акцентуацияланған тұлға» ауру адамдар емес, бұл ӛздерінің жеке дара ерекшеліктері бар сау адамдар. Ендеше біріншіден

«акцентуанттарды» психопаттардан, екіншеден акцентуанттарды елестерден айыру шекарасы қандай деген сұраққа К.Леонгард нақты жауап бере алмады. Акцентуацияланған мінез-құлықтар табиғи биологиялық қасиеттерге емес, белгілі бір адамның ӛмір салтына із қалдыратын сыртқы ортаның ықпалына байланысты. «Акцентуация» жалпы алғанда белгілі бір мінез қыры деңгейінің күшейуін білдіреді

Жеткiншектердiң мiнез акцентуациясын анықтау (Шмишек тесті). Мақсаты: Жеткiншектердiң акцентуация көрініс беруін анықтап, оның түрін және күшін бағалау.

Бүл тесті құру негізіне К.Леонгардтың жеке тұлға акцентуациясы туралы тұжырымдамасы алынған. К.Леонгардтың бүл концепциясы бойынша, акцентуация деп барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір

көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады. Типология жасағанда оны мінез бен темперамент акцентуациясы деп екі түрге бөледі. Шмишек осы теориялық қағидаға сүйене отырып акуцентуация түрін және оның сапалық көрсеткішін анықтау тестін жасаған. Орындау ережесі: Тест 88 сұрақтан тұрады. Оның әрқайсысына зерттелінуші «ия" немесе "жоқ" деп жауап беруге тиіс. Жауаптар 10 шкала бойынша бағаланады. Алдын ала сауалнама буклеті және жауап парағы даярланады. Тесті жүргізу алдында даярланған материалдар әр адамның қолына беріледі де, олар жауап беру тәртібімен таныстырылады. Жауап парақта сұрақ номері, оның тұсында (+) немесе (-) деген белгілір қойылған болады. Зерттелінуші таңдап алған жауап вариантына сөйкес белгі қойып отырады.

Наши рекомендации