Кәсіби шеберліктің құрамдас бөлігі педагогикалық қарым-қатынас.

Педагогикалық қарым-қатынас– бұл педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдерінің жүйесі. Қарым-қатынастың мазмұнын ең алдымен, хабар алмасу, мұғалімнің әр түрлі коммуникативті құралдарынаң көмегімен оқушылармен өзара түсіністік пен өзарақатынастарды ұйымдастыруы құрайды.Оқытушылар мен оқушылар ұжымының қарым-қатынас процесін ұйымдастырмайынша, педагог қызметінің дидактикалық және тәрбиелік міндеттерін жемісті түрде іске асыту мүмкін емес. Сонымен, педагог қызметіндегі қарым-қатынас дегеніміз: біріншіден, жеке оқу міндеттерін шешу құралы ретінде; екіншіден тәрбие процесін әлеуметтік психологиялық қамтамассыз ету жүйесі ретінде; үшіншіден, оқытушылар мен оқушылардың оқу мен тәрбиенің табысты болуына негіз болатын өзарақатынастарының белгілі бір жүйесін ұйымдастыру тәсілі ретінде, төртіншіден, оқушы тұлғасын онсыз тәрбиелеу мүмкін емес процесс ретінде көрінеді. Педагогикалық қарым-қатынас дегеніміз- мазмұны хабар алмасу, оқу-тәрбиелік ықпал ету және өзара түсіністікті ұйымдастыру болып табылатын, педагог пен оқушылар ұжымы арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі, тәсілдері мен дағдылары. Педагог осы процестің инициаторы болады, оны ұйымдастырады және басқарады.

Педагогикалық қарым-қатынас бір жағынан, оқу-тәрбие процесінің эмоционалдық фоны, ал екінші жағынан оның тікелей мазмұндық сипаттамасы болып табылады.

Педагогикалық қарым-қатынас-қарым-қатынастың ерекше түрі, «кәсіби категориясы»болып табылады. Ол әрқашан білім беруші, дамытушы және тәрбиелеуші қызмет атқарады. Педагогикалық іс-әрекет-динамикалық іс-әрекет: тәрбиеленушілердің жасына қарай әрі педагогтың, әрі тұлғаның қарым-қатынас көзқарасы, позициясы өзгеріп отырады.

Қарым-қатынастың дәстүрлі өзара байланысқан үш функциясын бөліп көрсетуге болады:

1) коммуникативті(ақпарат алмасу);

2) перцептивті(адамдардың бір-бірін тануы, қабылдауы);

3) интерактивті(біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру, реттеу).

Қарым-қатынасты тану, түсіну және бағалау - екі жақты процесс. Педагог өз тәрбиеленушілерін таниды, ал, олар педагогты іштей тануға тырысады.

Қарым-қатынас іс-әрекетті ұйымдастыруда да маңызы зор. Өйткені, оқушыларға жұмыстың дайын түрі мен әдісін ұсынғаннан гөрі оларды шығармашылық ізденіс арқылы педагогтар мен тәрбиеленушілердің біріккен маңызды әрекеті.

Қарым-қатынас іс-әрекетті ұйымдастыруда маңызы зор. Педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігі қарым-қатынас стилі және тәрбиеленушілерге жетекшілік ету стиліне байланысты болады. Стиль-әдістер мен тәсілдердің жиынтығы, ол адамдардың өзін-өзі ұстау мәнеріне тән. Педагогикалық қарым-қатынас пен педагогтың жетекшілік стилінің ерекшеліктері, бір жағынан, педагогтың даралығына, құзыреттілігіне, коммуникативті мәдениеттілігіне, тәрбиеленушілерге эмоциональды-адамгершілік қарым-қатысына, кәсіби іс-әрекетіне шығармашылықпен қарауына байланысты болса, екінші жағынан, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне, жынысына, тәрбиелілігі мен білімділігіне, оқу ұжымының ерекшеліктеріне байланысты.

Педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігі қарым-қатынас стилі және тәрбиеленушілерге жетекшілік ету стиліне байланысты болады.

Педагогтың қарым-қатынас стилдері:

1. Педагогтың жоғары кәсібилігі негізіндегі қарым-қатынас.

2. Достық негіздегі қарым-қатынас.

3. Ара қашықтық қарым-қатынас (общение – дистанция).

4. Қорқыту қарым-қатынасы, гумандық емес, қатал тәртіп, қорқыту, сөзін жүргізу, сөзсіз бағынуды талап етеді. Бұл – біріккен педагогикалық іс-әрекет бола алмайды.

5. Қылжақтау (заигрывание) қарым-қатынасы

6. Тан-тамашалық (превосходство) қарым-қатынасы.

Педагогикалық қарым-қатынас деңгейлері:

Сабақ үстіндегі және сабақтан тыс оқу іс-әрекетінің формаларын пайдаланатын оқытушының қызметін талдай отырып, қарым-қатынастың әр түрлі деңгейлерін бөліп алуға болады:

жоғары - өзара түсінісу, өзара қарым-қатынас жасау, сенім артуда жылылықпен сипатталады;

орта.

төмен – түсінбеушілік, бір-біріне жат болу, суық қарау, өзара көмектің болмауымен сипатталады.

Наши рекомендации