Пәннің мақсаты мен міндеттері. Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Орқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
«Бекітілді»
Филология, тарих және құқық
факультетінің деканы
___________________С.Т.Тайман
« ______ » ________________ 2017ж.
СИЛЛАБУС
(жұмыс оқу бағдарламасы)
Модуль №21 «Радиожурналистика» | ||
MP 3313 Медиапедагогика | ||
Мамандығы: | 5В050400-журналистика | |
Курс, семестр (көктемгі) | 3-курс, 6-семестр (көктемгі) | |
Оқыту тілі: | қазақ | |
Кредит саны | ||
Пән статусы (міндетті, таңдау) | таңдау | |
Лектор | Әшірбекова Гүлмира Шайтмағанбетқызы, ф.ғ.к., қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, байланыс телефондары (жұмыс орны 27-85-72, ұялы телефоны 87787887475), e-mail: [email protected], 204-каб. 1-оқу ғимараты. | |
Практикалық сабақты беретін оқытушы | Әшірбекова Гүлмира Шайтмағанбетқызы, ф.ғ.к., қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, байланыс телефондары (жұмыс орны 27-85-72, ұялы телефоны 87787887475), e-mail: [email protected], 204-каб. 1-оқу ғимараты. | |
Сабақ өтетін дәрісхана, зертхана | 116, 128 | |
Ызылорда, 2017
Силлабусты дайындаған: Г.Ш.Әшірбекова
Силлабус қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № «__»___________ 2017 жыл.
Кафедра меңгерушісі: Ғ.Ә.Тұяқбаев
Силлабус гуманитарлық мамандықтар бағыты бойынша Академиялық кеңесі мәжілісінде қаралып, бекітілді.
Хаттама № «__»___________ 2017 жыл.
Комитет төрағасы: А.Ә.Әбілов
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Медиапедагогика қазіргі таңда білім беру саласының барлық деңгейінде кеңінен маңызды мәнге ие, сондай-ақ тұлға дамуының әлеуметтік мәдени факторына, медиамәдениет дамуының басты құралына айналды. Телевизиялық білім беру медиа білім беру құрылымында айтарлықтай өзіндік орны бар. Телевизияның әсері мен ықпалы педагогикадағы аудиторияны тәрбиелеу қызметімен тығыз байланысты. Осы орайда қазір телевизиялық білім беру жаңа технологияларды мәселен, интернет-телевизияны жылдам дамытуға барынша көңіл бөліп отыр.
Медиабілім беру – көп деңгейлі, көп аспектілі, кешенді үдеріс. Ол салмақты философиялық, мәдени, әдіснамалық негізге, гуманитарлық және әлеуметтік пәндерге, ең алдымен журналистикаға көбірек жүгінеді.
Медиабілім беру туралы түсінік ЮНЕСКО шеңберінде 1960 жылдары қозғала бастады, 1973 жылы ЮНЕСКО-ның ақпараттық секциясының өкілдерімен бірлесе отырып, бұқаралық коммуникация зерттеушілері мен тілшілер ең алғаш рет осы түсінікті енгізген болатын.
Медиа педагогиканың тарихында Ян Амос Коменский, Селистен Френе, Януш Корчак, Монтессори ханым, сондай-ақ қазіргі медиа педагогтар Александр Федоров, Жак Гонне, Юрий Усов, Александр Шариков, Ирина Челышева, Елена Бондаренко масс-медиамен жұмыс жүргізіп, зерттеулерін жалғастырып келеді.
Медиамәдениет – медиа білім берудің нәтижесі. 2002 жылғы ЮНЕСКО-ның нұсқаулығында медиа білім беруді әрбір азаматтың өз пікірін еркін білдіру, ақпаратты алу құқығы деп түсіндіреді. Бір сөзбен айтқанда, медиа педагогика балалар мен жасөпірімдердің ақпаратты қабылдауы мен тұтыну құқығынан бастап, бала тәрбиесіндегі ақпарат құралдарының ықпалын, әсерін, нәтижесін, дамуын, мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады.
Медиапедагогика курсында балалардың ақпаратты қабылдау және бала тәрбиесіндегі медианың ролі мен маңызы жайлы мәселелерді қарастырады. Мектеп оқушыларының, жасөспірім балаларды оқытудағы медианың мүмкіндіктері, олардың ақпаратты тұтынудағы қажеттіліктері жайлы зерттеулерге сүйене отырып, қазіргі медианың бала тәрбиесіне әсерін анықтайды, оны дамытудың жолдарын іздейді.
Медиапедагогика курсының мақсаты – медиапедагогика жайлы жалпы түсінік беру, қазіргі медиапедагогиканың өзекті мәселелерін талдау және оны шешудің жолдарын қарастыру.
Медиапедагогика курсының міндеттері:
- қазіргі медианың қызметтерін қарастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерге оның пайдалы және кері әсерлерін айқындау, жағымсыз тәрбиенің нәтижесін талдау;
- медианың тәрбие берудегі дидактикалық, психо-педагогикалық мүмкіндіктерін білу;
- түрлі оқу-тәрбие жұмыстарында медиақұралдарды пайдаланудың тәсілдерін меңгеру;
- жаңа медианың балалар мен жасөсіпірімдер тәрбиесіне әсері жайлы әлеуметтік зерттеу жүргізіп, сараптамалық материалдар жазуға дағдылану;
- балаларға, жасөсіпірмдерге арналған материалдар дайындауға байланысты өз ұсыныстарын немесе зерттеулерін әзірлеуге дайындау.
Құзыреттілік (оқытудың нәтижелері):
- әлеуметтік және кәсіби қызметтегі оқиға мен құбылысты, олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси ықпалын, нәтижесін біліп, жалпы қоғамдық маңызын білуге дағдыланады;
- түрлі әлеуметтік топтармен байланыс жасаудағы кәсіби қызметті меңгеру, жалпы гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар бойынша түсінік қалыптастырады, біледі;
- кәсіби және әлеуметтік қызметтегі талдау тәжірибесін, интерпретация нәтижелерін меңгереді;
- журналистиканың жалпы қоғамдық маңызды мамандық ретіндегі миссиясын біледі;
- БАҚ-тың әлеуметтік жауапкрешілігі және еркіндік концепциясының базалық талаптарын, сондай-ақ нақты медиакәсіптің негіздерін біледі;
- Отандық және шетелдік медиақұрылымның өзекті мәселесін еркіндік және әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан талдауды үйренеді.
Пререквизиттер:Жаңа медиа және интернет-журналистика
Постреквизиттер:Медиаменеджмент