Жағдаяттың кеңес берушілік сипатына талдау жасаңыз.

Орта жастағы, жалғыз басты ана өзінің 14 жастағы қызымен психологиялық жақындығының жоқтығына, қызының оқу үлгерімінің төмендігіне наразы. Қызы анасының қарсылығына қарамастан, әдемі киінгісі келетінін, қатарынан қалғысы келмейтінін талап етеді. Сондай-ақ анасынан жасырып, шылым шегетіні де бар. Осы жағдайға байланысты кеңес беру жұмысының бағдарламасын өңдеңіз. Мүмкіндігінше түзетуге бағытталған әдіс, тәсілдерді мазмұндаңыз.

Тәрбие әдістері және процесінің негізгі қағидалары

Тәрбие әдістері және процесінің негізгі қағидалары туралы қазақша реферат

Қазіргі кездегі арнайы мектептің педагогикалық тәрбие әдісі, ұжымы әлі де жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені, бұл жөнінде әр түрлі көзқарастар бар екені байқалуда.

Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша, бұл- педагог жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету.Ал, И.С.Марианканың анықтамасы бойынша, бұл-жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В.А.Сластенин тәрбие әдісінің тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды. Әр түрлі авторлардың анықтамаларына сүйене отырып, келесі тұжырымдама жасауға болады.

Тәрбие әдісі- тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері.

Тәрбие әдісі тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына балалардың жас және дербес психологиялық ерекшеліктеріне, олардың тәжірибелік дәрежесіне байланысты.

Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептердің тәрбие әдістері, тәрбие жұмысының мақсаттарымен және мазмұнымен анықталады.

Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушылардың мінез-құлқын қоғамдық нормаға үйретуге, адамдармен қарым- қатынас жасауға және олардың іс-әрекетіндегі құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет.

Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын қолданады.

Қазіргі кезде, жалпы мектептер сияқты, арнайы мектептердің тәрбие әдістерін жіктеудің оннан астам түрі бар.1жіктеу (3 топ)

1-топ. Тәрбиеленушілердің іс-әрекетіндегі, қарым-қатынастағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікірлер, үйрету-жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация. Мысалы: естімейтін немесе құлағы нашар еститін балаларды- борыштық сезімге, жауапкершілікке, белсенділікке жаттықтыратын өндірістік бригада, шефке алу жұмыстары болып табылады.

2-топ. Жеке адамның сапасын, мысалы, ұғым, баға беру, пайымдау, пікір айту, сендіру сияқты ұғымдарды естімейтін және нашар еститін балалардың санасында қалыптастыру. Бұл топтың әдістері:саяси, этикалық әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекциялар т.б. Бұл әдістердің естімейтін және нашар еститін оқушылар санасына ықпал жасауда маңызы өте зор. Осы тұрғыдан естімейтін және нашар еститін балаларды өмірдің, еңбектің қоғамдық нормасына қалыптастыру қажет. Ал, бұл балаларға осы нормалар жөнінде білімді пайымдауды, баға беруді талап етеді. Бұл жағдай естімейтін және нашар еститін балалардың өмірлік поэзиясын, яғни көзқарасын сипаттайды.

Естімейтін және нашар естиітн оқушылардың санасын тұрақты қалыптастыру үшін, көбінесе педагогтармен тәрбиешілер- әңгіме әдісін қолдануды жөн көреді. Мұндай балалар, яғни, естімейтін және нашар еститін балалар әңгіме әдісінде саяси, эстетикалық мәселелерді талдауға белсене қатысады. Олардан тиісті қорытынды шығару үшін ойланады, ақылға салып түсінеді.

Әңгіме әдісін, естімейтін немесе нашар еститін балаларды іске асыру үшін, педагогтар мен тәрбиешілер, мына келесі талаптарды есте сақтауы қажет.

1. Тақырыптың көкейкестігі, яғни өмірге қажеттілігі балалардың мүддесіне жауап беруі тиіс.

2. Әңгіменің мазмұны естімейтін және нашар еститін балалардың жас ерекшелігіне сәйкес баяндалуы қажет.

3. Әңгіменің тақырыбына сәйкес, техникалық құралдар, тиімді көрнекілікті пайдаланған жөн.

4. Сөздік дайындық жұмысы, жоспар, уақыты мен өміріне байланысын, пікірталас әдісін, біз, естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептің жоғарғы сыныптарындағы оқушыларға өз пікірін айтуын, баға беруін сенімін қалыптастыруға қолданамыз.

Пікірталас тақырып бойынша, естімейтін және нашар еститін оқушы өзінің көз-қарасын, ойын дәлелдейді. Сонымен бірге,басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе таласу пікірлері де пайда болады.

Естімейтін және нашар еститін оқушыларға арналған мектептерде пікірталас оқушыларды қателікпен, жалған көзқарастармен күресуге , түзетуге бағытталған.

Естімейтін және нашар еститін оқушылардың ойлану сапасын жақсартуға, талаптануға, ойлау процесін түзетуге, тиіс кемістігін жоюға, сөз қорын байытуға мақсатталған бірден-бір әдіс- пікірталас.

3- топ. Мадақтау және жазалау әдістерін- естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектепте өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде адамгершілік тәрбиесішісінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау мен жазалау әдістері пайдаланылады.

Мадақтау- тәрбиеленушіні іс-әрекетінде және мінез-құлқында белсенділікке ынталандыру.

Жазалау- бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері. Жазалау үшін, оның шындығын толық білу керек, сонымен бірге, ұжым пікірі жазалау жайында болғанда ғана, баланы жазалауға болады.

Жеке және топтық кеңес беру барысында шешуге болатын өмірлік қиыншылықтар мен мәселелердің, кикілжіңдердің тізімін түзіңіз және оларды түсіндіріңіз

Мектептегі жасөспірімдердің арасындағы туындайтын кикілжіңдерін түгелдей болдырмау мүмкін емес. Мектепте баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын түсіну арқылы оқушылар арасындағы кикілжіңдердің интенсивтілігін өзгертуге болады.

Кикілжіңдерді алдын алу жолында маңызды роль алатын – тәртіп болып табылады. Тәртіп – белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.

Оқушылардың кикілжіңді қылықтарына мұғалімнің жеке тұлғасы үлкен әсерін тигізеді. Оның әрекеттесуі әртүрлі аспектілерден көрінуі мүмкін.

Біріншіден, мұғалімнің басқа оқушыларымен әрекеттесу стилі баланың өзімен жасты балалармен әртүрлі қарым-қатынасқа түсуінің алғы шарты болып табылады. Зерттеулердің көрсетуі бойынша оқушының алғашқы мұғалімінің педагогикалық тактикасымен қарым- қатынасқа түсу стилі, оның ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуін және жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді екен (О.Осадько). Мұғалімдердің жеке тұлғалық қарым-қатынасқа түсу стилі және педагогикалық іскерлестік тактикасының әсері балалардың бір-бірімен кикілжіңді қарым-қатынасқа түспеуінің алғышарты. Бірақ мұндай стильмен тек төменгі сынып мұғалімдерінің санаулылары ғана қолданады (15%). Бастауыш сынып оқушыларының мұғалімдерінің қарым-қатынасқа түсуінің айқын функционалды стилі (85%) бойынша, олар бір тактиканы қолданады (диктат). Бұл әрекет сыныптағы жеке тұлғалық қарым-қатынастардың арасындағы кернеуді күшейтеді. Кикілжіңдердің көбісі «авторитарлы» мұғалімдердің қол астында және жоғары сынып оқушыларының арасында байқалады.

Екіншіден, мұғалім оқушылар арасындағы болып жатқан кикілжіңдерге араласуға міндетті. Бұл, әрине, кикілжіңдерді басып тастау емес. Ситуацияға байланысты әкімшіліктік араласу немесе қарапайым кеңес болуы да мүмкін.

Оқушылар арасындағы делдалдық әрекет және оқушыларға арнайы оқылатын бағдарламалар.

Мектеп жасы оқу формаларының мүмкіндіктерін кеңейтеді. Балаларға арналған философия даму Институтының директоры (АҚШ), мектепте философияны оқыту бағдарламаларының авторы М.Липман когнитивті жұмысқа негізделген интелектуалды бағдарламасын ұсынады. Бұл жұмыс бірнеше деңгейлерден тұрады: «өмір» және «зорлық» сөздерінің мәнін, маңызын нақты мысалдармен баяндау; балалармен дискуссия жүргізу арқалы өмір және зорлық сөздеріне қатысты феноменологиясын қарастыру; оң құндылықтарға жету тәсілдерінің мүмкіндіктерін және терістерінен алыс болуын баяндау (Липман,1995).[18]

Кикілжіңді түсіну дағдысының дамуымен қатар, оны шешу мүмкіндіктері мен басқаруы да маңызды болып саналады. Дж. Левидің пікірінше оқу бағдарламаларында кикілжіңді шешуге байланысты сұрақтар қарастырылуы қажет деді. Сұрақтар, бір шетінен, кикілжіңді пайда болуымен, ал екінші жағынан кикілжіңдерді алдын-алумен, шешумен және оны басқарумен байланысты болу қажет. Оқытылу курсы әдетте кикілжіңнің түсіндірмесінін айқындалуынан және әртүрлі адамдардың мінез-құлқы, қылықтары және қызығушылықтарының сәйкес келмейтіндігі туралы баяндама оқу арқылы басталады. Әрі қарай кикілжіңнің туу себептері туралы және олардың типтері (жеке тұлғалық және т.б.) туралы негізгі түсініктеме береді. Бұл негізгі материалға, сонымен қатар ойын фартуфикация, құндылықты анализ теорияларын, топтық әрекеттесу, ұжымдық әңгімелесу және кросс-мәдениеттік әрекеттесу, сонымен қатар биология, тарих, психология, социология, экономика, білім беру және т.б. кикілжіңдік теорияларының анализдерін қолдануға болады. Оқытудың теориялық және тәжірибелік жағынан бөлінбейді, оның теориялары мысалдарымен қамтылып, кикілжіңді шешу жолдары туралы айтылады. Ал тәжірибелік оқыту өзіне рөлдік ойындарды нақты жағдайлардың анализін, тағы басқаны қамтиды. Сонымен қатар тәжірибеде маңызды болып, проблеманы тыңдай білу, шешу және т.б. жағдайлар жатады. Топтық оқуға ережелер енгізіледі (кооперативті атмосфера, басқаның пікірімен сезімдерін құрметтеу, топтағы болған барлық жайттың конфиденциалдылығын сақтай білу, оқушылардың бір-біріне көмек беруі).

Леви мысал ретінде төмендегідей оқыту бағдарламасының жаттығуларының бірнеше нұсқаларын көрсеткен:

Орта білім алушыларға (12-ден 18-ге дейінгі жас аралығы)

А. Кикілжіңдер күнделігі. Мұғалімдер де, оқушылар да бір апта бойы кикілжіңдер күнделігін толтырады. Олар кикілжіңге түскен сайын, күнделікке жазып отырады және олар мынадай сұрақтарға жауап береді: кім кикілжіңге түсті? Кикілжің не үшін болды? Ол қалай аяқталды? Ең соңғы кеште келесі сұрақтарға: кикілжіңнің қанша пайызында сіз өзіңіздің келіспеушілігіңіз туралы айттыңыз? Қанша кикілжіңдерде сіз ашуландыңыз? Сіз әдетте кикілжіңдермен қалай күресесіз? Басқа адамдардың арасында болып жатқан кикілжіңге қарап сіз оны шешетін жолдарын көресіз бе, олар қандай? Оларды сіз неге қолдаңғыңыз келеді?

Б. Кикілжің шешу жолдары. Оқушылар қысқа ситуациялық жағдайларды оқиды және өздерінің реакцияларын жазып отырады немесе айтады. Мұнда олардың қылықтарының стратегиялары (проблеманы шешуі, конфронтация, медиация) және олардың қолданылатын рөлдері қарастырылады.

В. Коммуникация дағдылары. Тыңдауда, вербальды емес қылықта, хабарлауда, эмоцияларын жеткізуде жаттығулар қолданады.

Келтірілген жаттығуларды мектеп жасында оқытатын бағдарламаларда кеңінен қолдануға болады.

Мектептегі оқушылардың делдалдық әрекеті (школьное посредничество)

Соңғы кездері батыс тәжірибелерінде оқушыларды медиаторлық іс-әрекеттің дағдыларына оқытуына арналған жұмыс саны көбейді, яғни «мектептегі делдалдық» деп аталатын бұл құбылыс мектеп өміріне өте маңызды бола бастады.

Мамандар оқушылардың делдалдық іс-әрекеттерге дағдылану туралы оқытылуының көрсеткіштері оңды болуына және делдалдылықты мектеп өміріне тәжірибе ретінде енгізуіне өзара жарысады. Д. және Р.Джонсондар пікірінше оқушыларға кикілжіңді конструктивті басқаруын үйрету қажеттілігінің маңызды аргументтері болып үш түрлі жағдайды көрсетеді. Бұл алдымен мектептердің жағымды да тыныштықта білім беруге қызығушылығы. Екіншіден, кикілжіңнің потенциалын қолдана отырып, зейінді қолдау, оқуға деген мотивацияны күшейту, интеллектуалды қызығушылықтарын тудыру, жұмыстың сапасын жоғарылату және мәселені шешу барысында шығармашылық жолдарды дамыту мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Үшіншісі — болашақ ұрпақты өз өмірінде, отбасында, жұмысында, қоғамда, ұлттық және халықаралық жағдайларда туындайтын кикілжіңдерді конструктивті басқара білуіне дайындау. Кикілжіңді оқушылар конструктивті басқара білуге ерте үйренген сайын, кикілжіңді шешу процедуралары қысқартылып тренингтер ұзақ жүргізіледі. Авторлардың пікірлері бойынша кикілжіңдерді шешу жолдарына мектептегі оқушылар бастауыш, орта және жоғары сыныптарда оқуы қажет (Johnson D. And R., 1994).

Мектептегі делдалдар (школьные посредники) – оқушылар немесе олардың топтарының арасында туындаған кикілжіңнің шешу жолдарын іздестіретін, шешуге көмек беретін, арнайы бағдарламаны оқыған оқушылар. Олардың мақсаты – дауласып жатқан екі жақтарға дұрыс араласу немесе бірін-бірі дұрыс түсінісуіне көмек беру, кикілжіңді шешуге мүмкіндік беру.

Д.Шапиро

Наши рекомендации