Лекотеканы құру және жабдықтау
Ерекше білімге қажеттіліктері, ментальды және басқа да бұзылулары бар балаларды қолдаудағы басты міндет қазіргі таңда психофизикалық кемшіліктер коррекциясына, оларды тәрбиелеу және оқыту барысында медициналық-педагогикалық көмек көрсету.
Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан облысында «Ерте көмек қызметі ерекше қажеттіліктері бар отбасыларын психологиялық-педагогикалық қамсыздандыру» жобасы аясында ЮНИСЕФ-тың қаржы жағынан және ұйымдастыру жағынан қолдау көрсетуімен мектепке дейінгі ұйымдар негізінде үш лекотека құрылды.
Бұл құралда Семей қаласының №5, 9 ясли бақшалары лекотека мамандарының тәжірибесі жинақталған. Біздің лекотекаларда әртүрлі дамыту ойындары және ойыншықтары, балалар кітаптары, бейнелеу іскерліктері, шығармашылығын дамыту, эмоционалды күштенуден арылу және релакция үшін қажет жабдықтар жинақталған. Лекотекада жинақталға үстел-үстілік-баспа ойындар балалардың қоршаған дүние туралы білімдерін кеңейтеді, қабілеттерін дамытады. Ойында балалар үйренеді:
- бейнені шынайы объектімен біріктіруге, оны басқа объектілер тобынан бөліп алуға;
- адамдар қызығуларымен таныса отырып, суретте бейнеленген жағдайды сөзбен сипаттауға;
- заттар арасындағы логикалық байланысты орнатуға, заттарды ортақ белгісі бойынша біріктіруге: түсі, формасы, көлемі және т.б;
- уақыт бойынша бағдарлануға.
Еркін ортада ойын формасында балалар материалдар және олардан жасалған бұйымдармен танысады, заттарды жеке функциялардың жиынтығы ретінде, бір бүтіннің бөлшектері ретінде қабылдауға үйретеді, заттарды контуры бойынша анықтап, оларды атауға үйретеді.
Қиюға арналған арнайы ойыншықтар балаларға тұтас және жартысын анықтауға көмектеседі. Лимон тұтас, лимонның жартысы, саңырауқұлақ тұтас – қиылған соң – аяғы, басы және тағы сол сияқты.
Ойын барысында балалар көзбен қабылдап, заттарды контуры бойынша анықтап, орнына қоюды үйретеді. «Домино», «Лото» үстел-үстілік-баспа ойындары зейін, қабылдау, есте сақтауды дамытады, өз бетімен шешім қабылдауды және басқа балалармен ойнауды үйренеді.
Әртүрлі құрастырушы ойындар және мозаикалар модельдеу және шығармашылық нәтижелер – сурет және құрылыстарды жасауға мүмкіндік береді.
Әртүрлі көлемдегі ағаш паззлы қабылданады, қиял, ойлау және қол білегінің ұсақ моторикасын дамытады. Танымдық даму үшін әріптері, суреттері бар кубиктар, балалардың сенсорлық іскерліктерін қалыптастыруға арналған әртүрлі ойыншықтар: тесігі бар үйлер, логикалық куб, пирамидалар, және басқалары. Лекотекада балаға санауды үйрететін ойындар бар. «Балық аулау», «Бақалар» магниттік ойындар қозғалыс координациясын, көріп өлшеуді дамытады. Егер екі бала ойнаса, әртүрлі түсті балықтарды саны бойынша жинауға болады, кім тез деп жинайды және тағы басқа. Құрастыру іс-әрекетін, шығармашылығын дамыту үшін әртүрлі құрылыс материалы бар, олар жекелей және кіші топтар сабағында қолданылады.
Ерекше қажеттіліктері бар балалардың қозғалыс белсенділігін дамыту үшін жүруге, жүгіруге, секіру, шығуға арналған жұмсақ корпустық материал іріктелген.
Сонымен қатар бейнелеу қабілеттерін дамытуға арналған әртүрлі материал бар: түрлі-түсті ермексаз, түрлі-түсті саз, альбомдар, акварель бояулары, шыны бояулары, түрлі-түсті қағаз, қайшы және басқада жабдықтар.
Лекотекадағы корректорлық дамыту жұмысы мульти-дисципметорлы мамандар тобымен жүзеге асырылды (педагог – дефектолог, психолог, сурдолог, психиатор – дәрігер), олар бала дамуының негізгі бағыттарына бағдар алады:
- әлеуметтік;
- физикалық;
- танымдық.
Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға коррекциялық жұмысты ұйымдастыру келесі жоспар бойынша жүзеге асырылды:
o психологиялақ-медициналық-педагогикалық кеңес арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды іріктеу;
o бала туралы мағлұмат жинау;
o баланың психофизикалық күйін зерттеу;
o боланы дамыту және оқытудың жекелей корректорлық жоспарын жасау;
o баланы дамыту және оқытудың жекелей бағдарламасын жасау;
o ата-анамен жұмыс.
Лекотека жағдайында коррекциялық көмек көрсету үшін балаларды іріктеу психикалық-медициналық-педагогикалық кеңес арқылы жүзеге асырылды. ПМПК мамандары баланың даму тарихын зерттеді (амбулаторлық карта), балалар туралы анамнездік мәліметтер талданды. Осы берілулердің негізінде балалар лекотекаға коррекциялық көмек алу үшін жіберілді.
Тәжірибенің көрсетуі бойынша объективті диагностика үшін баланы клиникалық-физиологиялық және психологиялық-педагогикалық зерттеудің берілулеріне сүйену керек. ЖДА дәрігері анамнездік ақпарат жинайды (жүктілік және босанудың өтуі, баланың бірінші айы және өмірінің бірінші жылының даму ерекшеліктері), психикалық іс-әрекеттің барлық салаларының дамуы-тілі, қозғалыс функциялары, эмоционалды жауаптары. Ұйқы және сергектік кезі, тамақтануы тиянақты зерттеледі, потологиялық, невротикалық белгілердің, дірілдеу пароксизмінің пайда болу жағдайлары анықталады. Дәрігер бала дамуындағы белгілі бір патологияны анықтайды, психикалық-медициналық-педагогикалық кеңеске бағыттайды, мұнда мамандар командасы неврологиялық, психиаторлық, логопедиялық, офтольмологиялық, сурдологиялық, дефектологиялық зерттеу жүргізіп диагноз анықтайды.
Ерекше қажеттіліктері бар балалардың денсаулығын нығайту және физиологиялық дамуына кешенді медициналық-педагогикалық қамтамасыз ету жүйесінде бір-бірімен тығыз байланысқан екі бағыт анықталады: медициналық және психологиялық-педагогикалық. Әрбір бағыт аясында жалпы және арнайы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін әртүрлі іс-шаралар жүргізіледі.
Медициналық аспект емдік сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырудан көрінеді, бұл жұмыс жоспарлы және жүйелі түрде жүргізіліп, оған кіреді:
- алдын-алу шаралары (баланы мұқият тексеруден өткізу, денсаулығы және жүйке жүйесінің жағдайына динамикалық бақылау жасау);
- сауықтыру іс-шаралары (массаж, ЕФМ).
Балаға көрсетілетін медициналық көмек коррекциялық – дамыту жұмысының барлық бағыттарын нәтижелі жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасайды (физиологиялық, ақыл-ой, эмоционалды және әлеуметтік даму.)
Бала денсаулығын нығайту және физиологиялық дамуына кешенді медициналық-педагогикалық қамтамасыз етудің педагогикалық аспектісі лекотекада ең бастысы болып табылады. Оның негізгі элементі танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру. Сонымен қатар ересектер және бала арасында, балалар арасында қарым-қатынас орнату үлкен маңызға ие болады, бұл қарым-қатынас:
- педагогтар және ата-ана тарапынан бірдей талап қоюға негізделеді;
- балалармен қарым-қатынаста педагогикалық такт сақтау;
- балаға деген қатынаста мейірімділікті, құрметтеуді таныту, баланың даму мүмкіндіктеріне сәйкес талап қою.
Коррекциялық-дамыту жұмысын жүргізу үшін балаларды алдын - ала іріктеу үрдісіне лекотека мамандары балалардың ата-аналарымен жекелей әңгіме жүргізіп, бала және оның отбасының әлсіз және күшті жақтарын анықтады.
Анықталғандай, ата-аналар баланың мәселесін және өздері алғысы келетін көмектің (медициналық немесе психологиялық-педагогикалық) сипатын анықтауды қиналады.
Балалар дамуында әртүрлі ауытқушылықтардың болуы анықталады. Олар психофизиологиялық дамуының әртүрлі жақтарына қатысты болады: есту тіл жүйесі, көріп қабылдау, ақыл-ой, эмоционалды-еріктік, қозғалыс салалары, әртүрлі дәрежеде көрініп және әртүрлі себептермен туындады: ананың жүктілік кезіндегі кейбір инфекциялық сырқаттары (күрделі вирустық тұмаулар, қызамық) ұрықтың жарақаттық зақымдары және тағы басқа.
Танысудың басынан анықтау қажет етеді:
ü ата-аналардың мамандармен бірлесіп әрекет етуге даярлығын анықтау;
ü ата-аналарды бірлесіп әрекет етуге даярлау, бұл көп уақытты күш жұмсауды талап етеді;
ü мамандармен бірлесіп жүзеге асыра алатын коррекциялық жұмыс көлемін анықтау;
ü ата-аналарға қолдау және көмек көрсету, себебі жұмыс нәтижелері бірден көрініс бермейді, сондықтан ата-аналар нәтижесіз күш жұмсадық деген көзқараста болуы мүмкін.
Бала және отбасымен жұмыс мазмұны және бағыты әрбір балаға дифференциацияланған (жекелей) бағыт жасаумен анықталады және келесі жағдайлар есепке алынады:
ü жасы;
ü соматикалық, неврологиялық және психологиялық дамудағы ауытқулардың өзгешілігі;
ü әр баланың жекелей ерекшеліктері;
Зерттелген балалар анамнезінде анықталды:
o генетикалық бұзылулар;
o орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымданулар,
o ерте босану (недоношенность);
o перинаталды энцефалопатил;
o балалар церебральді параличінің қалдық белгілері;
o психомоторлық және сөздік дамудың кешеуілдеуі;
o есту және көрудің бұзылулары;
o туа берілген гидроцефалия.
Лекотекада жұмысты жүзеге асыру үшін 12 баладан тұратын топ іріктелді, 6 – ұл және 6 – қыз балалар, әртүрлі диагноздары бар:
- «Даун» синдромы және ВПС – 1;
- көрудің бұзылуы және психикалық және тіл дамуындағы кешеуілдеулер – 1;
- туа берілген кереңдік және психикалық және тіл дамуындағы кешеуілдеулер – 1;
- балалар церебральді параличінің (ДЦП) қолдың белгілері. Диплеция психикалық, тіл және моторлық дамудың кешеуілдеуімен – 4;
- туа берілген гидроцефалия психикалық және тіл дамуындағы кешеуілдеумен, 1 дәрежелі нейросенсорлык кереңдік, оңжақты гемопорез – 1;
- перинаталды энцофолопатия салдарынан психикалық және тіл дамуының кенеуілдеуі – 4.