Зін-өзі тану пәні көркем әдебиеттен, айналадағы қоршаған ортамен таныстыру пәнінен, бейнелеу өнерінен несімен ерекшеленеді ?
ҚР қазіргі замнғы білім беру жүйесі адамгершілік пен руханилыққа бағытталған. Бүгінгі таңда жалпыадамзаттық , ұлттық, этно-мәдени және жеке құндылықтар үйлестіруге, азаматтық сананы қалыптастыруға, өмірлік дағдыларды қалыптастыруға, шығармашылық белсенділіке үлкен мән берілуде. Адамгершілік бұл адамның жалпы мәдениетінің көрсеткіші. Ал руханилық - өзгеше ойлау әлемі, материалдық емес, ізгілікке бағытталған тәрбие жұмысы. Бүгінде материалдық байлығы (алтын, ақша т.с.с.) асқан мемлекет емес, қайта адамгершілік капиталы мықты мемлекет алдыңғы қатрға шығады. Адам – ең жоғарғы құндылық болып отыр. Бұл білім берудің әдістемесі мен педагогикалық теориясын, тәжірибесін түбегейлі өзгертпек. Қазіргі кезде оқытылып жүрген пәндер ғылыми пәндер (математика, тарих, қазақ тілі т.с.с.) және өнер пәндері (ән-күй, бейнелеу т.с.с.) болып екіге бөлінеді. Өнер пәндері әлемнің бейнесін оның түрлі образдарында бейнелеуімен ғылыми пәндерден ерекшеленеді. Өзін-өзі тану пәні – полифункционалды. Оның әрбір функиясы қандайда бір қызмет түріне (танымдық, комуникативтік, эстетикалық, эвристикалық, гедеонистикалық) сәйкес келеді. Өзін-өзі тану пәнінің мазмұнында ғылыми пәндер де өнер пәндері де бар. Сол себептен ол балаларға жаңа білімді үйретіп қана қоймайды, сондай-ақ бұрыңғы білгендерін толықтырып, ізденуге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тану пәнінің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, дәстүрден тыс сабақтарды ұйымдастыруға болады. Мысал үшін:
· Ойлау сабақтары
· Пікірталас сабақтары
· Театралдандырылған сабақтар
· Өнер сабақтары
· Сайыс сабақтары
· Қиял сабақтары
· Концерт сабақтар
· Ойын сабақтар
· Экскурсия сабақтары т.с.с.
Өзін-өзі тану бағдарламасы біздерге балалрды мүмкіндігінше олардың табиғи сұраныстарына сай еркіндікте тәрбиелеуге, білім беруге шақырады. Осы жерде бір мысал келтіргім келеді.
16.«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың әдістерін сипаттаңыз
Педагогикалық шығармашылық психологиясы бағытындағы зерттеулер көрсеткендей, тұлғаның өзін-өзі тануында оның өздік
жетілуінің таусылмас мүмкіндіктері жатыр. /В.А. Кан-Калик, Н.Д. Никандров, 1990/. Өзін-өзі тану - көпжақты, белгілі уақыт аралығын қамтитын күрделі процесс. Ол әр түлі сезіну түрлерімен сабақтаса жүреді. Өзін-өзі танудың бірінші деңгейінде бұл процесс өзін-өзі өзге адамдармен салыстырудың алуан түрлері арқылы жүзеге асады. Бұл өзін-өзі танудың бірінші сатысы. Оның екінші деңгейінде тұлға өзінің жетістіктерімен салыстырады. Өзін-өзі және өз іс-әрекеттерін өз тарапынан және өзгелер көзқарасы тарапынан саралай келе бұл сала өз бітімі туралы, өз “Мені” туралы түсінікті қалыптастырады. Осы әлеуметтік “айна” арқылы студент өз бойындағы рухани- адамгершілік құндылықтарын арттырып, өзін-өзі адами тұрғыдан таниды.
Өзін-өзі түсіну мөлшері, өзін-өзі тану сипаты көптеген факторларға байланысты, соларға тәуелді. Өзін-өзі тану үрдісіне адамның өзінің ішкі әлеміне қаншалықты деңгейде үңілуі, оған деген қажеттілігінің мөлшері, тұлғаның рефлексияға деген қажеттілігінің мөлшері - бәрі де әсер етеді. К.Р. Левитанның, С.Г. Верловскийдің және т.б. пікірінше, болашақ педагог мамандығына дайындалып отырған студенттің өзін-өзі тануының басты тәсілдері мыналар: өзін- өзі қадағалау, педагогикалық өзін-өзі сараптау, педагогикалық рефлексия, өзін-өзі сынау және өзін-өзі бағыттау.
Өзін- өзі қадағалау - тұлғаның өзіне, өз іс-әрекеті мен қарым - қатынастарына сырт көзбен қарай білу қабілеті. Өзінің ішкі күйі қалпына қайта-қайта назар аудара отырып, тұлға әртүрлі жағдайларда /ситуация/ өзін қалай ұстайтындығын жете түсінеді. Өзін-өзі қадағалау тұлғаға өзі туралы өзге адамдар көріп-біле бермейтін құнды мағлұмат береді. Ол өзінің дамыған және әлсіз жақтарын тереңірек білуге көмектеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулерін саралай келе К.Р. Левинтанның, С.Г. Верловскийдің өзін-өзі
тануының басты тәсілдерін басшылыққа алуды жөн көрдік. Себебі бұл зерттеулерде болашақ мұғалім мамандығына дайындалып отырған студенттерге арналып, оның нәтижелері оң баға беріп отырғандығын зерттеу жұмысының нәтижесінен көруге болады.
Рефлексия арқасында тұлғаның өзін-өзі түсінуінің пайдалы әсері аз элементтерін өзге элементтермен ауыстыруға деген, өзі мен өз мінез - құлқын өзгертуге деген қажеттілік ұғынылады.
Тұлғаның өзіне деген көзқарасы қаншалықты сыни тұрғыдан болса, оның өзін-өзі тану деңгейі де соншалықты жоғары. Керісінше, тұлғаның өзінің болашақ маман ретіндегі әзірлік деңгейі терең болған сайын, оның қызмет барысындағы өзін-өзі бағалауының сынилығы да арта түседі. Н.Е. Шафажинская өзін-өзі бағалаудағы өзіндік өсіп- жетілу құралы ретінде қолдану студенттерді болашақ мамандығына даярлаудың тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып табылатындығын көрсетті.
Міні сондықтан да тұлғаның өзін-өзі сынауын қалыптастыру, оның өзін-өзі тануын дамытумен шұғылдануды оның ЖОО-да студент кезінде-ақ бастау қажет.
Тұлғаның өзін-өзі тануының тағы бір әдісі-өзін-өзі бақылау. Адамгершілігі биік, жан-жақты жетілген студент тұлғасы өзіне деген жоғары талаптарымен, оның ішкі өзін-өзі ба-қылауымен ерекшеленеді.
Тұлғаның өзін-өзі бақылай, бағалай, түзей және өзін-өзі ұстай алуы - биік мәдениет пен жетік парасатылықтың көрсеткіші, өзін-өзі бақылаудың көмегімен нақтылы мінез-құлықтың, қарым-қатынастың, іс-әрекеттің өз мақсаттарына сәйкестігі әркез сарапталып отырады.
Тұтастай алғанда көптеген авторлардың пікірі бойынша, тұлғаның өзін-өзі тануы - студенттің өзін-өзі тәрбиелеуінің, өз білімін жетілдіру мен өз тұлғасының өсіп-жетілуінің қажетті шарты. Декарттың дәлелдеуіне сүйенсек, өзін-өзі танудан өткен жемісті жұмыс жоқ, бірақ бұл үшін көрегендік пен ержүректік қажет. “Өзін- өзі адам ретінде зерттеп - білмеген адам өзге адамдарды да терең зерттей алмақ емес”.