Леуметтік педагогтың құқықтық нормативтік негіздері

Жоспар:

1.БҰҰ бала құқығы конвенциясы

2.ҚР-ның бала құқығы туралы заңы

3.ҚР Конституциясы

4.Білім туралы заңы

5.Неке және отбасы туралы заңы

6.Патронаттық тәрбие туралы заңы

Әлеуметтік педагог өз жұмысында:Қ,Р Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Б.Ұ.Ұ «Бала құқығы туралы»Конвенциясын, Қ.Р «Бала құқығы туралы» Заңына, ҚР «Неке және Отбасы туралы»Заңын, ҚР «Даму мүмкіндігі шектеулі қолдау туралы»Заңын, «Әлеуметтік педагог» Ережесін және басқа да білім беру мәселесі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс.

Егеменді мемлекеттің басты проблемаларының бірі бала құқын қамтамасыз ету, себебі мемлекеттің өміршеңдігі болашағы балаларға байланысты. Бұл проблема көптеген мемлекеттерде қиын шешілетін мәселенің бірі болып саналады, сондықтан ол өркениетті, халықаралық сипат алып отыр.

Бүгінгі таңда халықаралық-құқықтың бала құқын қорғау бойынша құрылымы құрылып және жұмыс жасауда.Халықаралық бала құқын қорғау деп-баланың үйлесімді және жан-жақты дамуы үшін және оны мемлекеттік заң шығару деңгейіне көтеруге дейін әсер ететін және нашар дамыған мемлекеттердің балаларыны көмек көрсететін мемлекет пен мемлекеттік емес халықаралық ұйымдастырылып өзара келісімге келген жүйені айтуға болады.

1989 ж БҰҰ Бас Ассамблеясына бала құқығының дүние жүзілік Конституциялық Бала құқы туралы Конвенция қабылданды.Өркениетті адамзат бұл құжатты қабылдауға дейін бірнеше құжаттар қабылдаған болатын. 1948 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясына бала құқы туралы Женева декларациясы, 1959 ж Бала құқы туралы Декларациясы БҰҰ Конвенциясы заңдық құжат ретінде Декларация Ережелерін одан әрі тереңдетеді. Оны қабылдаған мемлекеттерге балаға қатысты әрекеттері үшін құқықтық жауапкершілік артып, заңдық кепілдемелер мен нормалардың жетілген түрін ұсынады.

Конвенцияның мақсаты-бала мүддесін, қызығушылығын барынша қорғау. Конвенция негізгі төрт талап қояды, ол бала құқын қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Өміршеңдңлік, өмір сүруі баланың дамуы, баланы қорғау және қоғам өміріне белсенді қатысуды қамтамасыз ету.

Конвенция-бұл жоғары әлеуметтік-адамгершілік қасиеттерді уағыздайтын құжат. Ол баланы бүкіл ажамзаттың бір бөлігі ретінде қабылдауға, баланың жалпы адамзатық құндылық пен тұлғалық дамуын қамтамасыз етуге, оның ешбір себептері мен мотивтеріне қарамастан дискриминайияламауға негізделген.

Конвенция бала мүдесін мемлекет мүдесінен жоғары қоюмен қатар, әлеуметтік депривацияланған (әлеуметтік әлсіз топ, қорғалмаған)балалар тобына айрықша қамқорлық жасауды талап етеді; жетім, мүгедек, босқындар,құқық бұзушылық балалар.

Конвенция-жоғарғы халықаралық стандарты, құқықтық құжат. Ол баланы өзіндік дербес субъект ретінде ариялап, Конвенцияны қабылдаған мемлекеттерге ұлттық заңдарын Конвенция негізінде қабылдауды талап етеді. Бала құқының әртүрлі аспектілері бойынша-анықтап, мемлекеттің құқықтық нормаларын белгілеп, арнайы бақылау механизмін-БҰҰ Бала құқын қорғау бойынша Комитеті құрылып, оған жоғары дербестік, өкілеттік берілген.

Конвенция-жоғары, биік педагогикалық мағынасы бар құжат. Балаға ересектер ата-аналар және педагог тарапынан авторитарлықпен қарау барлық мемлекеттерге бар. Конвенция балалар мен ересектерді қарыми-қатынасты өзгеше адамгершілік-құқықтық және педагогикалық негізде құруын уағыздайды. Баланың ойына, көзқарасына, тұлғасына силастықпен, түсінушілікпен қарау тек жалпы адамзаттық мәдениетнормасы емес, құқықтықнорма да болуы қажет дейді. Соған байланысты әлеуметтік педагогика талап етушілік педагогикасын-тұлғаралық педагогикасына құндылық бағдарды өзгертуге тиіс педагогика саласы.

Конвенция бала құқы туралы бүкіл мемлекеттерге қабылданған, ратификацияланған құжат. Қазақстан Республикасы бұл құжатты 1994 жылы қабылдады. Конвенция бала құқы мен мүдесіне байланысты базалық құжатқа айналады.

ҚР –ның бала құқығы туралы заңы 2002 жылы 8 тамызда № 345 қабылданған,10 тарау ,53 баптан тұрады.Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау , олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту, әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтары негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге ,елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу ,олардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйеніп,баланың Қазақстан республикасының Конституциясында кепілдік берілген негізгі құқықтары мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.Атап айтқанда 2 тараудың 7-ші бабы бойынша : «ҚР орталық және жергілікті атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өкілеттіктері » көрсетілгендей : «тәрбие,білім беру ,денсаулық сақтау,ғылым,мәдениет ,дене тәрбиесі мен спорт, әлеуметтік қызмет көрсету және отбасын әлеуметтік қорғау саласында балалар мүдделеріне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жатады».

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция құрылымы

I бөлім. Жалпы ережелер

II бөлім. Адам және азамат

III бөлім. Президент

IV бөлім. Парламент

V бөлім. Үкімет

VI бөлім. Конституциялық кеңес

VII бөлім. Соттар және сот төрелігі

VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырады, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгілейді.

Білім беру туралы заң, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң.1999 жылғы 7 маусымда қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.

Неке және отбасы туралы(Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы N 321-I Заңы)- Осы Заң Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепiлдiктерiн белгiлеп, реттейдi, отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттiк әлеуметтiк саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi.

Патронаттық тәрбие туралы туралы ережеге (2012 . 03 .30) сәйкес мынадай құжаттар үлгісі болады:

Баланы (балаларды) патронаттық

тәрбиеге беру туралы шарт

_________________ 201__ж. "__" ______________ № _________

(қала, аудан)

1. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 134-бабының негiзiнде әрекет ететiн қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган атынан

_____

(лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

және бұдан әрi патронат тәрбиешi деп аталатын,

азамат(тар, ша)_____________________________________________ тұратын

(мекенжайы)

_______________________________________________________ азамат(тар)

(тегi, аты, әкесiнiң аты, паспорт деректері, сериясы, №)

төмендегiлер туралы осы шартты жасасты:

Шарттың мәні

2. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган патронат тәрбиешi

____

(тегi, аты, әкесiнiң аты)

тәрбиелеуге, ал патронат тәрбиешi бала (балалар)

____

(баланың (балалардың) тегi, аты, әкесiнiң аты

____

тууы туралы куәлiгiнiң №, сериясы, кiм және қашан бердi)

тәрбиелеуге алады және тұруы, тәрбиеленуi мен оқуы, сондай-ақ дене, психикалық, адамгершiлiк және рухани дамуы үшiн қажеттi тұрғын үй-тұрмыстық жағдай жасауға мiндеттенедi.

Білім беру мекемелері әлеуметтік педагогтарының құжаттары мен әдістемесі:

1. Әлеуметтік педагог қызыметін реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар: Бала құқығы туралы Конвенция, бала құқығы бойынша заңдық актілер.

2. Жеке қолдану папкасы.

3. Сыныптың әлеуметтік паспорты.

4. Әлеуметтік педагогтың картотекасы.

5. Оқушының әлеуметтік паспорты.

6. Оқушының тұрмыстық жағдайын тексеру актісі.

7. Оқушының отбасына мінездеме.

8. Оқушының педагогикалық-психологиялық мінездемесі.

9. Әлеуметтік педагогтың есеп беру журналы.

10. Әлеуметтік педагогтың қабырға бұрышы.

11. Білім беру мекемесінің отбасымен бірлескен жұмыс жоспары.

12. Әдістемеулік нұсқаулар, ата-аналар үшін жадынамалар.

13. Сынып жетекшілерге баланың өміріндегі әлеуметтік проблемаларды, тұлғааралық қатынастағы кикілжінді шешуге арналған әдістемелік нұсқаулар.

14. Ата-аналар мен балаларға арналған олардың проблемасын шешуге құзырды қалалық және аудандық мекемелер мен ұйымдар бойынша анықтамалық ақпарат.

15. Кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу журналы.

16. Атқарылған жұмыстың есебі.

Наши рекомендации