Практикалық сабақ № 1

Кәсіптік оқыту әдістемесі

пәнінен

практикалық сабақтарға арналған

әдістемелік нұсқау

Шымкент, 2017

Ф.7.03-03

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Кәсіпке баулудың теориясы және әдістемесі» кафедрасы

Узахова А.С.

5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге

«Кәсіптік оқыту әдістемесі»

пәнінен

практикалық сабақтарға арналған

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Практикалық сабақ № 1 - student2.ru Шымкент, 2017 ж

ӘОЖ 378:011.76

ББК

Құрастырғандар: А.С.Узахова. «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінің практикалық сабақтарының әдістемелік нұсқаулығы. - Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2017. – 46 б.

Әдістемелік нұсқау пәннің оқу бағдарламасы талаптарына сәйкес құрастырылған. «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінің практикалық сабақ тапсырмаларын орындауға қажетті мәліметтерді қамтиды.

Әдістемелік нұсқауда «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәнінен студенттерге арналған практикалық сабақ тапсырмалары жоғары оқу орындарының талаптарына сай берілген.

Әдістемелік нұсқаулық жоғары оқу орнының студенттеріне арналған.

Әдістемелік нұсқау кәсіптік оқыту мамандығында оқитын студенттерге арналған.

Пікір беруші: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, п.ғ.к., доцент Бакирова Г.А.

«Кәсіпке баулудың теориясы және әдістемесі» кафедрасы (№___хаттама, «___» _______201 ж.)

Жаратылыстану педагогикалық факультетінің әдістемелік комиссиясы мәжілісінде қаралған және басуға ұсынылған (№__ хаттама, «___» _______201 ж.).

Басуға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Әдістемелік Кеңесіне ұсынған, (№___хаттама, «___» _______201 ж.)

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2017 ж.

Жауаптылар: Узахова А.С.

 
  Практикалық сабақ № 1 - student2.ru

Мазмұны

Кіріспе............................................................................................................ Практикалық сабақ №1. Оқу бағдарламаларын оқып үйрену және талдау. Практикалық сабақ № 2. Әдістемелік оқу әдебиеттерін оқып үйрену және талдау.................................................................................................................... Практикалық сабақ №3. Техникалық және кәсіптік оқыту мекемелерінің жабдықталуы және ұйымдастырумен танысу................................................... Практикалық сабақ № 4. Кәсіптік оқыту сабақтарын перспективалы жоспарлау............................................................................................................. Практикалық сабақ № 5. Күнтізбелік – тақырыптық жоспар түзу................ Практикалық сабақ № 6. Сабақтың мақсатын және оқу – тәрбие міндеттерін анықтау............................................................................................ Практикалық сабақ № 7. Кіріспе, ағымдағы, қорытынды нұсқауларын өткізудің әдістемесін дайындау және мазмұнын түзу...................................... Практикалық сабақ № 8. Сабақты өткізудің тиімді әдістерін таңдау.......... Практикалық сабақ № 9. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы......................... Практикалық сабақ № 10. Теориялық сабақтарды ағымды жоспарлау...... Практикалық сабақ № 11. Өндірістік білім беру жоспарын түзу................ Практикалық сабақ № 12. Технологиялық және нұсқаулық карталарды әзірлеу................................................................................................................... Практикалық сабақ № 13. Күнделікті сабақ жоспарларына және сабаққа әдістемелік талдау жасау..................................................................................... Практикалық сабақ № 14. Кәсіптік оқытудың сапасын бақылауға және бағалауға арналған тестер әзірлеу...................................................................... Практикалық сабақ № 15. Үйірме жұмыстарын және элективті курсты ұйымдастыру........................................................................................................ Қорытынды........................................................................................................... Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................                    

Кіріспе

Әдістемелік нұсқаудың мақсаты – студенттерді болашақ педагогикалық қызметке дайындаудың әдістемелік негізін қалау, жалпы білім беретін мектептерде оқушы жастармен бастауыш, кәсіптік білім мен еңбек технологиясының типтік оқу бағдарламаларының тарауларына сәйкес жемісті жұмыстар жүргізуіне, мектеп оқушыларын Республикадағы жаңаша әлеуметтік және экономикалық жағдайларда еңбекке дайындауға қажетті білім, іскерлік және дағдысын қалыптастыру.

Қарастыралатын мәселелер:

1. Кәсіпке оқыту мазмұнынының әр кезеңіндегі білім беру мазмұны жөнінде студенттерге нақты түсінік беру; педагогтың сабақты ұйымдастыруы мен материалдық жабдықтауы, оларды жоспарлау жұмыстарының мазмұнымен таныстыру, сабақтан тыс, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен басқаруға болашақ мұғалімдерді дайындау.

2. Жан-жақты дамыған, шығармашылық қабілеті жоғары, кәсіби бейім тұлғаны тәрбиелу және жетілдіруге жағдай жасау; болашақ кәсіби қызметінде өзін өзі айқындау мен өз мүмкіндігін жүзеге асыруға дайындау.

3. Студенттерді педагогикалық еңбекті тиімді ұйымдастыруға, оқушы жастарға білім берудің тиімді әдістері мен формаларын, оқу құралдарын таңдауға, әдістемелік, анықтамалық және арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауға үйрету.

4. Мектептерде студенттерді педагогикалық практиканы өтуге, курстық және дипломдық жұмыстарды орындауға даярлау.

Кәсіпке баулу оқытушыларын дайындау ерекшеліктері педагогикалық білім берудің мазмұнын жетілдіру; оны жетілдіру жолдарын іздестіру; оның вариативтілігін арттыру; мектептер мен білім беру мекемелерін жоғары білікті педагог кадр мамандарымен қамтамасыз етумен ерекшеленеді. «Кәсіптік оқыту әдістемесі» курсын оқу нәтижесінде студенттер төмендегідей білімдердімеңгеруі тиіс:

- кәсіптік оқыту бағдарламасының тараулық мазмұнын;

- оқытудың мақсаты, міндеттері және кезеңдері есебіндегі кәсіпке алғашқы баулу сабақтарының құрылымы мен қағидаларын;

- оқулықтардың, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік әдебиеттердің мазмұны, идеясы, негізгі қағидаларын;

- оқу шеберханаларын ұйымдастыру мен жабдықтауға қойылатын талаптар.

Курсты меңгеру нәтижесінде студенттердің игеретін іскеріліктері:

- бағдарлама мазмұнындағы оқу материалдарына байланысты оқытудың аса тиімді формаларын, әдістері мен құралдарын іріктеу;

- арнайы, анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді пайдалану;

- күнтізбелік-тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарларын әзірлеу және оларды әдістемелік жабдықтау;

- арнайы пәндер бойынша сыныптан тыс және мектептен тыс сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу.

Практикалық сабақ № 1

Тақырыбы:Оқу бағдарламаларын оқып үйрену және талдау

Сабақ жоспары:

1. Оқу бағдарламасының теориялық мазмұны.

2. Кәсіптік оқыту бағдарламасының құрылымдық мазмұны.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері, іскерлігі, дағдысы құзіреттілігі:«Технология» интегративті білім саласы бағдарламасына талдау жасау, оқу бағдарламасының құрылымына, мазмұнына талдау жасауды үйрену.

Сабақты өткізу формасы: Жеке дара зерттеу

Наши рекомендации