Менің тәрбиеші болуымдағы тәжірбием.
Тәрбиеші – оқу-тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші. Мектепке дейінгі мекемелерде, балалар үйінде, мектеп-интернаттарда, кәсіптік-техникалық оқу орындарында - тәрбиеші тағайындалады. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады, көпшілік-мәдени жұмыстарын жүргізеді деп, «Қзақстан»: Ұлттық энциклопедия айтылған.[1] Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың жеке басының дамуын қамтамасыз етуші, маңызды тәлім -тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын істердің үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұмтылтушысы жан ол – тәрбиеші.
Республикамыздың тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде деп аталатын еңбегінде: «...елдің Туын, Елтаңбасын, Ән- ұраның қастерлеуден,заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен : Қазақстаным – менің, Отаным оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптамын, деген қарапайым ойды бойына сініріп өсетіндей істеген жөн » - деп көрсетті. [2] Тәрбиешінің міндетті ертеңгі ұрпаққа елін, туған жерінің табиғатын сүйетін,оны қадірлеп, қорғайтын азамат тәрбиелеу,бала дүниеге келген шақтан мектепке дейінгі кезеңнен басталады.Тәрбиешінің негізгі қызметі-тәрбиелеу, ұйымдастыру, дамыту диагностикалық ынталандыру, коммуникативтік қорғау әдістемелік бағалау, болжау. Баланың мінезін қалыптастыру, оны өз бетімен өмір сүруге дайындау тәрбиешіге жүктеледі. Сондықтанда да тәрбиеші бір балаға емес,әр баланың жүрек түбінен орын алуы тиіс. Сонда ғана бала тәрбиеші мейрімін сезіне алады. М.Жұмабаев « Әрбір ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар...әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті » - деп, халықтын тәрбие дәстүрінің педагогикалық маңызын ашып көрсетеді. [3]
Яғни, балаларды тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау көбіне тәрбиешіге тікелей байланысты болып келеді.Балабақшада тәрбиеші - бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Әр тәрбиеші өзінің жұмысының арқасында Егеменді еліміздің ертеңгі тәрбиесі мен оқу-білімі өлшенетінің естен шығармауы қажет. Ол үшін жан-жақты ізденіс шығармашылдықпен жұмыс істеу біздерден қатаң талап етіледі.Тәрбиеші - арнайы дайындығы бар жене педагогикалық іс-әрекетпен кәсіби айналысатын адам. Оның негізгі функциясы - оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқару. Сондықтан жаңашыл тәрбиешіні даярлауға қойылатын талаптар студенттерді ертеңгі тәрбиешілерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы балабақша талабына сай кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Қорыта келгенде, болашақ тәрбиешілерді кәсіби әрекетке даярлау аса көкейкесті, кезек күттірмейтін өткір мәселе екендігін айғақтайды.
Әрбір адамның жауапты кезеңдердің бірі- бұл мамандық таңдау. Мен өзімді бақытты адаммын деп есептеймін, себебі: өзімнің жүрек қалауымен «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығын таңдадым. Мен үшін тәрбиеші тек қана білімді маман иесі болу аздық етеді.Себебі: тәрбиеші жеке тұлға ретінде ізденгіш, өз пікірін айта алатын, адамгершілігі мол,жан-жақты қалыптасқан, өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз мамандығын терең меңгерген, ғылымның тиісті салаларынан хабардар, әсіресе, балалар психологиясының, жас ерекшеліктерінің мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік меңгерген адам болуы тиіс деп ойлаймын.
Міне, мен диплом алып, «тәрбиеші» атты ұлы жолға түскеніме өте қуаныштымын. Мынау менің балабақшам... Мынау менің кішкентай бөбектерім... Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Мен балаларды жанымдай жақсы көрем... Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі Ал менің тәрбиеші ретінде алдыма қойған ең басты міндетім – рухани бай, жеке қабілеті дамыған тұлғаны қалыптастыру. Менің тәрбиеші жұмысын атқарғаныма жарты жылдай уақыт болып қалды. Осы жарты жыл ішінде өз-өзіме не үйрендім? не білдім?не істедім?қандай жетістіктерге жете алдым? Деген сұрақ қойсам, көзім біраз ғана дүниелерге ашылған сияқты. Осы уақыт ішінде әрбір тәрбиешінің әр күніне үлкен ізденісте болуы керектігін түсіндім. Өзіңді-өзің ұстауың, сыртқы және ішкі келбетің, сөйлеу мәдениетіне бой үйретуің керек. Тәрбиешінің жеке басының үлгісі- жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістердің бірі, өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Үлгілі тәрбиеші болу үшін маған көп еңбекті, жауапкершілікті, уақытты талап етеді.
Мен тәрбиеші ретінде әр оқу іс–әректімді түрлендіріп, қосымша материалдармен байытып, тұлғаның жүрегіне жол таба білгім келеді. Оқу іс-әрекетімді қорытындылаған сайын балаларға бүгінгі тақырыпты дұрыс жеткізе алдым ба? олар қаншалықты тақырыпты меңгерді, түсіне алды ма? деп кейде өзімнен сұрап жатам. Тәрбиеші ретінде үнемі балалармен бірге болып, әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында оқу іс-әрекетті ұйымдастырып, оларға сапалы білім бергім келеді. Менің әрбір өткізген сабағым баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта –жігері артары сөзсіз деп білемін. Оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектеп алды оқушысын мектеп өміріне енгізудің өзі таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. Біз өмір сүріп отырған бүгінгі дәуір жаңаша көзқарасты, жаңашылдықты талап етеді. Сондықтан жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мектепке дейінгі тәрбие мамандарына, олардың іс-тәжірибесінің қалыптасып,кәсіби шеберлігінің шыңдалуына байланысты болмақ. Баланың мектепке дайындығын балабақша әдіс-тәсілдерді ұштастыру арқылы жүзеге асыру – басты мақсатым. Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы балабақшада өтілетін барлық сабақтарда баланың жасына қарай жүргіземіз. Педагогикалық озық техналогияларды сабақ барысында пайдаланып,балалардың шығармашылағын дамытуға ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырамыз.
Қорытындылай келе: тәрбиеші ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады.Сондықтан да болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да тәрбиешіні ерекше пір тұтып қадірлейді. Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым - қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек. Тәрбиеші аз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды.Тәрбиеші - жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Тәрбиеші – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі гауһары. Қасиетті қара шаңырақтың білім нәрімен сусындап, мұғалім деген атақты алып шығу, оқушыларға жақсы тәрбие мен білім беру үлкен ерлік. Себебі біз тәрбиелеген ұрпақ ертеңгі күні еліміздің тірегі болмақ. Тәуелсіздіктің тұғырын, еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да солар. Сондықтан тәрбиеші болу - жүректің батырлығы!
Тәрбиеші- оқу-тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші.Мектепке дейінгі мекемелерінде,балалар үйінде, мектеп, оқу орындарында тәрбиеші тағайындайды.
Тәжірибе – қолданбалы әлеуметтік белгілі бір сынақшы топқа ерекше жағдайлар қалыптастыра отырып,негізгі мінездемелерінің өзгеруін қадағалау арқылы ақпарат жинау тәсілі. [5]
Тәрбие- тәлім- тәрбие-жеке тұлғаның адамдық бейнесін,ұнамды мінез құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Тәрбиеленушілік – Тәрбие берушілік, бір нәрсеге үйретушілік. Әдебиеттің идеологиялық құрал рөлін, оның тәрбиеленушілік мәнін ескерсек, алда тұрған міндеттердің де жеңіл еместігін түсінеміз.[6]
Тәрбиеші- педагог даярлау ісінде оқу мен тәрбиені өмірмен байланыстыру мәселесіне баса назар аударылуы тиіс.
Білім беру дегеніміз – жас ұрпаққа жүйелі білім негіздері, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын игерту, икемділігін, әдет- дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбие – кең мағынасымен алғанда, қандайда болса бір жан иесіне тиісті азық беріп,сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек қөрсету деген сөз. [7]
Тәлімгер- Тәлім- тәрбие беруші, ұстаз.
Тәртіп-белгілі бір қоғам мүшелеріне ортақ, орындалуы міндетті ереже,заң.
Тәртіпсіз- қалай болса солай,жөнге келмеген,ретсіз,жүйесіз.
Қоладнылған әдебиеттер:
1. «Қзақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.
2. Н.Назарбаев Қазақстанның болашағы – қоғам идеялық бірлігінде.- Алматы: Кітап, 1993-110б.
3. М.Жұмабаев. Педагогика,- Алматы: Ана тілі,1992-160б.
4. Г. Алпысбаева, С.Көмекбаева, Н.Қожамжар, Ж.Далиева «Ата-ана және сынып жетекшісі»), 2011-68 бет.
5.Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14 том / Құрас: М. Малбақов, Қ. Есенова, Б. Хинаят және т.б – Алматы, 2011. 800бет (301 бет)
6.Қазақстан.Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б. Аяған. - Алматы:
"Қазақ энциклопедияның" Бас редакциясы,2006 – 704бет.(62-64бет)
7. Жұмабекова Ф. Н. Мектепке дейінгі педагогика : Оқу құралы. - Астана:Фолиант, 2008. 336бет(5-12 бет)
8.Қазақ тілінің сөздігі түсіндірме сөздігі / Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы :Дайк-Пресс, 2008-968бет (791-792бет)