Технологиялық карталар. Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка»
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: « Не қалай дыбыстайды? » Мақсаты:музыка сипатына сай қимыл іскерліктерін дамыту, әуен ойын әрекеттерін сахналауға,хормен ән айтуға дағдыландыру.
Қолданылатын көрнекі – құралдар: аула көрінісі,үйшік алдында күшік,мысық,жайылып жүрген ойыншық үй жануарлары.
Сөздік жұмыс: «мә-мә», «бө-бө», мө-мө», «мияу», «әуп-әуп».
Оқу іс-әрекетінің кензеңдері | Музыка жетекшісінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық –қозғаушылық | Балаларды көңілді әуенмен қарсы алып,әженің суретін көрсетіп,қонаққа баратындарын айту. -Әжеміздің ауылына құлыншаққа мініп барайық. Үнтаспада « Тұлпарым» ( Б.Бейсенова) әні орындалып,балаларға құлыншақ шабысын көрсетіп,қайталауларын сұрау. Ән аяқталғанда балалар үйшік алдына келіп тоқтайды.Үйшіктен әже-педагог шығып балаларды қарсы алады. | Балалар қуана келісіп, « құлыншаққа отырып», әуен ырғағымен жүгіре басып,шабысын көрсетуге талпынады. Балалар «аттан түсіп» Әжемен амандасады. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік | Музыка жетекшісі әжеге балалардың үй жануарлары туралы білгісі келетінін айтады. Әже үй жануарлары туралы өлең оқып, « Не қалай дыбыстайды?» ойыны (жинақта) арқылы балаларға сұрақтар қояды. Секеңдеген лағым, Лағым менің,шұнағым. Қалай дыбыстайды? Балаларға карточкадан лақтың суретін көрсетіп,дауысын салып берулерін сұрайды. Музыка жетекшісі лақ маңырайды деп түсіндіреді. Күзетші күшік –сарқұлақ Үй күзетіп шапқылап Дыбыс шықса қаттырақ Қалай,қалай үреді? ( Сұрақтар далғасады). Музыка жетекшісі балаларға « Әжемізге өзіміздің ойыншықтарымыз туралы ән айтып берейік»,-деп ұсынадаы. Ән тыңдау: « Ойыншықтар» ( музыкасын жазған И.Нүсіпбаев, сөзін жазған Н. Әлімқұлов). Балаларға ойыншықтар ұстатып, әнді екінші рет қайталап,мәтінге сай қимыл-қозғалыс жасауға машықтандырады. Әннің ауыспалы сипатына байланысты балалардың мимикалық қимылдарын( жымию,қабақ түю т.б.) бақылайды. « Анасын тап» ойынын (жинақта) тұйымдастырылып,үй жануарлары туралы түсініктерін бекітеді. Балаларға « Бұл не?» деген сұраққа жауап беріп,карточкалардағы төлдің суретін анасының суретінің қасына тауып қоюларын сұрайды. Мысалы: Қара көзі мөлдіреп, Жібек жүні үлбіреп, Анасын іздеп келеді. Бұл не? Дұрыс жауап берген бала әуенге ілесе төлдің қимылын салады. Ойын әрі қарай жалғасады. | Ойынға көңілді қатысып,жауап беруге тырысады. Лақтың суретін көрсетіп, « мә-мә» деп маңырап дауысын салуға талпынады. Балалар күшіктің суретін тауып көрсетіп, « әуп-әуп» деп қуана дыбыстайды. Балалар өздері таңдаған ойыншықтарын алып шеңбер бойымен отырады. Әнді құлшына тыңдап,түсінуге тырысады. Әннің бір шумағында ойыншықтарды ұстап,жоғары көтере қимылдатады. Екінші шумағында тізерлеп отырып, «тербетеді»- ұйықтатады. Үшінші шумағында жерге қойып, сұқ саусағын көткре « ұрысқан» кейіп танытады. Балалар ойынға қызығушылық танытап, көңілді қатысады. Төлдердің суреттерін дәл тауып, қимылын салып көрсетуге талпынады. |
Рефлексиялық –түзетушілік | -Балалар,әжеміздің ауылы ұнады ма? Қандай төлдер бар екен? Олар қалай дыбыстайды? Қалай жүреді екен? –деген сұрақтар қойып,еске сақтауларына ықпал етеді. -Әжемізге рахмет айтып,қоштасып,тобымызға барайық. Құлыншаққа мініп, тез жетіп алыңдар! Үнтаспада « Тұлпарым» әні ойналады. | Балалар жауап береді. Төлдердің атын атап, жауап беруге тырысады. Әжемен қоштасып, әуен ырғағымен « шауып» шығып кетеді. |
Күтілетін нәтежие:
Біледі: әннің сөздерін анық айтуды,хормен айта білуді,төлдердің дыбысын салуды.
Игереді: Ойын арқылы төлдер туралы біліп, лақ маңырайды, бұзау мөңірейді,күшік үреді сияқты түсініктерді.
Меңгереді: музыка сипатына сәйкес қозғалып,еркін қимылдайды,төлдердің қимылын сахыналайды,ауыспалы ән сипатын ажырыта алады.
Технологиялық карталар.
Мамыр
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: « Көңілді би» Мақсаты:би қимылдарын еркін орындауға, түрлі сипаттаға әуенді қабылдауға баулу, дыбыс ұзақтығы, тембрі туралы ұғымын қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі – құралдар: үстел үсті қуыршақ театры, ойыншық қоян, түрлі-түсті әшекейлер ( қағаз немесе лентадан жасалып, таяқшаға бекітіледі).
Сөздік жұмыс: тез,ақырын,қатты,жай.
Оқу іс-әрекетінің кензеңдері | Музыка жетекшісінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық -қозғаушылық | Музыка жетекшісі балаларды есік алдынан қарсы алып, қуыршақ театрна шақырады. Театр шымылдығы ашылып, ішінен қуыршақ қоян көрінеді. Қоян балалармен сәлемдеседі. -Балалар,мені танисыңдар ма? Мен қоянмын,қоянмын, Сәбізді жеп тоямын Жемістерді көп жинап, Қысқа сақтап қоямын. -Балалар,менің сендермен танысқым келеді. Сені атың кім?- деп барлық балаларды өз аттарын айтуға ынталандырады. -Балалар,сендер мен сияқты қатты қол шапалақтай аласыңдар ма? Ал енде ақырын, жай топылдатыңдаршы,-деген ұсыныстар арқылы дыбыс ұзақтығы,тембрін ажырата білуге үйретеді. -Балалар,қоянға арнап тақпақ айтып берейік: | Балалар жайғасып отырады. Қоянмен қуана амандасады,жауап беруге талпынады. Балалар қоянға қарап қызығушылық танытады, қимылына еліктейді. Өз аттарын кезекпен айтып,танысуға талпынады. Бірге көңілдене қатты шапалақтайды және жай шапалақтауға тырысады. Аяқтарын тез және ақырын топылдатуға әрекет жасайды. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік | Ақ қоян, ақ қоян, Ұзын құлақ сақ қоян Ақ қоян, ақ қоян Жүйрік аяқ сақ қоян!- деп балалардың қимылмен көрсетулерін сұрайды.Қоян балаларға әрі қарай көңілдендіру мақсатымен: -Сендер, мен сияқты секіре аласыңдарма?Кәне ,бірге секірейікші!-деп ұсыныс жасайды. «Қояндар» (Е. Тиличеева)әуеніне ілесе секірулерін сұрайды. -Рахмет, балалар!Мен әдемі әшекейлер ала келдім,сендерге силаймын, -деп балаларға шымылдық ішінен ұсынады. Әшекейлер әдемі, Бірге тербеледі. Қолымызда жарқырап, Сәнге бөленеді- деп әндетеді. Балаларды шеңбер бойымен тұрғызады. «Әшекейлермен би» (А. Жилинский). Педагогтің көрсетуімен би екі рет қайталанады. Әшекейлерді дұрыс ұстап, қозғап,айналу үйретіледі. -Ал енді қоянды көңілді биге шақырайық, балалар. «Отырып-тұру»( эстон халық әуені,өңдеген А.Роомере,сөзін жазған И. Энтин, аударған И.Сапарбай) әнін орындап,педагог қоянды ұстап, балаларға би қимылдарын көрсетеді.Балалар жұптасып тұруларын,би қимылдарын, ырғақты сезіне орындауларын бақылайды. | Балалар өлеңнің мазмұнына сай қоянның құлағын,жүйрік аяқтарын көрсетеді. Балалар ырғақты сезіне қоянмен бірге көңілдене секіркді. Балалар театр шиырмасының келіп, қояннан әшекейлерін алады. Әшекейлерін көтере тербеледі,қозғай түсіп айналады. Педагогтің қимылын қайталап, бірге жасауға талпынады. Әннің мазмұнын түсініп, бірге қозғалуға тырысады. Жұптаса зал ішінде еркін қозғалады. Бір –біріне иіледі, тізелерін бүгеді,айналады,қолдарын екі жаққа созады, шапалақтайды. |
Рефлексиялық -түзетушілік | Қоян (қайтадан театр ширмасынан көрініп):балалар маған сендермен бірге болған ұнады. Өнерлі,әнші,биші, балалар екенсіңдер! Музыка жетекшісі:Қояннан не үйрендіңдер?Қоян қалай шапалақтайды екен? Аяқтарын қалай топылдатады екен?-деп сұрайды. -Ақ қоянға рахмет айтып,қоштасайық. Ақ қоян,ақ қоян, Ұзын құлақ, сақ қоян, Ақ қоян, ақ қоян Сау болып тұр, ақ қоян ! | Балалар қоянды көріп, қолдарын шапалақтап, ризашылығын білдіреді. Сұрақтарға жауап беріп,көрсетуге әрекеттенеді. Тақпақты бірге айтып,қол бұлғап қоштасады. |
Күтілетін нәтежие:
Біледі: әннің сөзін анық айтуды, көпшілікпен әнді бірге бастап, аяқтауды, би қимылдарын қайталап көрсете білуді .
Игереді: қатты және ақырын,тез және жай ырғақтарын сезінуді, ауыспалы сипаттағы әнді орындауды.
Меңгереді: кейіпкер қоянмен «әңгімелесу» -диалог құруды, әшекейлер ұстап билеуді , ырғақпен айналу , иілуді.