Тобық Жармағамбетов

Тобық Жармағамбетов - student2.ru Жармағамбетов Тобық Мырзағұлұлы 1934 жылы Жарқамыс ауылында туған. Жазушы. 1957 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1957-59 жылдары Жарқамыс орта мектебінде мұғалім, 1959-73 жылдары Байғанин аудандық «Жаңа өмір» газетіне жауапты хатшы, редактордың орынбасары, Ақтөбе телевидениесінде аға редактор, бас редактор болды, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде, облыстық мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамында қызмет атқарды.

Тобық Жармағамбетов шығармашылық қызметін 50-жылдардың аяғында бастады, ол нағыз талантқа тән тереңдікпен, ойшылдықпен, сыршылдықпен қалам тербеп, уақыт, заман талабына сай салиқалы ой, салмақты жүк арқалаған шығармалар жазды. Үлкен бір повеске пара-пар «Отамалы» әңгімесі қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған асыл мұра болып қалды. «Ақ жауын» повесінде 30-жылдардағы қиын кезең туғызған халық қозғалысын, сол кездегі жіберілген өрескел қателіктерді батыл ашып көрсетті, «Бәйтеректің жас шағы» повесінде халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің өмір жолының кейбіт сәттерін оқырманға шебер суреттеу арқылы жеткізді. 60-жылдардағы ауыл жастарының тіршілігі, сырласу, нәзік сезім, шын сүйіспеншілік, қазақ ауылының көрікті бейнесі «Нәзік бұлттар» деп аталатын повесінде көркем бейнеленді. Т.Жармағамбетовтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл өміріне арнап жазған «Қара жаңбыр» атты туындысы да көпшілік оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленді. Жазушы адамгершілік, достық, махаббат тақырыбына арнап «Екі жүрек», «Екі дос», «Менің достарым», «Кішкентай махаббат» атты әңгімелер жазды.

Т.Жармағамбетов есімі Қарауылкелді селосындағы бір көше мен орта мектепке берілген.

Тобық Жармағамбетов шығармалары:

Тобық Жармағамбетов - student2.ru Жармағамбетов Т.

Нәзік бұлттар: Повесть.- Алматы: Жазушы, 1966.- 192 б.

Жас жазушы Тобық Жармағамбетов бұрын әңгіме, новеллаларымен көрініп, оқушы көпшіліктің көкейінде жақсы әсер қалдырған қаламгер. Бұл кітабы Тобықтың оқушы қауымына ұсынып отырған жаңа табысы, көлемді еңбегі.

«Нәзік бұлттар» повесінен біз Теміржан, Күнсая, Ілия сияқты қазіргі жастарымыздың арманшыл, батыл, ер тұлғасын көреміз. Сырласамыз. Олардың нәзік сезімінің куәсі боламыз. Дархан даламыздың сұлу көркінен сусындаймыз. Повестің тілі нәрлі, бояулы. Уақиғасы тартымды, қызғылықты.

Тобық Жармағамбетов - student2.ru Жармағамбетов Т.

Сентябрь түні: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1970.- 176 б.

Жазушы Тобық Жармағамбетовтің бұл еңбегіне екі повесі еніп отыр. Мұның алғашқысы ақын-жырау Нұрпейіс Байғаниннің өнердегі өміріне, екіншісі Октябрь революциясы кезіндегі ел өміріне арналған.

Тобық Жармағамбетов - student2.ru Жармағамбетов Т.

Ақ жауын: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1984.- 400 б.

Тобық Жармағамбетов қазақ әдебиетінің проза жанрына өзіндік үнімен үлес қосқан талантты жазушыларымыздың бірі. Бұл жинаққа жазушының оқырман қауымға танымал болған «Ақ жауын», «Бәйтеректің жас шағы», «Сентябрь түні», «Нәзік бұлттар» атты повестері еніп отыр.

Тобық Жармағамбетов - student2.ru Жармағамбетов Т.

Отамалы: Әңгімелер мен хикаяттар /Құраст. Е.Дүйсенбайұлы. Алғысөзін жазған З.Серікқалиұлы.- Алматы: Раритет, 2002.- 212 б.

Өмірден ерте өткен жазушының өз уақыты мен тұтас бір ұрпақтың ғұмырнамасын өзек еткен «Жан», «Қара жаңбыр», «Қызыл ай», «Қарала сиыр» т.б. әңгіме-хакаяттарында шынайы шындықпен нәрленген нәзік мұң, сәулелі романтика өлеңдей егіз-қатар өріліп отырады. Ішкі лирикалық иірімінің әсер-қуаты жөнінен бұл жинаққа енген туындылардың қай-қайсысы да прозадағы поэзия іспетті.

Хорезми «Мұхаббат-наме»

Бүгінгі күнге «Мұхаббат-наме»дастанының екі қолжазба нұсқасы жеткен. Дастанның екі нұсқасы да қазір Лондонның «Британия» музейінде сақтаулытұр. Ресей Ғылым академиясының Азия халықтары институты 1952 жылы осы екі қолжазба нұсқасының фото көшірмесін алды. Қол жазбаның бірі – 1432 жылғы ұйғыр әрпіменкөшірілген. Демек, «Мұхаббат-наме» дастаны Хорезми жазғаннан 80 жылдан кейін оны ұйғыр әрпімен қайта көшірген болып шығады. Бұл - дастанның ең көне, алғашқы көшірмелерінің біріболса керек.

«Мұхаббат-наме» дастанының кіріспесінде ақын: «Мен де ұлы Тәңгірге жалбыранып, «Мұхаббат-намені» жаздым» - дейді. Автор сол кездегі әдеби дәстүрді сақтап, алдымен әлемді жаратқан Тәңірге сыйынады, сосын пайғамбарларға мақтаусөз айтады. Содан кейін ғана дастанның жазылу себептеріне тоқталады.

«Мұхаббат-наменің» негізгі бөлімінде жігіттің сүйген қызына деген мөлдір махаббатты жырланады. Жігіт сүйген қызына әсемдік әлемінен теңеу таппай, оны Айға да, Күнге де теңеп, жер бетіндегі сұлулық атаулының ғажайып картинасын жасайды.

Махаббат тек адамзатқа ғана тән ғажайып, асыл қасиет екенін ақын зор шеберлікпен суреттейді:

Екі жарық гауһарды әлем берген,

Махаббат кешінін адамға берген.

Көкте берген сұңқарға аққуды,

Толған айдай қылар бір тамшы суды.

Оның кемел өңінде мең жаратты,

Бойы менен шашын тең жаратты.

Діни мистикалық бағытта жазылған сол кездегі қисса-хикаяттар адамды бұл өмірдің қызығынан безуге шақырып, сүйіспеншіліктің өзін жұмақтың ісі етіп қоятыны мәлім. Мұндай шығармалар «о дүниенің» ләззаты үшін тіршіліктегі іс-әрекеттен, өмір үшін күрестен бас тартуға шақырады. Жұмақтағы хор қыздарын дәріптейді.

Ал «Мұхаббат-наме» дастанында адамның осы өмірдегі адамға деген сүйіспеншілігі зор шабытпен жырланады. Ақын нақты өмірдің қадір-қасиетін жоғары бағалайды. Шығарманың бас қаһарманы өз сүйіктісі үшін ешқандай қауіп-қатерден тайсалмайды.

«Мұхаббат-наме» – сюжеті қызықты, тілі көркем, көріктеу құралдары алуантүрлі, өлең құрылысы шебер жасалған дастан. Ақын Хорезми дастанда жыр жолдарына үстеме мағына беріп, оны ажарландырып жіберу үшін теңеу әдісін көбірек қолданады. Сөйтіп, ол өзі суреттеп отырған белгілі бір заттың яки құбылыстың ерекше белгілерін айқындай әрі ажарлай түседі, сол арқылы жырдың эстетикалық әсерін еселеп арттырып жібереді.

Бұл дастан ертеректе жазылса да, қазақтың лиро-эпостық жырларымен сарындас, үндес, идеялас, тіпті түр жағынан да ұқсас болып келеді.

Қорыта айтқанда, Хорезми сәтсіз махаббаттың трагедиясын жырлай отырып, өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін сөз етеді.

Алтын Орда дәуірінің ең таңдаулы туындыларының бірі саналатын «Мұхаббат-наме» дастанының әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан маңызы зор. Хорезмидің бұл ғажайып шығармасын танып-білу арқылы біз бүгінгі қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының өмірге келу жолдарын, қазіргі қазақ тілінің даму сатыларын, халқымыздың өткендегі әдет-ғұрпын, т.б. тереңірек ұғынатын боламыз.

Хұсрау мен Шырын[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

“Хұсрау мен Шырын” — Алтын Орда дәуірінің әдеби мұрасы. Авторы — Құтб қыпшақ тайпасынан шыққан. Ол бұл шығарманы Низами Гәнжауидің парсы тілінде жазылған “Хұсрау уа Шырын” поэмасынан аударған. Поэма Хұсрау деген жігіт пен Шырын есімді қыздың арасындағы шынайы махаббатты баяндауға арналған. Хұсрау мен Шырын махаббаты — Әзірбайжан ақыны Низами мен үнді ақыны Әмір Хұсрау Дехлевиден бастап қазіргі уақытқа дейін жырланып келе жатқан тақырыптардың бірі.Таяу Шығыс пен Орта Шығыс, Кавказ мен Орталық Азия, үнді халықтарының фольклорында “Хұсрау мен Шырын” аңызы негізінде жазылған барлығы 50-ден астам поэма бар. Ақын-жазушылардың талай ұрпағының назарын аударған бұл аңыз ғасырлар өткен сайын сан түрлі өзгерістерге ұшырап, өңделіп отырған. Оның әрбір нұсқасы қайталанбас халық даналығымен толығып, сюжеттері де көп өзгерген. А.Н. Самоилович "Хұсрау мен Шырынды" Алтын Орданың әдеби ескерткішіне жатқызады.[1]

Египетте 1883 жылы осы шығарманың көшірмесі жасалған. Бұл әдеби мұрамен белгілі шығыстанушы Е.О. Бертельс Парижде танысқан. Әдеби ескерткіштің тілін түрік ғалымы профессор М.Фуад Капрюлюзаде Алтын Орданың XV ғасырдағы аралас оғыз-қыпшақ тіліне жатқы: Бұл шығарманы поляк ғалым академик Зайончковскийзертеді.

1958 жылы ол қолжазбаны екі бөлі тұратын факсимилесімен, Tранкрипциясымен басып шығады.

1961 жылы толықсөздігін берген. Қ тәржімасын Низамидің "Хұсрау мен Шырынымен" салХұсрау мен Шырын” дастанының тақырыбы — Хұсрау деген жігіт пен Шырын есімді қыздың арасындағы сүйіспеншілік, шынайы махаббат. Дастанда арамдық пен зұлымдықты, қастандық пен сатқындықты, өсек пен өтірікті әділдік пен адалдық жеңіп шығатындығы жырланды. Хұсрау мен Шырын туралы аңыз Таяу және Орта Шығыс, Закавказье, Орта Азия, Үндістан халықтарының ауыз әдебиетінде кең тараған. “Хұсрау мен Шырын” дастанын Низами салжұқ сұлтаны Тоғрулбектің өтініші бойынша жазған. Халық сүйіспеншілігіне бөленген осы эпик. жырды Алтын Орда ақыны Құтб парсы тілінен түркі тіліне аударды, бірақ бізге жетпеген. Қолжазбаның жалпы көлемі — 240 бет. Әр бетте 21 бәйіт бар. Низамидің “Хұсрау мен Шырыны” 130 тараудан тұрса, Құтбтың аудармасы — 90 тарау. Осыған сәйкес Низамидегі 7000 бәйіт орнына Құтбта 4700 бәйіт болып шыққан. Құтб ақын Низамидің композициясы мен сюжетін сақтай отырып, өз халқының түсінігі мен дәстүріне лайықтап, еркін аударма жасаған. ыстырды. жазба 90 тараудан тұрады.[2]

Наши рекомендации