Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар

1.Баланы мектепке дайындаудың мақсаты.

2.Баланы мектепке дайындаудың міндеттері

3.Баланы мектепке даярлаудың жолдары.

4.Баланы мектепке даярлаудың әдістері

5.Балаларды 6- жастан оқытудың қажеттілігі неде?

6.Баланы мектепке дайындаудың шарттары

7.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының міндеттері

8.Қазақстан Республикасының бастауыш білімінің мемлекеттік стандартының мақсаты

9.Қазақстан Республикасының міндетті мектепалды даярлық тұжырымдамасының мақсаты

10.Қазақстан Республикасының міндетті мектепалды даярлық бағдарламасының мақсаты

11.Қазақстан Республикасының міндетті мектепалды даярлық бағдарламасының міндеттері

12.Баланы мектепке даярлау мәселесі бойынша ғылыми- зерттеу жүргізген ғылымдарды ата?

13.Баланы мектепке педагогикалық дайындаудың жолдары

14.Баланы мектепке арнайы дайындаудың жолдары

15.Баланы мектепке физиологиялық дайындау

16.Баланы мектепке әлеуметтік дайындау

17.Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындау формалары

18.Баланың психикалық дамуының ерекшеліктері

19.Баланы мектепке дайындаудың негізгі формасы

20.Баланың дүниетанымын қалыптастыру жолдары

21.Отбасымен жүргізілетін жұмыстың формалары

22.Балабақша мен отбасы арасындағы сабақтастық

23.Баланы мектепке дайындауда балабақша мен маектептің бірізділігі

24.Чехословякияда баланы мектепке дайындаудың педагогикалық шарттары

25.ТМД елдерінде баланы мектепке дайындау туралы ғалымдардың пікірлері

26.Ауылдық жерлерде баланы мектепке дайындаудың ерекшеліктері

27.Баланы мектепке дайындауда қысқа мерзімді курстардың педагогикалық маңызы

28.Баланы мектепке дайындауда ұзақ мерзімді курстардың педагогикалық маңызы

29.Оқытудың қазіргі технологиялары

30.Сауат ашу жұмысының басты мақсаты

31.Баланы мектепке дайындаудағы білімдік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолдары

Дәрістер тезистері

Дәріс №1 Тақырыбы: Кіріспе ҚР баланы мектепке даярлау тұжырымдамасы мен бағдарламалары. Қазақстан республикасындағы білім беру жүйесі

Баланы мектепке дайындау курсының мақсаты және оның негізгі міндеттері. Баланы мектепке даярлаудың жолдары мен тиімді әдіс – тәсілдері.

Мектепте тәрбиелеу мен білім берудің ерекшеліктері.

Пәннің қысқаша сипаттамасы. Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру мемлекеттік стандартына сәйкес 5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша «Баланы мектепалды даярлау» курсы аталған мамандыққа бакалаврларды даярлауда оқу пәнін таңдап алу компонеттерінің бірі. Курс студенттерді мектепалды даярлау топ балаларымен жұмыс жүргізуге теориялық және тәжірибелік даярлауға бағытталған. Мектепке дейінгі негізгі іс-әрекеті ойын болып келген балаларды білім әлеміне жетелейді.

Қазіргі кездегі мектепалды даярлық топ балалары - өздеріне тән ерекшеліктері бар. 6-7 жастағы балалар және бұл ерекшеліктерді болашақ мамандар білуі қажет.

Пәннің мақсаты:Қазақстан Республикасының халыққа білім беру жүйесі, педагогика ғылымының даму тенденцияларын, балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесінің кәсіби бағыттылығын, мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру жолдарын, оларды тәрбиелеу мен оқыту формасын, құралдарын, мектепке дейінгі ұйымда оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктерін, олардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын, білім беруде педагогикалық технологияларды меңгеріп, болашақ кәсібіне деген көзқарасын қалыптастыру.

Міндеттері:

-студенттердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру;

-мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктерін меңгерту;

-баланы мектепке даярлаудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдай білу;

-теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу қабілетін дамыту.

Баланы мектепке даярлауда халыққа білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы

Балаларды жастан оқытудың қажеттілігі. Мектеп реформасының негізгі бағыттары. Баланы мектепке дайындаудың бағыттары мен шарттары.

Наши рекомендации