IХ. 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары

12 ылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасын іске асыру жолдары мынадай:

- 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік (ұлттық) жалпыға міндетті стандартын әзірлеу;

- білім берудің пәндік стандарттарының тұжырымдамалық-әдістемелік негіздері мен мазмұнын әзірлеу;

- Қазақстан Республикасының “Білім туралы” жаңа заң жобасын және тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;

- Күтілетін нәтижеге жетуді бағалаудың рейтингтік жүйесін әзірлеу;

- Оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

- Ел көлемінде психологиялық қызметті бейіндік оқытудың жаңа нысандарын, құру;

- Мұғалімдерді қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру арқылы нәтижеге бағдарланған оқытуға бейімдеу;

- 12 жылдық оқытуға көшуді қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Осы Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орындаушылар 12 жылдық білім беру проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы, Білім беруді ақпараттандырудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы, “Оқулық” республикалық орталығы, Білім беру жүйесіндегі басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық институты, білім беруді басқару органдары мен оған қарасты ұйымдар болып анықталды.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда «Бейіндік мектеп» құру арқылы бейінді оқыту жүйесін енгізу басым бағыттардың бірі болып қарастырылған. «Бейіндік мектеп» бағдарламасы орта мектептердің жоғары сыныптарында 2015 жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды [2].

Мемлекеттік бағдарламада атап көрсетілгендей, 2014 жылға қарай бейіндік оқытудың «Бейіндік мектеп» бағдарламасы әзірленеді және сынақтан өткізіледі. «Бейіндік мектеп» бағдарламасымен жұмыс істейтін жоғары мектеп (11-12-шы сыныптар) оқушыларды жоғары оқу орындарына дайындайтын болады.

2013 жылғы жалпы орта білімнің мемлекеттік стандарттары жоғары білім стандарттарымен (бакалавриат) ықпалдастырылады. Жоғары білімнің жекелеген пәндері, мысалы, әлеуметтану, өзін-өзі тану, өмір қауіпсіздігінің негізі (ОБЖ), Қазақстан тарихы, мәдениеттану, т.б. пәндер «Бейіндік мектеп» бағдарламасына ауыстырылатын болады.

Бейіндік оқу сабақтары қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және технологиялық бағыттар бойынша жүргізілмек. Бейіндік мектепке оқушылар ұлттық тестілеудің негізінде қабылданатын болады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша бейіндік мектепте 10-шы сынып түлектерінің 60 пайызы оқуларын жалғастырады деп пайымдалуда. Және мұндай мектептердің жартысынан астамы, жатақханалармен қоса, ауылдық жерлерде ашылатын болады. Жоғары оқу орындарының негізінде де бейіндік оқу бағдарламасын жүзеге асыратын мектептер құрылады. Қазіргі таңда базасында бейінді мектепте оқыту және орналастыру мүмкіндігі қарастырылған 40 жоғары оқу орны анықталып отыр. Қазіргі уақытта білім беру жүйесіне қойылатын талаптар оның мүлде жаңа парадигмасын жасауды қажет етеді. Қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып отырған бейіндік саралау, бейіндік оқыту педагогика теориясы мен практикасында әр тұрғыдан зерттелуде.

Бейіндік мектеп – бейіндік оқытуды іске асыратын оқытудың институционалдық формасы болып табылады. Қазақстан Республикасында бейіндік оқыту жалпы білім беретін мектептің 11-12 сыныптарында жүзеге асырылады, сондықтан білім берудің осы сатысын «бейіндік мектеп» деп атауға толық негіз бар.

Бейіндік оқытудың ең басты ерекшеліктерінің бірі – білім, іскерлік, дағдылар қалыптастырудан құзыреттілік тұрғыға көшу. Ал ол үшін бұрыннан қалыптасқан кәсіби білім беру процесін қайта құрып, мамандар даярлауда осы бағытта жұмыс жасауды талап етеді. Яғни мұғалімді бейіндік оқытудың принциптеріне сәйкес педагогикалық процесті ұйымдастыруға қажетті білім беру іс-әрекетінің дара және топтық формаларын кіріктіруге, бастауыш, орта және жоғары кәсіби оқу мекемелерінің, сондай-ақ қосымша білім беру мекемелерінің өзара әрекеті және ынтымақтастығын қамтамасыз ететін ашық білім беру ортасын жобалауға, білім беру мазмұнының баламалылығын қамтамасыз етуге, оқушылардың білім алу іс-әрекетін түрлі деңгейде ұйымдастыруға арнайы даярлау қажеттігі туады.

Бейіндік мектепте жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы шешілмей келе жатқан мәселенің бірі – педагогта өзінің педагогикалық ойлауын жаңартуға, инновациялық іс-әрекет атқаруға мотивациялық дайындығын көтеруге, кәсіби өрлеуге сұраныс тудыратын құралдар табу болып отырғандығы екендігін айтуға болады.

Бейіндік мектеп үшін өзіндік идеялары бар, жаңа оқу бағдарламаларын жасауға және жүргізуге қабілетті, жоғары интеллектуалдық әлеуетке және ғылыми құзырға ие мұғалім қажет. Бейіндік оқыту жағдайында педагог әдістемелік даярлығы қалыптасқан, сабақта оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлі әдістерін меңгерген тұлға болуы тиіс. Ол оқушылармен бірге олардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында ізденістік-зерттеу жұмыстарын үнемі жүргізуі керек. Бейіндік сыныптардағы мұғалім – оқу, ізденістік жұмыстың ұйымдастырушысы, кеңесшісі болып табылады. Бейіндік оқытудың қазақстандық моделі халықаралық тәжірибелердің негізінде әзірленіп отыр. Барлық дамыған елдерде жоғары сыныптағы жалпы білім бейіндік болып табылады және бұл бағдарлама мектептердің соңғы екі оқу жылын қамтиды. Ондай елдердің қатарында Германия, Швеция, АҚШ, Канада, Франция, Италия, Англия, Қытай, Жапония және т.б. елдер бар. Және аталған елдерде бейіндік мектептерде оқитын оқушылардың саны қазіргі таңда 70 пайыздан кем емес. Мысалы, Англияда бейіндік білім 12-13-ші сыныптарды қамтиды және оқушыларды жоғары оқу орындарына дайындайды. АҚШ-та бейіндік оқыту жүйесі орта мектептің соңғы 2-3 жылын қамтиды және үш бағыт бойынша: академиялық, академиялық емес және кәсіптік бағытта білім беріледі. Оның ішінде, бірінші бағыт - жоғары оқу орындарына түсуге, қалған екеуі – колледждерге түсуге мүмкіндік береді. Қазақстанда «Бейіндік мектеп» бағдарламасы 2015 жылдан бастап орта мектептердің, лицей-гимназиялардың, Зияткерлік мектептер мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жоғары сыныптарында жүзеге асырыла бастайды. Қазақстанда бейіндік оқыту жүйесін дамытудың өзектілігі бірқатар факторлармен, соның ішінде 12 жылдық білім беру үлгісіне көшу, мектеп түлектеріне қойылатын нарық талаптары, білім беру деңгейлерінің сабақтастығының қажеттілігі сияқты негіздермен мазмұндалады.

Қазіргі уақытта білім беру жүйесіне қойылатын талаптар оның мүлде жаңа парадигмасын жасауды қажет етеді. Қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып отырған бейіндік саралау, бейіндік оқыту педагогика теориясы мен практикасында әр тұрғыдан зерттелуде.

Бейіндік мектеп – бейіндік оқытуды іске асыратын оқытудың институционалдық формасы болып табылады. Қазақстан Республикасында бейіндік оқыту жалпы білім беретін мектептің 11-12 сыныптарында жүзеге асырылады, сондықтан білім берудің осы сатысын «бейіндік мектеп» деп атауға толық негіз бар.

Бейіндік оқытудың ең басты ерекшеліктерінің бірі – білім, іскерлік, дағдылар қалыптастырудан құзыреттілік тұрғыға көшу. Ал ол үшін бұрыннан қалыптасқан кәсіби білім беру процесін қайта құрып, мамандар даярлауда осы бағытта жұмыс жасауды талап етеді. Яғни мұғалімді бейіндік оқытудың принциптеріне сәйкес педагогикалық процесті ұйымдастыруға қажетті білім беру іс-әрекетінің дара және топтық формаларын кіріктіруге, бастауыш, орта және жоғары кәсіби оқу мекемелерінің, сондай-ақ қосымша білім беру мекемелерінің өзара әрекеті және ынтымақтастығын қамтамасыз ететін ашық білім беру ортасын жобалауға, білім беру мазмұнының баламалылығын қамтамасыз етуге, оқушылардың білім алу іс-әрекетін түрлі деңгейде ұйымдастыруға арнайы даярлау қажеттігі туады.

Бейіндік мектепте жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы шешілмей келе жатқан мәселенің бірі – педагогта өзінің педагогикалық ойлауын жаңартуға, инновациялық іс-әрекет атқаруға мотивациялық дайындығын көтеруге, кәсіби өрлеуге сұраныс тудыратын құралдар табу болып отырғандығы екендігін айтуға болады.

Бейіндік мектеп үшін өзіндік идеялары бар, жаңа оқу бағдарламаларын жасауға және жүргізуге қабілетті, жоғары интеллектуалдық әлеуетке және ғылыми құзырға ие мұғалім қажет. Бейіндік оқыту жағдайында педагог әдістемелік даярлығы қалыптасқан, сабақта оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлі әдістерін меңгерген тұлға болуы тиіс. Ол оқушылармен бірге олардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында ізденістік-зерттеу жұмыстарын үнемі жүргізуі керек. Бейіндік сыныптардағы мұғалім – оқу, ізденістік жұмыстың ұйымдастырушысы, кеңесшісі болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақтанда жалпы орта білім беретін мектепте оқушыларды кәсіпкерлікке оқыту, кәсіптік оқыту педагогтарын оқушыларды кәсіпкерлікке оқытуға кәсіби даярлау мәселелерін шешу бүгінгі күннің өзектілігіне айналып отыр.

Осыған орай 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында Қазақстандық білім жүйесіне бейіндік оқытуды енгізу және бейіндік оқытуды жүзеге асырушы мамандармен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан нақты іс-шаралар белгіленіп ұйымдастырылуда.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы. Астана, 2007ж.

2. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2009.

3. Немова Н.В. Построение современной системы профильного обучения: подходы и идеология. - М.: Энциклопедия. работы в школе. - 2005. – В.4.

Лекция.

Наши рекомендации