Мұғалімнің сабаққа психологиялық талдау жасау барысындағы міндеттері
Мазмұндалғандардың барлығы сабақты психологиялық талдау – көп жақты және көп объектті құбылыс екенін көрсетеді, ол мұғалімге бүкіл оқыту процесін ойша қамтуға және сонымен бірге оның әр жеке сәттерін елестетуге мүмкіндік береді. Сабақты психологиялық талдау пәрменді құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалімнің өзіндік сана сезімі дамып, қалыптасады, онын кәсіби шеберлігі жетіледі. Мұғалімнің жобалаушы-перцептивті, рефлексивті қабілеттеріне сүйеніп және оған сәйкес іскерлікті ұйғара отырып, сабақты психологиялық талдауы оларды дамытады және жетілдіреді. Өз кезегінде, мұғалімнің шеберлігін жетілдіру, рефлексивті механизмдердің қалыптасуы, оның педагогикалык сана сезімі кез-келген оқу пәніне оқытудың тиімділігін үнемі арттырудың негізгі алғышарты және бастауы болып табылады. Сабақты психологиялық талдау сонымен бірге, мұғалімнің өзіне және шәкірттерге қойған тапсырмаларына жауап ретінде бола алады. Келтірілген схема оны біршама толық көрсетеді.
Сабақты психологиялық талдау схемасы
Сабақты психоло- гиялық талдау деңгейі | Мұғалімнің өзіне қатысты міндеттері | Мұғалімнің шәкірттерге қатысты міндеттері |
Шамала-ушы | Сабақтың психологиялық мақсатын қою (үйренуішілердің оқып отырған пәнге танымдық қызығушылықтарын дамыту; олардың ой белсенділігін ынталандыру; ес көлемін дамыту; жоғары моральдық сапалар мен ұстанымдарды қалыптастыру т.б.). | Оқушылардың оқу іс-әрекетінің негізгі түрткілерін есепке алу (танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік) Оқушылардың жас және жеке-психологиялық ерекше-ліктерін есепке алу (ойлау, ес және т.б. танымдық процестер). Сабаққа пәндік әзірлік деңгейін есепке алу Топтағы тұлға аралық қатынастарды есепке алу |
Ағымдық | Оқыту мен педагогикалық қарым-қатынастың қойылған мақсаттарының орындалуын үнемі бақылау, белгілеу (фиксация), түзетулер енгізу Тапсырманы орындаудағы қиналу, іркілу немесе күтпеген жерден оңай жағдайлар туғанда жаңа мақсаттар қою, оқытудың жаңа құрал мен тәсілдерін пайдалану, яғни сабақ барысын қайта құру | Оқушылардың оқу жұмысы-ның жүру барысын есепке алу (олардың сабақтағы қызығушылықтары, ой бел-сенділігі, материалды меңгеру сипаты және т.б.) |
Ретро-спективті | Өзінің педагогикалық іс-әрекетін бағалау (сәттілік, кемшіліктер, олардың себептері, түзетулер енгізу және жетілдіру жолы) | Оқушылардың жалпы білім берудегі, тәрбиелеу мен практикалық тұрғыдағы бел-гілі бір салада алға жылжуы, яғни өзткізілген сабақтың шынайы нәтижесі қандай деген сұраққа жауап |
Тақырыбы: VI Бөлім.Білім беру процесіндегі оқу-педагогикалық еңбектестік және қарым-қатынас.
Жоспары: 10.1.Білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеті.
10.2.Білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеттесуі.
Лекция мәтіні:
10.1.Білім беру процесі субъекттерінің өзара әрекеті.
Өзара әрекеттің жалпы сипаттамасы.Өзара әрекет философиялық, онтогенетикалық базистік категориялардың бірі болып табылады. Бұл түрлі объекттердің бір-бірімен, басқа объекттермен өзара әрекет етуінің әсерінен байланыс, өзара әрекет, өту, даму феномендері. Өзара әрекет – алғашқы, бастапқы, текті категория. «Өзара әрекет – қозғалыстағы материяны қарастырған кезде біздің алдымыздан шығатындардың біріншісі ... өзара әрекет заттардың шынайы causa finalis (аяққы себебі) болып табылдаы. Біз осы өзара әрекетті танудан ілгері бара алмау себебіміз оның артында танып білетін ештеңе жоқ». Кез-келген объект, құбылыс, күй басқалармен байланыста және қатынаста ғана түсініле (таныла) алынады, өйткені дүниедегінің барлығы өзара байланысты және өзара шартталған. Өзара әрекет кем деген де екі объектінің бір-біріне әрекет етуін ұйғарады, сонымен бірге, олардың әрқайсысы басқалармен де өзара әрекетте болатынын білдіреді.
А.Н. Леонтьев диалектикалық-материалистік тұрғыдан өзара әрекет категориясын қарастыра отырып, оның органикалық дүниедегі, тірі материя дүниесіндегі өзгешелігін атап көрсетеді. «Өмір ерекше түрде ұйымдасқан денелердің ерекше өзара әрекеттесу процесі». «Денелер» ұйымдасуы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым осы өзара әрекет те күрделі. Өлі табиғаттағы (жел мен жартастың, су тамшысы мен тастың классикалық мысалдары) немесе тірі және өлі табиғат объекттерінің (адам – тас, металл) өзара әрекеттерінің барлық формаларында бір объектінің әсер етуі келесінің қирауына әкеледі. Әсер етуді сезініп тұрған объект пассивті, зардап шегуші позицияда болады. Ол өзара әрекеттесуге, шарасыз қирай, жоғала отырып, тек өзінің табиғи қарсылық көрсету күшімен ғана қатыса алады (осы жерден арнайы білім – «материалдардың қарсылығы – «сопромат» білімі пайда болған).
Тірі табиғат «денелерінің», әсіресе адамдардың өзара әрекеттесуі жағдайларында үнемі екі жақтың да белсенділігі болады, бірақ оның көріну мөлшері әртүрлі. Бұл белсенділік әрекет агенті тұрғысынан немесе, дәлірек айтсақ, егер іс-әрекет іске асырылса, оның субъекті тұрғысынан инициалды немесе реактивті болуы мүмкін. Әсіресе, субъектілік адамдардың әлеуметтік өзара әрекеті үшін маңызды. Инициалды позициядан белсенділік түрлендіруші немесе сақтаушы болуы мүмкін; ол қайта жасаушы, дамытушы немесе қиратушы болуы мүмкін. Реактивті позициядан, кімге әсер етіліп тұрушының позициясынан, оны қабылдау немесе қабылдамаудың, жауап қайтара әсер етуді ұйымдастырудың, қажетсіз әсер етуге қарсы тұру немесе біріккен әрекетке қатысудың белсенділігі бөлінуі мүмкін.
Бұл жерде бағыттылық, реактивтілік векторы түсініктерін анықтап алу маңызды. Реактивтілік жауапты, шақыртылған белсенділікті білдіреді, яғни реактивтілік әрекетінің өзіне қатысы бойынша оның субъекті әрқашан белсенді. Сонымен қатар, өзара әрекеттесу бастамасы бойынша әрекет агенттерінің бірі оны бастап, ықпалдасады, басқасы – бұл бастамаға өз әрекеттерімен жауап қайтарады. Мұндай ситуация ықпал етуші агентті тек субъектпен, ал оны сезінушіні – объектпен барабар қылудың заңсыздығына негіз болады. Олардың екеуі де өздері іске асыратын әрекеттерде, іс-әрекеттерде белсенді, олардың екеуі де – өзара әрекет субъектілері.