Практиканы ұйымдастыру барысындағы жақтардың құқықтары мен міндеттері

Ндірістік педагогикалық практиканың мазмұны

Практика барысында студенттер мұғалімнің дублері және сынып жетекшісінің көмекшісі ретінде жұмыс атқаруы тиіс.

Өндірістік (педагогикалық) практиканың бірінші 2 аптасы белсенді емес кезең, оқу мекемесімен жалпы танысу: оның құрылымы, оқу-материалдық базасы, оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен формалары, оқушылар ұжымы, бекітілген сыныптың сабағына қатысу және бақылау парақтарын толтыру.

Практикант бекітілген сыныптағы оқушылардың аты-жөндерін есте сақтауы қажет; түрлі құжаттамамен (жоспарлар, журналдар, сабақ кестесі және т.б.) танысуы қажет. Екінші аптаның соңына қарай практикант өзінің сабақ кестесі мен сыныптан тыс шаралардың кестесін құруға міндетті және де сол кестемен практика жетекшілерін таныстыруы тиіс.

Студент-пратиканттың іс-әрекет мазмұнына кіреді:

- мекеменің ресми сайтын зерттеу; оқу мекемесі туралы ақпарат жинақтау; материалдық-техникалық база жағдайы; оқу мекемесінің әкімшілігі; оқу мекемесінің жетістіктері; сынып, оқушылар саны туралы мәлімет, оқу мекемесінде өткізілетін сынақтар туралы ақпарат; оқу мекемесінің тәрбие жұмысының жоспары туралы ақпарат; оқушыларды сабақтан тыс қызметпен қамту туралы мәлімет; жоспарланған тәрбие шаралары туралы ақпарат; сыныптың құрамы; оқушылардың үлгерімі;

- оқу мекемесінің материалдық-техникалық базасын барлық құрал-жабдықтың сипатамасымен, әдістемелік жабдықталуымен зерттеу (суреттер немесе кабинеттің (шеберхананың) жоспары);

- сынып жетекшінің жұмыс жүйесімен танысу (сынып жетекшімен әңгіме, оның жұмыс жоспарымен танысу, тәрбие шараларына қатысу және т.б.);

- оқушының тұлғасын зерттеу және психологиялық-педагогикалық мінездеме құру;

- сынып ұжымын зерттеу және психологиялық-педагогикалық мінездеме құру;

- мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасының стильдік ерекшеліктерінің сипаттамасын (келісім бойынша) құру, мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасының жалпы анализын орындау;

- сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын өткізуге көмектесу (ұжымдық шығармашылық шараларды ұйымдастыру және өткізу; сыныпта және мектепте кезекшілік ету; сынып журналын жүргізу; күнделіктерді тексеру; жеке оқушылар және олардың ата-аналарымен әңгіме және т.б);

- пән бойынша сабақтан тыс тәрбие қызметінің (үйірмелер) тәжірибесін зерттеу;

- сынып жетекшісіне ата-аналар жиналысын дайындау мен өткізуге көмектесу;

- оқушылармен тілектес, құрметтес қарым-қатынасты орнату;

- өзінің педагогикалық қызметіне анализ жасау, жетістіктер мен кемшіліктерді анықтау; ары қарай жетілу үшін нақты міндеттерді қою (қосымша 7);

өндірістік педагогикалық практиканың юелсенді кезеңінде (8 апта) студент тиіс:

1) бекітілген сыныптың сабақатарына қатысу, сабақтың бақылау парақтарын толтыру(қосымша 1);

2) пән мұғалімдері мен курстастарының сабақтарына қатысу мен талдау (аптасына 3 сабақтан кем емес, практика барысында 24 сабақтан кем емес) – сабақтарды талдау парағы (қосымша 5);

3) сабақты дайындап, өткізу (аптасына 2 сабақтан кем емес, практика барысында барлығы 16 сабақтан кем емес); өткізген сабақтарды өзін-өзі талдау парақтарын толтыру (қосымша 6);

4) бір есептік (ашық) сабақ өткізу; сабақтарды өзін-өзі талдау парағын толтыру;

5) өткізілетін сабақтарға дидактикалық материалдар дайындау, (коллекциялар, технологиялық карталар, түйіндеп өңдеу үлгілері, электрондық презентациялар, тестік тапсырмалар, дидактикалық ойындар және т.б.);

6) түрлі формадағы үш тәрбиелік шараларды дайындау және өткізу (сынып сағаты, этикалық әңгіме, диспут және т.б), әрбір шараны өткізу бойынша есеп құрастыру;

7) мектеп оқушысының психологиялық-педагогикалық мінездемесін құру (қосымша 2);

8) сынып ұжымының психологиялық-педагогикалық мінездемесін құру (қосымша 3);

9) мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасының стильдік ерекшеліктерінің сипаттамасын (келісім бойынша) құру, мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасының жалпы анализын орындау; (қосымша 4).

10) Практика бойынша есепті баспа және электронды түрде тапсыру.

Практиканы ұйымдастыру барысындағы жақтардың құқықтары мен міндеттері

Студент-практикант:

құқылы

- жеке бас бостандығын бұзуға әкелетін, практика бағдарламасы, қауіпсіздік ережесі және еңбекті қорғау ережесі қарастырмаған жұмыстардан бас тартуға;

- практика барысында туындайтын мәселелер бойынша кафедрадан практика жетекшісіне, әкімшілікке жүгіну;

міндетті:

- практиканың бағдарламасы қамтитын тапсырмаларды орындауға;

- оқу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға;

- еңбекті қорғау ережелерін, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік

санитарияны сақтауға;

- практика барысында күнделік жүргізуге;

- жоғары оқу орны бекіткен форма бойынша практиканың күнделігін

жүргізу;

- бекітілген форма бойынша практика жетекшісіне жазбаша есеп,

практиканттың есебін көрсетуге;

- практика бойынша есепті комиссия мүшелері алдында қорғау;

- практика бағдарламасын белгіленген мерзімде өтпеген студенттер практикаға шығуға мүмкіндігі болмаған немесе ауырған жағдайда өтеу.

Кафедрадан практикаға жауапты жетекші:

- студенттермен қондырғы және қорыынды конференциясын, техника

қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық жүргізеді;

- практика басталмай тұрып студенттерді сәйкес құжаттармен

қамтамасыз етеді (әдістемелік нұсқау, күнделік, практикаға жолдама, практиканың жұмыс жоспар кестесі), есеп беру формасының талаптарын анықтайды;

- практиканттар қызметі үшін қалыпты жағдайды ұйымдастыру мен

қамтамасыз етуін бақылауды жүзеге асырады, әрбір жаңа жұмыс орнында міндетті техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықты студенттермен өткізуін бақылайды;

- студенттердің практиканы өтуін бақылауын, студент-практиканттардың

практика базасында ішкі еңбек тәртіп ережелерін сақтауды жүзеге асырады;

- практика бағдарламасына сәйкес студенттердің практикасын сапалы

өтуін қамтамасыз ету;

- білім алушыларды практиканы өтуге байланысты барлық мәселелер

бойынша кеңес береді;

- студенттер жеке тапсырмаларды орындау мен материал жинауда оларға әдістемелік көмек көрсетеді;

- практиканың өту барысын бақылауды жүзеге асырады;

- студенттердің есеп беу құжаттамасын, жеке тапсырмаларды орындау күнделігін қарап, оларды бағалайды;

- кафедра меңгерушісі мен институттың практика меңгерушісін практика барысы жайлы хабардар етеді;

- практика есептерін қорғау бойынша комиссия жұмысына қатысады;

- практика қорытындысы бойынша конференцияларды ұйымдастырады;

- студенттердің есебін бағалап, олардың жұмысына пікір береді;

- практиканың өтуі мен оның қорытындылары, оны жетілдіру үшін

ұсыныстар мен ескертулер туралы жазбаша есепті ұсынады.

Педагогика кафедрасының практика жетекшісі:

- студенттердің педагогикалық практикасына жетекшілік етеді,

педагогикалық практика бағдарламасының және сынып жетекшісінің ұйымдастыру және тәрбиелік қызметіне байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді;

- практика басталғанға дейін студенттерді тиісті құжаттармен қамтамасыз етеді: бағдарламалар, әдістемелік нұсқаулықтар;

- есептің талабы мен формасын анықтайды;

- практиканың өткізілу барысында практика бағдарламасы бойынша нақты жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады, студенттерге аталған не басқа жұмыстардың қалай өткізілетінін көрсетеді;

- практикаға шығар алдында ұйымдастыру конференциясына қатысады;

- студент-практиканттардың жұмысын басқарады және қажетті кеңес береді;

- сынып жетекшісінің ұйымдастыру және тәрбие жұмыстарымен танысу барысында, сынып жетекшісінің көмекшісі жұмыстарын орындағанда студенттердің оқу-тәрбие жұмыстарын бақылап, кеңес береді;

- практика бойынша есеп қабылдағанда комиссия жұмысына және тәжірибе қорытындысы бойынша өткізілетін конференцияға атсалысады;

- педагогикалық практиканың күнделігін тексереді;

- студенттердің тәжірибе бойынша есептерін қарайды, олардың жұмыстарына пікір білдіреді, тәжірибенің өткізілуі және қорытындысы бойынша оны жетілдірудегі ұсыныстар мен ескертулерді қоса отырып жазбаша есеп береді.

Мектептегі практика жетекшісі:

Мектеп директоры немесе оқу ісінің меңгерушісі:

- мектептегі практиканы өту үшін қалыпты жағдайлар тудыру;

- студенттерді мектеппен, педагогикалық ұжыммен, мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырумен, мектеп құжаттамасымен таныстырады;

- педагогикалық кеңес отырыстары мен әдістемелік бірлестіктеріне қатысу мүмкіндігін ұсынады;

- кафедрадағы практикаға жауапты жетекшімен бірігіп студенттерді сыныптарға бөледі;

- студенттердің сабақтарына таңдаулы түрде қатысады, оларды талқылауда қатысады;

- студенттердің педагогикалық практикасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге.

Пән мұғалімі:

- өзіне бекітілген студенттерді құжаттамамен таныстырады (күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ жоспары және т.б.), ашық сабақтар өткізіп, оларды талқылауды ұйымдастырады;

- практика жетекшісімен бірігіп студенттер арасында сабақтар тақырыптарын белгілеп, өзара бөледі;

- студенттерді сабақ өткізуге дайындауда кеңес береді, жоспар-баяндамаларын тексеріп, бекітеді;

- студенттердің сабақтарына қатысып, оларды бағалауда қатысады;

- студенттерге және олардың жұмыстарына мінездеме мен баға береді, практика қорытындылары бойынша және мүмкіндіктері бойынша жиналыстар мен конференцияларға қатысады.

Сынып жетекшісі:

- студенттерді сынып құрамымен таныстырады, олардың жеке істерімен, үлгерімі, сабаққа қатысуы, тәртәбә, негізгі тәрбие міндеттері мен жұмыс жоспарымен таныстырады;

- педагогика кафедрасынан практика жетекшісімен бірігіп студенттер арасында сыныптан тыс шараларды белгілеп, бөледі; студентерді шараны өткізуге дайындық барысында кеңес береді, олардың орындауын бақылайды;

- студенттердің жеке тәрбие шараларына қатысып, оларды талқылау мен бағалауда қатысады; студенттерді сыныппен бірге ағымдағы тәрбие жұмысына қатыстырады (кезекшіліктер, үйде оқитын оқушыларға бару, ата-аналармен әңгіме);

- студент-практиканттарға мінездеме береді, олардың тәрбие жұмыстарына бағалайды;

- практиканың нәтижесі бойынша жиналыстарға, қорытынды конференцияларға қатысады.

Наши рекомендации