Дарынды балалардың жобаларына қойылатын талаптар.

1.1 Жалпы нұсқаулар

Оқушы өз қалауына сай тақырьп тандап алған соң, ол ғылыми жетекші ұсынған әдебиеттермен танысады. Әрбір әдебиетпен аддын-ала мүқият танысып, содан кейін өзінің тақырыбы бойынша консультация алады. Пайдаланған әдебиет ББК жүйесі бойынша сарапталып, нәтижесінде картотека жасалады. Жетекшісінің көмегімен жұмыс жослары жасалып, оның көлемі мен зерттеу ауқымы анықталады. Сонымен қатар, егер жұмыс дала жағдайында жүргізілетін болса, онда зерттеудің бағыттары анықталып, оған керекті кұрал-жабдыкгар нақтыланады.

Барлық жүргізілген тәжірибелер, эксперименттер (зерттеулер), бақылауларды ғылыми зерттеу жүргізу күнделігіне дер кезінде, тәжірибе өткізілген күні, уақыты және зерттеу жолдары күнбе-күн жазып отырылуы керек.

Өсімдіктердің биотермиялық көрсеткіштері СИ халықаралық жүйесінің талабына сай орындалуы керек.

Өсімдіктердің даму органдарының құрылысының макро- және микроскопиялық қорытындылары бойынша өсімдіктің даму үрдісі, олардың суреттемесі, өлшемі, фотосурет пен сурет түрінде және кесте мен сызбанұсқа түрінде тұрақты етіп жасалыуы қажет.

Дұрыс жасалған кеппешөптің этикеткасы болуы керек (№ 6 қосымша). Зерттеу барысында кейде сурет тұрінде, кейде нақтыланған (фиксацияланған) материалдар кажет болады. Осының барлығы зерттеудің дұрыстығын дәлелдейтін құжат болып табылады,

Жұмыс барысында қате қорытынды жасамас үшін, барлық жургізілтен бақылаулар мен зерттеулерде қайтадан тағы бір рет терең зерделеп қараған абзал.

Ғылыми жобалардың тақырыбы биологиялық білімнің казіргі кезеңдегі ғылыми деңгейіне сәйкес болуы керек және биологиялық проблемалардың дамуы мен олардың жан-жақты ғылыми ізденістеріне негізделуі керек.

Ғылыми жобаларды орындау барысында жалпы ғылыми мәліметтерді, қазіргі отандық, және шетел әдебиеттерін, жаңа зерттеуге қажет аппаратураларды, дәл өлшеу құралдарын пайдалануға тырысу керек.

Ғылыми жобалардың нәтижесі тақырыбымен және жүргізілген зерттеулердің қорытындысымен анықталады.

1.2 Ғылыми жобаның мазмұнына қойылатын талаптар

КІРІСПЕ (2 беттен аспауы керек). Таңдалған зерттеу тақырыбының маңыздылығын және оның теориялық, практикалық мәнділігін атап көрсетеді.

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУДІҢ АППАРАТЫ. Бұл бөлімде белгілі мақсат, міндетгер, зерттеу объектісі және автордың қодданған әдіс-тәсіддері анықталады.

ЖҰМЫСТЫҢ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ (текстік бөлім).

Практикалық тәжірибенің және зерттеліп отырған проблема бойынша негізгі әдебиеттерді теориялық талдау арқылы анықталады. Бұл бөлімде жүмыстың гипотезасы қалыптасады. Зертеу нөтижесін және олардың талқылау қортындыларын қамтиды. Бөлімнің құрылымы (тараулар) тізімін және олардың мазмұнын орындаушы мен жетекшісі бірігіп анықтайды. Жобаның негізгі мазмұны қойылған мақсат пен мәселелерге сәйкес баяндалады. Жазылатын жоба ғылыми мазмұнды, логикалық жүйелі және бірізді болуы керек. Жоба жазу барысында барлық библиографиялық ережелерді сақтап және жеткілікті ғылыми аппараттарды пайдалану қажет. Жобаның мәтіні бір бағытты, анық және әдеби тілмен жазылуы керек.

Биологиядан жазылатын ғылыми жобалар егер қажет болса, зерттеуге арналған өсімдік кеппешөптер мен толықтырылады. Сондай-ақ жұмыс тақырыбымен тығыз байланысты қажетті көрнекі кұралдармен қамтылады.

ПРАКТИКАЛЫҚ НҰСКАУЛАР. Зерттеудің нәтижесін пайдалану шеңбері жоба жазу барысында анықталып көрсетіледі.

ҚОРЫТЫНДЫ (бір басылым беттен аспауы керек). Бұл бөлім жұмысқа қойылған мақсаттарға сәйкес анық және логикаға сай тұжырымдалған нәтижелерін қамтиды және өз нәтижелерін және бұрынғы зерттеу қорытындыларын анық айқындалуы қажет. Автордың өз тарапынан атқарған жұмыстарын ерекше атап көрсету керек.

ӘДЕБИЕТ. Ғылыми жоба жазу кезінде пайдаланған әдебиеттер ББК жүйесі бойынша стандартты формата сәйкес берілуі қажет. Әдебиетті жазу үлгісі № 7 қосымшада берілген.

ҚОСЫМША БӨЛІМ. Ғылыми жобада пайдаланылған кестелер, графиктер, карталар, диаграммалар, сызба нұсқалар, суреттер, кеппешөптер және басқа материалдармен қамтылуы керек.

1.3 Ғылыми жобаның безендіріліуіне қойылатын талаптар

Тақырыптың түрлілігіне байланысты жобаны жазу әр орындаушының еркі болғанымен жалпы талаптарды білуі қажет. Ғылыми жобаның ерекшелігіне байланысты жоғарғы көрсетілген бөлек бөлімдердің болуы мүмкін, әйтсе де барлық бөлімдердің болғаны абзал.

Жобаның жалпы көлемі қосымша бөлімді қосқанда 20 компьютермен немесе машинкамен басылған беттен көп болмауы қажет.

Ғылыми жобалар ГОСТ 73-77, ГОСТ 74-77, ГОСТ 71-76-ға сөйкес болуы керек. Окушылардың ғылыми жобалары келесі жүйеде орналасуы қажет:

- титул беті (№ 8 қосымша);

- мазмұны (беттерін көрсетіп, рет санын қою қажет);

- кіріспе;

- жұмыстың зерттеу бөлімі (текстік бөлім) 1, 2, 3... тарауға бөлінген және 1.1, 1.2, 1.3 т.б. бөлшектері (параграфтарын) көрсетілгені жөн;

- әдебиет (№ 7 қосымша);

- қосымша.

Ғылыми жоба қағаздың көлемі А-4 (297мм. х 203 мм.) бір бетінде ғана жазылады. Қағаздың сол жағынан – 30 мм., жоғарғы жағынан – 20 мм., оң жағынан – 10 мм., астыңғы жағынан – 25 мм., орын бос қалуы керек. Барлық беттердің рет саны қойылады, тек титул бетінде №1 деген цифр қойылмайды. Ғылыми жобаны қорғау үшін авторға немесе біріккен авторларға (ол кезде бәріне) 10-15 мин. Беріледі.

Баяндамада мынадай мәселелерді қарастырған жөн:

- жұмыстың мақсатын;

- тақырыптың маңыздылығын;

- қойылған мақсатқа жету әдістері;

- жұмыстың негізгі қорытындысы.

Баяндаманы бағалау критерийлері (белгілері):

- тақырыптың маңыздылығы;

- материалдың жаңашылдығы;

- жұмыстың ғылыми және тәжірибелік құндылығы;

- автордың (авторлардың) жеке үлесі;

- шешендік шеберліктері;

- көрнекілік және оның сапасы;

- тақырыптың ашылуы және қойылған мақсатына сай болуы;

- жұмыстың көркемделуі.

Әр жұмыста жетекшінің пікірі болуы керек.

Толық мәліметгер «Окушылардың ғылыми қоғамдарын ұйымдастыру және мектептік, облыстық ғылыми жоба жарыстарын өткізуге арналған әдістемелік нүсқаулар» деген «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының жұмысында жазылған.

Мысалы, тақырыбы: «Шипалы өсімдіктер».

Әр түрлі халықтың халықтық медицинасы, халық даналығы нәрінің жинақталуы мен адамзаттың ғасырлар бойғы эмпириялық тәжірибесі – фитотерапияның шексіз қазынасы болып табылады.

Тағамдық өсімдіктердің шипалық сырына анағұрлым терең үңілу, олардың химиялық құрамын ғылымның бүгінгі жетістіктері деңгейінде анықтап беру, олардың профилактикалық дәрі (олардың көбі – аса мәнді витаминдер), емдік профилактика (диетикалық қасиеттері негізінде) ретінде, әр түрлі ауруларға ем ретінде сондай-ақ ерекше емдеу арқылы терапиялық әсерін күшейту үшін пайдалануға жол ашады.

Өсімдіктермен жұғымды там ақтанудың негізі – олардың әртүрлілігіне, нәрлі құндылығына және сіңімділігіне байланысты. Осы жөнінде көне Шығыстың энциклопедиялы – ғылымы Әбу Әли Ибн Си на (Авицена) атақты медициналық ойлардың ескерткіші – «Дәрігерлік ғылымның қағидасына» былай деп жазды: «Организмді нығайту және жақсарту үшін тағамдық өсімдіктердің әртүрлісі қажет болады».

Қазақстанның ауа райы мен топырақ жағдайларының әртүрлілігі сан алуан тағамдық дақылдарды барынша егу, игеру мүмкіндігіне жол ашады. Мұның өзі кәдімгі жүйекшені табиғат дәріханасына айналдыруға мүмкіндік туғызады.

Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады, өйткені олардың көпшілігі ләззат алу мүмкіншілігімен ғана (бұлардың шипалы күші де осында) шектелмейді, бойындағы физиологиялық сергек заттардың арқасында (меруертгүл, шегіргүл, гүлшетен) олар денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай-ақ біздің бау – бақшаларымызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады, өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы, «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы, мәселен, бақ-бақ атам заманнан «өмірдің нәрі» аталған, немесе, қалақай витаминдер қоймасы саналады.

Өсімдіктер негізгі топтар бойынша, ол әрқайсысын жеке алсақ «өніп - өсу» командасы бойынша яғни ерте көктемде олардың жүйекшелерде алғашқы бой көтерген көзінен, орналастырылған.

Дәрумендер әлемі

Тағамдық өсімдіктердің (көкніс, жидек, жеміс, татымды өсімдіктер) шипалы құрамы аса мол. Олардың емдік қазынасында сан алуан физиологиялық сергек компоненттер көп. Организмде дұрыс зат алмасуын үзбей қолдап отыруға қажетті витаминдер, минералды тұздар мен микроэлементтер, тіршілікке зиянды заттарды организмнен шығаруға әсер ететін пектиндер, ауру тудыратын көптеген микроорганизмдерді жойып жібере алатын фитоциттер және тағы басқалар.

Заттардың осы шипалы қосындысында өсімдік витаминдері – тамақтың өте – мөте бағалы факторлары басты орын алады. Көптеген витаминдердің жоғары биологиялық әсерлігі мынада: олар белоктық, көміртегіндік және басқа да метаболикалық процестері катализдейтін фермент жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады.

Майда еритін витаминдердің – А, Д, Е суда еритін витаминдерден – С және В тобынан айырмасы бар; ал витамин К суда да, майда да ериді.

Витаминдерді қолдану әдісі тегінде витамин профилактикасына байланысты жасалынады. Айталық, тағамда витаминдердің жетіспеуі организмнің жұқпалы ауруларға, әртүрлі авитаминоздарға және басқа да ауруларға қарсылық көрсетуінің әлсіреуіне әкеліп соқтырады.

С витамині (аскорбин қышқылы) өсімдіктерде өте көп кездеседі, ол өсімдіктің көп бөлігінде жинақталып, құралатындардың қатарына жатады. С витаминініне мыналар бай: тағамдық көктің барлық түрлері – көк пияз, аскөк, ақжелкен, балдыркөк, салат, саумалдық, қымыздық; жидек пен жеміс дақылдары – итмұрын, шырғанақ, қара қарақат, бүлдірген, қарлыған, алма және грек жаңғағының жапырақтары; көкөніс өсімдіктерінен – көкөніс қызыл бұрышы мен қабықты бұрыш; сирек кездесетін жер асты жемістері – желкен, шамыр; ал жабайы өсімдіктердің ішінен қалақайды, семенді атауға болады, бұларда да С витамині көп. С витамині төмен температурада басқа витаминдерге қарағанда анағұрлым шапшаң қалыптасады, ал құрғақшылық жағдайда аскорбин қышқылының құрамы азаяды. Бұрышқа өсіп келе жатқан кезде жиі – жиі су құйса, онда С витаминінің көбірек жинақталатыны байқалады.

С витамині такньдердің тыныс алу процесіне, қан тамырларының қоректенуіне қатысады, белок пен майдың сіңуін жақсартады.

Р витамині (Permeare) деген латын сөзінен алынған тек қана өсімдіктерден табылған. Р витамині С витаминімен қосылғанда жақсы әсер етеді, оның бойға сіңімділігін арттырады, оны қышқылдандырудан алдын-ала сақтандырады деген де ұғым бар Р және С витаминдері зат алмасуының көптеген процестеріне қатысады да әдетте сонда бас қосады. Сондықтан Р витаминдері аскорбин қышқылына бай өсімдіктерде (итмұрын, қара қарақат, қарлыған, бұрыш, капуста, көп қабатты пияз, кресс - салат, фенкель) көп болады.

В – тобының витаминдері. Бұл әртүрлі қоспалар, бұлардың әрқайсысы өзіндік қасиеттері бар, ерекше витаминдер.

В1 – витамині (тиамин) көптеген өсімдіктерде, дәндерде (атап айтқанда, бұршақ тұқымдарының ішінде көк ұсақ бұршақта), көкөніс дақылдарында (картоп пен сәбізде), татымды өсімдіктерде (пияздың кейбір түрлерінде – батунда, порейде, көп қабатты пиязда), бұрышта, балдыркөкте, салатта, аскөкте, фенкельде кездеседі. В1 витамині нерв жүйесінің қызметінде үлкен роль атқарады, жүрек бұлшық еттері мен ішек – қарын жолдарының дұрыс жұмыс істеуі өте қажет. Тәуліктік қажеттілігі 1-3 мг.

В2 витамині (рибофлавен) көкөніс өсімдіктерінде (сәбіз, жуа креос – салат, ақ желкен), фасоль мен жасымықта, жүгері дәнінде, сондай-ақ жеміс дақылдарында – алхорыда, шиеде, өрікте, итмұрында болады. Тәуліктік қажеттілігі 2-3 мг.

В6 витамині (придоксин) көкөніс өсімдіктері ішінен картопта, жүгері дәнінде, алхоры, қарақат, шырғанақ жемістерде алмада болады.

В9 витамині немесе фалий қышқылы (антианемиялық фактор) – Бұл витамин бірінші рет шпинат жапырақтарынан алынды (аты латтынның folint) – жапырақ деген сөзінен шыққан. Тәуліктік қажеттігі – 1 мг.

В12 витамині (кобаламин) молекулінде кобальт бар. Қан түзу мүшелеріне әсер етеді, бір қатар тері ауруларына, сәуле ауруларына пайдалы.

РР витамині (ниацин) пеллоградан сақтандырады және оны емдейді. Тәуліктік қажеттілігі 5 мг.

А витамині. Өсімдіктерде провитамин – ол құралатын заттар (каротин пегменттері мен каротиноидтар) ғана кездеседі, олар ферменттердің әсерімен А витаминіне айналады. Сәбіз шпинат, асқабақ, жүгері дәні, ақжелкен, итмұрынның, шырғанақтың, өріктің жемістері, сондай-ақ бақ-бақ, шашыратқыш, қалақай, тырнақшагүл гүлдері каротинге өте бай.

Бұл витаминнің жетіспеуінен көз ауруы пайда болады, көздің мөлдір қабығы құрғақтанады, бауырдың қызметі, холестерин алмасуы бұзылады, жұқпалы ауруларға қарсылық кемиді. Тәуліктік нормасы – 4-5 мг.

Е витамині (токоферол) тағамдық өсімдіктерде мол таралған, бақша дақылдары ішінен салатта, сәбізде, капустада, көк пиязда, бұршақтарда, картопта, жүгеріде, шырғанақтың, итмұрынның, өріктің жемістерінде, ал жабайы өсімдіктердің ішінен – қалақайда, жолжелкенде көп болады. Ол жетіспеген күнде минералдың, белоктың, майдың, көміртегінің алмасуы бұзылады, сондай-ақ бактериялық, вирустік инфекцияларға төзімділік кемиді. Тәуліктік физиологиялық қажеттілігі 20-30 мг.

К витамині (К – коагуляция деген сөздің алғашқы әрпі) қанды ұйытуға себепші болады, мұның өзі қансыраған кезде, кесілген жарақат кезінде үлкен маңызы бар. Организмде К витаминінің болмауынан болар – болмас жарақаттың өзі ұзақ уақыт бойы қанайды.

Эфир майы – ұшпа заттар. Химиялық құрамы жағынан бұл әртүрлі қосындылардың күрделі қоспасы. Эфир майы (әсіресе қуаң жағдайда), жапырақтарға (шалфей, жалбыз, тасиоп) жиылады да оларды қызып кетуден сақтайды; ол жемістерде (зире, кориандр, фенхель, янис), кейде жер астындағы мөлшерлерде (желкек) кездеседі.

Эфир майы бар өсімдіктер талай заманнан бері емдеу практикасында қолданылады. Мәселен, эфир майлары былжыр қабыққа әсер ететіндіктен, оларды инголяция ретінде мұрын, тамақ ауруларына пайдаланады.

Фитонцидтер – микроорганизмдерді құртуға ықпал ететін қорғаныш химиялық заттар. Олар химиялық құрамы жағынан әртүрлі. Фитонцидтік қызметі бар өсімдіктер бұрынғы атам заманнан бері халықтық медициналықта кең қолданып келеді. Қазіргі көптеген ауруларды: грипп, жоғары тыныс жолдарының қатарын, тіс еттері мен тіс ауруларын, терінің іріңді ауруларын емдеуге, профилактика жасауға (ол фитонцидтерапия деп аталады) табысты қолданылып жүр, оның үстіне олар ішек – қарынның қозғалыс, секрециялық қызметін күшейтеді, ішектегі шіру мен іру процестерін жойып, ішекті жақсартуға себепші болады. Фотонцидтердің емдік күші бірқатар жүрек, нерв жүйесінің ауруларын емдеген кезде айқын білінеді. Мәселен, сарымсақ пен пияздың фитонцидтік дәрі – дәрмектері гипертония ауруы мен атеросклерозды емдеуге қолданылады.

Белоктар, майлар, көміртегі – таға рационының маңызды компоненттері. Белоктар және ішінара майлар әсем, нәзік заттарға жатады, яғни организмде ескіні ауыстырып, жаңаны жасауға қолданылады. Белоктық заттардың алмасу өніміне аминқышқылдары, амидтер, аминдер жатады.

Белок қосындылары ішінде ферменттер – тіршіліктің маңызды катализаторлары аса маңызды роль атқарады. Көміртегі – организмде энергияның қайнар көзі, әртүрлі қанттар түрінде сақталады.

Минералдық заттар - өсімдіктерпде болады, олар әр алуан реттеуші қызмет істеп, фармакологиялық келелі роль атқарады. Ферменттердің құрамына кіретін витаминдердің, гармондардың микроэлементтер негізінде зат алмасуға, клетка ішіндегі, ткань тынысына, қанның жасалуына, бойдың өсуіне әсер етуімен байқалады.

Шөл және шөлейт

Қазақстанның шөлейт жерлері дала мен шөл зоналары аралығын орналасып, Жайық жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км-ге созылған. Ол Республиканың барлық территориясының 14%-ін алып өтеді. Зонаның оңтүстік шекарасы 48о с.е. бойымен өтеді. Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын-шашын аз, жылдық жауын – шашынның мөлшері 180 мм-ден 300 мм аралығында. Көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын – шашын мол түседі, қысқы жауын – шашын өте аз.

Мұның тамыры ұзын болады, ал құмды бекітеді. Бекіген құмдарда көктемде селеу, өлең шөп, құмның жабайы сұлысы, қоңырбас, құм түймедағы, құмаршық жақсы өседі.

Құмды шөлдерде шөпті өсімдіктерден басқа жүзген, құм қарағаны, тіркескен сияқты бұталарда өседі. Бұл бұталар онша биік болмайды және жапырақтары да аз.

Шөлдерде ағаш тектес өсімдіктерден ақ және қара сексеуіл өседі. Ақ сексеуіл құмды жерде, қара сексеуіл сортаң топырақты жерде өседі.

Сексеуіл. Бұдан екі ғасыр бұрын Европа халықтарының арасында Орта Азия шөлдерінде «Оңтүстік қарағайы» өседі екен деген мақал тарап кетті. Бұл аңыз сияқты болып көрінді. Бұған сенгенде де, сенбегендер де болды. Шындығында бұл әлемнің шығуына себеп болған қазақ жеріне 1700 жылдары саяхат жасаған И.Фольк деген адам еді. Ол жергілікті халықтан шөлде, көктемде емес күзде гүлдейтін, қылқандары түгелдей түсіп қыста бал қарағай сияқты жалаңаштанып қалатын ағаш туралы естиді.

Кейін келе анықтағанда бұл Қазақстанның шөл жерінде өсетін – секскуіл болып шықты. Алғашқы кезде оның құпия сыры көп болды. Тіпті қазіргі кезге дейін сексеуіл тоғайына көлеңкелеуге болмайды деген пікір болып келді. Сырттай сексеуіл күн сәулесінен қорғай алмайтын барлық тіршілік иелері, жануарлар ыстық кезде сексеуілдің астынан сая табады екен.

Сексеуілдің жылдар бойы жасырын болып келген тағы бір сыры мынадай. Көп уақытта жуандығы кәрі теректің жуандығындай жарты метрге жететін мығым діңіне, сынып жерде шашылып жатқан қоңыр – қисық бұтақтарына қарап сексеуілді өте көп жасайды деген қате түс інік болып келеді. Ал бұрынғы саяхатшылар сексеуілдің жылдық шеңберін санағанда ол төрт жүзге дейін жеткен. Енді сексеуілдің осынша жыл жасайтынына талас жоқ сияқты.

Ші дәріс

Наши рекомендации