Курсты бағалау критериі
Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Педагогика институты
Мектепке дейін және арнаулы білім» кафедрасы
СИЛЛАБУС
Арнаулы түзету мектебінде зияты зақымдалған балаларға «Отантану» пәнін оқытудың әдістемесі оқу пәні
(3 кредит )
Мамандық 5В010500 - Дефектология
Курс
Оқытушы Оразова Ж.О.
Оқу жылы
Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Syllabus
Пән Арнаулы түзету мектебінде зияты зақымдалған балаларға «Отантану» пәнін оқытудың әдістемесі (3 кредит )
Сабақ өткізу уақыты мен орыны | ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны | Оқытушының аты-жөні | Байланыс тел, email |
Дүйсенбі 10.30 Бейсенбі 08.30 09.30 Сенбі 08.30 | Сәрсенбі 15.00 | Оразова Ж.О. |
ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ:
Арнаулы түзету мектебінің алдына қазіргі қоғам қойып отырған кҥрделі міндеттерді сәтті шешу мұғалімге, оның мамандық шеберлігіне, білімділігіне, ой шеңбері мен мәдениетіне байланысты. Себебі зияты зақымдалған балаларға «Отантану» пәнін оқытудың териясы мен технологиясын үйретудің маңызы зор.
ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ:
Пәннің мақсаты: студенттер-дефектологтарға Қазақстан тарихы пәнінің жалпы мазмұнын ашу мен оқыту әдістерін анықтау, арнайы түзету мектебінде берілетін курстың теориясы мен практикасын айқындау.
Пәннің міндеттері:
- арнаулы түзету мектебінде Қазақстан тарихы пәнін оқытудың білімгерлік, тәрбиелік, дамытушылық, түзетушілік мақсаттарын анықтау;
- түзету-педагогикалық үрдісті ұйымдастыру, Қазақстан тарихы пәнін оқытудың тиімді әдістерін таныстыру.
ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:
Білуге тиіс:
- зиятында ауытқуы бар балалардың мінездемесі, олардың даму ерекшеліктерін біледі.
Істей білу:
- зияты зақымдалған балаларға «Отантану» пәнін оқытудың арнайы әдістемесі пәнін үйретудің міндеттерін;
- зияты зақымдалған балаларға «Отантану» пәнін оқытудың арнайы әдістемесін;
- зияты зақымдалған балаларға «Отантану» пәнін оқыту барысында қолданатын дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді, оқыту әдістерін.
Дағдысының болуы:
- зияты зақымдалған балаларға «Отантану» пәнінен сабақ жоспарын дайындауды.
КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: Педагогика, Арнайы педагогика
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:
Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, мәнжазба және т.с.с.
Аралық бақылау (бақылау жұмысы):бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық тапсырмаларды қамтиды.
Жеке өзіндік жұмыс:курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.
Үй тапсырмасы:үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.
Коллоквиум:өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.
Мәнжазба:нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
Аралық бақылау тесттері:өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер.
Қорытынды емтихан:қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.
Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:
№ р/с | Модульдің атауы | Лекция (сағ) | Практикалық сабақ (сағ) | Лаборат. сабақ (сағ) | СӨЖ (сағ) |
Арнаулы түзету мектебінде зияты зақымдалған балаларға «Отантану» пәнін оқытудың негіздері | - | ||||
«Отантану» пәнін оқытуды ұйымдастыру жолдары | - | ||||
2 кр. (30 сағ.) | 1 кр. (15 сағ.) | 2 кр. (90 сағ.) |
Лекция тақырыптары:
Апта | Модуль | сағаты |
Модуль 1 Арнаулы түзету мектебінде зияты зақымдалған балаларға «Отантану» пәнін оқытудың негіздері | ||
Зияты зақымдалған балаларға «Отантану» пәнін оқытудың арнайы әдістемесі пәнін үйретудің міндеттері | ||
Зияты зақымдалған балаларға арналған «Отантану» пәнінің мазмұны | ||
Тарихты оқытудың әдістері және әдістемелік тәсілдері | ||
Тарихты оқытудың құралдары | ||
Модуль 2 «Отантану» пәнін оқытуды ұйымдастыру жолдары | ||
Тарих сабағы және оқытудың формалары | ||
Тарих сабағына қойылатын талаптар | ||
Тарих пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстар | ||
12-13 | Тарихты оқытудағы жаңа технологиялар | |
Тарихты оқыту үрдісінде оқушылардың білімін, іскерлігін тексеру және бағалау жүйесі | ||
Тарих кабинеті |
Практика сабақтарының тақырыптары
Апта | Практика сабақтарының тақырыптары | сағаты |
Модуль 1 Арнаулы түзету мектебінде зияты зақымдалған балаларға «Отантану» пәнін оқытудың негіздері | ||
5-6 | Зияты зақымдалған балаларға «Отантану» пәнін оқытудың арнайы әдістемесі пәнін үйретудің міндеттері | |
7-8 | Зияты зақымдалған балаларға арналған «Отантану» пәнінің мазмұны | |
9-10 | Тарихты оқытудың әдістері және әдістемелік тәсілдері | |
Тарихты оқытудың құралдары | ||
Модуль 2 «Отантану» пәнін оқытуды ұйымдастыру жолдары | ||
11-12 | Тарих сабағы және оқытудың формалары | |
12-13 | Тарих пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстар | |
Тарихты оқыту үрдісінде оқушылардың білімін, іскерлігін тексеру және бағалау жүйесі | ||
Тарих сабағынан сабақ жоспары |
СӨЖ тапсырмалары
1.Арнайы түзету мектебінде тарихты оқытудың арнайы әдістемесінің пәні, мақсаты, міндеттері
2.Қазақстан тарихы пәнін оқыту әдістемесінің мазмұны
3.Арнайы түзету мектебінде тарих материалын оқытудың әдістері
4. Арнайы түзету мектебіндегі көрнекіліктерге қойылатын талаптар
5. Арнайы түзету мектебінде дәстүрлі емес сабақтар
6. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны
7. Тарихты оқытудағы жаңа технологиялар
8. Критериалды бағалау жүйесі
9. Тарих кабинетінің мүмкіншіліктері
10. Арнайы түзету мектебінде Қазақстан тарихы сабағы
Тест тапсырмалары
1.Арнайы түзету мектебінде Қазақстан тарихы бағғдарламасының авторы:
A) Намазбаева Ж.И B) Аужанова Г.А. C) Сулейменова Р.А.
D) Лапшин В.А. E) Капустин А.И
2.Арнайы түзету мектепте тарих пропедевтикасының мәселесін зерттеген ғалым:
А) Намазбаева Ж.И B) Аужанова Г.А. C) Сулейменова Р.А.
D) Лапшин В.А. E) Капустин А.И.
3.Арнайы түзету мектебінде Қазақстан тарихы пәнін оқу
A) 7 сыныптан басталады B) 8 сыныптан басталады
C) 6 сыныптан басталады D) 5 сыныптан басталады E) 4 сыныптан басталады
4.Қазақстан тарихының пропедевтикалық курсы
A) 7 сыныптан басталады B) 8 сыныптан басталады C) 6 сыныптан басталады D) 5 сыныптан басталады E) 4 сыныптан басталады
5.Тарихты оқытудың арнайы принциптері
A) Хронологизм B) Историзм C) Хронологизм және историзм.
D) Шоғырландыру E) Тізбектілік
6.Тарих оқулығының мәтіннен тыс компонеттерінің құрамы
A) Сұрақтар мен тапсырмалар B) Иллюстрациялар
C) Меңгеруді ұйымдастыру аппараты D) Бағдарлау аппараты
E) Меңгеруді ұйымдастыру мен бағдарлау аппараты
7.Өткен кезеңнің деректері, тарихи кеңістік, тарихи уақыт–
A) Тарихи білімдер құрылымы B) Тарихи білімдер C) Тарихи ұғымдар
D) Тарихи елестеулер E) Тарихи білімнің мазмұны
8.Жеке-тарихи, жалпытарихи, әлеуметтік -
A) Тарихи білімдер құрылымы B) Тарихи білімдер C) Тарихи ұғымдар
D) Тарихи елестеулер E) Тарихи білімнің мазмұны
9.Тарихи кеңістік туралы елестеулер–
A) Тарихи оқиғалардың нақты орны мен тарихи құбылыстардың локализациясы
B) Тарихи оқиғалардың уақыт пен тарихи құбылыстардың тізбектілігі
C) Белгілі бір елдердің тарихи деректері
D) Бір қоғамдық-экономикалық формацияға тән тарихи деректер мен оқиғалар
E) Бірнеше формацияға тән жалпы байланыстар мен тарихи процесстердің заңдылықтары
10.Тарихи уақыт елестеулері–
A) Тарихи оқиғалардың нақты орны мен тарихи құбылыстардың локализациясы
B) Тарихи оқиғалардың уақыт пен тарихи құбылыстардың тізбектілігі
C) Белгілі бір елдердің тарихи деректері
D) Бір қоғамдық-экономикалық формацияға тән тарихи деректер мен оқиғалар
E) Бірнеше формацияға тән жалпы байланыстар мен тарихи процесстердің заңдылықтары
11.Жеке-тарихи ұғымдардың сипаты
A) Тарихи оқиғалардың нақты орны мен тарихи құбылыстардың локализациясы
B) Тарихи оқиғалардың уақыт пен тарихи құбылыстардың тізбектілігі
C) Белгілі бір елдердің тарихи деректері
D) Бір қоғамдық-экономикалық формацияға тән тарихи деректер мен оқиғалар
E) Бірнеше формацияға тән жалпы байланыстар мен тарихи процесстердің заңдылықтары
12.Жалпытарихи түсініктердің мәні
A) Тарихи оқиғалардың нақты орны мен тарихи құбылыстардың локализациясы
B) Тарихи оқиғалардың уақыт пен тарихи құбылыстардың тізбектілігі
C) Белгілі бір елдердің тарихи деректері
D) Бір қоғамдық-экономикалық формацияға тән тарихи деректер мен оқиғалар
E) Бірнеше формацияға тән жалпы байланыстар мен тарихи процесстердің заңдылықтары
13. Әлеуметтік түсініктердің мәні
A) Тарихи оқиғалардың нақты орны мен тарихи құбылыстардың локализациясы
B) Тарихи оқиғалардың уақыт пен тарихи құбылыстардың тізбектілігі
C) Белгілі бір елдердің тарихи деректері
D) Бір қоғамдық-экономикалық формацияға тән тарихи деректер мен оқиғалар
E) Бірнеше формацияға тән жалпы байланыстар мен тарихи процесстердің заңдылықтары
14. Оқу әдістерінің классификациясы………- сөздік, көрнекілік, практикалық
A) Білімдер қайнар көзі бойынша B) Оқушылардың танымдық әрекеті бойынша
C) Дидактикалық мақсаттары бойынша D) Сәйкес әрекеттер бойынша
E) Оқу процесінің сатылары бойынша
15. Сабақтар түрлері……..- жаңа материалды баяндау сабағы, қайталау-жалпылау сабағы, білімдерді тексеру және бағалау сабағы, күрделі сабақ
A) Білімдер қайнар көзі бойынша B) Оқушылардың танымдық әрекеті бойынша
C) Дидактикалық мақсаттары бойынша D) Сәйкес әрекеттер бойынша
E) Оқу процесінің сатылары бойынша
16. Баяндау, сипаттау, мінездеме –
A) Ауызша баяндаудың түрлері B) Көрнекілік құралдар түрлері
С) Тәжірибелік әрекеттер түрлері D) Тарихи құжаттар түрлері
E) Тарихи экскурсиялар түрлері
17. Иллюстративті-тәжірибелік, заттық-тәжірибелік, өздік тәжірибелік әрекеттер –
A) Ауызша баяндаудың түрлері B) Көрнекілік құралдар түрлері
C) Тәжірибелік әрекеттер түрлері D) Тарихи құжаттар түрлері
E) Тарихи экскурсиялар түрлері
18. Заттық, суреттеу, шартты-графикалық–
A) Ауызша баяндаудың түрлері B) Көрнекілік құралдар түрлері
C) Тәжірибелік әрекеттер түрлері D) Тарихи құжаттар түрлері
E) Тарихи экскурсиялар түрлері
19. Әдебиет сипаттағы қайнар көздері, актілі сипаттағы қайнар көздері, көркем әдебиет қайнар көздері–
A) Ауызша баяндаудың түрлері B) Көрнекілік құралдар түрлері
C) Тәжірибелік әрекеттер түрлері D) Тарихи құжаттар түрлері
E) Тарихи экскурсиялар түрлері
20. Өлкетану-тарихи, мұражайлы, кешенді –
A) Ауызша баяндаудың түрлері B) Көрнекілік құралдар түрлері
C) Тәжірибелік әрекеттер түрлері D) Тарихи құжаттар түрлері
E) Тарихи экскурсиялар түрлері
Тақырыптар (мәнжазба, презентация,эссе, курстық жұмыстар, (жобалар), т.с.с)
1.Арнайы мектепте тарихты оқытудың әдістері (презентация)
2. Тарих сабағы және оқытудың формалары (презентация)
3. Тарихты оқытудағы жаңа технологиялар (мәнжазба)
Коллоквиум сұрақтарының тізімі:
1.Тарихты оқыту әдістемесі ғылыми пән ретінде
2. Зияты зақымдалған балаларға «Отантану» пәнін оқытудың арнайы әдістемесі пәнін үйретудің мақсат-міндеттері.
3.Арнайы түзету мектебінде тарихты оқытудың пропедевтикасы
4. Зияты зақымдалған балаларға арналған «Отантану» пәнінің мазмұны
5.Тарихты оқыту үрдісінде қалыптасатын іскерліктері мен дағдыларының сипаты
6.Тарихты оқыту барысында оқу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік тәсілдері
7. Тарихты оқыту әдістері туралы ұғым. Оқытудың «әдісі» мен «тәсілдер» ұғымдарының қатынастылығы
8.Тарихты оқыту үрдісіндегі әдістер мен тәсілдердің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық ролі
9. Тарихты оқыту әдістерінің жіктелуі
10. Тарихты оқытудың басты құралы – оқулық
11. Жалпы оқыту құралдары
12. Оқытудағы техникалық құралдар
13. Оқытудың негізгі түpi - сынып-сабақ
14. Оқыту формалары
15. Пәнаралық, пәнішілік байланыс
16.Тарих сабағына қойылатын талаптар
17.Мұғалімнің сабақ мақсатын анықтау жолдары
18.Конспект және сабақ жоспары
19.Тарихтан сабақтан тыс жұмыстар туралы түсінік және олардың жалпы сипаттамасы
20. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі ерекшеліктері
21. Тарихты оқытудағы инновациялар
22. Оқыту технологияларының сипаттамасы және ерекшелігі
23. Тарихты оқыту үрдісінде оқушылардың білімін, іскерлігін тексеру және бағалау жүйесінің қызметі
24. Білімді тексеру талаптары
25.Тарих кабинетінің жабдықталуы
Емтихан бағдарламасы:
№ | Сұрақтар тізімі |
Арнайы түзету мектебінде Қазақстан тарихы пәнін оқыту әдістемесінің пәні, міндеттері | |
Қазақстан тарихы пәнін оқыту әдістемесінің оқыту әдістері | |
Тарихты оқытудың арнайы әдістері мен курстың маңыздылығы | |
Қазақстан тарихы пәнін оыту әдістемесінің әдістерінің негіздерінің дамуы. | |
Ерекше оқу мүмкіндіктері бар оқушылардың тарихи дайындығының міндеттері, жүйесі және мазмұны | |
Арнайы түзету мектепте тарих сабағының пропедевтикалық кезеңінің маңыздылығы мен мазмұны | |
Ақыл–ойы артта қалған оқушылардың қоғамдық-тарихи материалды меңгерудің ерекшеліктері | |
Арнайы түзету мектепте Қазақстан тарихы курсының жүйесі мен мазмұны | |
Тарихи елестеулер мінездемесі | |
Тарихи кеңістік пен оны қалыптастырудың ерекшеліктері мен жолдары | |
Тарих кабинеті | |
Тарихи ұғымдармен жұмыс жасаудың тізбектілігі мен тәсілдері | |
Арнайы түзету мектепте тарих сабақтарында жалпыдидактикалық принциптердің іс жүзіне асырылуы | |
Арнайы түзету мектебінде тарихты оқытудың негізгі әдістері | |
Арнайы түзету мектебінде тарих сабағында әңгімелесу әдісін қолдану | |
Арнайы түзету мектебінде тарих сабағында қолданатын көрнекілік құралдар | |
Арнайы түзету мектебінде оқу суретімен жұмыс жасаудың әдістемесі | |
Тарихи портретпен жұмыс жасаудың тәсілдері | |
Оқулықтағы иллюстрациялармен жұмыс жасаудың тәсілдері | |
Арнайы түзету мектебінде тарих сабағында шартты көрнекілікті қолдану | |
Арнайы түзету мектептерінде тарих сабағында оқытудың техникалық құралдары | |
Тарихи экскурсияның негізгі түрлері | |
Арнайы түзету мектепте тарихи экскурсияларды өткізудің тәсілдері мен әдістері | |
Арнайы түзету мектебінде тарих сабағында оқушылардың иллюстративті-практикалық әрекеті | |
Арнайы түзету мектебінде тарих сабағында оқушылардың заттық-тәжірибелік әрекеті | |
Тарихи дайындықтың жүйесінде оқушылардың өздік тәжірибелік әрекеті | |
Арнайы түзету мектебінде тарихты оқытудың негізгі формасы-сабақ. Сабаққа қойылатын талаптар | |
Тарих сабағының түрлері мен құрылымы | |
Арнайы түзету мектебінде тарих сабағынан сыныптан тыс оқудың міндеттері мен ерекшеліктері | |
Арнайы түзету мектебінде тарих сабағынан сыныптан тыс жұмысының түрлері |
ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ:
Бұл курс дәрісті талқылау дәстүрлі әдісін қолдану арқылы оқылады. Топтың өзара әрекеттесуінен пайдалы нәтиже шығаруға және бір-бірінен үйренуге мүмкіндік алу үшін,білім алушыларға аудиториядағы талқылауға белсенді қатысуына ұсыныс жасалады.
Аудиториялық уақыт дәріс, практикалық сабақтарды қамтып, материалды талқылау, әртүрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауды қамтиды.
Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар түсіндіріліп, ұсынылады. Осы ұғымдарды жазып отыру әр білім алушының міндеті,өйткені оқытушы дәріс материалын әрбір білім алушыға жеке ұсынбайды.
Практикалық сабақтарда білім алушыларға өз бетінше орындауға тақырыптар бойынша тапсырмалар беріледі және дәріс материалдары бойынша ауызша сұралады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында тапсырылады. Егер білім алушыға кейбір жәйттар түсініксіз болса, онда ол оқытушыдан қосымша түсіндірме, кеңес алуы керек. Әр сабаққа білім алушы негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалады.
Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында келуге міндетті. Қатысым семестр бойына тексеріледі. Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады. Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс. Академиялық қызметтің ойдағыдай орындалуына кедергі келтіретін кез-келген тәртіп орынсыз болып есептелінеді.
· Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда, оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеуге құқы бар.
· Аудиторияға кірген кезде жұмыс уақытында сабаққа кедергі келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндірілуі тиіс.
Курсты бағалау критериі
№ | Бақылау түрі | апта | Қорытынды балл | |||||||||||||||
Сабаққа қатысымы | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | |||||||
Үй тапсырмасы | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | |||||||
Практ.сабактары | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | |||||||
Аралық бақылау | * | * | ||||||||||||||||
Мәнжазба, эссе | * | |||||||||||||||||
Презентация | * | * | ||||||||||||||||
Емтихан | * |
БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ:
Баға | Коэффициент | % |
А | 4,0 | 95-100% |
А- | 3,67 | 90-94% |
В+ | 3,33 | 85-89% |
В | 3,0 | 80-84% |
В- | 2,67 | 75-79% |
С+ | 2,33 | 70-74% |
С | 2,0 | 65-69% |
С- | 1,67 | 60-64% |
Д+ | 1,33 | 55-59% |
Д | 1,0 | 50-54% |
Ғ | 0-49% |
НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Негізгі әдебиеттер:
1.Baгин A.A. Методика препод истории в средней школе.- М., 1998
2.Аужанова Г.А. Общепедагогические и специальные основы обучения школьников истории Казахстана. - Алматы, 1998
3.Выготский Л.С. Собр. Соч.: В 6 т. - М., 1983
4.Дефектология: Словарь-справочник./ Под ред. Б.П.Пузанова. – М.: Новая школа, 1996
5.Закон РК «О социальной, медико-педагогической, коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями», - Алматы, 2003
6.Методика преподавания истории в средней школе /Ежов С.А., Лебедева И.М.,Дружкова А.В. и др., -М., Просвещение, 1986
7.Петрова Л.В. Методика преподавания истории в специалънои (коррекционнои) mколе VIII вида: - М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003
Қосымша әдебиет:
8.Аксенова Л.И. Социальная педагогика в специальном образовании.- М.: Академия. 2001
9.Аужанова Г.А. Изучение истории Казахстана во вспомогательной школе /ст. в сб. «Изучение, обучение и воспитание детей с отклонениями в психофиэическом развитии», - Алматы, 1993
10.Аужанова Г.А. Новое содержание исторического образования учащихся вспомогательной школы. - Алматы, 1993
11.Аужанова Г.А. Проблемы учебной книги на уроках истории Казахстана учащихся вспомогательной школы /ст. в сб. «Изучение, обучение и воспитание детей с отклонениями в психофиз развитии». - Алматы, 1993
12.Воспитание и обучение детей во вспомогательной школе. /Под ред. Воронковой В.В. - М., 1994