Күншуақ» ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күншуақ» ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Тақырыбы: «0 саны және цифры»
Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Күні, айы, жылы: 08.12. 2015 жыл
Мақсаты
Білімділік: 0 цифрын бос жиынның санды таңбасы ретінде таныстыру; 0 цифрын жазуды үйрету; сан туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру: бір және бірде бір зат;
Дамытушылық: Балалардың зейінін, сөйлеу және дәптерде бағалау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Жинақылыққа, мұқиятылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: Демонстрациялық материал, жұмыс дәптері, сандық қатар.
Іс –әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық | -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінің айларын атаңдар, қазір қай ай? Желтоқсан айының бірінші күнінде қай мерекені тойладық? -Желтоқсан айының соңғы күндері қандай мерекелерді тойлаймыз? -Жаңа жылда кім келеді? -Мен сендерге Аязата жайлы әңгіме оқып берейін, тыңдаңдар. | -Қыс мезгілі басталды. -Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Желтоқсанның бірі Президент күні болды. Желтоқсан айының соңғы күндері Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз. Әңгімені тыңдайды. |
Ұйымдастыру- іздестіру | Педагог дорбадан сыйлықтарды шығарып, бірінші сыйлық ... деп айта бастайды. Аязатаның қапшығы босаған кезде педагог бұл 0 деген цифрды, яғни «жоқ, бірде – бір қалмады» дегенді білдіретінін түсіндіру. -Тақтадағы суретті қарап шығарыңдар: -Әр карточкадағы торкөздердің бір –бірінен қандай байланысы бар? -Басқа карточкадағы бос торкөздерді қалай толтырамыз? Біріншісіндегі сызып тастаған алманың суреті нені білдіреді? ( Алманы алып кетті, жеп қойды. Енді бірде бір алма қалмады) -Бүгін сабақта біз « бірде бірі қалмады» деген тіркестің қандай цифрмен белгіленетінін өтеміз. Педагог 0 цифры жазылған карточканы көрсетеді. -Балалар, «нөл» деген ұғымды білдіретін цифрдың қалай жазылатынын қараңдаршы (көрсетеді). -Сандарды ретімен қойып шығамыз. Ал 0 – ді қайда қоямыз? Дәптерге нөлді жазады. №2 тапсырмадағы 0саны жазылған сия тамшыларын бояйды. Біз 0 санын пайдаланып, 0 рет шыныға аламыз ба? 0 рет қол соғамыз ба? Неге? Саусақ жаттығуы: Картотека № 19 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 Доп ойнайық, Кел жүгір! Тек білейік Анық нақ: Допты қашқан Кім қумақ? 3-тапсырма: -Суреттен қандай геом.пішіндерді көріп тұрсыңдар? -Үшбұрыштан нешеу? т.с.с сұрау. Кестеге тиісті цифрды жапсырамыз. -Сопақша бар ма? Ондай болса қандай цифрды жапсырамыз? | Балалар сыйлықтарды санайды. 1-тапсырмада берілген суретті қарап шығады. Онда ненің суреті салынғаны және бұл санның қандай цифрмен белгіленетінін айтады. Бұның бірде бірі қалмады, жоқ дегенді білдіретінін айтады. Нөл цифрын ауаға, аяғының ұшымен еденге , содан соң дәптерге салады. Саусақтарын жазып жаттықтырады. 2- тапсырманы орындады. Саусақ жаттығуларын жасайды. Қолдарын шапалақтау. Отырған күйде қолдарымен аяқтарын шапалақтайды. Қолдарының ішімен, сыртымен көздерін жұмады. Саусақтарымен адымдап жүріп баражатқан қимылды үстел үстінде көрсетеді. Фигуралардың атауын атап, олардың санын анықтайды. 0 цифрын табады және оны суреті жоқ бос ұяшыққа жапсырады. |
Рефлексивті- түзетушілік | Жаңа жыл тақырыбына қайтып оралу, балалармен келе жатқан мереке туралы шағын әңгіме дүкен құрап,сабақты қорыту: -Сендер бүгін қандай санмен таныстыңдар? -«Жоқ» дегенді қандай цифрмен белгілейміз? Санамақ: Дөңгелекке ұқсайды, Доп сияқты, ұшпайды. Досым нөлді О дейді, Десем «бұл нөл», ұқпайды Балаларды мадақтау. | Балалар Жаңа жыл мерекесінде өздері қандай сыйлық алғысы келетіндерін айтады. -0 санымен таныстық 0-цифрымен белгілейміз. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: 0 саны және цифрын ( бос жиын көрсеткіші туралы түсінік); Өз ойларын жеткізе біледі. Геометриялық фигураларды атайды, кейбір ерекшеліктерін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: 0 цифрын жазу туралы түсінікті;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: 0 цифрын тану, бос жиындықты сол цифрмен белгілеуді.
Күншуақ» ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Тақырыбы: «О» дыбысы және әрпі
Бөлімдері: Сауат ашу және жазу негіздері
Күні, айы, жылы: 3. 12. 2014 жыл
Мақсаты
Білімділік: «О» дыбысы мен әріпін қайталау;
Дамытушылық: сөздерді буынға бөле білу дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: тиянақты және ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Қостілдік компонент: Ою-орнамент, Анам орындыққа оюлап көрпе тікті. Мама сшила корпешку с орнаментами.
Көрнекілік құралдар: әріптер қимасы, плакат №15, жұмыс дәптері.
Іс –әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық | Өлең оқылады: Ожау, оймақ, орамал Орынкүлге сыйладым. Орақпенен шөп орып, Отын, ағаш жинадым. -Балалар, өлеңде не туралы айтылған? -Сөздердің көбі қай дыбыстан басталған | Балалар өлең мазмұнына мән беріп тыңдайды. - Отбасы туралы. |
Ұйымдастыру- іздестіру | -«О» дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба? -«О» дыбысын ауада жазып көрсетіңдерші. Біз өткен тақырыптан дыбыстан буын, буыннан сөздің құралатынын білеміз. -Айтыңдаршы, бір буында неше дауысты дыбыс болады? Дидактикалық ойын: «Буынға-буын қос». Педагог балаларға бір буын айтады, балалар буынға-буын қоысп жалғастырады. Мысалы: ор- Дор- Бот- Тақ- Оқу- Тоқы- Ба- Ой-ой-ой, Қорада тұр қой. Оқ-оқ-оқ Бізде қоян жоқ. Ол-ол-ол Алдымыз ұзақ жол. Он-он-он Омар киді жылы тон. Сергіту жаттығуы: Ал,балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық. Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Бой сергітіп алайық. Дидактикалық ойын: «мамандықтың бәрі жақсы». Ойын шарты: балаларды әртүрлі мамандықпен таныстыру. Суреттерін тақтаға ілу. Балалар өздері қалаған мамандықтарын таңдап алып, сол мамандық және оның пайдасы туралы әңгімелейді. Кімге не керек екенін айтады. Саусаққа жаттығу: Тауыққа дән себеміз, Шеп-шеп-шеп, Шеп-шеп-шеп, Тауық дәнді шоқып жүр. Тық-тық-тық, Тық-тық-тық. Билингвальды компонент: анам менің аспазшы – мама моя повар. Дәптермен жұмыс: Дәптердегі №3 тапсырманы орындайды. Жеке жұмыс жүргізеді. | -«О» дыбысынан. -«О» двуысты дыбыс. «О» дыбысын ауада жазады. - Бір буында бір дауыты дыбыс болады. Балалар жалғастырады. - ман -ба. -қа. -та. -лық. -иа. -тыр. Балалар педагогтің айтқандарын мәнерлеп, дыбыстарды дұрыс айтып қайталады. Қимыл – қозғалыспен жаттығуды жасайды. Балалр мамандықтар және олардың пайдасы туралы біледі, кімге не керек екенін айтады. Саусақтарына жаттығу жасайды. Қайталайды. Тапсырманы орындайды. |
Рефлексивті- түзетушілік | -«О» дыбысы қандай геометриялық пішінге ұқайды? - Қандай ойындар ойнадық? | - Сопақшаға. - «Буынға – буын қос», «Мамандықтың бәрі жақсы». |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:
Қандай түсініктерді игерді: буындарды жалғастырады, көлбеу таяқшаларды салып, көбелекті штрихтауды.
Меңгерген дағдылары мен түсініктері: буындардан сөз құрастыра білу дағдыларын.