Күншуақ» ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Тақырыбы: «Су торғайы» М.Зверев

Бөлімдері: Тіл дамыту

Күні, айы, жылы: 26. 10. 2015 жыл

Мақсаты

Білімділік: Балаларды әңгіме мазмұнымен таныстыру, сұраққа жауап беруге үйрету; Сөз ішінен «ж», «ш» дыбыстарын таба білу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: Сурет бойынша сөйлем құрастыру қабілеттерін, шығармашылығын, дыбыстарды дұрыс айта білуін дамыту;

Тәрбиелік: Құстарға қамқорлық жасау мен қорғауға тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: мұз – лед, жабайы құстар – дикие птицы

Көрнекілік құралдар: Жұмыс дәптері, демонстрациялық құрал, санағыш, кір қыстырғыш, үнтаспа

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық Ойын: «Торғайлар мен мысық» Жүргізуші – «мысық», ал қалғандары «торғайлар» болады. Бөлмеде жағымды баяу әуен ойналады. «Торғайлар» алақайда гүлден – гүлге секіріп, ұшып – қонып жүреді. Мысықтың дауысын естісімен «торғайлар» өз ұяларына ұша жөнеледі. Ұсталған «торғай» «мысық» болып ауысады. Ойын осылай жалғаса береді.   Балалардың мойнында торғайдың суреті бар.   Ойынды нақышына келтіре ойнайды
    Ұйымдастыру- іздестіру   Балаларды шеңбер жасап отырғызып, -Қандай ойын ойнадық? - Балалар, біз бүгін торғайлар туралы ойынды бекер ойнаған жоқпыз. Өйткені сендерге қазір жазушы М.Зверевтің «Су торғайы» атты әңгімені мәнерлеп оқып беремін: Қыстыгүні қатты аязда таудан аққан өзеннен бу шығып жатады. Екі жағаға көкпеңбек жалтыр мұз қатады. Өзеннің тек ортасы ғана мұзсыз. Осындай кезде шыр – шыр етіп, мұз үстінде жорғалап торғай жүреді. Ол – қайқы құйрық, кішкентай қара торғай. Торғай шолп етіп ағында суға сүңгіп кетеді. Оның мөлдір судың түбінде жарғалап, тастардың ара – арасын шұқылап жүргенін анық көруге болады. Әне, ол пыр қайтадан жағаға ұшып шықты. Тырнақтарының ұшына мұз қатып қалған. Оны да елең қылмастан зыр – зыр жорғалап, баяғысынша әндетумен болады. Бұл құсты су торғай дейді. Ол қысы – жазы бірдей су түбінен табады. Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қойылады: 1.Әңгімеде жылдың қай мезгілі айтылған? 2.Әңгіме не туралы? 3.Су торғайын кім сипаттап береді? 4.Су торғайы жемін қайдан табады? 5.Су торғайын не үшін ғажап құсқа теңейді? Әңгіме мазмұнын 5 – 6 балаға қайталап айтқызу. Суретпен жұмыс: - Балалар, құстар үй құстары және жабайы құстар болып екіге бөлінеді. - Әңгімедегі су торғайы қандай құсқа жатады деп ойлайсындар? Қыстап қалатын құстар, жылы жаққа ұшып кететін құстар болып бөлінеді. Суретпен жұмыс: - Жыл құстарына қандай құстар жатады? - Жыртқыш құстарға қандай құстар жатады? Қостілдік компонент: мұз – лед, жабайы құстар – дикие птицы. Суреттен аталған құстарды көрсетеді. - Балалар қазір аулаларыңнан қай құсты көріп жүрсіңдер? Оларға ерекше қамқорлық көрсетіп, жем, нан үгінділерін сеуіп жүру керектігін ұмытпаңдар. Балалардың назарын екінші суретке аударып, түсіндіру: - Мына жерден өздерің білетін құстарды атаңдаршы, қандай құсты білесіңдер? - Балалар, құстардың пайдасы бар? - Иә, балалар, тоқылдақты алатын болсақ, ол ағаштың арасынан құрттарды теріп жейді, сондықтан оны ағаш дәрігері деп те атайды екен. - Ал қарлығаш болса, ол – адамға дос. -Сендер білесіңдер ме? Қарлығаш ұясын қандай жерлерге салатынын? -Торғайдың ұясын бұзған баланы қандай дейміз? Сергіту сәті: Картотека №20 Торғай, торғай, торғайсың, Таяу келіп қонғайсың. Жем шашайын, тойып ал, Сонда аязға тоңбайсың. Жаңылтпаш жаттау: Шемішке шақсаң, Шапшаң шақ. Шөбіңді шапсаң, Шапшаң шап.   Жоғалды бес шыбыш, Жоқ әлі еш сыбыс. Жоқ әлі еш сыбыс Жоғалды бес шыбыш.   Дид. ойын: «Не жақсы, не жаман?» Ойын шарты: берілген суреттерден жақсы және жаман істерді тауып көрсету керек. Балалар «Торғайлар мен мысық» ойынын ойнағандарын айтады.   Балалар әңгіме барысындағы су торғаының іс – әркетіне таңдана, қызығушылықпен қарап, әңгіме мазмұнын тыңдайды. Қойылған сұрақтарға балалар толық жауап беруге тырысады. 1.Әңгімеде жылдың қыс мезгілі туралы айтылған. 2.Әңгімеде су торғайы, оның істеген іс – әрекеті туарлы айтылады. 3.Су торғайы-қайқы құйрық, кішкентай, қара торғай. 4.Торғай өзен суына түсіп, өзен түбіндегі тастардың арасынан жем тауып жеп, қайтадан шығады. 5.Өйткені су торғайының тырнақтарының ұшына мұз қатып қалса да, елең етпей, зыр – зыр жорғалап, әндетіп жүреді. Бірінші ойын бірі жалғастыру арқылы 5 – 6 бала әңгіме мазмұнын айтады. - Су торғайы жабайы құстардың қатарына жатады. Балалар көрген құстарын айтып береді. - Сауысқан, көгершін, қарға, торғай. - Қараторғай, көкек, қарлығаш, аққу, тырна т.б. Бүркіт, қырғи, үкі, жапалық, қаршыға. Балалар қайталайды. - Құстар ағаштардағы зиянды құрт – құмырысқаларды жеп құртады. - Үйге, ескі тамдарға, қораларға. - Жаман бала дейміз.Ұяны бұзуға болмайды. Балалар өлең мазмұнына байланысты қимыл –қозғалыстар жасайды.   Тыңдайды, қайталайды. Жаңылпаштың мағынасын түсніп қайталайды.     Балалар ойынды нақышына келтіре ойнайды.
  Рефлексивті- түзетушілік   Балаларды екі топқа бөліп, бірінші топқа санағыш таяқшалардан қараторғайға ұя құрастыру тапсырылады. Екінші топқа кір қыстырғыштар таратылып, қарлығаш ұясын құрастыру тапсырылады. Балалардың жұмыстарының нәтижесін бағалау арқылы іс–әрекетті қорытындылау: - Жабайы құстарды ата? - Оларды неліктен жабайы құстар деп атаймыз? - Жабайы құстардың мекені қайда? Балалар тапсырмаларды жарыса әрі қызыға орындайды. - сауысқан, қарға, су торғайы, бүркіт, қаршыға т.б. - Олар адамның қамқорлығынсыз тірішілік етеді. -Жабайы құстар орманда, тауда, тоғайда мекендейді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Әңгіменің тақырыбын және авторын біледі. Сұрақтарға жауап беруді.

Қандай түсініктерді игерді: Құстардың үй құстары мен жабайы құстар, жабайы құстардың жыл құстардың, отырықшы құстар мен жыртқыш құстар болып бөлінетінін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: «ж», «ш» дыбыстары кездесетін сөздерге мысалдар келтіруді.

Наши рекомендации