Дипломатиялық иммунитетке ие тұлғалардың қатысуымен жүргізілетін қылмыстық сот ісінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес мына адамдар:
1) шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық персоналының мүшелері және егер олармен бірге тұрса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олардың отбасы мүшелерi;
2) егер дипломатиялық өкiлдiктердiң қызмет көрсету персоналының қызметкерлерi және олардың өздерімен бiрге тұратын отбасы мүшелерi Қр азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, осы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерi, егер ҚР халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, өздерінің қызметтік мiндеттерiн орындауы кезiнде жасаған іс-әрекеттерiне қатысты консулдықтардың басшылары және консулдықтың басқа да лауазымды адамдары – өзара түсіністік негiзде;
3) егер дипломатиялық өкiлдiктердiң әкiмшiлiк-техникалық персоналының қызметкерлері мен олардың өздерімен бiрге тұратын отбасы мүшелерi ҚР азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, осы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерi – өзара түсіністік негiзде;
4) дипломатиялық курьерлер;
5) шет мемлекеттердiң басшылары мен өкiлдерi, парламенттік және үкiметтік делегациялардың мүшелерi және өзара түсіністік негiзде – Қазақстанға халықаралық келiссөздерге, халықаралық конференциялар мен кеңестерге қатысу үшiн немесе басқа ресми тапсырмалармен келетiн, не сондай мақсаттармен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен бара жатқан шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлерi және олар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, осы көрсетілген адамдарға ілесіп жүретін отбасы мүшелерi;
6) халықаралық ұйымдардағы шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң басшылары, мүшелерi және персоналы, халықаралық шарттардың немесе жалпы жұрт таныған халықаралық салт-дәстүрлер негiзiнде ҚР аумағында болатын осы ұйымдардың лауазымды адамдары;
7) ҚР аумағы арқылы транзитпен өтетін шет мемлекеттердiң үшiншi елдегi дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, өкiлдiктерiнiң дипломатиялық персоналының мүшелері және көрсетілген адамдарға ілесіп жүретiн немесе оларға қосылу немесе өзiнiң елiне оралу үшiн жеке келе жатқан олардың отбасы мүшелерi;
Жоғарыда аталғандардың 1), 4) – 7) тармақтарында санамаланған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар жеке басына қолсұғылмаушылық құқығын пайдаланады. Оларға қатысты заңды күшiне енген үкiмдi орындау үшiн қажет болатын жағдайларды қоспағанда, оларды ұстап алуға немесе күзетпен қамауға болмайды. Жоғарыда аталғандардың 2) және 3) тармақтарында көрсетілген адамдар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, олар ауыр, аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн қудаланған жағдайда не соттың заңды күшiне енген үкiмiн орындау кезiнде ғана ұстап алынуы немесе күзетпен қамалуы мүмкiн.
Осы көрсетілген адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдардың куә, жәбiрленушi ретiнде айғақтар бермеуiне болады, ал олар мұндай айғақтар беруге келiскен жағдайда бұл үшiн қылмыстық процестi жүргізетін органға келуi мiндеттi емес. Көрсетілген адамдарға табыс етілген жауап алуға шақыру қағазында олардың қылмыстық процестi жүргізетін органға келмегенi үшiн мәжбүрлеу шараларымен қорқыту болмауға тиiс. Егер осы адамдар алдын ала тергеуде жәбiрленушi, куә ретiнде айғақтар берген, ал сот отырысына келмеген жағдайда, сот олардың айғақтарын жария ете алады.
Дипломатиялық иммунитеттi пайдаланатын адамдар қылмыстық процестi жүргізетін органға өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауға қатысты хат-хабар мен басқа да құжаттарды ұсынуға мiндеттi емес.
Дипломатиялық өкiлдiк басшысының резиденциясына, дипломатиялық өкiлдiк орналасқан үй-жайларға, дипломатиялық персонал мүшелелерінің және олардың отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй-жайларына, олардағы мүлiк пен жүрiп-тұру құралдарына қол сұғуға болмайды. Осы үй-жайларға кiру, сондай-ақ оларда тiнту, алу, мүлiкке тыйым салу дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе оны алмастыратын адамның келiсiмiмен ғана жүргiзiлуі мүмкін. Консулдық орналасқан үй-жай мен консулдық басшысының резиденциясы өзара түсіністік негiзде қолсұғылмаушылықты пайдаланады. Осы үй-жайларға кiру, тiнту, алу, мүлікке тыйым салу тиiстi шет мемлекеттің консулдығы немесе дипломатиялық өкiлдiгі басшысының өтiнiшi бойынша немесе келiсiмiмен ғана орын алуы мүмкiн.Дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдықтардың мұрағаттарына, ресми жазысқан хаттары мен басқа да құжаттарына қол сұғуға болмайды. Олар дипломатиялық өкiлдiк, консулдық басшысының келiсiмiнсiз қарап-тексерілуге және алынуға жатпайды. Дипломатиялық пошта ашылуға және кідіртілуге жатпайды.
Ылмыстық істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру барысында шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен білескен қызметтерді жүргізу тәртібіне жататын негізгі ережелерді анықтаңыз.
Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттердің құзыретті органдарына құқықтық көмек көрсету тәртібімен құжаттарды табыс ету, жекелеген процестік әрекеттерді орындау, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, адамдарды ұстап беру (экстрадициялау), адамдарды уақытша ұстап беру (экстрадициялау), транзиттік тасымалдау, адамдарды уақытша беру, сотталғандарды және психикасының бұзылуынан зардап шегетін, өздеріне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру, үкімдерді тану және орындау жүргізілуі мүмкін.Қазақстан Республикасының халықаралық шартында қылмыстық іс бойынша өзара іс-қимылдың осы Кодексте көзделмеген өзге де нысандары көзделуі мүмкін.Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың ережелерi осы Кодекске қайшы келетiн болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарты болмаған кезде құқықтық немесе өзге де көмек өзара түсіністік қағидатында шет мемлекеттің сұрау салуы негізінде көрсетілуі немесе оны Қазақстан Республикасының орталық органы сұратуы мүмкін.Қазақстан Республикасының орталық органы шет мемлекетке осындай сұрау салуды жібере отырып, сұрау салынатын тарапқа осындай құқықтық көмек түрін көрсету туралы оның сұрау салуының болашақта қарастырылатынына жазбаша түрде кепілдік береді.Осы баптың бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салушы тараптың болашақта Қазақстан Республикасының сұрау салуын өзара түсіністік қағидатында қабылдауға және қарауға жазбаша кепілдігі болған кезде ғана шет мемлекеттің сұрау салуын қарайды. Қазақстан Республикасының орталық органы өзара түсіністік қағидатында құқықтық көмекке жүгінген және шет мемлекетке құқықтық көмек көрсеткен кезде осы Кодексті басшылыққа алады.Шет мемлекетпен халықаралық шарт болмаған кезде Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салынатын тарапқа құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды дипломатиялық жолмен жібереді.
Құқықтық және өзге де көмек көрсету туралы сұрау салуды құзыретті орган осы Кодекстің және Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шартының талаптарына сәйкес жасайды.Сұрау салу және оған қоса берілген құжаттар тиісті бланкіде жазбаша нысанда жасалып, уәкілетті лауазымды адамның қолымен және тиісті органның елтаңбалы мөрімен куәландырылады.Сұрау салу және оған қоса берілген құжаттар Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шартында айқындалған тілге, ал ол болмаған кезде – сұрау салынатын тараптың ресми тіліне немесе осы тарап үшін қолайлы басқа тілге аудармасымен қоса жіберіледі.Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салуды шет мемлекетке поштамен, ал кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда – электрондық, факсимильдік немесе өзге де байланыс құралымен жіберіледі. Мұндай жағдайда сұрау салудың түпнұсқасы оны электрондық поштамен, факсимильдік немесе өзге де байланыс құралымен жіберген кезден бастап үш тәуліктен кешіктірілмей поштамен жіберіледі. Сұрау салуды жіберуден бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының орталық органы түзетілуі керек кемшіліктерді жазып немесе тапсырманы жіберудің мүмкін болмау себептерін түсіндіріп, барлық материалдарды процесті жүргізетін тиісті органға қайтарады.
Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салушы тараптан электрондық, факсимильдік немесе өзге де байланыс құралы арқылы келіп түскен сұрау салуды қарауға қабылдай алады. Осындай сұрау салуды орындау оның түпнұсқасы жөнелтілгені немесе берілгені расталған кезде ғана жүзеге асырылады. Шет мемлекеттің құзыретті органына орындалған сұрау салу материалдары Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салудың түпнұсқасын алғаннан кейін ғана жіберілуі мүмкін.
Сұрау салынатын тарап Қазақстан Республикасы құзыретті органының сұрау салуын орындау тәртібімен берген заттай дәлелдемелер осы Кодексте белгіленген тәртіппен сақталады және өзгеше уағдаластыққа қол жеткізілмесе, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғаннан кейін сұрау салынатын тарапқа қайтарылады. Сұрау салушы тараптың құзыретті органына сұрау салуды орындау тәртібімен заттай дәлелдемелерді беру кезінде Қазақстан Республикасының құзыретті органы, егер Қазақстан Республикасының аумағында оларды басқа қылмыстық іс жүргізу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы үшін пайдалануға қажеттілік болмаған немесе үшінші адамдардың тиісті мүлікке құқығына қатысты құқыққа сыйымды талаптары болмаған немесе оған қатысты дау сотта қаралып жатқан жағдайда, сұрау салушы тараптан оларды қылмыстық іс жүргізу аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасына қайтаруды талап етуден бас тарта алады.