Технологиялық карталар. Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Музыка Тақырыбы: « Доп» Мақсаты: музыкалық есту қабілеттерін арттару

Ыркүйек

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Музыка Тақырыбы: « Доп» Мақсаты: музыкалық есту қабілеттерін арттару, ойыншықты ұқыпты ұстауға, оларды әнге қосып айтуды үйрету. Қолданылатын көрнекілік құралдар: доп. Сөздік жұмыс: доп, секеңдеу.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Балаларды музыка залында көңілді әуенмен қарсы алады. Амандасады. Шеңбер бойымен жүріп,музыка әуеніне ілесе қимылдар жасайды.   Доп Шаршамайсың, шалдықпайсың доп қалай? Секіресің, секеңдейсің тоқтамай. Асыққанда арықтан да аттайсың, Бірақ суға түссең дағы батпайсың. ( Р. Тышқанбаев). Балалар бірінің соңынан бірі тізіліп, музыка залына келеді. Әуенге сай қимылдар жасайды. Доп туралы өлеңді тыңдайды.  
  Ұйымдастырушылық-ізденістік   -Балалар, сендер доппен ойнап көрдіңдер ме? Допты жерге ұрсаң, өзіңе қайтып келеді. Допты теуіп ойнауға болады,бір-біріңе лақтырып, қағып алып ойнауға болады. Музыка тыңдау: « Доп» ( музыкасын жазған Т. Ломова). -Музыка қалай ойналды? Тез,көңілді,жеңіл. Балаларға доптың секіргенін музыка тілінде түсіндіру,ұғындыру. Ән айту: Өткен сабақтарда айтқан әндерді қайталау. « Кір қуыршақ» әнінде не туралы айтылды? «Шар», « Сылдырмақ» әндерін еске түсіріп айту.Ән айту алдындағы ережелерді естен шығармау. Денені тік ұстап, әнді еркін айту. Балалар жауап береді.   Балалар музыка жетекшісінің айтқанын қайталайды.   Балалар өткен әндердің мәтінін еске түсіріп,әнді орындайды.     Әнді көңіл қоя үйренеді, «жай» деген жерінде дыбысты жай шығарып, «қатты» деген дауысты көтеріп айтады.     Доптың соңынан қуады. Кім тез жетсе сол жеңімпаз атанады.   Қолдарын белдеріне ұстап шеңбер жасап тұрады. Музыка ойналған кезде екі адым алға аттап, үш рет топылдатады. Екі қадам артқа шегінеді, үш рет аяқты топылдатады. Екеуден қол ұстасып жай айналады.
Жаңа ән: «Доп» (Б.Қыдырбек, А.Асылбек). Әннің мәтінін үйретіп, әуенге қосады. Жай, қатты деген жерінде дауысты бәсеңдетіп, қаттырақшығаруға дағдыландыру.   Әнді үйретіп болған соң, доппен ойнау, доппен қимылдар жасап жалғастыру. «Допқа кім тез жетеді?» ойыны. Музыка ойналғанда музыка жетекшісі допты лақтырады , балалар доптың соңынан қуады. Кім допқа тез жетсе, сол жеңімпаз атанады. Ойын бірнеше рет қайталанады. Қимылды - ырғақты қозғалыс: «Кішкентай би» (музыкасын жазған Н. Александрова). Ырғақты сезіне аяқтарын топылдатуға, алға, артқа, қол ұстасып айналуға үйрету.
Рефлексиялық-түзетушілік Қортындылау, мадақтау, марапаттау. Балалар иқоштасып шығып кетеді.  

Күтілетін нәтежие:

Біледі: Әуенге қосылып қимыл жасауды.

Игереді: Доп туралы түсініктерді.

Меңгереді: Би элементтерін жасап үйренуді.

Технологиялық карталар.

Азан

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Музыка Тақырыбы: « Бұл қай кезде болады?» Мақсаты: Әуенді сергек айту, тыңдау,ойын – қимыл арқылы ырғақты сезіндіру.

Қолданылатын көрнекілік құралдар: Бұлт, күн , таяқшалар. Сөздік жұмыс: Тық – тық, сәлем жаңбыр, жау, күн.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс әрекеті.
Мотевациялық - қозғаушылық. «Колхоздағы той» әуенінің ырғағымен балалар залға кіреді. «Сәлем, сәлем балақай» әнін айтып қарыс алу. Айналайын балалар, Маған қарап тұрыңдар. Аяқтарды тік ұстап, Амандасып алыңдар. Сәлем, сәлем балақай, Сәлем, сәлем балақай! Музыка залының бір бұрышы күзге арналып көрнекі – құралдармен жабдықталған. Айналаға қараңдар, Бұл қай мезгіл балалар? Балалардың назарын дайындаған көрнекі – құралдарға аударып, қызықтырып, жайғасып отыруларын сұрайды.   Балалар көңілдене кіреді. Шеңбер бойымен жүріп келіп, бір қатарға тұрады, ән тыңдайды.   «Сәлем, сәлем сазды әуен, Сәлем, сәлем әсем саз!»- деп жауап беруге тырысады.   Жеміс – жидек пісетін, сары жапырақ түсетін «Алтын күз» мезгілі.  
Ұйымдастырушылық - ізденушілік Үнтаспадан күркіреген найзағай мен жаңбыр дыбысы естіледі. Ілінген үлкен бұлт пен күнге балалардың көңілін аударады. Музыка тыңдау: «Жаңбыр». (еденге бұлттың кішкентай пішіндері мен күннің шуақтарын араластырып, алдын –ала дайындап қою). Ән айту: «Күн мен жаңбыр» . Әнді айтып беру, атрибуттарды қолдарына ұстатып , қозғалтып, қимылдарды үйретеді, қайталайды. - Балалар, балалар! Қараңдаршы күннің көзі күліп тұр! Шүағын шашып тұр!- деп әуенге сай қимылдарды, қозғалыстарды көрсетеді, қайталатады - Би: «Вальс» (А.Аренский). «Орамалмен билейміз»,- деп, би ырғағын әңгімелеп орындау, орамалымыздың әдемі екенін көрсету, оңға, солға бұлғау. Орамалды қолға ұстап, алға- артақ, төмен – жоғары көтеріп желпілдету.Шеңбер бойымен жеңіл жүгіру. «Жау, жау жаңбыр» ойыны. Әр балаға балабан таратылады, екі таяқшасымен барабанды соғып «қатты», «жай» дыбыстарды тыңдатып, ажыратқызу. «Күн мен жаңбыр» әуенін ойнатып, жаңбыр жайлы айтылғандатаяқшамен барабанды жай соғып, «бұлттар төніп тұрады» деген жерінде барабанды таяқшамен қаттырақ ұрып көрсету. Күн жайлы айтылғандатаяқшаларды жоғары көтеріп, біріне – бірін ұрады. Басқа қимылдарды музыка жетекшісінің қалауымен дамыта түсуге болады. Ырғақты тыңдап, үлестірмелі құралдарды қалай пайдалану керектігін көрсетеді, ойынға қызықтырады. Балалар күркіреген дыбысты тыңдап, бұлтқа қарайды, көңілді әуенді тыңдайды. Балалар күнге қарайды әннің мәтінін, әуенін тыңдап, қосылып қимыл жасауға тырысады. Балалар күннің шуағын ұстап: «Күледі күн ля-ля-ля» деп айтуға тырысады.   Орамалды алға – артқа, жоғары – төмен бұлғау қимылдарын қайталауға тырысады.   Ойынға көңілді қатысуға тырысады.   Балалар барабанды көрсетілгендей соғуға, жақсы орындауға талпынады және ырғақты дыбысты сезіне ойнауға тырысады.  
Рефлекциялық – түзетушілік. - Жаңбыр қай мезгілде жауады, қалай жауатынын пысықтай отырып, көрсетеді. - Балаларды мақтау, мадақтау. Күзде жауады.   Қол бұлғап қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы тыңдауды, айтуды.

Игереді: Таяқшаны ұстауды, барабанды ырғақпен соғуды.

Меңгереді:жүгіруды, ырғақпен шапалақтауды, қолдары мен саусақтарын қимылдаткды.

Технологиялық карта

Азан

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Музыка Тақырыбы: « Жау, жаңбыр » Мақсаты: Музыканы тыңдау,есте сақтау,әнді айту,дауысты биік және төмен ырғақтарын ажырату.

Қолданылатын көрнекілік құралдар: Шатыр,күн,бұлт,күз,шуақтар,таяқшалар. Сөздік жұмыс: Күледі ,қалады,домалау,жаңбыр.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс -әрекеті.
Мотевациялық - қозғаушылық. Балаларды «Сәлем,сәлем,балақай» әуенімен қарсы алу.Шеңбер бойымен жүріп, қатарласып тұруды, әуенге қосыла қайталап айтуды үйрету.Балаларға әуеннің сәлемдесу әні екенін айтып түсіндіру Балалар әуенді тыңдай жүріп залға кіреді,жүреді,қатарға тұрады.Әуеннің сәлем,келеміз,алақай сөздерін айтуға тырысады.
Ұйымдастырушылық - ізденушілік Балаларға «Күн мен жаңбыр»әнін (Г.Абдрахманова) қайталату.Зал іші күз мезгілі бейнеленген және Күннің жарқырап күліп тұрған,жаңбырдың себелеп жауып тұрған суреттерімен безендіріледі. Күн жайлы айтылғанда шапалақ соғуды сұрау.Шуақтармен ырғақтарды қайталап көрсету. Жаңбыр жайлы айтылғанда «тырс-тырс» деп айта отырып, оңм қол саусақтарын сол қол алақанына тырсылдатуды естеріне түсіреді үйретеді,қайталатады.Әнді еркін айтуды сұрайды. «Күн мен жаңбыр» ойыны («ақ желкен» СД).Үнтаспадан жаңбыр үні естілгенде қолшатыр астына тығылу. Әннің қайырмасында жеңіл секіріп,би қимылдарын жасау. Ойын екі-үш рет қайталанады. Балалар әуенді есіне түсіреді . Күз,Күн.жаңбыр,су бейнеленген суреттерге қарап,дұрыс айтуға талпынады.Ырғақтарды шапалақпен соғуды қайталайды. «Тырс-тырс» дыбысын,сөздерін анық айтып,саусақтарын тырсылдатуды қайталайды.     Күн күркірегенде қолшатыр астына тығылады. Әуенге ілесіп,өкшесін қоюға,секіруге,бір орынды айналуға машықтанады.
Рефлекциялық – түзетуші-лік. -Балалар,сендер қандай әуен естідіңдер? -Сендер жақсы ән айтып,билеп бердіңдер,-деп мақтайды. Қоштасады.     Балалар қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы тыңдауды, есте сақтауды,әнді сүйемелдеумен ілесе айтуды.

Игереді: Әуеннің ыңғайына қарай жасырынуды,таяқшаларды ұстауды,саусақтарын тықылдатып соғуды.

Меңгереді:Шапалақ соғуды,шуақтарды ұстап сермеуге дағдыланады.

Технологиялық карта

Азан

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Музыка Тақырыбы: « Күн мен жаңбыр » Мақсаты: Ойын арқылы көңілсіз, көңілді әуендерді сезіндіру.

Қолданылатын көрнекілік құралдар: үлкен Күн, үлкен бұлт, бала санына қарай шуақтар.. ,

Сөздік жұмыс: күн, жаңбыр, шуақ.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс әрекеті.
Мотевациялық - қозғаушылық. Балалармен амандасу. Күн шуағын көрсетіп әндетеді: Күннің көзі күлімдеп, Бізге қарай ашылды. Жылуымен жылытып, Шуақтары шашылды. Балалармен қатар келіп тұрады.   Күнге қарап көңілді әуенді тыңдайды.  
Ұйымд астырушылық - ізденушілік -Балалар, сендер не көріп тұрсыңдар? Қане, бәріміз Күнге жақындап тұрайық. (бұлт суретін көрсетеді. Күркіреген найзағай, жаңбыр тырсылын үнтаспадан тыңдатады). Музыка тыңдау: «Балалар мен жаңбыр» (Г.Абдырахманова) Балалар әнді тыңдап, соған лайық қимылдар жасайды. «Орамалмен билейміз». (Е.Бруселовский). -Балалар, сендерге Күн қуанып, бірге ойнауға шақырып тұр. Әуен көңілді ойнағанда, көңілді секіріп ойнаймыз, ал Күн тығылып бұлт шықса, бәріміз отыра қаламыз, екі қолымызды жоғары көтеріп түйістіреміз (Қолшатырды пайдалануға болады). «Күн» (М.Т.Потопенко. Көңілді шығарма). «Жаңбыр» (А.Меңжанова).     Балалар жауап береді.   Балалар тыңдауға тырысады. Балалар шеңберге тұрады. Мәтінге қарай қимылдар жасауға тырысады.   Қолдарына орамал алып, би ырғақтарына лесе орындауға талпынады. Ойынға көңілдене қатысады.   Музыка әуені басталғанда қуанады, шаттанады. Жаңбыр әукніне қолдарын шатыр жасап отыра қалуға тырысады.
Рефлекциялы қ – түзетушілік. - Балалар, Күн шуағы сендерге рақмет айтып, келесі жолы тағы да келіңдер деп шақырып жатыр. Күнмен қоштасайық. Сендер өте жақсы қатыстыңдар.     Балалар күнге басын иеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көңілді әуенді сезінуге үйренеді.

Игереді: Музыка әуенімен, күннің шуақтарын ұстауды.

Меңгереді:Музыка ырғағымен би қимылдарын жасауды.

Технологиялық карта

Азан

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Музыка Тақырыбы: «Жемістер бағында» Мақсаты:Музыкаға деген сезімін ояту,қарапайым ырғақтармен би билеуді үйрету.

Қолданылатын көрнекілік құралдар: Алма ағашы,алма,аю,қоян,кірпі,қарға,жылжымалы суреттер,жемістер.

Сөздік жұмыс: Шырқату,алма ағашы,жомарт күз.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс әрекеті.
Мотевациялық - қозғаушылық. Балалармен көңілді амандасу. Балалар,келіңдер, Ертегі тыңдап көріңдер! («Алма» В.Сутеева) -Күз мезгіліндегі бау-бақшадағы піскен жемістер жиналады. (Фланелеграф бойынша суреттерді жылжыта отырып әңгімелейді). -Күздің соңында ағаштардың бәрі босаған,ал мына ағаштың басында жалғыз алма қалып қойыпты.Қоян секіріп,алмаға жете алмайды.Содан кейін ұшып бара жатқан Қарғаға; «Маған алманы алып бер!»-деп бұйырыпты.Қарға алманы үзіп жатқанда жерге түсіріп алады.Алма жорғалап бара жатқан Кірпінің үстіне түсіп,оны Кірпі алып кетеді. Балалар залға бірінің соңында бірі кіріп,қатарға тұрады. Амандасады.     Суретке мұқият қарап,ертегіні тыңдайды.   Көргендерін айтады: Қоян келді. Қарға ұшып келе жатыр. Кірпі алманы алып кетті.
Ұйымд астырушылық - ізденушілік Ал,балалар,жүрдіңдер, Әнді тыңдап көрдіңдер,- Деп Г.Абдрахманованың ертегіге арнап жазылған «Алма саған ризамыз,дөңгелене қоршаймыз» әнін орындау.Балаларды шеңбермен алып жүру,қимылын көрсетіп,әнді айтуға үйрету. -Балалар,алманы алуға келді? -Онда қоян болып секірейік. -Одан кейін не келді? -Қане,қане,ұшайық,қанатымызды қағайық. -Тағы да не келді? -Алманы қайсысы алып кетті? Музыка тыңдау: «Күз» (С.Кибирова).Балалар,ертегіні әрі қарай музыка әуенімен тыңдап,не болатынын білейік.Бұл шығарма өте баяу,созыңқы нәзік екен. (Фланелеграфпен суретті көрсетіп,ертегінің соңы не болғанын сұрап,балаларды қызықтыру). Сөйтіп,Кірпі алманыалып бара жатса,Қоян мен Қарға жібермей : «Менікі,менікі»,-деп таласыпты.Осы кезде алдынан Аю шыға келіпті: -Мені оятып жіберген кім,а-а-а-а?! -Балалар,қане бәріміз орнымыздан тұрып,Аюмен бірге қорбаңдап жүріп ән айтайық. Музыка тыңдау: «Қоңыр аю қорбаңбай» (Музыкасын жазған Б.Дәлденбай) .Аю сәл ойланып барып,алманы бәріне бірдей бөліп беріп,барлығын татуластырады. Ойнаймыз,ойнаймыз, Ойынға біз тоймаймыз. «Қандай жеміс жетпейді?»ойыны. Қоян бізге жемістер беріп жіберіпті.Балаларға жемістерді көрсетіп,атап айтқызу.Бәрін көрсетіп барып,бетін орамалмен жабады.сездірмей бір жемісті алып қояды да,қайтадан сұрайды.Бұл есте сақтау қабілетіне арналған ойын. Балалар шеңбермен жүріп,музыканы тыңдайды. Ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын қайталайды.   Қоян келді. Қоян болып секіреді. Қарға келді. Қарға болып қанат қағады. Кірпі келді. Алма кірпінің үстіне түсті.     «Алмаға таласып жатыр»деп айтуға тырысады.     Балалар «Аюдың келуі» жаттығуын жасайды.     Балалар аюға алманың оқиғасын айтып береді.   Ойнаймыз.   Алма,алмұрт.   Балалар көріп,келесі ойнағанда есіне сақтап қалуға тырысады.
Рефлекциялы қ – түзетушілік. -Балалар,ойынға өте жақсы қатыстыңдар,келесі келгенде жемістердің бәрін естеріңе түсіріңдер. Жарайсыңдар!   Балалар қатарға тұрып қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Музыканы тыңдауды,әңгімелеп айтуды.

Игереді: Музыка әуенімен Аю,қоян,Қарға қимылдарын жасауды,жемістерді ұстауды.

Меңгереді:Музыка ырғағыменшеңбермен жүру,шеңберді кішірейту,үлкейту қимылдарын біледі.

Технологиялық карта

Азан

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Музыка Тақырыбы: «Күзгі қойма» («Алма» ертегісі бойынша» Мақсаты: Музыканы тыңдата отырып ішкі сезімдерін ояту. Дыбыстарды бірте – бірте көтеру, қимылдарды ілесе қайталау.

Қолданылатын көрнекілік құралдар: Алма ағашы, ,қоян, қарға, кірпінің , баскиім – кеудешелері, жемістер..

Сөздік жұмыс: Келе ғой, ризамын, бәріміз.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс әрекеті.
Мотевациялық - қозғаушылық. Балаларды «Сәлем балақай» әнімен қарсы алу. -Балалар «Алма» ертегісіне барғанымыз естеріңде ме? Енді бүгін өздерің сол кейіпкерлерді ойнайсыңдар, келістік пе? (Залдың ортасында алма ағашы тұрады). -Олай болса, бәріміз отырып, «Күз» атты шығарманы (С.Кибирова) тыңдайық, ертегімізді бастайық.     Балалар әнді есіне түсіріп, қосыла айтуға ынталанады.     Шығарманы тыңдауға тырысады.  
Ұйымд астырушылық - ізденушілік -Балалар, «Алма» ертегісін есімізге түсірейік, кейіпкерлер нелер еді? Балаларды ағаш айналасына үш топқа бөліп отырғызу (қояндар, кірпілер, қарғалар. Аюдың рөлінде жетекшінің өзі).   «Балалар биі»(Музыкасын жазған А.Майкапар) Балаларға №1,№2,№3,№4 жаттығуларын айтқызу қимылдату (келесі қайталауда балалар топтарын ауыстырып отырғызуға болады). Ән айту: «Қоянның келуі», «Қарғалардың әуені», «Кірпіні шақырамыз». 1-жаттығу ырғақты көрсету: «Алма, алма түсе гой». Сегіздік нотаны қысқа қайырып, төрттік нотада тұрып қалып қолдарын жоғары көтереді. 2-жаттығу Қояндарды отырғызып, ортаға қарғаларды шақырады. «Алма» әнін айтады (Е.Тиличеева сөзін лайықтаған Г.Абдрахманова) Қарғалар сөзіне лайық ұшу қимылдарын жасап, ағашты айналып жүреді. Ағашта ілініп тұрған қағаз алмалар жерге түседі. 3-жаттығу «Кірпінің келуімен» басталады, кірпілер тізерлей жүріп кіреді (ағашты айналып, алдын – ала дайындалған кеудешелерді киеді). Тағы бір айналып орындарына барады, жаттығуларды бірте – бірте жоғары, бірте – бірте төмен айтқызып үйрету. 4- жаттығу. «Аюдың келуі» әнін (Н.Гуварджи, Ж.Қалжанова) айтады. Аю,аю, аюдың Ақылы көп басында. Ынтымақпен аңдар жүр, Тірлігін жасап қасында. Педагог Аю рөлін ойнап кіреді. -Аюжан, біздің ағаштағы алмаға Қоян, Қарға, Кірпі таласып, бөлісе алмай жатыр, сен бізге көмектесші. Аю: Алманы кім тапты?   Қоян, қарға, кірпі.   Балалар дауыс – қимыл жаттығуларын қайталап айтуға, қимылдауға талпынады.   Қояндар секіреді. Қолдарын жоғары созып көтереді.     Әнді сөзімен айта жүріп ұшуға үйренеді.   Кірпілер тізерлеп кіреді, айналып жүреді, кетеді. Қояндар, қарғалар, кірпілер жаттығуды бірте – бірте жоғары, бірте – бірте төмен айтып Аюды шақырады. Балалар аюға қарап бәсең дауыспен айтуға тырысады. Балалар бірінші қатты дауыспен, екінші бәсең дауыспен айтады.   Қояндар: алманы біз таптық.
    Алманы кім түсірді?   Алманы кім ұстап алды?   Аю: Беріңдер, беріңдер, Бірдей бөліп көрейін Бәрің де, бәрің де, Тату – тәтті жүріңдер. (Алманы алып бірдей бөліп береді). «Сиқырлы дорба» (ішінде жемістер, көкеністер т.б. заттар болады). Балалардың көздерін байлауға болады, қолын дорбаға салып, қарамай, енеі ұстағанын айтады).   Қарғалар: алманы біз түсірдік. Кірпілер: біз ұстап алдық. Кірпілер алмангы береді. Шеңбермен жүріп айтуға тырысады.     Балалар жемістер мен көкеністерді ұстап ажыратуға тырысады.  
Рефлекстік - түзетушілік -Балалар , өте керемет ойнадыңдар, «Сиқырлы дорба» сендерге жемісін силайды,- деп алдын –ала дайындалғаналма, алмұрт т.б. балаларға үлеатіреді. Мақтайды, қоштасады. Балалар жемістерді алып қуанады, қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Музыканы тыңдауды, дауыстарды бірте – бірте көтеруді.

Игереді: Музыка ырғағымен кейіпкерлердің дауысын салуды, әндетуді..

Меңгереді:Аю болып қорбаңдап жүруді, қоян болып секіруді, кірпі болып тізерлеуді, шеңбермен жүруді.

Технологиялық карта

Араша

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Музыка Тақырыбы: «Бақшаға барамын» Мақсаты: Балалардың музыкаға деген құштарлығын арттыру, сүйікті балабақшасы туралы ән айтуға үйрету.

Қолданылатын көрнекілік құралдар: Балабақша өмірі туралы суреттер.

Сөздік жұмыс: Балабақша.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс әрекеті.
Мотевациялық - қозғаушылық. Музыка залында балаларды көңілді музыка әуенімен қарсы алады. Шеңбер бойымен жеңіл әуенге ілесіп аяқтың ұшымен жүгіру, серіппелі қозғалыс жасау, айнала. Бізге тәртіп үйреткен, Ән салдырып билеткен, Әріптермен, суретпен, Таныстырған біздерді, Педагог тәтеміз. (О.Асқар) -Балалар өлең кім туралы жазылған?   -Балабақшада не үйренесіңдер?     Балалар музыка үнін ести отырып, сол музыкаға лайық қимылдар жасайды.   Балалар өлеңді мұқият тыңдайды. Кім туралы айтылғанын тауып, жауап беруге тырысалы.    
Ұйымд астырушылық - ізденушілік Сұрақ – жауап әдісі арқылы кіріспе әңгіме өткізіледі: Біз балабақшада не істейміз?   Балабақша сендерге ұнай ма?   Тағы немен айналысамыз?   Музыка тыңдау: «Сәби қуанышы» (Е.Құсайынов). -Балалар музыка көңілді ме, көңілсіз бе?   -Бұл музыкаға қандай қимыл жасауға болады?   Ән айту. Өткен әндерді қайталау. Ән айту кезінде иықты көтермей, денені тік ұстап айтуға дағдыландыру.   «Балабақшаға барамын» (музыкасын жазған Ө.Байділдаев, сөзін жазған К.Сүлейменов).   Әнді алдымен музыка жетекшісі орындап береді. -Әнде не туралы айтылды? -Бақша сендерге ұнай ма? Алдымен мәтінін үйреніп, әуенді анық айтуға үйрету. Ән көңілді ме, көңілсіз бе? Әннің бірінші шумағын үйреніп, екінші шумағы келесі сабақта жалғастырылады.   Әуенді қимыл – қозғалыс: «Достастық» (муз. Р.Рустамов) -Балабақшада балалар бір – бірімен кейде ренжісіп, өкпелеп қалады. Содан кейін көп ұзамай татуласады. Қазіргі үйренетін биіміз «Достастық» деп аталады.   Балалардың жауаптары: Ойнаймыз, тамақ ішеміз, серуендейміз, өлең тыңдаймыз, ертегі тыңдаймыз.     Балалар білгендерінше жауап беруге тырысады. Жүгіруге, жеңіл айналуға болады. Балалар өткен сабақтағы әндерді естаріне түсіріп қайталайды.   Балабақша туралы әнді көңілді айтуға тырысады.     Алдымен бір – біріне арқаларын беріп, өкпелеп тұрады. Аяқтарымен жерді ұрады. Әуен өзгергенде бір – біріне қарап қолдарын шапалақтайды, тез айналатын жерінде қол ұстасып бірге айналады да,соңынан құшақтасып татуласады.    
Реффлекциялық- түзетушілік. Қортындылау, мақтау, бағалау. Қуана қоштасып шығады.

Күтілетін нәтежие:

Біледі: Сүйікті балабақшалары туралы.

Игереді: Көңілді, көңілсіз, өкпелеу, достастық деген түсініктерді.

Меңгереді:Би қимылдары арқылы өкпелеу, татуласу қимылдарын.

Технологиялық карта

Араша

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Музыка Тақырыбы: «Кәне, қызық ойын бар» Мақсаты: Музыка ырғағына сай қимылдар жасауға үйрету, музыкалық есту қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын көрнекілік құралдар: Аттылы адамдар, атшабыстың суреті, ат басының бейнесі кигізілген таяқ.

Сөздік жұмыс:төрттаған, атшабыс.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс әрекеті.
Мотева циялық - қозғаушылық Балаларды көңілді әуенмен қарсы алады. Музыка әуеніне ілесіп қимылдарды, нақты дәл жасауға талпынту. Амандасады. Шеңбер бойымен жүгіреді, Музыка әуеніне ілесіп қимылдар жасайд  
Ұйымдастырушылық – ізденістік -Балалар , мына суреттерге қараңдаршы, кімдерді көріп тұрсыңдар? -Атқа мінген адамдар, ат шабысын көріп тұрсыңдар. Музыка тыңдау: «Төрт таған» (муз. Б.Дәлденбай). -Аттың шабысына ұқсай ма? Аттың шабысын көз алдыларыңа елестетіңдерші. Аттың төрт аяғының шабысын музыка тілінде беруге тырысқан. Өткен әндерді қайталау. Ән айтар алдында денені түзеп,басты тік ұстап қатты айғайламай, әуенді дұрыс айтуға тырысу. Өткен сабақтағы әндерді естеріне түсіріп, мәтінін анық, толық айту. Ән үйрету: «Кәне қызық ойын бар» (Эстонның халық әні, өңдеген А.Роомере, аударған И.Сапарбай). Әннің мәтінін жаттап әуенін үйрену. Әуенді айта отырып қимыл жасау. Қайырмасында қолдарын буыннан қозғалтып, орындарында тұрып айналу. «Қолымызды жаяйық, құстай қанат қағайық» деген жерінде қолды жайып, қанат секілді қағу керек. Қимылдарды бірдей жасауға үйрету. «Атжарыс»ойыны. «Төрттаған» музыкасымен балалар жарысып ойнайды. Екі – екі баладан жарысады, кім бірінші болып межеге келсе, сол жеңіске жетеді.   Балалар суретке қарап ,жауап беруге тырысады.     Музыка тыңдайды, сұраққа жауап беруге тырысады.   Аттың шабысын музыка тілінде түсінуге әрекет жасайды.   Өткен сабақтағы әндерді айтады.     Балалар әннің мәтінін айта отырып, мәтініне сәйкес қимылдар жасайды. «ля-ля-ля» деген жерінде музыка жылдамырақ ойнап, балалар орындарынан тұрып, қолдарын буынынан бұрап айналдырады.     Балалар таяқты ат етіп мініп шабады, жарысады.   Тезірек межеге жетуге тырысады.  
Рефлексиялық – түзетушілік. Музыка жетекшісі сабақты қортындылап, балаларды мақтайды, мадақтайды. Қоштасып, топқа оралады.

Күтілетін нәтежие:

Біледі: Ән мен қосылып қимыл жасауды..

Игереді: Төрттаған, атжарыс деген ұғымдарды түсінуді

Меңгереді:Аттың шабысын, атқа отырып шабу дағдыларын.

Наши рекомендации