Сабақтың тақырыбы: Нумерация тақырыбында дидактикалық материалдар қолдану.
Жоспар
1.100 көлеміндегі сандар тақырыбын оқытудағы дидактикалық материалдар.
100 көлеміндегі ауызша нумерацияны оқып үйрену балалардың жаңа есептеу бірлігі ретінде жүздік турал ұғымын қалыптастырудан басталады. Ол үшін нәрселерді бір-бірден, он-оннан, жүз-жүзден санайды. Практикада көбінесе шыбықтарды пайдаланады, сондай-ақ «Квадраттар мен жолақтар» деген көрнекі құралдарды пайдалануға болады. Ол тығыз қағаздан дайындалады, бірліктер квадраттармен (квадрат сантиметр), ондықтар-жолақтармен, әрқайсысында 10 квадраттан, ал жүздіктер - әрқайсысында 10 жолақтан, квадраттармен (квадрат дециметр) белгіленеді. Жеке оқушы пайдаланылатын мұндай көрнекі құралдарды балаларға еңбек сабағында жасатуға болады. Осы мақсатпен «арифметикалық жәшік» кубиктері мен білеушелерін пайдалануға болады.
Көрнекі құралдарды пайдаланып, оқушылар он-оннан 10 рет санап алып, оларды бір жүздікпен алмасырады. Мұғалімнің басқаруымен балалар разрядтық бірліктердің арасындағы қатыстарды тағайындап, оларды жазады.
10 бірлік 1 ондықты құрайды;
10 ондық 1 жүздікті құрайды;
Әрі қарай жүздіктерді санау (1ж., 2ж., 3ж., т.с.с), жүздіктерді қосу және азайту (3 ж.+4ж., 8ж.-5ж. т.б.). Осы жаттығулар негізінде жүздіктерді, ондықтарды немесе жай бірліктерді қалай санаған болсақ, солай санайды.
1.100 көлеміндегі сандар туралы тақырыпты оқыту міндеттері төмендегіше:
1.Оқушыларды жаңа есептеу бірлігі- ондықпен таныстыру.
2.Натурал сан ұғымымен, 10 бірлік- 1 ондық құрайтынын меңгерту
(10 бірл.=1 онд.).
3.Толық ондықтар қатарымен және оларға 10-ды қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру.
4.Екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйрету; 100 санын жазуға ең кіші және
ең үлкен санды анықтауға үйрету;
5.Екі таңбалы сандар көлемінде цифрлардың орындық мәнін бекіту және сан мен
цифр арасындағы айырмашылықты меңгерту;
6.Екі таңбалы сандарды нөмірлеу негізінде қосу және азайту біліктерін қалыптастыру.
7. Шама тақырыбын нөмірлеу тақырыбымен байланыстырып қарастыру.
1м =10дм=100см 100 бірл.=10 онд.=1 жүз.
Қолданылатын көрнекіліктер:
1.Жеке 10 таяқша және он-оннан буылған таяқшалар;
2. Абак (ондық.Бірлік)
3. Кеспе цифрлар 2 таңбалы сандар жазылған топшамалар.
«Бір таңбалы және екі таңбалы сан» ұғымдарын меңгеру.
а) 10 көлеміндегі барлық сандар оқытылғаннан кейін 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 «сандар қатары» ұғымымен таныстырылады.
ә) Мұнда санды жазу үшін бір таңба (цифр) қолданылса, олар – бір таңбалы сандар.
б) 10 саны – екі таңбалы сан, өйткені оны жазу үшін екі таңба: 1 және 0 цифрлары қолданылады.
в) Тиянақтауға арналған жаттығулар беріледі:
0 1 2 6 10
10 7 4 1
Бастауыш сынып мұғалімдерінің ойындарды математиканы оқыту процесінде пайдалану мүмкіндіктері зор. Осыған сәйкес біз өз жұмысымызда «Теріс емес бүтін сандарды нөмірлеу» тақырыбын оқытуда ойындарды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін арнайы сөз етіп, олардың тәрбиелік мәнін ашып көрсетуді жөн көрдік. Бұл тақырыпты оқытып-үйретудегі ең басты міндет – оқушылардың сан және цифр жайындағы түсініктерін қалыптастыру, сандардың атауларын және олардың сәйкес цифрлармен белгіленетіндігін игерту, цифрларды жазу дағдысын қалыптастыру.
Сан туралы түсінікті дамыту ондықтар мен жүздіктерді, екі таңбалы сандарды шығарып алумен таныстыруды көздейді, бұл теріс емес бүтін сандар нумерациясын оқытудың екінші кезеңі деп аталады. Жүз көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі:
1. Ондықты шығарып алу және «натурал сандар» ұғымы.
2 «Толық ондықтар» және «Жүз» ұғымдарымен таныстыру
3. 100 көлемінде екі таңбалы сандарды шығарып алу, оқу және жазу
4. Екі таңбалы сандарды салыстыру және сандардың разрядтық құрамын оқыту
100 көлеміндегі сандардың жазбаша нумерациясымен таныстырғанда, балалардың екі таңбалы сандарды жаза білетіндіктерін пайдаланып, жүздіктер, яғни ІІІ разряд бірліктері, оңнан солға қарай санағанда, үшінші орынға жазылатынын көрсету керек.
Осы тақырып өтілетін алғашқы сабақта оқушылар сандарды көрнекі құралдардың көмегімен (шыбықтармен немесе квадраттармен) иллюстрациялап көрсетеді және оларды цифрлармен белгілейді, мысалы: 65, 165, 365, 360, 305. Мұнда шыбықтарды (немесе квадраттарды) таблицада разрядтың сәйкес атауларының астына жазған дұрыс: жүздіктер, ондықтар, бірліктер.
Бұдан кейін оқушылар тақтадағы разрядтар таблицасына және дәптерлеріне бірнеше сан жазады, (мысалы, 7 жүздіктен, 8 ондықтан және 5 бірліктен; 7 жүздіктен және 8 ондықтан 7 жүздіктен және 5 бірліктен құралған сан). Балалар жай бірліктер- І разряд бірліктері, ондықтар- ІІ разряд бірліктері екенін біледі; енді олар жүздіктер- ІІІ разряд бірліктері екенін білетін болады және мысал, ІІІ разрядтың 6 бірлігінен, І разрядтың 5 бірлігінен құралатын сандарды жазады, сондай-ақ оларды есеп шотқа сала алады. «Үш таңбалы сан» термині енгізіледі. Бақылауларға сүйеніп балалар, оңнан солғ қарай санағанда, бірліктер 1-ші орынға, ондықтар 2-ші орынға, жүздіктер 3-ші орынға жазылатынын және егер санда І немесе ІІ разряд бірліктері болмаса, олардың орнына нөль жазылатындығы жөнінде тұжырым жасайды.
Жазбаша нумерация бойынша білімдер мен біліктерді бекітуге мынадай тапсырмаларды орындау көмектеседі:
1) 657, 765, 576 сандарының жазылуында әр цифрі нені белгілейді?
2) 473, 49, 504, 444 сандарының әрқайсысының жазылуында 4 цифры нені белгілейді?
3) 35, 33, 535 сандарының әрқайсысының жазылуында небары неше цифр бар және әр түрлі неше цифр пайдаланылған?
4) 2, 3, 4 цифрларын пайдаланып, үш таңбалы әртүрлі 6 сан жазыңдар.
5) 7 және 8 цифрларын пайдаланып мүмгіндігінше барлық бір таңбалы, екі таңбалы және жазыңдар (жеке сандарды жазғанда әр цифрды бірнеше рет пайдалануға болады).
Жазылуында нольдері бар сандарға ерекше назар аударған жөн.