Сурак. Мұғалімнің өзін өзі басқару шеберлігі өзін өзі қалып.дың техникалық негізі
Оқыту және тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданған әлемге әйгілі ғұламалар Я.А.Коменский, Ж.Руссо, Песталоций, Дистервег, орыс ғалымдары К.Ушинский, Л.Толстой, А.Макаренко, В.Сорока-Росинский, В.Сухомлинский, т.б. “егер кез келген адам өзін-өзі тәрбиелеу дәрежесіне жеткен күнде оны тәрбиелеудің қажеті жоқ, өйткені оны тәрбиелеу аяқталды” деген пікірді дәріптеген. Өйткені “оның тәрбиесімен басқа біреулердің шұғылдануының қажеті жоқ, ол енді өзін-өзі тәрбиелей алады” деген пікірге келгені педагогиканың тарихынан белгілі.
Өзін тәрбиелеуге ықпал ететін факторлар – қоғамның немесе көпшіліктің пікірі, сынды қабылдау және өзін сынға алу мүмкіндігі, ұжымдағы жағымды тыныс, жақын әлеуметтік орта, ұстазы, дос-жараны, ата-ана және басқалардың көмегі.
Педагог, психолог ғалымдардың еңбектеріне және өз тәжірибемізге сүйене отырып өзін-өзі тану және оның нәтижесі ретінде өзін-өзі тәрбиелеудің мынадай тәсілдерін анықтадық.
Өзін-өзі талдау – бұл өзінің ой-сана ағымы мен сезім қызметінің дұрыс-бұрыстығын ой елегінен өткізіп, саралау;
жүріс-тұрысы мен мінез-құлқын талдау іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы, іс-қимылы, тағы басқа сараптау;
өзінің сөйлеу мәнері мен сөздік қоры және сөзді ұғынуы мен түсінуін талдау;
өзін өмір сүрген жақын ортадағы адамдармен салыстырмалау;
өзін-өзінің мұраты мен (идеалы) салыстырмалау;
өзін мұрат тұлғамен салыстырмалау;
өзін-өзінің жақын құрбысы мен салыстырмалау;
өзін басқалармен салыстырмалау;
өзінің ішкі жан дүниесіндегі кемшіліктерді саралау;
өз бойындағы іш тарлық, жалқаулық, салғырттық, өзімшілдік, көреалмаушылық, қулықпен көзге шалыну, басқаларды азаптап пайда табу, адамдардың арасына іріткі салу секілді нашар мінездердің бар-жоғын сараптаудан өткізу
Бұларды анықтаған соң енді олардың ішінен кейбір кемшіліктер бойында бар болса оларды жою жолдарын қарастыру керек. Осыған орай мынадай өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін ұсынамыз:
өз мінез-құлқын реттеу үшін өзіне бұйрық беру;
белгілі бір істі жүзеге асырудағы жалқаулығын жою үшін өзін-өзі мәжбүрлеу;
өзін-өзі жаттықтыру – белгілі бір әдет, дағдыларды бойына сіңіру үшін қолданатын бір істі көп рет қайталау арқылы жаттығу;
көндігу - әр түрлі өмір жағдайларына, жаңа өмір салтына, жаңа тұрмыстық және кәсіптік талаптарға бейімделу үшін жүзеге асырылатын ішкі саналық және сыртқы іс-қимылдық әрекеттер;
әдеттену – жаңа мінез-құлық, жүріс-тұрысқа дағдылану үшін істелетін тұлғаның өзіндік әрекеті;
өзін-өзі қайраттандыру (қайрау) немесе жігерін жану арқылы бойындағы салғырттықты жою, жігер қайратын ояту, өз ойы мен сезіміндегі жасқаншақтықты жою үшін иландыру тәсілін қолдану;
өзін-өзі бойындағы қуатына сендіру;
өзін-өзі нандыру – ойша және сөз түрінде белгілі бір арнайы формулаларды орындау арқылы жүзеге асады. Өзі мен өзі кеңесуді “қабырғаңмен кеңес” дейді халқымыз.
Адамның белсенділігі оның әрекетшілдігінің көзі – қажеттенуін қанағаттандыруға бағытталған іс-қимылы. Ғалым-психологтар Қ.Жарықбаев, Ж.Түрікпенов және т.б. пікірлері бойынша жалпы ағзаның анатомиялық-психологиялық қасиеттері мен тұлғаның қандай да болса қасиеттерінің дамуына жүйке жүйесі мүмкіндік жасап, туа пайда болуы мүмкін, бірақ, бұл мүмкіндіктер тек тәрбиеге байланысты жүзеге асады.
Жаһандану кезіндегі педагог даярлығы
Қоғамның жоғары педагогикалық білімді мамандарға қойылатын талаптары соңғы жылдары күрделенді. Жаңа қоғам мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі көрсету (ұмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік), ақпараттың және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман. Сондықтан мұғалім білімнің өзіндік құндылығын анық саналы түсініп, өз пәнін жетік білуі тиіс. Ендеше болашақ кәсіби маман мына сапаларды меңгеруі шартты міндет:
1. Ол өз пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық үрдістегі әр қатысушының орнын көре білуі, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда артта қалушылықты реттеуі;
оқушылардың негізгі құзырлығын қалыптастыруға дайындығы (құндылық-бағдар, жалпы мәдениет, оқу-танымдық, коммуникативтік, ақпараттық, әлеуметтік-тұлғалық, құзырлық және т.б.)
2.Оқушылардың адамгершілік-рухани, азаматтық-патриоттық, көп-мәдениетті, экологиялық, денсаулығын сақтау тәрбиесін жүзеге асыра білуі;
3.Білімге ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыру (мүмкіндігі шектеулі балалар, дарынды балалар, жетім балалар, ішімдікке, нашақорлыққа тәуелді балалар, т.б.).
Бұндай нәтижеге жету үшін болашақ мұғалімдерді даярлау жоғары оқу орындарында біртіндеп жүргізілуі қажет, тұлға болып сатылап қалыптасуы үшін оған жағдай жасау керек. Ол үшін алынған білім негізінде тұлғаның бағыты айқындалған сала бойынша кәсіби іс-әрекетін қалыптастыру шарт. Болашақ мұғалімдер тәжірибеде жинақталған теориялық білімдерін өмірде қолдану арқылы олардың кәсіби әдісі жинақталады. Сонымен кәсіби іс-әрекеттің технологиясы мен кәсіби өзіндік санасы қалыптасады.
Мамандықты меңгерген әрбір адам оның үш аспектісімен кездеседі: тұлғалық, мазмұндық, процессуалдық (технологиялық). Бұл аспектілер педагогтерге тән (профилге байланысты емес) пәндердің жеке ерекшеліктер іс-әрекетінде бейнеленеді. Сонымен қатар болашақ мұғалімдерді өндірістік іс-әрекет жағдайына бейімдеу қажет.
Психологиялық бейімделу – педагогикалық үрдісте субъектілердің психологиялық жағдайын түсінуге икемделуі десек, технологиялық бейімделу – оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әдістерін меңгеру. Бұдан басқа жоғары оқу орындарының көлденең және тігінен үйлестірілген педагогикалық әкімшілік іс-әрекеті жүйесіне де болашақ мұғалімдерді бейімдеу қажет. Болашақ жаңа формация мұғалімін қалыптастырудың басты бағдарына инновациялық, шығармашылық ойлары бар тәрбие идеясы жатады. Соның нәтижесінде әлеуметтік мәнді сипаты, қарым-қатынасы, түрткісі және қалыптасқан құзырлық тірегі бар оқушының жаңа тұлғасы қалыптасады. Сол себепті болашақ мұғалімнен шығармашылық бағыттағы педагогикалық іс-әрекеттер талап етіледі. Олар төмендегілер:
1.болашақ педагог өзінің мүмкіндігін нақты бағалай білуге үйренуі, әлді және әлсіз жағын, мүмкіндіктерін әділ бағалауды білуі (өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау, эмоционалды көңіл-күйді көрсете білу, қарым-қатынастық, дидактикалық қабілеттері, ерекшеліктері, т.б.);
2.жалпы мәдени-интеллектуалдық іс-әрекетті меңгеруі (ойлау, есте сақтау, қабылдау, елестету, көңіл бөлу);
3.әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденциясында өтіп жатқан интеграциялық үрдісінде қазіргі білім берудегі көпмәдениеттілігі және мұғалімнің көптілділік даярлығына болжам жасауға бағдарлана білуі;
4.жастарды патриоттық рухта тәрбиелей отырып Отан игілігі үшін жемісті еңбек етуге ұмтылдыру және мемлекет пен қоғам үшін өзінің іс-әрекетінің маңыздылығын түсінуі.
Педагогикалық білім берудің мақсаты – педагог біліктілігінің дамуына көмектесу, кәсіби міндеттерді шешу қабілеттілігін жетілдіру, Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі білім беру жүйесінің даму ерекшелігін қамтамасыз ету және
жалпы 12 жылдық білім беруді енгізу. Сондықтан еліміздегі педагогикалық білім берудің маңыздылығы педагогикалық кадрлар даярлығының сапасын жетілдіруді, әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденцияларын қоғам дамуының тұрақтылығы контексіне сәйкестендіріп реформалауды қажет етеді. Осыған орай, республикамыздың жоғары оқу
орындарында сапа менджменті жүйесін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Пед этиканың категориялары:
-кәсіби парыз;
- педагогикалық әділеттілік;
- кәсіби ар-ождан;
- педагогикалық ар-намыс;
- педагогикалық такт;
- жауапкершілік;
- ар-ождан
- бедел
Педагогикалық этиканың негізгі принциптері
- Ізгілік принципі;
-Педагогикалық оптимизм;
-Педагогикалық ынтымат;астық және ұжымшылдық
-Азаматтық, патриотизм;
-Тұлғаға талап қоя алу және оны құрметтеу;
-Профессионализм, шығармашылық
25. Пед. Қарым-қатынастағы мимика пантомимика.«Педагогикалық техника» терминімен мұғалімнің оқушыға жеке әсер етудің түрлі құралдарын белгілеуге болады, дейді А.С.Макаренко. Оның құралдары: икемделу қабілеті, дауысты орнату, мимика, пантомимика, сөйлеу мәдениеті, ойынды түсіну қабілеті. «Педагогикалық техника» ұғымына екі компоненттер тобы енеді. Бірінші топ: педагогтың өзін-өзі, өзінің әрекетін билеу іскерліктері - өз денесін билеуі (мимика, пантомимика); эмоцияларын, көңіл-күйін басқаруы; әлеуметтік перцепция іскерлігі (бет-әлпетінен тану); сөйлеу техникасы (дем алу, дауыс, дикция). Екінші топ компоненттері тәрбие үрдісінің технологиялық жақтарын ашады, тұлғаға, ұжымға ықпал ету іскерліктерімен байланысты. Олар мына элементтерден тұрады: педагогикалық қарым-қатынас техникасы, талап қою техникасы, тәртіп орнату техникасы, ертеңгі қуанышты ұйымдастыру техникасы, күн тәртібін ұйымдастыру техникасы, жазалау техникасы. Мимика - өзінің ойын, сезімдерін, көңіл-күйін беттің бұлшықеттері көмегімен білдіру өнері. Кейде бет-әлпет, көзқарас арқылы сөзден гөрі күштірек әсер етуге болады. Кинетикалық қарым-қатынас жүйесінің элементтері ретінде қимыл және мимика ақпараттың эмоционалдық мәнін арттырады, оның жақсы меңгерілуін қамтамасыз етеді. Әрине, бет-әлпет айтылатын сөзге сәйкес өзгертілуі тиіс. Типтік педагогикалық мимика бет-әлпеттің қаталдығы, қуаттылығы. Бет-әлпет, тұтас сырт келбет секілді, сенімділікті, қуаттауды, кінәлауды, ренжуді, көңілі толмағандықты, қуанышты, қызығушылықты, ашулануды бірнеше варианттарда көрсетуі тиіс. Күлкі де сезімдердің кең түрін білдіре алады. Мимиканың мәнерлі бөліктері – қас-қабақ, көз. Пантомимика – бұл дененің, аяқ-қолдың қозғалысы. Ол негізгіні көрсетуге қолайлы, бейненің суретін салады. Педагогтың қимылы негізгі ойды және сезімді күшейте отырып, ұстамды және ұйымдасқан болғаны жөн. қимылдың түрлері: бейнелеу және психологиялық. Бейнелеуші қимылдар ой жүйесін көрсетсе, психологиялық қимылдар сезімді білдіреді.
26. Мұғалімнің сыртқы киімінің мәдениеті.Тәрбиешінің сырт келбеті эстетикалық мәнге ие болуы тиіс. Өзінің сырт келбетіне селқос қарауға болмайды, сонымен бірге тым қатты көңіл бөлу де қажет емес. Педагогтың сырт келбеті оқушыларға ықпал жасаудың құралы, тәрбиешінің ішкі рухани дүниесінің бейнеленуі ретінде қолданылады. Тәрбиешінің эстетикалық мәнерлілігі оның бет-әлпетінің қаншалықты жылы шырайлылығынан, іс-әрекетінің жинақылығынан, ұстамдылығынан, орынды қимылдарынан, денесін тік ұстауынан, жүрісінен көрінеді. Егер мұғалім оқушылардың алдына дұрыс үтіктелмеген костюммен, өте таза емес бет орамалмен, таралмаған шашпен келіп тұрса, тәрбиеленушілерден ұқыптылықты, тазалықты талап етуге болмайды. Мұғалімнің киіміне қойылатын негізгі талап – қарапайымдылық, сымбаттылық, артықшылықтың болмауы, жақсы талғам. Қайсыбір шаш үлгісі, көйлектің айрықша тігісі, шаштың түсін жиі өзгерту оқушылардың назарын аударады. Мұғалімнің киім киісіндегі әшекей бұйымдар, костюмі, шаш үлгісі әрдайым педаогикалық міндетті – тәрбиеленуші тұлғасының қалыптасуына тиімді ықпал етуге – шешуге бағытталуы тиіс. Мұғалім әрқашан киім кигенде орнын және белгілі бір шекті сезінуі керек. Сондықтан, ол сабаққа және театрға барарда түрліше киінеді. Балалар педагогтың ішкі және сыртқы әдемілігінің бірлігін, тұтастығын өте жоғары бағалайды. Сондықтан, әрбір мұғалімнің бойында өзінің сырт келбетінің эстетикалық мәнерлі болуын арттыруға ұмтылысы болуы тиіс. Тәрбиешінің сырт келбетінің мәнерлілігі, сымбаттылығы оның өз денесін тік ұстауына да байланысты. Денені тік ұстау тұлғаның ішкі абыройының көрсеткіші. Бүкірейген, әлсіз адам күштің нағыз қуатты көрсеткіші бола алмайды. Бүкірлік, салбыраған бас, бос жатқан қолдар адамның ішкі дүниесінің әлсіздігін, оның өз-өзіне сенімсіздігін, жұмыс жасауға деген ықыласының жоқтығын білдіреді. Адамның бойының ұзындығына қарамай тік жүруі, жинақылығы оның ерекше күштілігін көрсетеді; оқушылар бұл педагогтың өзінің біліміне, күшіне сенімді екенін көреді, мұғалім оларды баурап алады. Денені дұрыс, тік ұстау үшін спортпен, арнайы әдістермен айналысу қажет. Мұғалім сабақта оқушылардың алдында дұрыс тұру мәнерін, сыныпта ешкімге кедергі жасамай қозғалуға үйренуі тиіс.
27. Пед сөзі тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде.Мұғалім сөзі оқу-тәрбие жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Ауызша сөйлеу шеберлігі, балалардың назарын өзіне аудару және ұстау іскерлігі, сендіру, қызығушылығын ояту іскерлігі, көңіл-күйіне әсер ету – бұл қасиеттерсіз мұғалімді елестету мүмкін емес. Тіл – тұлғаны қалыптастырудың, әлеуметтік тұрақтануының маңызды құралы. Оқу-тәрбие үрдісінде тіл ерекше орынға ие. Егер сөзді педагог белгілі бір мақсатта тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланса, оның ықпалы, сөзсіз, артады. Кез-келген мамандық бойынша мұғалімнің, тәрбиешінің сөйлеу материалы дұрыс, мотивті түрде таңдалып, тәрбие мақсатына, ситуацияға, белгілі бір жағдайлардың ерекшеліктері мен сипатына сәйкес жүзеге асырылуы үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Тіл және сөз объективті ақиқатта әрдайым біртұтас, ажырамас бөлік ретінде танылғанмен, олар бірдей емес. Тіл – бұл берілген ұжымның барлық мүшелері түгел қабылдайтын жалпыға бірдей мазмұнға ие, сөйлеу практикасында бекітілген тілдік белгілердің (морфема, сөз, сөйлем) жүйесі. Сөз (сөйлеу) – бұл ұжымның тілі өзінің нақты практикалық қолданысын табатын жеке индивидтердің тілдік әрекеті. Тіл мен сөздің айырмашылықтары бірін-бірі толықтырады. Егер кез-келген нақты қолданыстан абстракцияланған тіл қарым-қатынас жсаудың әмбебап құралы болып танылса, нақты тілдік ситуацияда белгілі бір мазмұнға ие аталған қарым-қатынас құралды сөз болып табылады. Яғни, сөз және тіл – бұл өзара байланысқан тілдік әрекеттің екі түрлі формасы.
28. «Педагог сөзі» дегеннен гөрі «педагогтің шешендік шеберлігі» деп айтқанды жөн санаймыз. Шынында да педагогикалық шешендіктану ғылымы өркендеп қанат жаюда. Бүгінгі заман талабына сай мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шешендіктану іліміне сусап отырған жайы бар, күн санап қызығушылықтарымен ынтазарлықтары да арта түсуде.Педагогикалық шешендіктану педагог мамандарға білім қорымен берумен қатар сөз сөйлеу білік-дағдыларын жинақтауға септеседі. Педагогтерге оқытудың, тәрбиелеудің және оқушыларды дамытудың маңызды амалы ретінде, педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі маңызды құрал ретінде сөйлей білуге көмектеседі. Сондай-ақ педагогтің сөз дұрыстығын, тазалығын, дәлдігін, дәлелділігін, байлығын – жалпы сөйлеу сапалылығын, қазіргі қазақ әдеби тіл нормаларын кеңінен таныстырады. Педагогикалық шешендіктану мұғалімге өзара пікірлесу, сөйлесу мүмкін еместей көрінетін ең ауыр кластармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ мұғалім не оқушы тарапынан өзара тіл табысуға еш құлқы, ұмтылысы, мүмкіндігі жоқтай, тіпті қабілет-қарымы таяздау көрінетін, алынбас қамал іспеттіорталарда монологтық сөз сөйлеуге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар кез келгенпедагогикалық тұрғыда әсер етудің сәттілігі мұғалімнің сөз сөйлеу үстінде өзін-өзі таныту арқылы көрінеді десек, мұғалім сөйлеген сөзі арқылы оқытады, тәрбиелейді, өзіндік көзқарасына иландыра жұмылдырады, пікір алмасады, оқушылардың санасында мейлінше тереңірек, әсері жоғары образдарды тудырады.
29.Сөз әрекетінің псих құрлымы.Қарым-қатынас құрылымын таңдауда адамның, әcipece,педагогтың жалпы мәдениет деңгейі айқындалады.Егер педагог алдын-ала міндеттерді белгілеп, оларды көз алдына елестетсе, оқушылармен қарым-қатынас орнату тиімді болар еді: ол қандай мақсатпен cөйлeyi керек, ол нені айтуы керек, қалай сөйлеген дұрыс. Яғни, сөздің психологиялық құрылымын осы мақсатқа бағындыруы тиic.
Осылайша, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі оның ауызша сөйлеудің тәрбиелеу қасиеттерін меңгеру іскерлігіне тәуелділігі анықталды. Осыған байланысты педагогикалық кадрларды даярлаудың маңызды шарты - студенттердің бойында тілге мұқият қарауды және олардың сөйлеу мәдениетін дамытуға нақты бағытталуды белгілеу қажет. Ceбeбi, тіл және сөз - болашақ кәсіптік әрекеттің басты құралы болып табылады.
30. Сөз мұғалім мен оқушының тіл табысу құралы.Педагог — өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы.
Мұғалім оқушыларға рухани тәлім – тәрбие беру үшін халық ауыз әдебиетін жақсы білуі, меңгеруі қажет. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани-адамгершілік қағидалары — жеке тұлғаны өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады. Сол себепті рухани-адамгершілік білім негіздерінің ықпалдасуына көркем шығарма негіз болып табылады.Көркем шығарма – әдебиеттің мазмұнын құрушы материал.
32. Сөйлеу мәдениеті - бұл әдеби тіл нормаларына сәйкес сөздерді қолдану, айту, өзгерту, басқа лексемалармен бipiктіру, сөйлемдідұрыс құрастыру. Тіл нормалары (орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық) дегеніміз қарым-қатынаста қажет болатын құралдардың жиынтығы. Олар әдеби тілге тән, оларсыз сөйлеу мәдениеті болмайды. Сөйлеу мәдениеті eкi компоненттерден құралған: тілдік элементтер мәдениеті және қарым-қатынасты орнату мәдениеті. Сөйлеу мәдениеті жайындағы ғылым тілтану саласына жатады, ол, ең алдымен, лексика, орфография, орфоэпия, морфология, синтаксис, стилистикамен байланысты. Бірақ тілдік құралдардың мәнерлілігі жайындағы ғылым басқа ғылымдардың элементтерін жинақтайды, олар: әдебиет теориясы, психология, педагогика, анатомия және физиология, физика (акустика) жэне т.б. Жоғары оқу орны оқытушысының, мұғалімнің cөзi нақты, дұрыс, түсінікті, әдемі, қысқа да нұсқа және т.б. қасиеттерге ие болуы тиіс. Сөйлеу мәдениеті ұғымына сөздік қордың байлығымен анықталатын лексикалық мәдениет енеді. Бай сөздік қоры - бұл сөйлеу мәдениетінің ажырамас бөлігі. Тілдің байлығы сөздердің санымен емес, оларды түрлі мағынасында қолдану қасиетімен де анықталады. Бұл құбылыс полисемия деген атауға ие. Сөздерді қолдануда өте абай болған жөн. Сөйлеу барысында ең қажетті және келістi сөздерді қолдану дәлдікке - сөйлеу мәдениетінің маңызды сапаларына әкеледі. Педагог сөзі сауаттылығымен қатар мәнерлілігімен,
бейнелілігімен, эмоционалдығымен ерекшеленеді Оған фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, афоризмдер, анафора, градация, инверсия сынды стилистикалық фигуралар жатады. Интонация - ауызша сөйлеудің жүрегі. Оның eкi түpi бар: логикалық, және эмоционалды.-экспрессивті. Логикалық интонацияның мақсаты - сөйлемде маңызды мәнге ие сөздерді айқындау. Эмоционалдық-экспрессивті интонация мғұғалімге өзі әңгімелеп отырған адамдарға, құбылыстарға, оқиғаларға деген қарым-қатынасын, көзқарасын, сезімін, бағасын керсетуге мүміндік береді. Осылайша, тіл - бұл маңызды аппарат құралы, педагогикалық қарым-қатынас құралы, тәрбиешінің тәрбиеленушілерге ықпал ету құралы. В.А.Сухомлинский сөздің маңызын былайша керсетеді «...Сөз - адамның мінез-құлқының өте нәзік салаларына өз әсерін тигізуге қабілеті бар өте жіңішке пышақ. Оны дұрыс қолдана білу іскерлігі - ұлы өнер. Сөз арқылы жан сұлулығын тудыруға болады, Kерісінше, сөзбен оны бүлдіруге де болады. Ендеше, тек сұлулықты тудыратын іскерліктерді меңгерейік».
33. Сөйлеу техникасы - бұл мұғалімге сөз мазмұнының барлық байлығы мен мәнін оқушыға жеткізуге мүмкіндік беретін сөйлеу дем алысының, дауыс шығару және дикцияны орнату дағдыларынын кешені.
Дем алу физиологиялық қызметке ие. Ол ағзаның жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол сөздің энергетикалық базасы. Сөз дем алысы - фонациялық. (грек cөзi phono -дыбыс) болып табылады.
Сөйлеу техникасының негізгі элементтері: сөздік тынысы, темп, дикция, әр дыбысты, буынды, сөзді анық айту деңгейі. Сөйлеу техникасын игеру айтар ойдың арасындағы байланыстарды жақсы жеткізуге мүмкіндік береді.
Нақты сөйлеуге дайындық шешендік сөздің түрімен ерекшеленеді. Лебіз мазмұнды болу үшін, шешен алдын ала дайындықта мынаны ескеруі керек: кімдердің алдында сөйлейді, қандай мәселелер сол аудиторияны қызықтырады, сөздің мазұнында тың мәліметтер жеткілікті ме. Сондай-ақ, оның тақырыбына, сөйлеушінің алдында тұрған мақсат, міндеттерге, оның жеке ерекшеліктеріне, аудиторияның құрамына байланысты болады.