Дауысты дыбыстар: жуан, жіңішке; ашық, қысаң; еріндік, езулік дауыстылар, емлесі
Фонетика
Азақ әліпбиі, дыбыс, әріп
Фонетика– тіл дыбыстарынзерттейтін тіл білімінің бір саласы. Фонетика – гректің фоне – дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзі. Фонетика дыбыстардың жасалуын, айтылуын, естілуін, буын, екпін, интонациянықарастырады. Тіл дыбыстары өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз және мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін сиқты сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.
Ліпби – жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібідегенді білдіретін араб сөзі. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазақ халқының жазу-сызуы араб әліпбиіарқылы қалыптасқан. Араб әліпбиінің негізінде 24 әріптен тұратын қазақ әліпбиінің емлесін түзіп, заңдастырылған нормасын жасаған –А.Байтұрсынов.
Әліпби үшрет өзгерді: 1) араб әліпбиі; 2) латын әліпбиі; 3) орыс әліпбиі.Қазақ жазуы араб әліпбиінен 29 әріптен тұратын латынәліпбиіне 1929 жылы көшті. Латын әліпбиіне көшкеннен бастап бас әріппен жазу пайда болды. 1940 жылы қараша айынан бастапорыс әліпбиіненегізделген қазақ әліпбиі қолданыла бастады.
Орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән тоғыз әріп бар. Олар: ә, ғ, ң, қ, ө, ұ, ү, һ, і.Қалғандары – орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер.
Дауысты дыбыстар: жуан, жіңішке; ашық, қысаң; еріндік, езулік дауыстылар, емлесі
Тіл дыбыстарыекігебөлінеді: 1) дауыстыдыбыстар; 2) дауыссыз дыбыстар. Дауысты дыбыстар саны – 12.Олар: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү, и, э, (у).Дауысты дыбыстар өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамауыарқылы үннен жасалады.
Дауысты дыбыстар тілдіңқатысына қарай екіге бөлінеді: 1)жуандауысты дыбыстар: а, о, ы, у.Жуан дауысты дыбыстарды айтқанда тіл кейін шегініп, тіл үсті дөңестенеді. 2) жіңішке дауысты дыбыстар:ә, ө, і, е, и, э, у.Жіңішке дауысты дыбыстар тілдің ілгері созылуы арқылы жасалады.
Қазақ тілінде сөздер не тек жуан дауысты дыбыстардан, не жіңішке дауысты дыбыстардан құралады. Мысалы, тек жуан дауысты дыбыстардан құралған сөздер: арыстан, аққу, рақат, қараторғай, дауылпаз, тасбақа т.б. Тек жіңішке дауысты дыбыстардан құралған сөздер: өмір, көктем, жүгері, мереке, күміс, ілгішт.б.
Басқа тілден енген сөздер, қос сөздер мен біріккен сөздер жуан дауысты мен жіңішке дауыстының араласып келуінен жасалады. Ондай сөздер аралас дыбысты сөздер деп аталады. Мысалы, емтихан, синтаксис, жөн-жосық, оқта-текте, азық-түлік, Темірқазық, Екібастұз, көзқарас т.б.
Дауысты дыбыстар жақтыңқатысына қарайашық және қысаң болып екіге бөлінеді: 1) ашық дауыстыларжақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о, ө, е, э. 2) қысаң дауыстылыр:ы, і, и, ұ, ү, у. Қысаң дауыстылар жақтың тар ашылуыарқылы жасалады. Тек ашық дауыстылар арқылы жасалған сөздер: орман, өлең, әке, әдеп, бақыт, т.б. Тек қысаңдауыстылар арқылы жасалған сөздер: қызықты, ыдыс, ірімшік, ілгіш, киік, қырқу, т.б.
Дауысты дыбыстарерін мен езудің қатысына қарай еріндік және езулікболып екіге бөлінеді: 1) еріндікдауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.Еріндік дауыстылар еріннің алға қарай созылып, дөңгеленуінен жасалады. 2) езулікдауыстылар езудің кейін тартылуы арқылы жасалады. Олар:а, ә, е, и, э, ы, і.Тек еріндік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: қосу, өру, ұлу, күлут.б. Тек езулік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: ақыл, әдемі, отырықшы, егінші, еңбекшілт.б.
Қазақ тілінде сөздің алғашқы буынындағы еріндік дауыстыларкейінгі буындардағы езулік дауыстылардыайту кезінде өзіне ұқсатып, еріндік дауыстыға айналдырып алады. Бұл ерін үндестігі немесе айтылуы менжазылуында айырмашылық бар сөздер деп айтылады.
ЖАЗЫЛУЫ | АЙТЫЛУЫ |
Құрық Жүгері Жұмыс Көңіл Көркем Өнер Орын | Құрұқ Жүгөрү Жұмұс Көңүл Көркөм Өнөр Орұн |
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар буын талғамайтынжәне буын талғайтынболып екіге бөлінеді.
Буын талғамайтын дауысты дыбыстар: а, е, ы, і. Буын талғамайтындауысты дыбыстарсөздің барлық буынында жазыла береді. Мысалы, балалық, қызықты, ынтымақ, береке, инелік, еңбекшіл, ертегішіт.б.Буын талғайтын дауысты дыбыстар: ә, о, ө, ұ, ү негізінен сөздің бірінші буынында жазылады, тек басқа тілден енген сөздерде, қос сөздермен біріккен сөздерде, адам аттарында ғана сөздің екінші, үшіншібуындарында кездеседі.
БАСҚА ТІЛДЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР | ҚОС СӨЗДЕР | БІРІККЕН СӨЗДЕР |
Куә Дүдәмал Күмән Антоним Лото Мазмұн Мағлұмат Мәжбүр Дәстүр | Әп-әдемі Дәрі-дәрмек Той-томалақ Құл-құтан Ат-көпір Дүние-мүлік Салт-дәстүр Күндіз-түні Күмбір-күмбір | Аягөз Қараөткел Орынбор Көнетоз Аққұтан Айнагүл Меңдіқұл Жанбота Келіссөз |
Кейбір сөздерде сөздің соңында ә дыбысы айтылғанымен а дыбысы жазылады.
АЙТЫЛУЫ | ЖАЗЫЛУЫ |
Рәзинә Жәмилә Рәсуә Жәйләу Шәй Кітәп | Рәзина Жәмила Рәсуа Жайлау Шай Кітап |
Ы, іәріптеріне аяқталған сөздерге тұйық етістіктіңу жұрнағы жалғанғанда ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы, оқы+у=оқу, тоқы+у, қобалжы+у=қобалжу, бекі+у=беку, жекі+у=жеку, ірі+у=іру, т.б.
Соңғы буынында ы, і әріптеріне бар сөздерге тәуелдік жалғауының ІІІ жағыныңжалғауы жалғанғанда түбірдегіы, іәріптері түсіп қалады. Мысалы, халық+ы=халқы, бөрік+і=бөркі, көрік+і=көркі, т.б.
Й, ы, і әріптеріне біткен сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда юәрпі жазылады. Мысалы, той+у=тою, жай+у=жаю, байы+у=баю, кейі+у=кею, т.б.
Я, юәріптері й+а, й+о дыбыстарының қосындысы болып келеді, де қосарлы дыбыстардеп аталады. Я, юқатысқансөздерайтылуы мен жазылуында және дыбыс саны мен әріп санында өзгеріс бар сөздерболып табылады. Мысалы, қоян – қойан, аю – айу, қою – қойу, т.б. Тек айуан, хайуан, кейуана, диуана, миуа, қиуазсөздерінде юәрпі жазылмайды. И қазақтың төл сөздерінде қосарлы ый және ій дыбыстарының қосындысы болып айтылады, бірақ жазылғанда жалаң итүрінде жазылады.
АЙТЫЛУЫ | ЖАЗЫЛУЫ |
Жыйын Қыйын Тыйын Ыйық Кійім Кійіт Ійне | Жиын Қиын Тиын Иық Киім Киіт Ине |
Мұндай сөздер әріп саны мен дыбыс санында, айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздердеп аталады.
Қосарлыый әріптері тексый, тыйтүбірінен тараған сөздерде жазылады. Мысалы, сый, сыйлық, сыйлау, сыйластық, сыйымды, сыйлы;тый, тыйым, тыйылу, тыю, тыяды, тыйдыр, тыйғызу, тыйыл, т.б.
Йы, йі әріптеріне аяқталған сөздерге көсемшенің й жұрнағы жалғанғанда, соңғы ый, ій әріптерінің орнына ижазылады. Мысалы, байы+й+ды=байиды, кейі+й+ді=кейиді, ұйы+й+ды=ұйиды, т.б.