Инновациялық оқыту түрлері мен әдістерін ашып көрсетіңіз.
Инновация дегеніміз – бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да практикада негізделген. Жаңалық енгізу – мекемеге, ұйымға жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге бағытталған.
Инновация сөзі латын тілінен аударғанда жаңалықты ендіру деген мағынаны білдіреді. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы - педагогикалық қарым - қатынас пен қарым - қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
Интерактивті әдіс - тәсілдерді жиі пайдалану, әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру – педагогтар қауымының басты міндеті.
Интерактивтік оқу технологиясы (ИОТ) – деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, білім алушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым - қатынас құруға кепілдік беретін, оқытушы мен білім алушының іс - әрекетін оқу - ойындар түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Интерактивті әдістерге мыналар жатады:
♦ миға шабуыл әдісі;
♦ топпен жұмыс;
♦ проблемалық шығарма әдістері;
♦ рөлдік ойындар;
♦ зерттеулер;
♦ іскерлік ойындар;
♦ сын тұрғысынан ойлау әдісі;
♦ пікірталастар және т. б.
Оқудың интерактивті әдістерінің үлгісі:
«Ми шабуылы», «ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез - келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек. «Ми шабуылы» хабарландыруды анықтау керек болғанда және қатысушыларының белгілі сұраққа қатынасы кезінде қолданылады. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады. Модульдік оқыту технологиясы Компьютерлік және ақпараттық технологиясы Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы Тәжірибелік - эксперименттік жұмысының нәтижесі.
26. Дәріс – жоғары мектепте оқытудың негізгі түрі. Дәріске қойылатын талаптарға сипаттама беріңіз.ЖОО лекция – оқытудың дидактикалық циклінің негізгі звеносы. Лекция сөзі латыннан «lection» - оқу дегенді білдіреді.
Лекция ежелгі Грецияда пайда болды. Ресейде оқытудың лекциялық формасын дамытқан М.В. Ломоносов болып табылады.
Оқытудың лекциялық формасы басқа ешбір сабақ түрімен ауыстырыла алмайтын кездер болады:
·жаңа курстар бойынша оқулықтардың жоқ болуы кезінде лекция – ақпараттың негізгі қайнар көзі болып табылады;
·нақты тақырып бойынша жаңа оқу материалының оқулықтарда әлі басылып шықпаған кезінде;
·оқулықтың белгілі бір тақырыбы өзбетті оқу үшін тым күрделі болған кезе;
·курстың негізгі мәселелері бойынша қарама-қарсы концепциялардың болуы кезінде.
Лекцияның артықшылықтары:
·лектордың аудиторимен көркемөнерлік қарым-қатынасы, эмоционалды әсер етуі;
·лекция – білімдердің негізін жалпы түрде алудың өте үнемді тәсілі;
·лекция жақсы тыңдалып түсіндірілген кезде ойлау қызметін белсендендіреді.
Алайда оқыту процесі лекциядан басталып тәжірибелік сабақтарда жалғасып, өзбетті жұмыста тереңдетіледі.
Лекцияға қойылатын талаптар:
·лекцияның әдепті жағы
·ғылымилық пен ақпараттанғандық
·дәлелденгендік
·ашық, сенімді мысалдардың болуы
·оқытудың эмоционалды формасы
·тыңдаушының ойлауын белсендендіру
·ойлауға арналған сұрақтарды қою
·бірізді қойып сұрақтардың нақты құрылымы мен ашылу логикасы
лекция түрі мен құрылымы.
Құрылымы бойынша лекциялар бір-бірінен айырылады.
Тақырыпты ашу кезінде индуктивті әдісті қолдануға болады: ғылыми қорытындыларға әкелетін мысалдар мен фактілер, сонымен қатар индуктивті әдістерін де қолдануға болады:жалпы жағдайларды түсіндіріп, ары қарай нақты мысалдарда ашып көрсету.
ЖОО дәстүрлі лекция әдетте ақпараттанған болып табылады да, оның бәрнеше түрлері болады:
Кіріспе лекция
Шолу лекциясы.
Проблемалық лекция.
Лекция-визуализация.
Көрнекіленген лекция.
Екі адам қатысатын лекция.
Пресс-конференция лекция.
27. Кредиттік технология негізінде жоғары мектепте оқыту процесін ұйымдастырудың ерекшелігін көрсетіңіз.Кредиттік оқыту технологиясы. Сондай- ақ, бүгінде Қазақстан әлемдік білім берудің бейімделген оқу жүйесіне енуге байланысты кредиттік технологияны оқу процесіне ендіру ұсынылуда.
Еліміздегі білім берудің 12 жылға негізделген бағдарламасында қарастырылған жаңа талаптар, кредиттік технологияны енгізу білім берудің әлемдік стандарттарына сай ойластырылған жаңа қадам.
Білім беру саласында кредиттік жүйе әлемдік білім кеңістігінде бірнеше жылдық тарихы бар үлкен технологиялық бағдарлама екені белгілі. Бұл жүйе америкалық, еуропалық, британдық және Азия мен Тынық мұқит жағалауындағы елдер университетінде қалыптасқан білім жүйесі жан-жақты талданып, ұлттық және мемлекеттік мүддемізге сай сарапталып енгізілуде.
Қазіргі таңда осы жүйені игеру мақсатында төмендегі бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізуге болады:
·Кредиттік оқыту жүйесінің әлемдік тәжірибесі мен 2004 жылдан бері эксперимент ретінде Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу жүйесіне ендірілген кредиттік технологияның «қазақстандық жүйесі» тәжірибесін бейіндік мектеп тәжірибесіне енгізу;
·Кредиттік окыту жүйесінің негізгі үғымдары, мәні мен ерекшеліктерін ескере отырып, рейтинг ережелері мен бағалау ережелерін енгізу;
· Оқу процессін кредиттік жүйеде жоспарлау;
·Кредиттік жүйені оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының құрылымына (Syllabus - оқытудың бағдарламасы, оқушыға берілетін тапсырма тізімдері, оқушының өзіндік жұмысының мазмұны, дәріс конспектері, тәжірибелік және семинар дәрістерінің жоспарлары, мұғалімнің басшылығымен өтетін оқушының өзіндік жұмысты ұйымдастыру үшін ұсыныстар мен жоспары, есептер және ситуациялар, тестер, рейтингттік бақылау жүйесі және т.б.) енгізу;
·Оқу бағдарламаларын құрастыру (мұғалімдер және оқушылар үшін);
·Тапсырмаларды орнндауға әдістемелік ұсыныстар беру;
·Оқушылардың білімін бақылау және бағалау жүйесін енгізу т.б.
·Мұғалім мен оқушы кабинетін ашу;
Мұғалімнен оқу тапсырмаларын алу мен өздік жұмыстарын тапсыруды дистантты түрде (кейс технология) ұйымдастыру;
28. Жоғары мектептегі білім беру үдерістерінің ерекшеліктері, оның негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күшін сипаттап жазыңыз. ЖМП-сының ұғымдарының бірі- білім беру. Білім беруұғымын ең алғаш рет жоғары мектеп педагогикасына енгізген Иогани Генрих Песталоций.Білім беру - табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеріп, оны өмірде тиімді қолдануы. Білім беру барысында жеке адамның танымы, іс-әрекеттері дамиды, ой-өрісі кеңейіп, еңбекке көзқарасы мен мәдениет деңгейі артады.
Оқыту-жоғары мектеп педагогикасы ғылымының негізгі ұғымы. Оқыту- білім берудің негізгі жолы. Оқыту –оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан ол екіжақты, біртекті процесс:
-бірішіден, оқытушы оқушыларға біоім беріп, іскерлікке дағдыландырады;
-екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдыны игеріп, оларды өмірге қолданады.
ЖМП-сының оқыту категориясы екі түрлі қызметпен сипатталады: бірінші-білім берушілік, екінші-тәрбиелік. Біріншісі біліммен қаруландырады, өмірдің құндылығы білім екендігін ұғындырып, өздігімен іскерлік пен дағдыны меңгеруге дайындайды.
Оқытудың тәрбиелік функциясының мәні мынада: оқыта отырып тәрбиелеймін, тәрбиелей отырып оқытамын. Ендеше оқыту барысында адамгершілік, отансүйгіштік, еңбекқорлық, жауапкершілікке т.б. тәрбиеленеді.
ЖМП-сы ұғымының бірі-тәрбие. Тәрбие жағдайында көптеген теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсінушілер кездеседі. Тәрбие- бұл жеке адамның қоғамдық тәжірибені ( білімді, ептіліктер мен дағдыларды, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін, әлеуметтік және рухани қатынастарды) игеруге бағытталған жоғары мектептегі педагогикалық процесс. Өзін-өзі тәрбиелеу- адамның өзіндік дамуын, білім алуын, өзінің жақсы қасиеттерін жетілдіріп, келеңсіз тұлғалық сапаларын жоюға бағытталған іс-әрекеттер жүйесі.
Мұғалімнің қызметіндегі көптеген проблемалық жағдаяттарды шеше білуі,оның теориялық даярлығына тікелей байланысты. ЖМП –сының негізгі категорияларының мәнін ұғыну, бір-бірімен байланыстылығының негізін анықтау, практикалық әрекетте пайдалана білу, әрбір педагогтың міндеті. Категориялар- кәсіби теориялық білімдердің көрсеткіші.
29. Оқытудың заңдылықтары және ұстанымдарын жіктеңіз. Оқыту процесінің заңдылықтары:
— оқыту талаптарына сәйкес оқыту процесін сәйкестендіру,
— ол білім беру,тәрбие және дамыту процестерімен байланысы,
— оқыту процесі оқушыны нақты оқу мүмкіндігін және сыртқы жағдайына тәуелді,
— білім беру мен оқу процесі заңды түрде өзара байланысты,
— оқытудын мазмұны ғылымның даму логикасы және деңгейіне, қоғамның талабын көрсететін міндеттеріне тәуелді,
— оқытудың әдістері мен құралдары және оқуды ынталандыру, оқу іс-әрекетінің бақылау және өзіндік бақылауды ұйымдастыру білім беру мазмұнына және міндеттеріне тәуелді,
— оқытуды ұйымдастыру формалары оқытудың міндетіне, мазмұнына және әдісіне тәуелді,
— үйлесімді жағдайға сәйкес оқу процесін барлап заңдылықтарын мен компоненттерін өзара байланысын оқытуды берік, саналы және іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз етеді.
— Оқытудың барлығына тән зандылықтар қандай-да бір түрінде болмыс көрінес беруі сөзсіз:
— Оқу процесі оқытушымен оқушының мақсатына сәйкес болады,егер мұғалімнің іс-әрекеті оқылатын материалды меңгерту
тәсіліне сәйкес келсе.
— Жеке адамды мақсатқа сәйкес оқыту бұл іс-әрекетке тікелей қалыптасуына байланысты.
— Оқыту мақсаты, оның мазмұны және әдістері арасында тұрақты тәуелділік бар; яғни мақсаты, оның мазмұнын, әдісін анықтайды, ал соңғысы мақсатқа жетудің шарты болып табылады.
Заңдылықтар оқушы мен оқытушыны іс-әрекетінің сипатына, оның қолданатын құралдарына, оқыту әдістері және оқу материалының мазмұнына тәуелді. Оның көрініс табуы мұғалімнің оқыту мақсатына толықтығын сезінеме және мақсаты жауап беретін әдістері мен құралдарын қолдануына тәуелді.
Оқытудың негізгі принциптері, қағидалары:
оқытудың мақсаттылық принципі;
оқытудың ғылымилық принципі;
саналылық пен белсенділік принципі;
жүйелілік пен бірізділік принципі;
оқытудың өмірмен байланыстылық принципі;
түсініктілік және шамасына сәйкестілік принципі;
білімнің берік болу принципі;
көрнекілік принципі;
оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру принципі.
ынталандыру принципі;
ізгілендіру принципі;
проблемалық принцип
Көрнекілік принцип-оқушылардың қабылдауын әлем объектілері мен барыстарын немесе олардың кескіндері негізінде жүзеге асады. Көрнекілік оқушыларға заттардың өзін немесе олардың бейнесін тікелей көріп, байқауға мүмкіндік береді. Оқытуда нақты білім алу көрнекілікке, сезінуге, бақылау әрекетіне негіздейді, образдық ойлауға болады.
Оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру принципі- оқу материалының көлемі мен мазмұны балалардың ақыл-ой күштерінің даму дәрежесіне сай болуын олардың жас ерекшеліктерінің үнемі ескеріліп отыруын талап етеді.
Ынталандыру принципі- оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен формаларына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардың оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті болады. Мұғалім сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі өткізуге міндетті.
Ізгілендіру принципі-оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау керек. Мұғалім сабақта балалармен жылы қарым-қатынаста болуы қажет.
30. Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категорияларын анықтаңыз.Педагогиканың негізгі категориялары – тәрбиелеу, білім беру, оқыту. Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде, ал тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци. Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:
1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді.
2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.
Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нетижесі емес, оның; білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т.б. ықпал жасайды. Сонымен бірге адамның "жетілуі", "даму", "өзін-өзі тәрбиелеу" ұғымдары да педагогиканың зерттейтін меселелері саласын толықтырады.
Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуіні рөл атқарады.
31.Қазақстанда білім беру жүйесінде белсенді қайта құрулар жүріп жатыр. ҚР –ң құрылымында 2007 жылы аспирантура мен докторантура алынып, оның орнына магистратура, PhD докторантура. 2010 жылы ҚР –ң Мемлекеттік бағдарламасына қайтадан өзгертулер кірді. ҚР-ң егемендік алғаннан бері жоғары білім беру жүйесінің стратегиялық бағыттары айқындалды.
Ғалым З.А.Исаева ҚР- ң жоғары білім беру жүйесінің қайта құру процестерін төрт дейгейге бөліп қарастырады:
·1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар);
·2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар);
·3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар);
·4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең)
Мынбаева Айгерим Казыевна - «Основы педагогики высшей школы» атты оқу құралын шығарды. Бұл оқу құралында жоғарғы мектеп педагогикасының негізгі категорияларын, педагогика ғылымы, білім саласындағы әлемдік кризисі жайлы, жоғарғы мектептегі білім беру жүйесіндегі реформалар, ЖОО -ғы тәрбие мәселесі, ЖОО-нын басқарылуы деген сияқты мәселелерге тоқталып анықтама берген. Бұл аталған оқу құралы ЖОО-ның магистран студенттері мен оқытушылар қауымына арналған еңбек болып табылады.
ҚР-ң білім заңының реформасына сәйкес үш деңгейлік өзгерісін қарастыруға болады:
1982ж. ҚР «Білім заңы» 1999ж ҚР «Білім заңы» 2007ж ҚР «Білім заңы»
1993ж ҚР-ң «Жоғары білім заңы »
Қазақстандағы білім беру жүйесінің артықшылық жақтары: мемлекеттік білім стандарттары мен Мамандықтардың Классификаторлары бар.
·1990ж Қазақстанда бірінші білім стандарттары бекітілді, 310 жоғары кәсіби білім берудегі мамандықтарға арналған.
·1996 ж ҚР-ң жаңа 342 мамандықтарға арналған Классификаторы бекітілді.
·2001ж Халықаралық білім беру стандарттары бойынша жаңа Классификатор енгізілді, оның 283 арнайы мамандықтар үшін, 70 магистрлік және 46 бакалавр бағыттарын дайындауға арналған.
·Қазақстанда кредиттік жүйе бойынша оқыту белсенді жүргізілуде. Атап айту керек, барлық білім саласында жүргізіліп жатқан қайта құрулар, жаңа дамулар, мемлекеттік саясатқа және халықаралық тенденцияларға қайшы келмейді.
32. Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын қазіргі талаптарға талдау жасаңыз:.
Жоғары мектеп оқытушысы мынадай негізгі талапарға сай болуы қажет:
·Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы;
·Адамдардың адамға,қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларын білуі;
·Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып, жаңа білім алу,өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдасыра білуі;
·Компьютерлік техниканы меңгеруі;
·Ғылыми, іскерлік, қоғамдық, саяси және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік
Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі: ұйымдастырушылық, коммуникативтік, психодиагностикалық, жас ерекшелігіне тән, даралық және отбасылық кеңестер беру, даму жолдарын, психопрофилактика мен психокоррекцияны болжауы;
·кәсіби маңызды сапалары: тілеулестік, зейінділік пен байқағыштық, төзімділік, шыдамдылық, педагогикалық интуиция мен оптимизммен қосылған табандылық.
·мұғалім педагогикалық іс-әрекет психологиясын, әртүрлі саладағы педагогтердің профессиограммасы мен психограммасын, оқыту мен тәрбиелеу психологиясын, оқытудың психологиялық негіздерін, оқу пәндерінің психологиялық сипаттамасын және ол пәнді оқыту ерекшелігін, түрлерін, әдістерін, құралдар мен формаларын білу;
·коммуникативтік, ұйымдастырушылық, психодиагностикалық, психопрофилактикалық және психокоррекциялық кәсіби тәжірибесін қолдана білуі; «мұғалім – оқушы», «оқушы – сынып» жүйесінде педагогикалық жағынан ұтымды әрі дәлелді қарым-қатынас орнату; оқу-тәрбие процесіне гуманистік және дамытушылық тұрғысына психологиялық талдау жүргізе білу; мектептің педагогикалық жүйесін жоспарлап, болжамдап және модельдей білу.
·өзін байсалды, әдепті, сыни және еркін ұстау, әріптесті түсінуге ұмтылу; эмпатиялық сезім иесі болу, өзін ұстай білу, зейінділік, жоғары кәсіби құзыреттілік пен ой-өрісі кеңдігі, ойланудағы еркіндік, салихалы ой жетегінде болу, аңғарымпаздық, жаңашылдық пен алуан түрлі іс-әрекетті орындау қабілеті, ынташылдық, ұқыптылық пен жүйелілік, шыдамдылық пен табандылық, басқаларды оқыта білу, бағындыра білу қабілеті, жауапкершілікті қатты сезіну.
И.Ф.Харламов оқытушының кәсіби құзыреттілігі көрінісінің бірнеше сатыларын зерттеген:
·педагогикалық іскерлігі – оқыту мен тәрбиелеуде маңызды деген іскерліктер мен дағдылар жүйесін мұғалімнің жеткілікті дәрежеде жақсы меңгеруі. Бұл – мұғалімге оқу-тәрбие жұмысын кәсіби сауатты деңгейде жүргізуге және оқушыларды барынша табысты оқыту мен тәрбиелеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді;
·педагогикалық шеберлік – оқыту мен тәрбиелеудегі жоғары кемел дәрежеге жеткен іскерлік. Бұл - психолого-педагогикалық теорияны іс жүзінде қолдану әдістері мен амалдарының айрықша өңделіп, жетілдірілгенін көрсетеді, осының арқасында оқу-тәрбие процесінің жоғары деңгейдегі тиімділігі қамтамасыз етіледі сонда;
·педагогикалық шығармашылық мұғалімнің инновациялық (жаңалық енгізу) іскерлігінен көрінеді.
Отандық университеттерде студенттер бірінші курстан-ақ олардың оқу-танымдық іс-әрекетін толықтай қолдануын қамтамасыз етуге арналған міндеттерді шеше бастайды. Ал кәсіби міндеттер жоғары курстарда, педагогикалық практика кезінде және білім алуды аяқтаған соң дербес еңбек ету процесінде студенттердің алдынан шығады.
Педагогикалық қарым-қатынас – оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесуінің сипатын анықтайтын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.