Леуметтік зерттеу гипотезалық формуласының түрлерін, әдістерін мәнін ашып көрсетіңіз.

Гипотеза (гр. ὑπόθεσις — негізгі, жорамал) — белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылыми теория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал.

Әдетте гипотеза өзін құптайтын байқауларға (мысалдарға) негізделе жасалады, сондықтан рас болып көрінеді. Гипотезаны аяғында не дәлелдеп ақиқатқа айналдырады, немесе одан (қарсы мысал келтіру арқылы) бас тартып алдамшы тұжырымдамаға жатқызады. Ал, бас тартпаған және дәлелденбеген гипотезаны ашық мәселе (проблема) деп атайды.гипотезаның пайда болуы ежелгі дәуірдегі математиканың дамуымен тығыз байланысты. Көне заман математиктері гипотезаны матем. есептер шешімін дәлелдеу әдісі ретінде ұсынды және алғашқы жобаның дұрыстығын тексеру мақсатымен олардан қорытынды жасайтын дедуктивтік ойлау әдістерін кеңінен қолданды. Платон гипотезаны ой қорытудағы абсолюттік ақиқат сипатты қамтамасыз ететін дәлелдеудің синтетикалық талдау әдісі ретінде қарастырды.

Гипотеза – грек тілінен аударғанда «алдын-ала білу» дегенді білдіреді. Өзінің зерттейтін обьектісінің сипатына қарай гипотезаның түрлері де көп, енді соларға тоқталайық:

1) Әлеуметтік –экономикалық гипотеза халықтың өмір сүру деңгейінің динамикасын, табысын, халықтың азық-түлік өнімдері мен өндірістік емес товарларды тұтынуын, әлеуметтік инфраструктура салаларының дамуын, демография, халықты еңбекпен қамту, жалпы әлеуметтік салаға қатыстының барлығын зерттейді.

2) Әлеуметтік –саяси гипотеза елдің саяси даму бағытын, қоғамды демократияландыру процесін, оған кең халық қабатының қатысу мәселелерін, ірі саяси проблемаларды қоғамның кең қабатының мүдделерін есепке ала отырып шешілу жағдайларын зерттейді.

3) Әлеуметтік-мәдени гипотеза әлеуметтік мәні бар құндылықтарды, мінез-құлық нормалары мен ережелерін, идея, сенім мен әдет-ғұрыптар жүйесін зерттейді.

4) Экономикалық гипотеза халық шаруашылығының даму перспективасын, оның салаларын, өндірістің орналасуын, өндірістің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін, оның жаңа түрлерін игеруді, өндірісті қаржыландыру мәселелерін зерттейді.

5) Ғылыми-техникалық гипотеза ғылыми-техника прогресс жетістіктерін, зерртеудің, техника мен технологияның жаңа түрлерінің дамуы мен қолданылуын, ҒТП салдарын қарастырады.

6) Сыртқы экономикалық гипотеза шетелдермен ынтымақтастық перспективаларын, ұллтық экономиканың әлемдік шаруашылықққа интерациялануын, экспорт пен импортты рационализациялау болашағын зерттейді.

Бұдан басқа проблемалық-мақсаттық белгілері бойынша болжамды ізденістік және нормативтік гипотеза деп бөледі. Бұлар болжам не үшін жасалады деген сұраққа жауап береді. Ізденістік болжам (зерттеушілік, генетикалық) – бұл құбылыстың болашақтағы мүмкін жағдайын анықтайтын болжам. Ол әрекет етіп тұрған тенденциялар сақталған жағдайда ненің ықтималдығы басым деген сұраққа жауап береді. Бұндай гипотезаның мысалына ауылшаруашылығы мәдениетінің өнімділігі немесе қоғамдағы неке мен айырылысу саны болжамдары жатады.

Ізденістік болжамда гипотеза бүгінгі күннен басталып, қолдағы бар ақпараттарға сүйенеді және біртіндеп болашаққа енеді. Ізденістік гипотеза екі түрі бар: 1) экстраполяциялы (дәстүрлі); 2) альтернативті (жаңашыл). Экстраполяциялық көзқарас экономикалық және әлеуметтік даму бірқалыпты және үздіксіз жүреді, сондықтан болжам өткеннің болашаққа жай ғана проекциясы деген пікірге сүйенеді. Бұл әдіс кең қолданысқа ие. Ал, альтернативтік көзқарас әлеуметтік жағдайдың ішкі және сыртқы ортасы тұрақты өзгерістерге ұшырап отырады деген пікірге сүйенеді, яғни қоғамның дамуы секірмелі жіне үзілісті де болуы мүмкін дейді. Сондай-ақ, қоғам үшін болашақ дамудың белгілі бір саны өмір сүреді дейді.

Нормативтік гипотеза (программалық, мақсаттық) - гипотеза обьектісінің болашақтағы мақсат ретінде қабылданып отырған мүмкін болатын жағдайына қол жеткізудің мерзімі мен жолдарын анықтау үшін қажет. Бұндай болжау алдымыздағы мақсатұа қандай жолмен жете аламыз деген сұраққа жауап береді. Мысалыға, халықтың ет өнімдерін пайдалану динамикасының гипотезасын қазіргі пайдаланылып отырған норманы есепке ала отырып жасайды. Негізгі қолданылатын әдіс интерполяция болып табылады.

Наши рекомендации