Тәрбие әдістерінің жіктелуі

тәрбие әдістерінің жіктелуі. Педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде тәрбие әдістерінің көптеген түрлерінің сипаттамасын кездестіруге болады. Тәжірибеде мақсат пен нақты жағдайларға сай әдістерді таңдап алу қиын. Сондықтан оларды тәртіпке келтіру, яғни жіктеу қажет.

Жіктеу — арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе. Әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән, маңызды мен кездейсоқ, теориялық пен тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді.
Жіктеуге сүйене отырып, мұғалім әдістер жүйесін түсініп қана қоймай, әр түрлі әдістер мен олардың түрлерінің қызметі мен өзіне тән ерекшеліктерін де жете түсінеді.
Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді:
— жеке тұлға іс-әрекет нәтижесінде дамып, қалыптасады;
— оқушыларды тәрбиелеу процесі — өте күрделі іс-әрекет, оның негізі- өз санасы, сезімдері, дүниеге, адамдарға, өз өзіне деген қатынасы, күрделі ішкі дүниесі (мотивтері, тілек-талаптары, ынтасы), өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам;
— жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылысы жағынан күрделі.
Адамгершілік, эстетикалық және басқа қасиеттер сезімдерден, санадан (түсінік), сенімдерден, әдеттерден тұрады.
мағұлматтарға, түсініктерге, пікірлерге әсер етеді, ал енді кейбіреулері мінез-құлықтың қандай да бір түрін қалыптастыратын әдеттерге ықпал етеді, ал басқалары балалардың мінез-құлқын реттейді. Қазіргі уақытта тәрбие әдістері мінез-құлыққа негізделген, мотивтік-мақсатты мазмұнды, процессуалдық жақтарын біріктіретін бағыттылық-интегративтік сипаттамасы негізінде жіктеу объективті және ең ыңғайлысы болып есептеледі (Т.И. Щукина). Осы сипаттамаға сәйкес тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:
-жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері;
-іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері;
-мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері.
Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістеріне: түсіндіру, баяндау, сендіру, насихат, әңгіме, лекция, этикалық әңгіме нұсқау беру, пікір сайыс, баяндама, дебат, үлгі жатады.
Іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістеріне: жаттығу, едеттену, педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, тәрбиелік ситуация (сюжеттік рольдік, іскерлік) ойындар.
Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістеріне:жарыс, мадақтау, жазалау жатады.

Оқыту функциялары

Оқыту функциялары - білім беру, тәрбиелеу және дамыту. Білім беру функциясы ғылыми білімдерді меңгеру, арнайы және жалпы білім алу үшін қажет икемділік пен дағдыларды қалыптастыруды көздейді. Оқыту үрдісі тәрбиелеу функциясымен қатар (бір уақытта) жүзеге асырады, оқушыларда дүниетануды, адамгершілікті, еңбекке ынталы болуды, эстетикалық елестерді, көзқарастарды, сенімділікті; идеалдар жүйесін, ара қарым-қатынастарын, қажеттіліктерін, дене шынықтыру мәдениетін, яғни жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің жиынтығын қалыптастырады. Дамыту функциясының ерекшілігі - ол өз алдына дербес жүргізілмейді, тек қана оқытудың білім беру және тәрбиелеу функцияларының салдары болып табылады. Бұл функциялардың өзара қарым-қатынасын олардың диалектикалық сипатының бірлігі тұрғысынан қарау керек.


19.Педагогиканың әдіснамалық негіздері

Ғылым дамуының басты шарты-жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу əдістеріне тəуелді келеді. əдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында əдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында əдіснама деп ғылыми-танымдық іс-əрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің –нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі əрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика əдіснамасын педагогикалық таным жəне болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Əрқандай əдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау жəне реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, əдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптивтік.
Дескриптивтік əдіснама – ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді, ал прескриптивтік əдіснама –зерттеу іс-əрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дəстүрлі əдіснамалық талдауда ғылыми іс-əрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары жəне ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу əрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады.
Əдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық жəне технологиялық. Əдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі əдіснамалық қызмет атқарады. Екінші – жалпы ғылымдық –əдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей – нақты ғылым əдіснамасы қандай да нақты ғылыми пəн аймағында қолданылатын зерттеу əдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тəн болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген əдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей – технологиялық əдіснама –зерттеу əдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі əдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие. Əдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал əрқандай əдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау əрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.

Наши рекомендации