Педагогикалық қарым – қатынас нұғы(стилі).

Ұстаз алдын көрмейтін мектепке барматйын бала аз. Педагогтың басты міндеті соларға өз білгенін жеткізу, көз көрнеу үлгі болу. Соның басты құралы сөз. Ұстаз сөзі шәкіртіне білім беру, не болмаса тәрбиелелу әйтеуір бір «жақсыны» жеткізу, сол арқылы ықпал ету. Мектепте мұғалімнің, жоғары оқу орындарында ұстаздың іс-әрекеті, жүріс – тұрысы ғана емес сөйлеген сөзі де әр қашан тәрбиелік мағынаға ие. Оқу іс-әрекеті кезінде білім беру мен қатар ұстаздар қарым - қатынас үлгісін көрсетеді және соған үйретеді. Ұстазы мен шәкірті арасында қарым –қатынас белгілі бір талаптарға сай орнамайтын болса, онда оқу іс-әрекеті жүзеге аспай қалады.

Ұстаздың қарым – қатынас нұғы оның оқушылармен болған мәмілесінің алғашқы қадамынан - ақ байқалады. Ол салғырт мәлімет бюеруден монологты беделін дәріптеуге дейін әр түрлі мәнде дамуы мүмкін. Қарым – қатынастың ең тиімділігі – ізгі ниеттегісі екені белгілі. Кейінгі кезде оқыту мен тәрбиені ізгілендіру мәселесі жиі көтерілуде, мысалы «қызметтестік педагогикасы» осыған негізделеді. Бұның басты ерекшелігі оқушы мен оқытушы арасында тең құқылы, субъект – субъект сипатындағы қарым –қатынастың орнауы. Бұл тұлғааралық немесе диалог түрінде жүзеге асады. Ол үшін оқытушы мен оқушыда ізіглікті мәндегі коммуникативтілік қалыптасуы тиіс: психологиялық, тәжірибелік, қарым –қатынас мәдениеті, адамның құнды тұстарын ажырата білуі қажет.

Оқушыларда, тыңдау және сөйлеу, сұрақ қою және жауап беру, өз пікірін дәлелдеу және оны қорғау, басқалармен араласу т.б. қалдыптастыру үшін, педагог өзі коммуникативтік білім, білік, дағдылар мен сөйлеу мәдениетінің озық үлгілерін көрсетуі тиіс. Педагогтың мұндай қасиеттері жұмыс барысында, өмірлік тәжірибесі арқылы қалыптасады. Бұл ретте педагогикалық қарым - қатынастың мынадай екі түрін атап көрсетуге болады:

1) жалпы қарым –қатынас ұстанымдарының болуы, мысалы, моделі-үлгісі, түрлері, формалары, технологиясы мен техникасы;

2) қарым – қатынастың жеке тұлғаға ғана қатысты ұстанымдары - немесе оның өзінің ғана нұғы, мысалы, нақты мәміле тәсілдері мен құралдары, білімі мен тәжірибесі болып ол қарым қатынас ахуалына, әріптестердің ерекшеліктеріне т.б. байланысты;

Педагогтың қарым – қатынас мәдениеті тек оның өзі үшін ғана емес, оны қоршаған әлеуметтік орта үшін де маңызды. Сөз түрінде мәміле орнатуда адамдар арасындағы жас ерекшеліктері, өмір тәждірибесінің әр түрлі болуы ,оны күрделендіреді. Педагог маманның ерекшелігі осы айырмашылықтардан туындайтын кедергілерді женңе білуі. Әріптестердің білімі, тәрбиесімен бірге зерделік дейгейі, эмоционалды ерекшеліктері, әлеуметтік даму дәрежесі де өзара мәміле орнатуға ықпал етеді. Педагогикалық қарым –қатынаста ұстаздың құлшынысы, өз мақсатына жету үшін таңдап алған сөйлесу не сөйлеу нұғы да маңызды.

Педагогикалық жұмыста тек жағымды жағдайлар емес, керісінше теріс мінезді оқушылар, сөз тыңдай алмайтындар, көңіл күйі құбылмалы не болмаса тұйық мінезді, жаңлкеш, ұрысқақ, т.б. әр түрлі оқушылармен сөйлесуге, мәмілелесуге тура келеді. Педагогтың міндеті – оларға тәрбиелік ықпал етіп, өзгеруіне жол ашатын әсер қалдыру. Педагогтың мақсаты – білдіру, үйрету, дағдыландыру, дамыту, қайта тәрбиелелу болғандықтан, өз қарым – қатынасы арқылы белгілі бір оң нәтиже алуға ұмтылу.

Педагогикалық қарым – қатынас нәтижелі болуы үшін, оған арнайы оқып үйренуі, жаттығуымен қоса, болашақ ұстаздар өзін -өзі тәрбиелеуі, күнделікті әлеуметтік олртадағы қарым – қатынасы арқылы тәжірибе жинақтауы тиіс.

Педагогикалық қарым – қатынас нұғы дегеніміз – осы үрдісті бастаушы және оны қостаушы, оған енуші басқалардың арасындағы мәміленің тиімділігін қамтамасыз ететін тоғысу түрі. Ол ресми - іскерлік, ғылыми, көпшілік, жекелеген әріптестер арасындағы сөйлесу арылы мәмілеге келу, мәліметтілік болып бөлінеді.

Ресми- іскерлік қарым – қатынас. Бұл практикалық талаптарға және кәсіптік іс-әрекетке байланысты туындайды. Бұнда өзара пайданы көздеген келісім, мәмілегерлік маңызды. Бұндай қарым – қатынас сөздің нақтылығы, мағынасының түсініктілігі, тілдің қарапайымдығы, кәсіби сөздер мен терминдер, сол салада көп қолданатын сөздерді пайдалануды талап етеді. Қазіргі кезде ұстазы мен шәкірті арасындағы қарым –қатынасты да «іскерлікке» жатқызуға болады. Өйткені тараптар өзара педагогикалық қарым –қатынастың нәтижелі болуына мүдделі: ұстаз өзі жеткіщзіп отырған білім, білікті шәкіртінің толық ұғынуына, шәкірті- ұстаздың оған қажетті білімді толық бенруіне мүдделі. Сондықтан олардың арасындағы байланысты белгілі бір іскерлік сипатқа ие денуге болады.

Іскерлік қарым – қатынас басқару, құқытық, әлеуметтік мәміле орнатуға қызмет етеді және ауызша, баяндама, есеп беру, сөз сөйлеу, қызмет барысындағы сөз, әңгімелесу, келіссөздер т.б., жазу түрінде болуы мүмкін, мысалы, хат алмасу, нормалар жиынтығы, іс қағаздары т.б

Ресми іскерлік қарым –қатынас нұғы төмендегіше бөлінеді: әкімшілік –іскерлік- мектеп және басқа да оқу орындарында бұл білім беруді басқару, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, осыған орай жиналыстар мен мониторинг жұмыстарында, білім мекемелерімен қарым –қатынаста қолданылады; заңнамалық – оқу- тәрбие мекемелеріне қатысты оқушылар мен ұстаздардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын орындауға қатысты үгіт, насихатқа байланысты аытуға болады; дипломатиялық немесе елшілік – адамдар арасындағы мәмілені реттеу, келісімге келтіру, талаптарды жүзеге асыруға байланысты практикада қолданылады.

Жазу түріндегі қарым –қатынастар анықтама, қолхат, өтініш, арыз, хаттама, мінездеме, баяндама, бұйрық, қаулы, қарар, шешім т.б. түрлерде болуы мүмкін.Іскерлік қарым – қатынас нақты, қысқаша, түсінікті, терминдерді дұрыс қолдану талабына жауап беруі тиіс. Бұндай жағдайда терминдер – құжаттың аталуын білдіреді, мысалы, хат, қарар, білдіру, сұраныс, келісім, хаттама, тізім т.б.; адамның мамандығын, ахуалын, қызметін, әлеуметтік жағдайын, білдіретін терминдер, мысалы, педагог, сот, коммерциялық директор т.б.; үрдістік(процессуальные) –тексеру, бағалау, аттестаттау т.б.; кәсіби іс –қимылына байланысты- мәлімет беру, есеп беру, анықтама әзірлеу т.б.;

Іскерлік қарым –қатынастар мәліметтердің шынайылығын талап етеді. Құжаттар мен өзара тікелеу байланыста жалған айту не жалған мәлімет беру жалпы педагогикалық үрдісітің нәтижелі болуына кері әсерін тигізеді. Бұнда сөйлемнің қысқаша сөйлеу тілінің нақты болуы, әдетте педаго.гикалық үрдісте жиі қолданатын сөздерді пайдалану ұтымды.Сөйлесіп отырған тақырыптың нақты және қысқаша ашылуы, дұрыс жеткізілуі маңызды. Іскерлік қарым –қатынас кезіндегі сөз- кіріспе, сипаттама, нәтижеден тұрады.

Ғылыми сипаттағы қарым – қатынас – ғылыми іс- әрекетте қалыптасады: шәкірті мен ұстазы арасында, ғылыми мақсатты көздеген ұжым және топтар арасында болуы мүмкін. Ірі жиналыстар мен кіші - гірім семинарлар, жеке кездесулерде ғылыми мәселелерді шешуге арналған қарым –қатынас. Мұнда аса маңызды ғылыми тілді меңгеру. Әр ғылым саласының өзіне тән сөйлеу және жазу нұғы, онда қолданатын терминдер, сөйлемдер, мен сөздер, жиі қолданатын сөздік құрылымдары болады. Оның ішінде жазу сөзінің түрлері, мысалы, трактат, мақала, тезис, анықтама, түсініктеме, ғылыми еңбектер - монография, оқулық, оқуң құралы, әдістемелік құрал, дәріс, баяндама т.б.; сөйлеу мәнері – ғылыми сөз- нақты, қысқа, анық. Логикалы болуы маңызды.

Ғылыми сөйлеу мәнері: жалпылау- саналады, дегендей, атап айтқанда, көрсетеді, көпжағдайда, жиі кездеседі, сонымен, айталық т.б. қоданылады; мәліметті логүикалы жеткізу –ойтұжырым, ой қорыту, ой жүргізу, салмақты дәлелдер; дерексіз сөздерді қолдану мәнері – мәні, көңіл бөлі, баршылық, құралады, қолданылады, іске асады т.с.с.; ғылымда «мен» орынына – біз есептейміз, біз ұйғардық, біз шешімге келдік, біз байқадық, біздің пікірімз бойынша, біздің тәжірибеміз көрсеткендей т.с.с.; жақын мәндегі сөйлемдерді қолдану, мысалы, белгілеу қажет, көрсету керек, тоқталуды жөн көрдік, қарастыру керек, мүмкіндігі байқалады, қорытынды шығаруға болады, практика көрсеткендей, а йтуға болады т.с.с.; күрделі сөйлемдерді қолдану, мысалы, егер... онда...өйткені; солай бола тұрса да, алай да т.б.;

Ғылыми – педагогикалық сөйлеу мен жазуда мәтіннің жекелегшен бөліктері арасында бірізділік пен сабақтастық, байланыс болуы тиіс. Ол үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады, мысалы, біріншіден, екіншіден, үішіншіден деген секілді; не болмаса, әуелі мынадай болды, одан соң ол былайша өзгерді; олай болса, бұдан ...ой қорытуға болады;

Байланыстыру үшін мынадай сөздер қолданылады: бірақ та, сонымен, айталық, дегенмен, десек те, сондықтан, өйткені, әйтсе де, бұдан келіп шығады; қайрыламыз, қарастырамыз, көруге болады; қажет, керек, маңызды, мәнді т.с.с.сонымен, атап айтсақ, соңында мынадай қорытынды, ұсыныс т.с.с.

Ғылыми сөйлеу мәнерін конференция, ғылыми семинар, ғылыми жиналыстар да, ғалымдармен мәміледе пайдалану сөйлеушінің өресін көрсетеді. Бәрақ мектеп оқушылары мен бұлайша сөлесуге болмайды, Өйткені олар бұны түсіне алмайды.

Көпшілік қауым алдында сөйлеу мәнері. Көпшілік алдында сөйлеген кезкелген сөз, баяндама, ауызекі сөз, дәріс оқу, сұхбат не болмаса жазу түріндегі – хат, мақала, пікір т.б. осыған кіреді. Кезкелген сөз сөйлеу түрі, мысалы, ата - аналар жиналысы, педагогтьар ұжымы алдындағы сөз, басқа да көп адамдар алдында сөйленетін сөз.

Көпшілік сөз қоғамдық- саяси, идеологиялық, экономикалық, мәдени мәселелерді көтеруге байланысты қарым – қатынас орнатуда, ақпарат құралдарында да қолданылады. Мұндағы маңызды мәселе, айтатын сөздің мазмұндылығы, қажеттілігі, көпті қызықтыруы.

Сөздің көпшілік түрі мынадай ерекшеліктерге ие:

- мағлуматтылығы, құжаттық-дәлелдік нақтылық, жинақтаушылығы, пайдаланған материалдардың ресмилігі;

- шынайы өмір құбылыстары мен дәлелдер, дәлелдердің шынайы өмірде болғанына дәлелділігі мен жаңалығы; оқиға, хабар, көргендердің әңгімесін пайдалану;

- кітап сөзі, мысалы, талқылау, іс - әрекет, зерттеу, түсіну, алмастырады, ұқсайды, жүйе т.с.с. сөздерді пайдалану;

- нақты біреуге бағыттау, мысалы, нақты әріптесіне арналған сөз. Мен сізге айтып тұрмын, осы жерде отырғандар т.с.с;

- эмоционалды, қуатты, түсінікті, артистік мәнерде айтылатын сөздер, мысалы, мақал, мәтелдер, үзінділер, даналық сөздер, салыстырмалау, ұқсастыру т.б. пайдалану;

Көпшілік алдында сөз сөйлеу үшін ар.найы дайындық қажет: артық сөздеді алып тастау, ойды жүйелеп айтуға, логикалы байланысын, қысқалығын, нұғын дайындап алу; қалжың, сықақ, өткір сөздер пайдалану; педагогикалық практикада, сөгіс, кеңес, әзілді орынды пайдалану қажет. Әйтпегенде оның тәрбиелік әсері кереғар болмақ.

Өзінің сөзін тыңдаушыл көңіл қойып тыңдап, ұғынуы үшін ділмар, ым, ишара, жаңсауларды орынды пайдалануы тиіс, халқымыз «ымды түсінбеген, дымды да түсінбейбі» деген. Мұнда көзқарас аса маңызды, «көз- көңілдің ай,насы» деген халқымыз тағыда. Сөйлеушінің бет әлпеті де маңызды қызмет атқарады.

Қарапайым қарым – қатынастағы әңгімелесу. Бұл әр түрлі мақсатты көздеуі мүмкін және оитбасы, құрбылар арасында, дос- жарандар мен қатар кәсіби байланыстарда қолданылады. Бұндай сөйлесуда алдын –ала дайындық болмай, сурып салма түрдежүзеге асады. Тұлғалар арасындағы бейресми әңгімелесу, диалог түрінде болып әріптестер арасында қарым –қатынас орнату қызметін атқарады.

Әріптестердің әр қайсысы өзін дәлелдеуді көздеуіне байланысты бұнда эмоционалды астары байқпалып тұрады. Сондықтан сйлеу әрекеті басқа да қимыл-қарекеттер, ым, ишара, жаңсаулар, бет әлпеті т.б. тоғысады. Сөйлеу мәнері: әдеттегі тұрмыстық сөз саптау, субъективті бағалау, көңіл күйіне қатысты пікір айту, қысқартылған, «төл сөздер», натурализмадер, мақыл, мәтелдер т.б. болуы мүмкін. Сұрау қою, леп белгісі, «итермелеу, жеителеу, түрткі беру, қозғау салу»түріндегі сөздер көп қолданылады. Бұндай сөздер ахуалға байланысты, орнымен қолданылуы тиіс.

Оқу-тәрбие жұмыстарында сөздің бұл түрі мұғалімнің оқушылармен мәмілесін жақындатуға көмектеседі. Десе- де, сөздің бұл түрін әдеппен, педагогикалықұсталықпен пайдаланбаса оқушылар арасында беделден айрылып қалу әбден мүмкін.,

Мәліметтілік(коммуникациялық) - өзара ақпарат алмасуда қолданылады. Әріптестердің қарым – қатынас мақсатына қажетті мәліметтерді жақсы білуі, жан – жақты маліметті болуы оның нәтижелігін қамтамасыз етеді. Педагогикалық үрдісте бұл көбінесе оқыту, білім беру барысында қолданылады. Тұлғааралық қарым – қатынастың жоғары деңгейі- ашықтық пен соған сәйкес кері байланыстың болуы.

Бұл ретте өзара қарым – қатынастың мынадай нұғын қарастыруға болады:

- өзін басқаларға ашу, мағлуматтылығын кеңінен таныту, сөз болып отырған объект жайлы білімін толық көрсету;

- өзін дәріптеу, бұның көрсеткіші, кері байланыстың толық орнуы;

- ашықтықтың төмен деңгейі, тұйықталу, басқалар оны танып –біле алмайды; Бұнда адам өзінің пікір, ойы, идеясы, сезімі, жылы шырайын таныта алмайды;

- өзін қоғау, ашықтығы төмен, бірақ кері байланыс күшті; Бақаларды жақсы біліп алу, өзі туралы көп білдірмеу;

- «аңдысқан» мәндегші қарым – қатынастың ашықтығы да жеткіліксіз, екі тарапта толық ашыла алмайды, демек кері байланыс та толық орнамайды.

Қарым – қатынастың бұл түрі тәрбие жұмыстарында, әсіресе әлеуметтік проблемалы оқушылармен жұмыста көп байқалады. Олар, өздеру туралы білдіргісі келмейді, ал ұстаз неғұрлым көбірек білгісі келеді.

6.Сөз түріндегі қарым - қатынастың маңызы мен түрлері.

Ежелден халқымыз сөз және оның қарым – қатынастағы маңызын жоғары бағалап, оны терең меңгерген адамдарды «шешен», «ділмәр», «сөзуар», «сөзшең», «сөзге құмар», «сөзге ұста» деп ал оны тыңдаушыларды «құйма құлақ», «ақпа құлақ» деп сөзді қабылдауына қарай сипаттаған.

Сөзге аса шебер адамдарды шешен деп атап оларды әсіресе билік айтуға, күрделі мәселелерді шешуге араластырған. Ел бақарушылардың басты қабілетінің бірі ділмарлық болды.

Қазақ халқы сөз өнеріне қатысты бай тәжірибе жинақтап соның бір парасы тәлімдік сөзге қатысты. Бұл ретте әл- Фарабиден, Ж.Баласағұни, Ахмет Йүгнеки және басқа да ғұламалардан бастып ақын жыраулар шығармаларында сөздің тәлімдік мәні жоғары бағаланады. Одан кейінге ақындар мен ғұлама ғалымдар А.Құнанбаев. А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, М.дулатов, Ж.Аймаутов сынды белгілі қоғам қайраткердері де сөз өнерінің адамға әсерін жоғары бағалайды.

Ұстаздық сөз, мұғалімнің сөзі халқымызда Құран сөзінен кем емес еді. Тек кейінгі кездерде мұғалімнің сөзі қатты шығатын дауыс, насихат айту мәнері, үзілді- кесілді пікір, беделін алға тарту секілді тәрбиелік ықпалынан гөрі, наразылық туындататын не болмаса естісе де тыңдамайтын сипатқа көшті. Бұның басты себебі, болашақ ұстаздардың сөйлеу мәдениеті мен мәніріне арнайы дайындалмауы.

Мектепте оқытушы сөзі, жоғары оқу орындарында ұстаз сөзі – оқушылары мен шәкірттері тыңдайтындай мазмұнды, оларды іс - әрекетке жетелейтіндей әсерлі, санасына ой салатындай маңызды болуы тиіс. Оның үстіне ұстаз сөзі сапасы мен мазмұны жағынан әлеуметтік жауапкершілікке ие. Педагогикалық әдебиеттерде «педагогикалық сөз» ұғымы қалыптасқан.

Сөз, тілді қарым қатынас құралы ретінде пайдалану үрдісі. Тіл –сөздің мазмұны мен мәнін айқындайтын құрал. Белігі бір тілде адамдар сөйлеуін қойса, ол тіл ретінде жойылады. Соңынан оны пайдаланған ел де, ұлт ретінде жойылады. Әлемде бұндай құбылыстар болған, мысалы, латын тілі, Америкадағы үндістер тілі, арамилер, шағатай тілі т.б. Тілдің тетіктері- сөзді қабылдау, сөзді айту, ішкі сөз.

Сөзді қабылдау дегеніміз – сөйлесу әрекеті кезінде әріптестердің бірін – бірі ұғыну үшін сөзді көңіл қойып тыңдау арқылы түсінуі. Сөзді дұрыс түсіну тыңдаушының сөзді білуі, сөйлесіп тұрған нысана төңірегіндегі білімі, ынтасына байланысты.

Сөзді айту – бұл сөйлеушінің тіл тазалығы мен сөздік қорының байлығы, байланыстыра сөйдеуімен қисындылығы; Ішкі сөз – ой түріндегі сөз. Ғалымдардый айтуына қарағанда аджам қай тілді жақсы білсе сол тілде ішкі сөзі қалыптасатын көрінеді немесе білглі бір тілді жетік меңгеруінің көрінісі ішкі сөздің сол тілді болдуынан байқалады.

Сөздің қарым – қатынастық қызметі:

- мағлумат беру немесе ақпараттандыру;

- мәнділігі – белгілі бір сезіммен астарласуы;

- ниетін білдіру;

Сөздің қызметі жайлы пікірін А.Байтұрсынос «тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау» -деп білдірген.

Сөз түрлері: ауызекі сөз, жазу түріндегі сөз. Ауызекі сөз – белгілі бір ахуалға байланысты тікелей сөз және астарлы сөз түрінде болады. Олар монолог- бір адамның белгілі бір тыңдаушыларға қаратып айтқан жеке сөзі. Ол адамның өз білімін, пікірін ұзақ қисынды, бірізді сөзбен айтуы. Диалог – екі не бірнеше адамдар арасындағы сөз түріндегі қарым –қатынас.

Педагогтың ауызекі сөзі – педагогтың сөйлеу кезінде тәлімдік ықпал етуге ниеттенуі. Сондықтан ол мыналарды қамтамасыз етуі керек:

- педагог пен оқушы арасында өзара ықпалдастық, мәміле орнатуды көздеуі;

- оқушылардың санасы, сезімі мен іс-әрекетіне оң мағынада ықпал етуі, олардың мотивтері, сеным, нанымы, іс-әрекетіне дұрыс бағыт беру;

- сөзді толық және саналы қабылдау арқылы білім мазмұнын және тәрбиелік әсерін өз бойына сіңіруі;

- сөз әрекеті арқылы оқу және тәрбиелік іс-әрекетін тиімді де ұтымда ұйымдастыру;

Оқу үрдісіндегі ұстаз сөзі сабақтың басынан соңына дейін білім қалыптастыруды көздейді. Әр түрлі көрнекіліктер, электронды құралдар т.б. қолдануына қарамастан сөз қолданылады. Сөз түріне, мысалы, жазу, ауызекі айту мәнеріне т.б. қарамастан ол сөз өнерінің жалпы қағидаларын ұстанады таолап етеді.

Диалог – екі адам қарым – қатнасқа енгендегі сөз әрекеті. Ол ым, ишарат, жаңсаулармен, дауыс ырғағымен сүйемелденеді. Диалог сөйлесушілердің бірінің сөзін екіншісінің қуаттауы, нақтылауы, сұрақтарды айқындауы, бір-бірінің пікір білдіруіне, түсінікті болуына көмектесуінен тұрады.

Ішкі сөз – ішкі сөзде ой қалыптасады, қысқа, үзік-үзік түрде болады. Ол реттеуші және жоспарлаушы қызмет атқарады.

Сөздің қасиеттері - мазмұндылығы, түсініктілігі, мәнділігі, әсерлілігі. Бұлардың барлығының тәрбиелік маңызы бар – үйрету, ақыл айту, кеңес беру, нұсқау беру, өтініш білідіру, нандыру, иландыру, сендіру, бұйрық беру т.с.с.

Сөз түріндегі қарым – қатынас педагогикалық іс - әрекет құрамының негізгілерінің бірі. Сөз түріндегі қарым – қатнастың тікелей және жанама түрлерін(вербальді, вербальді емес) түрлерінің техникасын меңгеру педагог мамандар үшін аса маңызды. Педагог сөзінің мәнділігі, білімдік, тәрбиелік ықпалы оның осыларды жете меңгеруіне байланысты. Осыған орай халқымызда «адам-сөйлескенше, жылқы кісінескенше», «сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді», «сөздің көркі мақал...» деген секілді мақал, мәтелдерден басқа ақын-жыраулар да сөз және оның адамға әсері мен іс- қимылына, мінез құлқы мен жүріс – тұрысына ықпалы жайлы айтқан, мысалы, Абай:

Қуаты күшті, нұрлы сөз,

Қуатын білген абайлар...- деген.

Белгілі тіл танушы ғалым А.Байтұрсынов «тіл -құрал» дей келе оның адамға ықпалы, сөйлеу мәнері мен ережелері жайлы ғылыми мәндегі пікірлер қалдырған. Халқымыздың біртаур ақындары Ж.Аймаутов, М.Жұмабаев, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов т.б. сөз және оның адамға тигізетін әсері жайлы айтқан.

Педагогикалық үрдісте, мысалы, сабақ үсінде неболмаса тәрбиелік іс -шараларда қолданылатын сөз түрлері –монолог немесе әңгімелеу, мектептегі дәріс, түсіндіру, ұғыныдыру, бір ұғымды ашып түсіндірудегі сөзі, бағалуға арналған сөз, диалог түріндегі сөз- әңгіме, сұрақ- жауап т.б. түрінде қолданылады.

Педагогикалық сөзге қойылатын талаптар:

- заманауй тіл нормаларына сәйкестігі- сөздерді дұрыс қолдану, дұрыс айту, грамматикалық, лексикалық, т.б. ережелерді сақтау;

- сөздің эмоционалдылығы мен нақтылығы, анықтығы;

- тіл тазалығы, оқушылар не студенттердің қабылдауына сәйкестігі;

- терминдер мен басқа тілден келген сөздердің мағынасын дұрыс прайымдап, қолдану;

- сөздердің, ұғынықты болуы тіл мүкістігіне жол бермеу; логикалы байланысы мен айтып тұрған зат не құбылыс жайлы толық мәлімет беруі;

Осыған орай педагог сөзінің өз қызметі бар: білім беру; тәрбиелік ықпал ету; іс -әрекетіне түрткі беру, қозғау салу; іс- қимылға жұмылдыру; ой-санасына бағыт, бағдар беру; құндылық бағыдарына ықпал ету т.б.

Педагог сөзінің ерекшеліктері бар:

- ұстаз сөзінің көпшілікке, оқушыларға бағытталуы;

- мұғалімнің ауызекі сөзінің екі саңлаулар арқылы: дыбыс және көру арқылы қабылдауны;

- ұстаз сөзі көпжағдайда суырып салма түрде болуы;

- ұстаз сөзін тыңдаушылардың барлығының бірдей қабылдап әр түрлі түсінуі;

Қазіргі кезде педагог өз сөзін әр түрлі көрінекіліктермен сүйемелдеу мүмкіндігіне ие. Алайда сөздің басқа тілмен шұбарлануы, тіл байлығының жеткіліксіздігі, кейбір сөздердің мағынасын дұрыс түсінуге тыңдаушылардың білім, білігінің жеткіліксіздігі кері ықпал етуде.

Ұстаз сөзінің атқаратын қызметі оның сапалығына байланысты. Өйткені ол толық тыңдаушыға, оқушыға жетуі үшін дұрыс айтылуы, дауыс қуатының қажетте деңгейде болуы, мазмұндылығы мен логикалы байланысты, анық және түсініктілігі маңызды. Ұстаз сөзінің қызметі төмендегіше көрсетіледі:

- сөз арқылы оқушыларға білім беруі немесе білім мазмұныны жеткізуі;

- оқу әрекетінің тиімділігін қамтамасыз етуі;

- оқушы мен мұғалім арасындағы қарым –қатынастың нәтижелің болуына шарт түзуі;

Сөз арқылы оқушыларға бюілім мазмұныны жеткізуде ұстаз сөзі қызықты, тартымдылығымен оқушылардың зейінін қажетті деңгейде ұстап тұрады. Олардың осы пәнге деген қызығуын арттырады және белгілі бір пән бойынша білімнің қажеттілігін сезініп, құндылығын түйсінеді. Мысалы, М.Жұмабаевтың шәкірттеріне дәріс оқудағы шеберлігін оның бір оқушысы, лайдан мүсін жасағандағы мүсінішінің әрекетімен салыстырған. Ол «М.Жұмабаев лекция оқығанда бір ойды айтатын да одан соң оны тарататын. Сондағы сөздері біздің ой –санамызды билеп алатын?»- деген.

Мұғалім жаңа материалды оқушыларға жеткізуде білім қалыптастырумен бірге оларды осы пәнге деген қызығушылығын оятып, ізденіске жетелеуі маңызды. Ұстаз сөзі мағлумат берумен қоса, оқушының санасы мен сезіміне ықпал етіп оларды ойға жетелесе, іс-қимылы мен жүріс-тұрысына ықпал етуімен құнды.

Оқытушының сөзінің міндеттерін орындауын маналардан көруге болады: мағлуматының толықтығы; біліміге мәміле қалдыптастыруы; білім негшізінде іс-әрекетке ұмтылысы мен жүріс-тұрысында басшылыққа алуы;

Оқытушы сөзін қабылдауының нәтижелігі: зердесінің байытылуы, білімді ой елегінен өткізіп өздестіру арқылы тұлғалық сапаға айналдырыуы; өз іс-әрекетінде біліміне сүйенуінен көрінеді.

Бірақ та көпжағдайда бұл міндеттер толық орындалмайды. Сол себепті білім оқушының жеке тұлғалық сапасына айналмай, тек мағлуматтар жинау ғана болып отыр. Бұның тағы бір себебі осы күнгі бюілімге қойылатын талаптардың кейбір тұстарының жаңсақтығында, айталық, білім мазмұнын тест амрқылы тексеру. Білім оқушылардың санасында өмірмен байланысы жоқ абстракты ұғымдар түрінде қалыптасуда.

Ұстаз сөзінің тағы бір қызметі, оқушылардың оқу әрекетінің тиімділігін қамтамасыз етуі. Ұстаз сһөзі оқушылардың ой –санасын өзіне «байлап қоюы» тиіс. Өйткені оқукшы мұғалім сөзін тыңдау барысында бірқатар амалдарды жүзеге асырады, мысалы, тыңдап отырған мәліметтерді ойша көзалдына келтіреді; оны өз білгеніме, тәжірибесімен саластырады; есте сақтайды; оқытушы сөзінің қисындылығын бақылайды; оның ой өрісінің дамуын зерделейді. Егер ұстаз сөзының темпі бұзылса, ло.гикалыв байланысы болмай қалса, мазмұны жеткіліксіз болып қалса, мұғалім қимыл –қарекеті сөзімен сәйкес келмей қаслса онда оқушылар тарапынан білім мазмұны толық қабылданбай қалады.

Ұстаздың коммуникативті әрекеттері – сөзінің дұрыстығы мен мазмұндылығы, сөздік қорды пайдалануы, оқушыларға талап қоюы, тақырып төңірегнідегі әзілдесе біліуі т.б. оқкшылардың танымдық қызығуын арттырады, мотивтеріне ықпал етеді.

Педагогикалық өздің атқаратын қызметінің тағы бірі - оқушы мен мұғалім арасындағы қарым –қатынастың нәтижелің болуына шарт түзуі. Бұл оқушы мен ұстазы арасында байланыс орнтауын қамтамасыз ету арқылы өзара қызметтестік орнатады. Оқушының білім мазмұныны қабылдауымен өздестіруі де осыған байланычсты. Ұстаз сөзі осы байлансты реттеуші, бағыттаушы, түзетуші қызметін атқарады. Мұнда оқытушы оқушыларға талап қояды, кемшіліктерін көрсетеді,көмектесіп жібереді, ниетіні білдіреді; оқытушының дауыс басымы, сөз ырғағы, бет әлпеті, жаңсаулары мен ым-ишараты т.б. барлығы да маңызды.

Көп нәрсе оқытушының сөз арқылы қарым- қатынас орнату нұғына байланысты, мысалы, қылжақтасу, қорқыту, тілектестік лебіз; әлеуметтік ұстанымы – балармен қарым –қатынасы оған қанағаттану алып келеме жоқ қиыншылықтармен күйзеліске ұшырата ма, міне бұл да аса маңызды. Мұнда қарым –қатынас нұғының орындылығы маңызды. Бұл туралы белгілі педагог А.С. Макаренко «қаншалықты талап қойсаң, соншалықты үлкен құрмет білдіру» деген ережені ұстанудың ұтымдылығын практикада дәлелдеген.

Сөздің тиімділігі педагогтың қабылдаған шешімінің орынлалуы, мәртебесінің өсуі, оның беделін арттыруыға көмектеседі.

Наши рекомендации