Тақырыбы: «Өзін-өзі тану» пәні мен басқа пәндердің ықпалдасуы

Жоспар:

Пәндердің ықпалдастырылуы терминіне анықтама

Ықпалдасу түрлері

Азақ әдебиеті пәнімен өзін-өзі танудың өзара ықпалдасуы

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаһандану - Қазақстан дамуының басты бағыты» // Егемен Қазақстан, 28.01.2012ж.

2. Назарбаева С.А. Өмір этикасы - Алматы, 2001.

3. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Методика преподавания дисциплины «Самопознание» в школе. Учебно-методическое пособие для учителей. - Алматы: ННПООЦ «Бөбек», 2013.

4. Абай Құнанбаев. Қара сөздері. - Алматы: Жазушы, 1970.

5. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары/Құрастырған М.Жармұхаметов, С.Дәутов. - Алматы, 1988, - 560 б.

Қосымша әдебиеттер:

1. Платон. Диалоги Сократа - М.: Мысль, 2007. - 197с.

2. Амоношвили Ш.А. Основы гуманной педагогики. Кн.1,2. Как любить детей. - М.: Амрита-Русь, 2012.

3. Амоношвили Ш.А. Улыбка моя, где ты? - М.: Изд. дом Ш.А. Амоношвили, 2003

4. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері .-А.,1985

5. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б. Балаларды отбасында адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы, 2009.

6. Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру-А.,1992

Балалар жанды білімді аңсайды.

Ш.А.Амонашвили

Өзін өзі тану рухани адамгершілік білім беруді ықпалдастыру ең алдымен беріліп отыран білімді жандандыру, яғни оның рухани адамгершілік мәнін айқындап беру.

Бұл барлық пәндерді мәңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде және алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беру болып табылады.

Білім беруде жалпы адамзаттық құндылықтар негізгі түп қазық болуы керек яғни балаларға берілетін білім біртұтас, жүйелі болуы тиіс.

Пәнаралық ықпалдасудың қазіргі оқыту үдерісінде толық, жартылай және блоктік деп аталатын үш түрі ұсынылады. Салалас пәндер мазмұнындағы оқу материалдарының бір курс төңірегінде топтасуы толық ықпалдасудеп аталады. Оқу материалдарының бір тақырып аясындағы ең өзекті мәселеге топтасуы жартылай ықпалдасудыбілдіреді. Ал блоктік ықпалдасудегеніміз жалпы білім беру бағдарламаларының жеке пәндік бағдарламалармен ұштастырылуы.

Әдебиет пен өзін-өзі танудың өзара ықпалдасуында мәдени-танымдық, тәрбиелік ұстанымдартірек болады. Біртектес гуманитарлық білім аяларын құруға негіз болатын дидактикалық құрылым ретінде бұл пәндердің адамгершілік қағидалары негізге алынады.

Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мазмұндық құрылымы ана тілі, әдебиет, тарих, философия, психология, педагогика, мәдениеттану, валеология, әлеуметтану, әдеп, эстетика ғылымдарының іштей кірігуімен ерекшеленіп, тақырыптық жүйе оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететін жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағытталады.

Сонау халықтық педагогикадан бастап, бүгінгі заманауи құндылықтардың бәрі де адам үшін қызмет етеді. Рухани-адамгершілік мазмұндағы әдеби көркем мәтіндердің ішінде Абай мен Шәкәрім шығармаларының алатын орны ерекше. Екеуі де адамзат баласын, адам әлемін сезіне, сүйе білуге шақырып, ізгілік еліне сара жол салады.

«Абай шығармаларының алтын арқауы болып Адам тұрады, адамға деген махаббат тұрады. Ұлы ақын нағыз адам, толық Адам қандай болуы керек? – деген мәңгілік сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді де», – деп Қ.Бітібаева айтқандай пейілі кең, ойы орнықты, талғамы терең, сезімі сергек, санасы жоғары, ең бастысы жүрегі жылы адамның рухани байлығы да мол болады. Абай айтқан жылы жүрек, ыстық қайрат, нұрлы ақыл адам баласын бақытқа бөлеп, өмірін өркендете түседі. Біздің өзін-өзі тану пәні рухани білім берудегі басты мақсатымыздың өзін осы Абай айтқан адамгершілік қағидаларын оқушы жүрегіне жеткізе білу деп ойлауға әбден болады.

Әдеби тұрғыдан келгенде Абай мен Шәкәрім, Мағжан мен Мұқағали шығармаларының көркемдік ерекшеліктері айшықты оралымдардан көрінеді, ал бізге қажеттісі – олардың жан дүниесінің сұлулығы. Олар іздеген үйлесімдік пен ізгілік, махаббат пен достық, пейіл мен ықылас жарасымын адам бойындағы құнды қасиеттер деп бағалай отырып, біз әдеби-көркем туындылардағы мазмұн арқылы болашақ ұрпақты еліміздің нағыз азаматы ретінде тәрбиелеуді нысана тұтамыз.

Абайдың «Он жетінші» қарасөзін оқып түсіну арқылы оқушылар қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің айтысын талдап, олардың адам үшін артықшылығы неде, адамның мәнді де мағыналы өмір сүруі үшін ненің жақсы, ненің жаман екенін қалай ажыратқаны жөн, не нәрсеге мән беріп, нені басшылыққа алғаны дұрыс екенін байыптайды. «Жүрекке билету» деген сөздің мағынасын түсіне отырып, оқушылар тағы қандай қасиеттерді «жүрекке билетуге» болатыны жөнінде ой толғайды.

Ал Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек», – деген нақыл сөзде айтылған адамның жақсы өмір сүруіне негіз бола алатын адами қасиеттердің мәнін ұғынады.

Адамның пейілі таза, көңілі кең, мейірімі мол, әр нәрсені қанағат ынсап тұта алу қасиетінің көптігі ниетке байланысты екендігін Шәкәрімнің «Мейірім, ынсап, әділет, шыдам, шыншыл харакет – түп қазығы ақ ниет», – деген нақыл сөзі дәйектей түседі. Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.

Мысалы, Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін әдеби және адамгершілік білім беру ықпалдастығында қарастырып көрейік. Өлең мазмұнындағы әдебиеттік мазмұн ғылым, білім алуға үндеп, оқушыларды бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болуға, ғылымға берілу жолдарын іздестіруді мақсат етеді. Ал өлеңнің адамгершілік сипаты адамды босқа шаттанбауға шақырады. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ тәрізді бес жағымсыз қылықтардан адамды аулақ ұстап, оларды керісінше талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сияқты жақсылыққа жетелейтін қасиеттерге баулиды.

«Қазақ әдебиеті» мен өзін-өзі тану пәндеріндегі мазмұндық құрылым мен тәрбиелік мақсат арқылы ұштасады. Мысалы, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруде жарасымды қарым-қатынас жасау, қасындағыларға көмек беру, туыстары мен жақындарына қамқорлық көрсету, өзімен және қоршаған ортамен үндестікте өмір сүру, әр істе белсенділік, азаматтық таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу тәрізді түйінді құзіреттерді дамыту арқылы жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуын қарастырады. Олай болса, әдеби көркем шығармалар өзін-өзі тану бағдарламасының мазмұндық өзегін құрай отырып, жасөспірімдердің адамгершілік құндылықтарын жетілдіруге бағытталады деп тұжырымдауға болады.

Лекция №30

Наши рекомендации