Сабақтың тақырыбы: Математикадан сыныптан тыс сабақ түрлерін оқытудағы дидактикалық материалдар

Жоспар

1. Математикадан сыныптан тыс сабақ түрлерін оқытудағы дидактикалық материалдар.

1.Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты- оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу; логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсете білу, олардың ой өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру; тәртіпке, ұйымшылдыққа, табандылыққа, еңбекке, ұжымдыққа баулу.

Бастауыш мектептерде сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері- оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсуі, логикалық ойлауды, тапқырлықты математикалық қырағылықты дамыту, неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсету білу олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға тарту, соның арқасында тәртіпке күшейте түсу, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа және ұжымдыққа тәрбиелеу.

Сыныптан тыс жұмыстың күнделікті сабақтан айырмашылығы: еріктілік принципінде құрылуында; баға қойылмайды, ойын жарыс түрінде өтеді. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны математиканың негізгі курсын оқып үйренуде толықтырушы болып табылатын және сынып жұмысы мен үйлесімді болатындай таңдап алыну керек.

Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс деп мұғалімнің оқушылармен сабақтан басқа уақытта жүргізілетін жұмыстарының жүйесін айтамыз. Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды екі түрге бөлуге болады.

1.Бағдарламадағы материалдарды толық түсінбеген оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.

2.Математикалық қабілеттері жоғары математика пәніне асқан қызығушылықпен қарайтын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.

Біріншісі әртүрлі себептермен (оқушының ұзақ ауруына байланысты, бір мектептен басқа мектепке ауысуына байланысты т.б. білім деңгейі, біліктілігі төмен оқушылармен жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім деңгейлері бірдей болатын оқушыларды 3-4-тен топтастыра бөліп алып сабақтан тыс уақытта қосымша дәріс беру арқылы жүргізіледі. Алыс қалған оқушылармен дайындық, мүмкіндігінше жүйелі түрде (аптасына 1 немесе 2 рет). Әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Қайталау жасалғаннан соң, оқушыларды білім деңгейі дәрежесіне толық көз жеткізу үшін қорытынды бақылау жүргізіліп, әр тақырып бойынша оқушылардың қалыс қалу себептерін анықтап, жиі жіберетін қателіктерге талдау жасауы керек.

Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар жалпы білім беретін мектептердегі оқу тәрбие процесесінің маңызды құрамдас бөлігі.

Бастауыш сыныпта математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың төмендегідей түрлерін атауға болады:

1) Математикалық үйірме;

2) Математикалық виктариналар, конкурстар;

3) Математикалық олимпиадалар;

4) Математикалық кеш;

5) Математикалық экскурсия;

6) Математикалық қабырға газеті;

7) Математикалық апталық.

Математикалық кеш немесе математикалық ертеңгілік сыныптан тыс жұмыстардың көбін қамтитын жұмыс түрі.

Математика пәнінен сабақтан тыс жұмыс ұйымдастырудың ерекшеліктері төмендегіше:

1.Оның мазмұны қатаң түрде мемлекеттік бағдарламаға сүйенбейді. Бірақ сыныптан тыс сабақта математикалық материал оқушының білімі мен мүмкіндігіне сәйкес ұсынылады. Бұдан математика пәнінен сыныптан тыс сабағында тапсырманы бағдарлама материалына сәйкес, сонымен қатар оқушының математикалық білім және мүмкіндік деңгейі бойынша берілуі керектігін байқаймыз. Ал сол тапсырмалар формасы жағынан дәлме-дәл болуы қажет емес.

2.Егер сабақ барлық уақытта 45 минутқа жоспарланса, сыныптан тыс жұмыстар мазмұнымен формасына байланысты 2-3 минутқа да, 1сағатқа да есептелуі мүмкін.

3.Егер сыныптық – сабақ оқушылардың жас ерекшелігімен топтасқан, түгел құрамын талап етсе, сыныптан тыс жұмысқа оқушылар бір сыныптада болуы мүмкін, әр сыныптан жиналуы мүмкін.

3.Сыныптан тыс сабақтың әртүрлі түрлері мен формалары бар: топтық сабақтар, үйірмелер, математикалық бұрыштар, викториналар мен олимпиадалар, саяхаттар, КВН және т.б.

4.Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігі берілген материалдың не мазмұны, не формасы түрінде беріледі.

5.Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда өтілетін түріне қарай көрнекіліктер пайдаланылады. Мысалы, математикалық кешті ұйымдастыруда, кешті мектептің үлкен залында өткізген дұрыс. Залды көркем етіп жабдықтау керек. Бөлменің қабырғаларына әртүрлі есептерді, ребустарды, бірден сызып шығуға арналған есептерді , суретпен кескінделген қызықты есептерді көрнекілік түрінде жазып іліп қойған жөн. Бөлменің әр жерінде “Біліміңді тексер”, “Ауызша есептеп үйрен”, “Білімді болсаң ұтыс сенікі”, “Сен білесің бе?”, “Уақытыңды қызықты өткізгің келсе, математикамен шұғылдан”, т. б. тақырыптармен аталатын математикалық киоскілер жұмыс істеуі керек. Бұл киоскілерді ойын ұйымдастыратын оқушылар алдын-ала дайындалған, математикадан күшті жоғары сынып оқушылары болуға тиіс. Бөлмеде оқушылардың алдын-ала қолдан жасалған көрнекі құралдарынан, дәптерлерінен көрме ұйымдастыруға болады. Жан–жақты дайындалған кештер әр уақытта мазмұнды болады. Кешке мұғалімдерді, ата-аналарды қамқорлыққа алған сынып оқушыларын шақыруға болады.

Бастауыш сыныптарды түрлі пән үйірмелері, соның ішінде математика үйірмесіде кеңінен таралған. Бастауыш сынып оқушыларына білім құмарлығын оятатын үйірмелерді ұйымдастыру – баланың білімге деген қызығушылығын қанағаттандыруға ықпал ететін амал. Бірақ бұл – үйірмелерді ұйымдастыру қажеттілігінің бір ғана себебі. Үйірме жұмысы қарапайым математиканың түрлі салаларында: нақты сөйлеуге, символдарды (нышандарды) дұрыс орынды қолдануға, математикалық терминдерді дұрыс пайдалануға, назарды заттар мен құрылыстардың тек сандық жағына аударуға, қарапайым қорытындылар мен түйіндер жасауға, өз ойларын білуде т.б. оқушылардың ой-өрісін дамытуға ықпал етеді.

Балалардың үйірме жұмысына қатысуы олардың қоғамдық белсенділігін тәрбиелеуге де ықпал етеді. Бұл әзірше мұғалімге көрнекі құралдарды жасауға саяхаттарды ұйымдастыруда, математикалық газетті әзірлеуде, сыныпта математика бұрышын жасауда көрінеді. Үйірме жұмысы математикаға тек ұйірмелердің ғана емес, сондай-ақ басқа сынып оқушыларының да қызығушылығын көтеруге үлкен әсер етеді.

Балаларды үйірмелерге іріктеу кезінде олардың бейімділігін, мүмкіндіктерін және ынталарын ескеру керек. Бастауыш сыныптарда тек ең қабілетті және дайындығы бар оқушыларды қатыстырып қана қоймай, орташа және нашарлау оқитын балаларды да тартқан қызықтырған жөн. Себебі тәрбиелеу процесінде кім неге қабілетті екенін кесіп айту қиын. Өте көп дарынды адамдар ұзақ ізденістен кейін, өз білімділігін өмір әлдеқашан дәлелдеген. Сондықтан оқушыға өзін-өзі табуға ертерек көмектесу - мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.

Балалар үшін үйірмеде жаңа мәліметті тек есту, көру, білу ғана емес, сол жаңаны өз бетінше істейтіні, жүзеге асатыны қызықтырады. Ол үшін кезекті сабаққа дайындыққа оқушылардың өздері тартылады. Үйірме сабақтарында тек оның мүшелері ғана емес, барлық үміткерлер де қатыса алады, сондықтан үйірме сабақтары туралы барлық оқушыларға хабарлана алады.

Ұйымдастырылған математикалық үйірмелерге үйірме мүшелерінің ұжымдық талқылауы нәтижесінде белгілі бір ат беріледі. Бірінші сыныптарда оларды «Неге, неге?» үйірмесі деп аталса, екінші сыныптарда үйірмеге «Тапқырлық» атын береді, ал үшінші, төртінші сыныптарда әдетте «Жас математик» үйірмесі деп атайды.

Математика үйірмесінің жұмысын екі аптада бір реттен артық жүргізбеу керек, өйткені әрбір сабақ оқытушы жағынан да, оқушылардың да мұқият дайындығын талап етеді.

Үйірме сабақтарында ұзақ баяндамадан бас тарту керек.

Үйірме мүшелері өз математика газеттерін шығара алады немесе жалпы мектеп газетіндегі бұрышының белсенді тілшілері бола алады.

Сонымен математика үйірмесінің сабақтан тыс өткізілетін сынып сабақтардан айырмашылығы мынада:

1. Оқушыларды үйірмеге тарту негізінде еріктілік принципі жатыр.

2. Үйірме сабағын дайындауда және өткізуде оқушылар жағынан барынша дербестік пен ынталылық көрінеді.

3. Математикадан сыныптан тыс топтық сабақтарды, әдетте, мұғалімнің өзі дайындайды және өткізеді.

4. Үйірме сабақтарын өткізу әдістері топтық сыныптан тыс сабақтарды өткізудің әдістеріне қарағанда әр алуан.

Мысалы, ІІ-сыныптарда ұйымдастырылған математика үйірмесінің бір отырысын өткізудегі пайдаланылатын дидактикалық материалдарды көрсетейік:

І-отырыс

1. Ребустер. Жұмбақталып жазылған сөздерді оқыңдар.

б+6+р   4+бақ   дер+5

2. Өлең есеп.

Неше қуыршақ?

Ерте тұрып қарадым

Қуыршақтарды санадым

Үш сылдырмақ жайғасқан

Терезенің алдына

Екі қонжық - төсекте

Маужырап бір қалғуда,

Қозы, лақ, құлын, қодықтар

Үймелескен диванда

Неше қуыршақ болды онда?

3. Тапқырлық есебі.

а) Ең көп бір таңбалы сан ең көп екі таңбалыға қарағанда қанша бірлікке кем?

б) 7 таяқшадан үш үшбұрышты қалай салуға болады?

 
  Сабақтың тақырыбы: Математикадан сыныптан тыс сабақ түрлерін оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru

(Жауабы: суретте)

4. Әзіл есеп.

Жолда келе жатқансын

Бес теңге тапты жолдасым,

Екеулеп теңге табамыз,

Бірігіп сонда қаншасын?

(Қорытынды: сұраққа жауап беруге болмайды)

5. Жұмбақтар.

а) Әжемнің құлағы тар

Матаны тігері бар

Ұзын жіп тағы алып

Ширатар білегі бар

(Жауабы: ине)

б) Екі ағайынды суға қарайды,

Бірақ қосыла алмайды.

Бұл не?

(Жауабы: өзеннің жағалары)

7. Фигураны салыстыру.

а) Мына «құстар» қандай геометриялық фигурадан құралған.

б)Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

Сабақтың тақырыбы: Математикадан сыныптан тыс сабақ түрлерін оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru Сабақтың тақырыбы: Математикадан сыныптан тыс сабақ түрлерін оқытудағы дидактикалық материалдар - student2.ru

Наши рекомендации