Енді ойын ойнайық. Мен сендерге бір нәрсені айтамын, ал сендер қай шақты айтып тұрғанымды табасыңдар.

ОЙЫНДАР

Енді ойын ойнайық. Мен сендерге бір нәрсені айтамын, ал сендер қай шақты айтып тұрғанымды табасыңдар. - student2.ru


Кіріспе

Жинақтағандар: Қарағанды қалалық Білім бөліміне қарасты №59 Орта мектеп жанындағы «Ңұршуақ» шағын орталығының

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Алтынбекова Ф.А.

Шағын орталық тәрбиешісі: Садикова С.К.

Бұл қосымша құралда жинақталып, ұсынылып отырған «Дидактикалық ойындар» құралы Білім ұйымдарындағы мектепке дейінгі мекемелерде оқытудағы қосымша құрал ретінде,сабақ барысында қолданылатын түрлі дидактикалық ойындар іріктеп алынған.

Бұл қосымша құралдың мақсаты балалардың тілдік қоғамдық, жоғарғы қажеттілікті сезінетін ойын қызметінің үрдісі мынандай мүмкіндіктер береді:

- Қоршаған орта және табиғат туралы түсініктерді игеру мүмкіндігімен қамтамасыз ету;

- Айналадағы шынайылық пен табиғатқа деген қызығушылықты ояту, табиғатты аялай білу;

Тіл-адамның бір-бірімен пікір алысып,қарым-қатынас жасайтын құралы, тілдің қоғамдағы тәрбиелік қызметі ерекше. Тіл дамыту сабағында әр түрлі дидактикалық сөздік ойындарды пайдалану қажет. Кез-келген әр тақырыпқа тіл ұстарту, сөздің дыбысталу нақышын дұрыс,тез шебер айта білуге жаттықтырады. Айта алмайтын дыбыстарын тез айтуға үйретеді.

«Қай зат неден жасалған

Дидактикалық мақсаты: Балаларды заттардың неден жасалғанына қарай жіктеуге, өнімнің қандай жануардан алынғанын ажырата білуге үйрету.

Ойын ережелері:Допты ұстаған бала бірден жауап беруі керек. Жауап бермеген бала допты еденген бір ұрады да, жүргізушіге береді.

Ойын барысы: Мұғалім ағаштан, металдан, қағаздан жасалған бұйымдарды көрсетеді. Ірімшік, щұжық,нан,сүт, жұмыртқаның суретін көрсетеді. Жүргізуші бір заттың атын атай отырып, допты лақтырады. Оны ұстаған бала жауап береді. Мәселен,қарындаш-ағаштан жасалған, сүт-сиырдан алынады және т.б.

«Менің мекенім,менің отбасым»

Ойын мақсаты:Жаунарлар мен олардың балалары туралы,олар мекендейтін жерлер туралы білімдерін нығайту.

Ойын ережелері:Жануарлар отбасын біріктіріп, олардың «үйін» атау, карточкалар және олардың кішкентай балаларды бейнеленген шағын карточкалар беріледі.Барлық үлкен карточкалар араластырылады да, «аңның балаларына» өзінің отбасын тауып, « ата-анасының» кім екенің және «үйі» қайда екенің айту тапсырылады.

-қоян,көжек; қасқыр,шулан, бөлтірік; түлкі,түлкішек,жаутаң,кірпі,кірпінің баласы, аю, кірекей,қоңжық,тиін, ұрғашы,тиінің баласы. Тышқан мен балалары.

«Тез жауап бер»

Ойынның мақсаты: Балаларды жіктеуге,салыстыруға,жалпылауға жаттықтыру. Құстар,жәндіктер, балықтар, аңдар туралы білімдерін бекіту. Сан мен сын есімді зат есіммен сәйкестендіруге жаттықтыру.

Ойын материалдары:

1. 9 тор көзге бөлінген кесте. Әр тор көзде-аңдар мен тор көздердің бейнелері: бірінші қатарда-торғай,көгершін,тоқылдақ, екінші қатарда- ара,түлкі, шегіртке, ушінші қатарда-қасқыр,, көбелек, суықторғай.

2. 9 тор көзі бар кесте. Брінші қатарда-сиыр,бұлан,шағала; екіншісінде-мысық,жолбарыс,тауық,үшіншісінде-ит, түлкі,қаз.

3. 9 тор көзді кесте.Бірінші қатарда-арыстан, керік,бегемот; екіншісінде- ақ аю, солтүстік бұғысы, итбалық, үшіншісінде-қасқыр, бұғы, құндыз.

4. 9 тор көзді кесте.Бірінші қатарда- шортан, пингвин, морж; екіншісінде- дельфин,мөңке балық, алабұға, үшіншісінде-бірқазан, кит,жайын.

5. Аңдар бейнеленген суреттер.

Ойының барысы. Тәрбиеші балалардың көз алдына кестені іліп, қарауды ұсынады және қойылған сұраққа олар тез жауап беруі тиіс. Дұрыс жауапқа фишка алады.

№1 кестеге сұрақтар.

1.Бірінші қатарда бейнеленген суреттерді жалпы қалай атауға болады?

2.Кестеде барлығы неше құс? (Төрт) Оларды ата (торғай,көгершін, тоқылдақ,суықторғай).

3.Не артық? Аңдар ма, жәндіктер ме? (Аңдар артық)

4.№3 кестеде бейнеленгендерді неше топқа бөлуге болады?

5.Үшінші бағандағы суреттерге қараңдар. (Қатармен шатастырмау)

Оларға не ортақ? (Барлығы ұшады)

6.Бірінші,екінші бағандағы барлық аңдарды салыстыру. Қандай ортақ белгіні байқадыңдар? (Әр бағанда құстар, құстар,аңдар,жәндіктер бейнеленген)

№2 кестеге сұрақтар.

1.Бірінші және екінші бағандағы аңдарды салыстыр. Оларды қандай топтарға бөлуге болады? (Жабайы және үй жануарлары)

2.Бірінші және екінші бағанда қандай қандай аңдар бір-біріңе ұқсас? (Мысық-жолбарыс, түлкі-ит).

3.Үшінші бағанда бейнеленегендердің барлығын не деп атауға болады?

(құстар?)

4.Қай құстар артық? Үй құстары ма, немесе жабайы құстар ма?

5.Екінші,үшінші қатардағы аңдарды салыстыр. Оларға ортақ не байқадыңдар? (Әр қатарда бір-бірден үй құсы,бір-бірден жабайы аң).

6.Кестеде бейнеленгендердің барлығына қарап, қандай жануарлардың артық екенің айт. Үй жануарларыма, жабйы ма? (Теңдей)

№3 кестеге сұрақтар.

1.Қандай аңдар суда көп уақытын өткізеді? (бегмот, итбалық,құндыз)

2.Бірінш қатардағы аңдарға не ортақ? (Бұл ыстық жерлрде өмір сүреді)

3.Екінші қатардағы аңдарға не ортақ? (Бұлар солтүстікте өмір сүреді)

4.үшінші қатардағы аңдарға не ортақ? (Бұл аңдар орманда өмір сүреді)

5.Үшінші бағаңдағы аңдарға не ортақ? (уақыттың үштен бір бөлігін суда өткізеді)

№4 кестеге сұрақтар мен тапсырмалар.

1.Балықтарды ата

2.Құстарды ата

3.Не артық? Құстар ма? Балықтар ма?

4.Барлық теңіз аңдарың ата. Ең ірісі қайсы?

Сұрақтар:

1.Бұл жануарлар қалай аталады?

2.Топтарда не артық? Неге?

«Зоологиялық домино»

Дидактикалық мақсаты: Балалардың жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін бекіту; ұғымдылыққа, зейін қоюшылыққа баулу.

Ойын ережелері. Кімде-кім өз карточкаларын бірінші болып қойса, сол жеңімпаз болады. Жүрісті жіберіп алмай, карточканы дер кезінде қойып, мұқият болу.

Ойынның барысы: Карточкаларда жабайы және үй жануарлары бейнеленген. Ойынға төрт адам қатысады. Карточкалардың сурет жағы теріс қаратылып қойылады. Балалар алты алты карточкадан санап алады. Сонан соң мұғалім ойын ережесін түсіндіреді: бір-бірінің қасына тек бірдей карточкаларды қоюға болады. Егер керек карточка жоқ болса, онда ол адам жүрісін жібереді. Егер ойынға қатысушылардың біреуі карточкасыз қалса, онда ол жеңген болып саналады. Ары қарай оынды карточкаларды араластырып, басқа карточкалар ала отырып, жалғастыру қажет..

«Ботаникалық лото» ойыны да осы қағида бойынша жүргізіледі. Ойын алдында балалардың өсімдіктер жөніндегі білімдері игеріліп, жүйеге келтіріледі.

«Қайда не өседі?»

Дидактикалық мақсаты: Балалардың өсімдіктер жөніндегі білімдерін бекіту; заттардың арасында кеңістік байланыстарын қоя білу дағдыларын дамыту; өсімдіктерді өсетін жерлеріне байланысты топтастыру, белсенділіктерін және өздігінен ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойын ережелері. Орман, егістік, бау-бақша бейнеленген улкен карточкаларды бос тор көздерді кім өсімдіктердің суреттерімен жылдам толтыратыны бойынша жарысу.

Ойынның барысы:Ойынға қатысушылардың әрқайсысына түрлі пейзаждар салынған үлкен карта таратап беру; кішкене карточкалар қорапта жатады.Жүргізуші белгі бергенде үлкен карточкалардағы суреттерге сәйкес келетін карточкаларды табады. Бос тор көздерді жылдам жауып, өсімдіктерді дұрыс атаған бала жеңеді.

Бұл ойында дәндердің, саңырауқұлақтардың атаулары қиындық келтіретіндіктен, балаларды олармен сабақ кезінде, топсеруенге барған кездерінде алдын ала таныстыру қажет. Балалар карточкаларын ауыстырып, кішкене карточкаларды араластырады да, ойынды жалғастырады.

Ойынға қызығушылықты арттыра түсу үшін өсімдіктердің жаңа түрлері берілген карточкаларды қосып отыру керек.

«Табиғат және адам»

Дидактикалық мақсаты: Адам қолымен не жасалғаны және табиғат адамға не беретіні туралы балалардың білімдерін бекітіп, жүйелеу.

Ойын ережелері: Допты қағып алғаннан кейін жауап беруге болады. Затты атаған адам допты екіншісіне лақтырады. Сөзді есіне түсіре алмағаны өз жүрісін жібереді, ол допты еденге бір ұрып алады да, қайта лақтырады.

Ойынның барысы: Мұғалім балалармен әңгімелесу барысында айналамыздағы заттардың адам қолынан шыққаны немесе табиғатта сол күйінде кездесетіні, оларды адамдырдың пайдалануы туралы балалардың білімдерін аңықтайды. Мәселен, орман, көмір, мұнай, газ табиғатта сол күйінде болады, ал үйлерді, зауыттарды, көлік құралдарын адам жасайды.

«Адам қандай заттарды жасаған?» -деп мұғалім сұрақ қойып, ойынға қатысушылардың біріне бір затты береді (немесе доп лақтырады). Балалардың бірнеше жауабынан кейін ол жаңа сұрақ қояды: «Табиғат нені жаратқан?»

Ойын барысында мұғалім балалармен адамзат табиғатты адамдар жақсы өмір сүру үшін пайдаланатыны, сонымен қатар ормандағы өрттен қорғап, су тоғандарын, өзендер мен көлдерді тазартып, құстар мен жануарларды күзетіп, табиғатты аялайтыны туралы қысқа әңгіме өткізеді.

«Дәннен тәтті нанға дейін»

Дидактикалық мақсаты: Балалардың нанның қалай жасатылыны туралы білімдерін бекітіп, жүйелеу; егіншілерді құрметтеуге баулу; сөздік қорларын жандандыру; тұқым сепкіш, элеватор, комбаин.

Ойын ережелері: Кішкентай карточкаларды таңдап алып, жүргізушінің белгісінен кейін олармен тор көздерді жабу. Ойынға қатысушылар «дән» «бидай» және «тәтті нан» болып үш бригадаға бөлінеді. Олар диқандарға көмектесіп жатқан машиналар бейнеленген қажетті карточкаларды жылдам таңдап алып, өз егістігіндегі бос тор көздерді толтырып жарысады.

Ойының барысы:Ойын басталғанға дейін балалар егістікті, нанды қарастырады, балалармен нанның дәннен бастап тәтті нанға дейін қандай жолдан өтетіні, барлық адамда нан болуы үшін қаншама көп адам еңбек ететіні 4 адамнан болады).

Көктемгі егіс бейнеленген сурет «Дән»бригадасына, жазғы егістік «Бидай» бригадасына, күзгі егістік «Тәтті нан» бригадасына беріледі.Үстел үстінде диқандарға көмектесетін түрлі машиналардың суреттері бар. Сендер осы жыл мезгіліне қажеттілерін таңдап аласыңдар.

Ойыңға жарыстың қажетті суретті кім жылдам таңдап алатыны жөніндегі элементті еңгізуге болады. Тапсырманы қиындату үшін картиналарды араластырғанда, еңбектің бұл түріне пайдаланылмайтын бульдозер, көтергіш кран тәрізді техника құралдарының суретін қосып жіберуге болады.

Жеңген бригада ұпай алады. Ойын соныңда ұпайлар саналып, жеңімпаздар аңықталады. Бұл ойын балалар сөз және сөйлеммен таңысқаннан кейін жүргізіледі.

«Аңшы»

Дидактикалық мақсаты: Балаларды жануарларды,балықтарды,құстарды және тағы басқаларды жіктеп, аттарын дағдысына жаттықтыру.

Ойын ережелері: Келесі тор көзге аңның атын атағаннан кейін өтуге болады. Орманға барар жолдағы тор көздер нешеу болса, сонша аңның атын атай отырып, орманға жеткен бала жеңімпаз, жақсы аңшы болады. Есіңе түсіре алмағандар кейін қайтады.

Ойынның барысы: Ауланың немесе алаңның бір шетіндегі бос орында ойыншылар тобы тұрады. Бұл-үй. Үйден бірнеше шақырым жерде белгі қойылып, сызық жүргізілген. Ол түрлі аңдарға толы орман. Орманға ойыншылардың бірі аңшы аттанады. Орныңда тұрып, ол: «Мен орманға аңға барамын, мен аулайтын жануар ол ...» деп бір адым «қасқыр», төртінші адым аттап «түлкі», бесінші адым аттап «борсық» деп атайды. Аңшы әр аттаған сайын бір аңңың атын атайды. Бір аңды екі рет атауға болмайды. Құстарды да атауға болмайды, егер құс аулау ойыны болса, онда тек құстарды ғана атауға болады.

Үйден орманға дейін әр қадам сайын жаңа аңды атай отырып, жеткен бала жеңімпаз болады. Жолда қалғандар кері оралып, орныңа басқа ойыңшы аңға шығады. Жолы болмаған аңшыға тағы бір мүмкіндік беруге болады.

Ескерту: Осы ойын ережесі бойынша «балықш» ойының жүргізуге болады. Балықшы: «Балық аулауға барып,.... шортан, мөңке балық, алабұға ұстаймын» және т.б.

«Қателесіп қалма»

Дидактикалық мақсаты: Жылдам ойлау қабілеттерін дамыту, балалардың күннің әртүрлі мезгілінде не істейтіні туралы біліктерін нығату.

Ойын ережелері: Текшелердің бірін алып күннің белгілі бір уақытында істелетін қандай да бір әрекетті атау керек, сонан кейін күннің кез келген мезгілін атап текшені адамға беру керек.

Ойынның барысы: Мұғалім күннің түрлі мезгілі туралы білімдерін бекіте отырып, балалрмен әңгіме жүргізеді. Балалар таңертең, күндіз, кешкісін, түнде не істейтіндерін еске түсіреді. Сонан кейін мұғалім ойын ойнауды ұсынады.

- Балалар, қане былай істейік. Мен күннің бір мезгілін атаймын, ал сендер сол кезде не істейтін еске түсірісіңдер. Мәселен, мен «таңертең» деп айтамын. Сендер қандай іс-қимылдарды атайсыңдар?

- Балалар еске түсіреді:

- Оянамыз, амандасамыз, жуынамыз, тіс тазалаймыз,таранамыз.

- Дұрыс,-дейді мұғалім.- Бірақ ойын кезінде мен текше берген қала ғана атайды («балабақшаға барамын» немесе «гимнастика жасаймын» және т.б.) Әрекеттегі атаған соң ол текшені үстелге бір ұрады да, ары қарай береді, сонда ол жеңілген болып саналады. Қане, мұқият болыңдар, қателесіп қалмаңдар.

- Мұғалім күннің түрлі уақытын атайды, ал балалар жауап береді. Бұл ойыңды басқаша жүргізуге болады. Мұғалім балалардың түрлі әрекеттерін атайды, ал олар күндіз, таңертең, түн, кешкісін деп бір сөзбен ғана жауап беру керек. Мәселен, мұғалім: «Теледидар көріп отырмыз» дейді де текшені ойынға береді. Текшені алған бала «күндіз» немесе «кешкісін» деп жауап береді.»

«Бұл қай кезде болады?»

Ойыңға дайындық. Мұғалім өлі табиғатты, өсімдк және жануарлар әлеміндегі, адамдардың еңбегі мен тұрмысындағы мезгілдік өзгерістерді бейнелейтін заттық және сюжеттік картиналардың 4 топтамасын таңдайды. Мәселен, «Күз» топтамасында «Күзгі бақ», «Жаңбыр», « Алғашқы қар», «Астық жинау», «Алма теру», «саңырауқұлақтар», «Құстар қайтып барады картиналары; «Қыс» топтамасына «қысқы бақ», «Сүмбіл мұздар»,»Құстарды коректендіру», «Көктем топтамасына «Көктемгі бақ», « Құс ұясы», «Балалардың көктемгі ойындары», «Ағаш отырғызу» ,»Көктемгі қарбалас» ,»Гүл жарған ағаштар» т.б картиналары.

Мұғалім барлық балалрға жылдың блгілі бір мезгілін білдіретін түрлі түсті 4 шаршы қағаз тарады. Мәселен, -сары-күз, ақ немесе көгілдір-қыс, жасыл-көктем, қызыл-жаз.

Дидактикалық мақсаты: Балалардың табиғатты әртүрлі мезгілдік өзгерістер жөніндегі бөлімін аңықтау:зейіндерін, ойлау жылдамдықтарын дамыту.

Ойын ережесі: Тәрбиеші (немесе бала) қандай да бір мезгілдік құбылыс бейнеленген (мысалы, жапырақтардың түсуі) суретті жоғары көтереді. Балалар тез арада түсі ( сары) сәйкес келетін шаршы қағазды көтерілуі керек.

Тез және дұрыс жауап берген бала ұпай алады. Кім көп ұпай жинаса, сол жеңімпаз болады.

Ескертпе: Балалардың төменде берілген тапсырмаларды орындауына байланысты ойынның басқа да нұсқаларын қолдануға болады (ойын топпен жүргізіледі)

1) «Қыс-жаз», «Көктем-күз» тақырыбына сурет көрмесін ұйымдастыру (суреттерді таңдап алып, неліктен осы суреттерді таңдағаны туралы әңгімелеу);

2) «Қыс-көктем», «жаз-күз» тақырыбына сурет көрмесін өткізу;

3) Суреттің атын айтпай тұрып, суретте жылдың қандай мезгілін бейнеленгенін бәрі түсінетіндей етіп әңгімелеп беру. Кім тапсырманы тез орындаса, сол жеңымпаз болып саналады (көрмені тез және жақсы әңгімелеп беру)

«Үлкен емтихан»

Ойын мақсаты: Уақыт туралы түсініктерін тексеру және бекіту. Назар аударуды және тез жауап беруді қалыптастыру.

Ойын ережесі: Сұрақты зейін қойып тыңдап, допты алған кезде тез және дұрыс жауап беру керек.

Ойының барысы:Тәрбиеші: Әртүрлі ойындардан сендер уақыттың ұзақтығы, жыл уақыттарының уысу тұрақтылығы, апта күндерінің және айлардың атаулары, қазіргі , өткен, келешек уақыттар туралы білдіңдер.

Бүгін бізде «Емтихан» ойыны болады. Мектептегі оқушыларда емтихан жүріп жатыр, енді бізде де емтихан болады. Мектептегі оқушыларға емтихан мұғалім сұрақ қойса, ал оқушылар жауап береді. Ал біздер осылай ойнайық. Сендер шеңбер құрып тұрасыңдар. Мен сұрақ қоямын,сендер қалай жауап беруді ойланыңдар. Мен допты кімге лақтырсам, сол жауап береді. Мысалы. Мен таңертең деймін. Әрі қарай қалай? Таңертеңнен кейі не түседі? (Күн.Содан кейін ? (Кеш. Түн). Ал таң, күн,кеш, түн дегенді бір сөзбен қалай атаймыз? Кімге доп барса., сол жауап беру керек. Жауапқа бағаны мен айтамын; өте жақсы, жаман емес, жақсы. Ал сендер кім қанша, қандай баға алғаның өздерін саңаңдар. Енді бастайық:

Қыс, одан кейін не?

Көктем одан кейін не?

Жаз, одан кейін не?

Күз, одан кейін не?

Қыс одан кейін не?

Көктем, одан кейін не?

Жаз, одан кейін не?

Күз, одан кейін не?

Қыс,көктем,жаз,күз-бұл нелер? (жыл мезгілдері)

Аптада қанша күн бар?

Бірінші, екінші т.б қайсысы?

Бір жылда неше ай бар?

Жаз айларын ата

Күз айларын ата

Қыс айларын ата

Көктем айларын ата.

Қыс қай айдан басталып, қай айдан аяқталады? Көктем ше? Жаз ше? Күз ше?

Қыстың қай мезгілінде қандай үлкен мейрам болады ? Күзде қандай мейрам бар? Қай айда?

Көктемнің қай айында мейрам болады? Жылдың қай мезгілінде диқан қара бидай мен бидайдың дәндерін себеді?

Жылдың қай мезгілінд саңырауқұлақтар мен жидектерді жинайды?

Оқушылар қай уақытта оқуларын бастайды (жылдың қай мезгілінде және қай айында)?

Ал енді, сендер бір біріне сұрақ қойып , допты лақтырыңдар.

Ескерту; Мұндай ойындарды басқа да әртүрлі материалдарымен және жылдың кез келген мезгілінде өткізуге болады. Ойынға барлық балалардың белсене қатысқаны дұрыс. Мұғалім балалардың шамасын біле отырып, олардың әрқайсысынына жеке әдістер қолдану арқылы оларды білдірмей жетістікке қарай сүйрейді.

«Сағаттар еліне саяхат»

Дидактикалық мақсаты: Балаларды сағатты ойлап шағарғанға дейін адамдардың уақытты қалай белгілегенімен таныстыру; Мәскеудегі ең үлкен және сенімді сағат қандай, сағаттарды қайда жасайды, сағатпен уақытты қалай біледі, адам өзінің көмекшісі сағатқа қалай қарауы керек екені туралы атады.

Ойын іс-әрекеті. Сағаттар еліңе қиял мен саяхатқа шығу.

Ойын құралдары. Кремльдің Спасск мұнарасындағы сағаттың суреті бар плакат. Қала көшелерінде, вокзалдарда бейнеленген сағаттардың суреті. Қоңырау,әртүрлі көлемдгі қол сағаттары. Тілдері жеңіл қозғалатын және аңық циферблаты бар сағаттың үлгісі (осындай үлгі әр балада болса тіпті жақсы). Ішінде хаты бар хатқалта.

Ойынның барысы. Тәрбиеші. Сағаттар еліңе саяхатқа аттанамыз.Біз әрине ешқайда бармаймыз, бірақ ойын сондай болады. Бейне бір сағаттар еліңе саяхатта жүргендей боламыз.

Бірінші аялдама «Адамдар сағат жоқ кезде уақытты қалай білген?» деп аталады.

- Сендер қалай ойлайсыңдар?

- Адамдар уақытты күнге қарап білген. Күн үясынан шыққан кезде ертеңгілік уақыт басталады; күн шақырайып төбеге келген кезде түскі уақыт; Күн батып қараңғы түсе бастағанда кеш, ал қараңғы түскен кезде түн болады. Жазушы Пришвиннің «Алтын шалғын» деген әңгімесінд балалар көгалдағы көптеген сары бақбақ гүлдерін көріп, оны»алтын шалғын» деп атаған делінген. Ал кешке қарай, гүлдер жапырақшаларын жапқан кезде, көгал жасыл түске боялды. Таңертең гүлдер бастарын ашқнда көгал қайтадан алтын болып шыға келді. Басқа гүлдерде де осындай болады. Адамдар осыны байқап, қай уақытта кеш пен түн түсетінін, қай уақытта таң ататынын біліп отырған.

Тәрбиеші. Адамдар әтештің үш рет «ку-ка-ре-ку» деп айқайлайтынын байқайды:түн ортасында, түн ауған кезде, таңертең.

Адамдар бұрын уақытты осылай біліп отыратын, қазір ше?

Балалар: Сағат арқылы.
Тәрбиеші: Біздің келесі екінші аялдамамыз- Мәскеудегі Кремль маңы (плакат көрсетеді). Биік Спасск мұнарасынан біз алтын тілді үлкен сағатты көреміз. Олар көп жылдар бойы уақытты көрсетіп келеді. Тәулік сайын сағат таңғы 6.00-де барлық қалаларда, ауылдарда адамдар радиодан кремль куранттарының соққаның және «Қайырлы таң!» деген сөзді естиді. Бәрі таң атқананың біледі. Түңгі сағат 12.00-де сағат қоңырауы тағы естілді.Яғни, түн мезгілінің басталғанының білдіреді. Бұл уақытт дәл көрсететін сағат.

Біздің үшінші аялдама-сағат шығаратын зауыт. Мұнда көшелерге, аялдама бекеттеріне, мектептерге арнап әртүрлі сағаттар жасалады. Сендердің үйлеріңде де түрлі сағаттар бар. Олар қабырғаға ілетін сағат, тілін бұрап қойсаң қажет уақытта оятатын қоңыраулы сағат және қол сағат. Бұл сағаттың барлығы уақытты көрсетеді (балабақшада қандай сағат бар екенін көруге болады немесе суреттерін көрсет. Қоңыраулы сағат пен қол сағаттың өзің көрсетуге болады).

Біздің елде сағат шығаратын заыттар көп. Олар шығаратаын сағаттар да көп.

Келесі ялдамамыз- заытта еңбек ететін өз ісінің шебері болып табылатын адамдар (суреттерді көрсету). Олардың бәрі көңілді жне олар жақсы сағаттар жасайтынына қуанышты.

Ал енді барлық сағаттар бізге не деп тіл қататынына назар аударамыз. Оларда қандай ортақ белгілер бар? (Циферблат,сағат тілі). Сағат жұмыс істеп тұру үшін қалай бұралады? (Бұрандамен, кілтпен)

Уақытты сағатқа қарап білуге үйренеміз.

Әр балаға сағаттың цифрлары мен тілдері жапсырылған дөңгелек сағат үлгісі беріледі. Мұғалім кез-келген уақытты атайды да, үлгі сағаттың тілін сол уақытқа қоюды тапсырады (минуттық тіл 12 санын көрсетуі керек). Ал сағат тілін 2 санына қаратып қояды да, балалардан сұрайды: «Менің сағатымда уақыт 2.00 болды, сендердікінде ше?» Сөйтіп, ол сағат тілін түрлі цифрларға қоя отырып, балаларды да тексеріп отырады.

Содан кейін мұғалім ойынды күрделендіреді. «Енді біреуің қажетті уақытты сұрайсыңдар, екінші біреуің сағат тілін қойып отырасыңдар».

«Осы , өткен, келер уақыт»

Ойын мақсаты: Балалардың осы, өткен, келер уақыт туралы түсініктерін нығайту. Сәйкес сөздер туралы білімдрін тексеру:бар,қазір,бүгін-осы шақ, кеше,болды-өткен шақ; ертең,болады-келер шақ.

Ойын ережелері: Жұмбақтарды мұқият тыңдау. Ойланып алып, сонан кейін ғана іс-әрекеттің, қимылдың, оқиғаның қай уақытта болып жатқаның, болғаның және болатынын айту.

Жауаптың дұрыстығын түсіндіру.

Құрал-жабдықтар; Мұғалім құрастырған мәтіндер. Үш түстің тексеру белгілері. Олардың әр қайсысы белгілі бір уақытты көрсетеді (белгі ретінде жалаушалар, дөңгелектер,таспалар, ұшбұрыштар және т.б қолдануға болады). Белгілеу үшін тексеру жолақтары және дөңгелектер қолданылады.

Ойының барысы. Тәрбиеші. Сендер тәулік, апта, айлар, жыл, мезгілдері туралы біраз нәрсе білдіңдер. Түрлі мезгілді білдіретін тағы мынандай сөздер бар: осы, өткен, келер шақ. Мәселен, мен: «Ит жүгіріп келе жатыр»-деп айтамын. Бұл дәл қазір болып жатыр, яғни, сендер иттің жүгіріп келе жатқанын көріп тұрсыңдар. «Балалар бүгін суретті жақсы салып жатыр» -деп айтамын. Қашан? Қазір, бүгін. Қазір. Бүгін осы шақты білдіреді. «Кеше балалар қоян туралы өлең айтты?». Қай шақ? Бұл қашан болды. Бұл -өткен шақ. Бұл аяқталған іс-әрекет және «кеше» немесе»болды» сөздерімен берілген.

«Ертең балалар жаңа ойыншықтар алады» . «Бұл қай шақ? Келер шақ. Әрекет әлі болған жоқ «ертең, таяуда,болады» деген сөздермен беріледі.

Енді ойын ойнайық. Мен сендерге бір нәрсені айтамын, ал сендер қай шақты айтып тұрғанымды табасыңдар.

Дұрыс жауап беру үшін, ойлану керек.

Тыңдаңдар. «Кеше ит жүгірді» (Жауап: «Ит жүгіріп келе жатқан жоқ, жүгірді бүгінгі емес,кеше. Бұл -өткен, яақталған әрекет. «Болды,кеше» деген сөздер өткен шақты білдіреді.)

«Ертең ит жүгіріп келеді» деп айтамыз (жауап: «Бұл әлі болмған әрекет, бірақ күтіледі. «Болады ертең» деген келер шақты білдіреді)

Мұғалім балалрдың сөздерге қарап уақытты дұрыс айырғанын айтады. Ойынды әрі қарай жалғастырамыз. Барлықтарың уақытты белгілермен көрсетесіңдер: осы щақ-көгілдір түспен, өткен шақ-сұр түспен , өткен шақ –сұр түспен,келер шақ-қызыл түспен. Белгі бойынша кім уақытты дұрыс көрсеткенің көреміз.

Қане, бастайық!

Бүгін балалар мектепке бара жатыр.

Кеше біз саяжайдан келдік.

Ертең біздің балабақшаға қонақтар келеді.

Құстар ұя салып жатыр

Таяуда ұяда балапандар пайда бола болады

Бүгін балалар текшелерден үлкен кеме жсап жатыр.

«Мен атаған нәрсені көрсет»

Ойын мақсаты: Балалардың адам қолымен не жасалғаны және табиғаттың адамға не беретіні туралы білімдерін бекітіп, жүйеге келтіру. Тірі және өлі табиғат туралы білімдерін бекітіп, түсініктерін қалыптастыру.

Ойын ережелері. Балаларға карточкалар таратылады. Олардың міндеті адам қолымен жасаған заттар бейнеленген карточкалары. Олардың міндеті –адам қолымен жасаған заттар бейнеленген карточкаларды іріктеу. Табиғи нысандар бейнеленген қалған карточкаларды балалар екі топқа бөледі; өлі және тірі табиғат. Сонан кейін кайсының қай топқа жатанының табады.

Ойының барысы. Мұғалім адам қолымен жасалған заттар бейнеленген карточкалары бар балаларды тақтаға шақырады. Сонымен бірге тірі және өлі табиғат бейнеленген карточкалары бар балалар да тақтаға шығады. Орныдарда қалған балалар достарына баға береді.

«Жұбын тап.»

Ойын мақсаты;Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар туралы бөлімдерін шыңдау.

Керекті құралдар: қағаздар (карточкалар) жинағы.

-сыпырғаш,шаңсорғыш, шылапшын, кір жуғыш машина, ине, тігін машинасы, пеш, газ плитасы, арба, машина, машина (көлік) қайық, кеме, есепшот, компьютер.

Балалар жұп карточкаларды (парные карточки) таңдайды.

1. сыпырғыш- шаңсорғыш

2. ине-тігін машинасы

3. арба-көлік

4. есепшот-компьютер

5. леген-кіржуғыш машина

6. пеш- газ плита

7. қайық-кеме

8. құңқуатты сағат- электронды сағат.

«Біз кімбіз»

Дидактикалық мақсаты:Адамның қоғамдағы алатын әлеметтік орны туралы білімдерін жетілдіру.

Ойынның барысы.

-Сендер бір адамның әрқилы жағдайда әрқалай аталатыны туралы ойлан көрдіңдерме?

-Қазір біз сендерді қалай атауға болатындығы туралы аңықтаймыз.

Мысалы:мен үшін сендер балаларсыңдар, яғни ұлдар мен қыздар.

-Ал, ата-аналарың үшін ше? (Ұлдары мен қыздарырысыңдар)

- Аға-әпкелеріңе кімсіңдер? (Іні-қарындас)

-Ағай-тәтелеріне ше? (Жиен,нағашы болсыңдар)

-Ал ата-әжелеріңе қалай? (Немере)

-Егер сендер қалада тұрсаңдар, онда... (қалалықсыңдар)

-Егер көлікпен кетіп бара жатсаңдар... (жолаушысыңдар)

-Егер жаяу жүрсеңдер... (жаяу жүргіншілерсіңдер)

«Кімге не керек?»

Дидактикалық мақсаты. Құрылысшы мамандығы туралы білімдерін жетілдіру.

Керекті құралдар: құрылысшы мамандықтары бейнеленген қиындылар:тас қалаушы,сырлаушы,шатыр жасаушы, ағаш шебері,электрик.

Құрал-саймандар бейнеленген қағаздар: бояғыш,лай батырмасы,ара,сүргі,балға, бұрғыш, тістеуік.

Тас қалаушыны, шатыр жасағышты,сырлағышты,ағаш ұстасын, ағаш зергерін бір ғана сөзбен қалай атауға болады? Бұл кісілер не істейді? (Үй салады.Олар-құрылысшылар)

Олардың әрқайсысының жұмыста қолданатын өз заттары бар. Бұл заттарды бір сөзбен қалай атауға болады? (Құрал-саймандар)

Адамдар үй салғанда қолданылатын құрал-саймандарды атаңдар. (Олар; лай бастырмасы; сүргі,бояғыш, балға, кілт,ағытқыш)

Кімге жұмыс үшін қандай саймандар қажет?

Дидактикалық ойын.

«Жапырақтар» (Күзгі жапырақтар тақырыбына)

Ойын мақсаты: Балалардың куз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау. Күзгі табиғат ерекшелігіне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Педагог әр түрлі ағаштың жапырақтарын флаллеграфқа жапсырады.Балаларға өздеріне ұнаған ағаштың жапырағын таңдап алуды ұсынады. Әр бала өзі таңдап алған жапырақтың түрін,түсін,пішінің, қай ағаштың жапырағы екенін айтады. Егер бала сипаттап айта алмаса, педагог немесе өзге балалар көмектеседі.

«Қай жануардың төлі?»

Ойын мақсаты: Суреттер бойынша әңгіме құрауға үйрету. Үй жануарларын күтіп-бағуға деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Үй жануарларының төлдері ауысытырылып қойылады: жылқыға бота,қойға құлын,түйеге бұзау, сиырға қозы. Балалар қай жануардың төлі екенің аңықтайды. Аңықтай алмаған бала педагогтың қойған шартың орындайды (төлдер туралы өлең, тақпақ айтады, немесе төлдердің қимылын жасап билейді.)

«Бағдаршам»

Ойын мақсаты:Балаларға жол және көше тәртібі жөнінде білім беру. Көшеде жүру ережесін бекіту. Көшеде жүру тәртібін дұрыс сақтауға тәрбиелеу.

Ойын шарты:балаларға жолда жүру ережесі туралы рөлдер бөлініп беріледі.Балалардың біреуі жүргізуші, ал екіншісі жол тәртібін реттеуші бағдаршам рөлінде ойнайды.Жүргізуші ойынды бастайды. Оның тәртібін бұзған бала өлең немес тақпақ айтады. Осылай ойын жалғасады.

Бағдаршам

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін:

«Тоқта!,Сақтан!,Жол ашық!»

Жүрме жолға таласып

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға,

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін,жасқанба!

«Сәйкес сөзді табайық!»

Ойын мақсаты:Күз мезгілінің ерекшеліктерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Ойын ережесі:Балалар «алтын»деген сөзге сәйкес сөзді тауып атайды: алтын сақина, алтын сағат,алтын сырға, алтын күз, алтын ереже, алтын бала т.б.

Дұрыс жауап берген балаға текше беріледі. Педагог «алтын» сөзі кей жағдайда «өте жақсы және өте әдемі» деген ауыспалы мағынада қолданылатынын айтып түсіндіреді.

«Не артық?»

Ойын мақсаты:Нанның адам үшін маңыздылығын түсіндіру. Нанды құрметтеуге тәрбиелеу.

Ойын ережесі: Педагог ұннан жасалған тағам түрлерін және құрамында ұны жоқ тағы бір тағамның суретін көрсетеді. Балалар ол суретті тауып, алдыңғы тағамдардан айырмашылығын түсіндіреді.

«Не жапсырылғаның тап?»

Ойын мақсаты:Нан өнімдерімен таныстыру. Нанға, нанды даярлайтын адамдарға деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Ойын ережесі: Тақтаға ұннан жасалған тағамдар:торт, бөлке,батон,печенье, бауырсақ т.с. суреттер қойылады. Педагогтың белгісінен кейін балалар көздерін жұмады. Педагог бір суретті алып тастайды, балалар қандай суреттің алынғаның табады. Қалғандарының орындары ауыстырылады.

«о» дыбысы кездесетін сөзді ата»

Ойын мақсаты.балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойын ережесі: Балалар шеңбер құрып тұрады, педагог кезек-кезек доп лақтырып, балаларға «о» дыбысы бар сөздерді айтады, балалр дыбыстың сөздің ортасында,басында,аяғында екенің айтады.

«Анасын тап»

Ойын мақсаты:Үй құстары тіршіліктерімен таныстыруды жалғастыру. Құстарға деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Ойын ережесі: Педагог балаларға үй құстары мен олардың балапандарының суретін үлестіріп береді.Балалар анасын балапанымен жұптастырады.

«Күн тәртібі»

Ойын мақсаты: Жеке бастың тазалығы және гигиена туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықты күтуге тәрбиелеу.

Ойын ережесі:Педагог сабаққа түрлі гигиеналық шаралар бейнеленген суреттерді даярлайды. Балалар суреттерді «Күн тәртібі» бойынша реттеп қояды, талқылайды. Мысалы:ұйқыдан ояну,таңертенгілік жаттығу, жуыну, т.б. Педагог балалармен күн тәртібі,оны сақтаудың маңызы туралы әңгімелейді.

«Заттың атын табайық»

Ойын мақсаты:балалардың есте сақтау, тазалық туралы білімдерін бекіту, тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Ойын ережесі. Педагог үстел үстіне түрлі заттар қояды:жүн, қылқалам, шыны құты,моншақтар, мақта,қағазды..... қояды. Ал балалар көздерін жұмып,қолдарымен не зат екенің табуы керек.

«Ғажайып дорба»

Ойын мақсаты:материалдар туралы білімдерін бекіту, ойын арқылы сезінуі,қабылдау түсініктерін дамыту.

Ойын ережесі:Дорбаға әр түрлі материалдардан жасалған заттарды салады. Көзін жұмып, бала дорбадан алған заттың не екенің сипаттап ,айтып береді.

Наши рекомендации