Жастар қозғалысы: балалардың қазіргі ұйымдары мен бірлестіктері.
Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүрмейтіні анық. Себебі, оның жан дүниесі тек айналасымен қарым – қатынас жасау үстінде, тәлім – тәрбие, оқу- іздену арқылы әр кез белгілі бір мазмұнға ие болып отырады. Сондықтан да, оның айналасатын іс- әрекетіне қоса, бүкіл тыныс тіршілігіне, ұстанған бағытына себеп болатын түрткілер көп. Солардың бастылары: қызығушылығы, танымы мен сенімі, мұраты мен талғамы, мақсаты мен мүддесі. Адам баласына ой салатын осындай әртүрлі ұғымдар санаға ұяласа ғана сенім пайда болады. Адамның бір – біріне сенімі жоғалса, тіршілігінің де мәні борлмайды. Сенім адамға бірден келмейді, ол өмір көріністерін топшылау, салыстыру, тәрбие жинақтау арқылы еінші жаққа өз тағдырын тапсырады.
Сенім – адамның ерік жігерін, оның бір – біріне қарым – қатынасының қандай екенін дәлелдейтін ұғым. Ендеше, баланың берік сенімі болмаса, онда бір – біріне ынтымағы жа жойылады. Сенімсіздік болған жерде топ ыдырайды, іс – әрекет құлдырайды. Балалар бір- біріне сенген жағдайда ғана, қоғамға пайдалы үлкен іс атқаратын ұйым құра алады. Ондай іс-әрекетті балалар қозғалысына жатқызуға болады.
Іс- әрекет сыртқы ортакмен байланыс жасаудың, жалпы тіршілік етудің негізгі шарты. Ол – адамның түрлі қасиеттеріне, мақсатына жетьуге жан – жақты көмек беретін күш. Соған сәйкес, оның нақты мақсаты мен міндетт\і, орындау жолы туралы бағыт беретін жоспары болады.
Олай болса, балалардың және жас жеткіншіктердің дамуында маңызды фактор – құрбылар қауымдастығы. Бала өзінің құрбыларымен қарым – қатынасында қосымша мағлұматтар алады, өмірлік тәжірбиесін молайтады, әлеуметтік мінез – құлық ережелері мен құндылық бағдарды менгереді, жолдастық пен достық сезімін қалыптастырады т.с.с. Сондықтан да тәрбие теориясы мен әдістемесінде балалар қозғалысын - тұлғаны дамудың маңызды факторы ретінде оған айрықша маңыз береді. Біріккен Ұлттар Ұйымының баланы қорғау Конференциясына сәйкес олардың жас мөлшері 7 – 18 деп қарастырылған.
Жастар қозғалысына назар аударсақ, ол – дүние – жүзінің барлық халықтарында болып, іске асатын қозғалыс заңы. Қайсы бір қозғалыс болмасын, ол белгілі бір мүддені көздейді.
Кеңес одағының тарауымен, соған сәйкес 1990 жылы Біродақтық пионер слетінің шешіміне орай балалар мен жас жеткіншіктердің қоғамдық қозғалысының формасы мен басқару өкілдігі тоқтатылды. Біздің елде пионер және комсомол ұйымдарының өз жұмыстарын тоқтатуы салдарынан, балалар қозғалысы белгілі бір уақыт аралығында құлдилау жағдайында болды. Ол мектепте және балалар ортасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру жүйесіне кері әсерін тигізді.
Бүгінде жағдай өзгеруде. Көптеген облыстарда балалар қозғалысы күш алуда, оны ұйымдастырудың әдістемесі және мазмұны жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, Алматы облысы әкімшілігінің қолдауымен құрылған « Мың бала қозғалысы» осы бағытта балаларға үлкен тәрбиелік ықпал етіп, өнегелік іс шаралар атқаруда.
Қазіргі кезлдегі балалар қозғалысы жаңа жағдайға байланысты принциптік тұрғыдан өздерінің жұмыстарын ұйымдастыруда еркі, өзін өзі басқаратын қоғамдық негізде жұмыс істеуде. Әрине, бұл тұрғысында мемлекет тарапынан қолдауға ие болғанымен де, өз әрекеттері барысында олар әлеуметтік жеке мәртебеге ие болды. Соған сәйкес, балалар мен жас жеткіншектердің өз қалауы бойынша ұйымдастырылып жатқан бірлестіктерінің мақсаттары – олардың өмір сүріп отырған қоғамның азаматы болып қалыптасуына жағдай тудыру, ол үшін олардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыруды көздейді.
Өзінің бұрынғы өткен тарихында, балалар мен жас жеткіншектер қозғалысы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде «Скауттер» деген атпен тұңғыш рет дүниеге келді( шамамен 1907 жыл). Оның негізін қалаған ағылшын полковнигі Р.Баден – Поуэлл (1857-1941)болды.
Скаутизм – ағылшын тілінде SCOT, яғни «барлаушы» деген ұғымды білдіреді. Оны құрудағы негізгі мақсат – балалар мен жас жеткіншектерді сол дәуірдегі үстем тап өкілдеріне берілгендік рухта тәрбиелеуді көздеді.
1921 жылы ол Ұлыбританияда , Германияда, Италияда , Францияда, Индияда өз жұмыстарын жалғастырса, ал 1972 жылы көрсеткіш бойынша оның таралуы 106 мемлекетті қамтыған. Ал Ресей жерінде 1909 жылы оның бірінші отрядтары құрылды.
Дегенмен де, 1917 жылы Ұлы Қазан жеңісінен кейін 50 мыңдық скауттар ұйымын құраған Ресей топырағында, 1918-1920 жылдардағы комсомолдардың 2,3 және 4 съездерінің шешімдері бойынша оның жұмыстары тоқтатылып, оның орнына жаңа балалар ұйымы, яғни пионерлер ұйымы құрылды. Ол – 19 мамыр 1922 жыл еді. Оның алдына қойған мақсаты – жас жеткіншектерді комунистік рухта тәрбиелеу болды. Содан бері 70 жылдау уақыт ішінде жастар қозғалысы октябрят, пионер, комсомол ұйымдары болып, кезең – кезеңмен коммунизм құрылысшыларын тәрбиеледі. Оның жетекшісі комсомол ұйымы болды.
Бүгінгі жағдайда Қазақстан елі үшін қызмет ететін балалар мен жас жеткіншектерді тәрбиелеуге қызмет ететін ұйымдарға – олардың қоғамдық негіздегі бірлестіктегі жатады. Олар 1980 жылдардың орта шенінде пайда болып, пионер ұйымдарымен қатарласа жұмыс істей келеді. Олардың қызметі негізінен 3 бағытты қамтиды:
1. Дамушылық қызметі. Ол тұлғаның азаматтық, адамгершілік қалыптасуын және оның әлеуметтік шығармашылық дамуын, адамдармен қарым қатынас жасау біліктігін, қоғамдық және тұлғалық маңызды мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
2. Бағыттаушылық қызметі. Мұнда адамгершілік, әлеуметтік, саяси және мәдени құндылық жүйесін меңгерудің бағытын қамтамасыз етуді көздейді.
3. Компенсаторлық қызметі. Бұл балалардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын және мүмкіншіліктерін жүзеге асыру үшін жағдай тудыруды көздейді.
Бүгінде балаларбірлестіктері
- өзінің ұйымдастыру- құқықтық формасына (бірлестік, ұғым, қозғалыс, орталық, клуб)
- көлемі мен деңгейіне (пионер одағының ұйымы,республикалық Невада қозғалысы (Семей қаласы), аймақ аралық клуб.)
- әрекерттерінің мақсаты және мазмұнына (елжандылық, экономикалық, саяси, скауттық, пионер)
- әрекет ету бағдарламасына ( Атамекен, Дәстүр, Жұлдыз, Ұлан, Азамат, Мың бала, Ата кәсіп т.с.с)
- құрылымына (буын, бригада, команда, отряд, дружина, клуб: ерлік мектебі , ынтымақ, кәсіпкерлер, шымырлар, салауат, ұландар клубы – бұлардың өздерінің ережесі, рәміздері болады)
- басылымдарына(газет, журнал,альманах, әдістемелік – хабаршы бюллетені);
- ұйымдастыру базасына(балалар бірлестіктері, жалпы орта мектептері, қосымша білім беру және мәдени мекемелер, клубтар, балалар үйі, тұрғылықты мекен – жайы);
- ұйымдастырушыларына (жетекші , лидер, вожатый, нұсқаушы, әлеуметтік педагог т.т) байланысты әр түрлі болып келеді.
1991 жылы Мәскеу қаласында Пионер ұйымдарының одағы құрылды. Ол демократиялық тұрғыдағы ерікті қоғамдық ұйым. Оның идеяологиялық бағыты – гуманистік, жалпы адамзаттық құндылықты ұстану және мақсат ету.
Негізгі міндеті – өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани жан дүниесін дамыту, жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеру мен әлеуметтік мағызды істерге тарту. Басымдық танытатын ұстанымдары ( принциптері) – еріктілігі, тең құқықттылығы, өзін өзі басқаруы, заңдылықты сақтауы, жариялығы.
Қазіргі кездегі құрылып жатқан балалардың мұндай бірлестіктері бұрыннан қалыптасқан пионер ұйымдарының іс – тәжіребесіне арқа сүйеуде. Олардың теориялық – практикалық негіздерін қалаған Н.К.Крупская, А.С. Макаренко , В.А. Сухомлинский және И.П.Иванова.