Ринолалиясы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмысының негіздері» пәніне кіріспе
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
Ринолалиясы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмысының негіздері» пәні
(пәннің коды және аталуы)
Жоғары кәсіби білім
Мамандық: 5В010500 - «Дефектология»
(мамандықтың шифры және аталуы)
Тараз 2014 ж.
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Пәннің мақсаты және міндеті:
Оқу жоспарына сәйкес «Ринолалиясы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмысының негіздері»курсы «Дефектология» мамандығында оқитын білімгерлер үшін тағайындалған. Курстың мақсаты: сөйлеу тілінің бұзылуы туралы ғылымның шығу тарихымен дамуы; балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу жолдарымен зандылықтары; сөйлеу тілінің дамуындағы ауытқулардың себептері және механизмдері; сөйлеу тілінің бұзылуын психолингвистикалық және клииикалық-физиологиялық аспектілерін қарастыру; балалардың тіл кемістіктерін анықтау, ажырату, әртүрлі арнайы мекемелерде ринолалик балаларға логопедиялық ықпал жасау, түзету-тәрбиелеу жұмыстарының негізгі бағыттарын бағдарлау туралы студенттерге теориялық білім беру және кәсіби дагдыларын қалыптастыру.
«Ринолалиясы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмысының негіздері»пәнінің дефектолог-мамандар дайындаудағы ролі өте зор. Дефектолог дамуында әртүрлі ауытқуы бар балалардың (ақыл-ойы, есту, көру т.б.) сойлеу тілінің даму ерекшеліктері мен оны түзету жолдары туралы білім дағдыларын біліп игеруі тиіс. Курсты оқыту мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде тәжірибелік және теориялық білімдерді меңгерткенде қажет болып табылады.
Білімге және іскерлікке қойылатын талаптар:
Білімгер таныс болу керек:
- дені сау және ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілі және тұлғаның даму
заңдылықтарымен;
- сөйлеу тілінің бұзылу түрлерін топтастырумен;
- логопедияның және онымен шектес пәндердің өзекті мәселелері,
Қазақстандағы ғылымның даму келешегі және логопедиялық көмек
көрсету жүйесімен.
Білімгер білу керек:
- сөйлеу түралы білімнің теориялық және табиғи-ғылыми негіздерін;
- сөйлеу әрекетінің онтогенетикалық жолымен дамуын;
- сөйлеу тілінің бұзылыстарын анықтаудың мақсаттарын, міндеттерін,
принциптерін, мүмкіндігі шектелген балаларға арналған әртүрлі
мекемелерде түзету-педагогикалық ықпал жасауын.
Білімгер істей алу керек:
- тіл бұзылыстары бар балалармен карым-қатынас жасау;
- дыбыс айтуы бүзылған балаларды логопедиялық тексеру;
- түзету жүмыстарының негізгі жолдарын анықтау;
- логопедтің негізгі жүмыс бағыттарын анықтайтын қүжаттарды
пайдалану.
Пререквизиттер және постреквизиттер:
Пререквизиттер: «Көру, есту және сөйлеу мүшелерінің анотомиясы, физиологиясы және патологиясы», «Казіргі қазақ тілі», «Арнайы (коррекциялық) педагогика».
Курстың мазмұны:
Курс сөйлеу тілінің бұзылуы туралы ғылымның шығу тарихы мен дамуын, сөйлеу тілінің дамуындағы ауытқулардың себептері және механизмдерін, балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу жолдары мен зандылықтарын сұрақтары қарастыратын 15 сағаттық лекциядан тұрады. 30 тәжірибелік сағат көлемінде сөйлеу тілінің бұзылыуын психолингвистикалық және клиииканың-физиологиялық аспектілері, балалардың тіл бұзылыстарын анықтауы, ажыратуы, әртүрлі арнайы мекемелерде ринолалиясы бар балаларға логопедиялық ықпал жасауы, түзету-тәрбиелеу жұмыстарының негізгі бағыттарын бағдарлауы қарастырылады. Курсқа білімгердің аудиториядағы (СРСП) және аудиториядан тыс (СӨЖ) орындайтын жұмыстары кіреді.
ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
Ринолалиясы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмысының негіздері» пәніне кіріспе
Ринолалия ( грекше «rhinos» - мұрын, «lalia» - сөйлеу) – бұл сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің анатомиялық-физиологиялық кемістіктерінің салдарынан дауыс тембрінің және дыбыс айтылуының бұзылуы. Дауыстың бұзылуы мен дауыс әуенінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалиядан дислалия мен ринофонияны ажыратуға мүмкіндік береді. Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару /фонация/, дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады. Оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын резонаторының қатынастарның бұзылуы. Адамның фонациясы қалыпты жағдайда барлық дыбыстарды айтқан кезде мұрын – жұтқыншақ пен мұрын қуысы, жұтқыншақ және ауыз қуыстарынан ажырайды. Бұл қуыстар жұмсақ таңдай, жұтқыншақтың жанындағы және артқы бойының бұлшық еттерінің жиырылуының әсерінен таңдай мен жұтқыншақтың жабысуы арқылы бөлінеді. Дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылы мен жұтқыншақтың артқы жағының (Пассаван валигі) қалыңдауы пайда болады. Ол жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың бір-бірімен қабысуына мүмкіндік туғызады. Сөйтіп сөйлеп тұрған уақытта дыбыстың айтылуы мен сөздің шапшаңдылығына қарай жұмсақ таңдай үздіксіз бірде төмен түсіп, бірде әртүрлі биіктікке жоғары көтеріліп тұрады. Таңдай мен жұтқыншақтың мықтап қабысуы айтылған дыбысқа байланысты және ол дауыссыз дыбысқа қарағанда дауыстыларда аз қабысады. Егер жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының арасындағы 6 мм-ге жуық кеңістік қалатын болса, онда дауысты дыбыстарды мұрыннан естілетін үн пайда болады. Таңдай мен жұтқыншақтың ең нашар қабысуы дауыссыз «в» дыбысында, ал ең мықты қабысуы «с» дыбысын айтқан кезде болады. Бұл қабысуы дауысты «а» дыбысын айтқандағыға қарағанда алты-жеті мәрте күштірек десе болады. «М», «н», «ң» мұрын дыбыстарын айтқанда ауа ағыны мұрын резонаторының кеңістігіне емін еркін кіріп кетеді.
Таңдай мен жұтқыншақтың қабысуы қызметтері бұзылуының ерекшеліктеріне байланысты ринолалия әр түрлі болады: ашық, жабық (бітеу), аралас. Ал этиологиясына байланысты органикалық және функционалды деп бөлінеді.
Ринолалияның барлық түрлерінің негізгі – сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің тұтастығының бұзылуы.
Ашық ринолалия функционалдық және органикалық болып бөлінеді. Балаларда сөйлеу бұзылысы және ринолалик балалар да келесі факторларға, яғни, сөйлеу дағдысы қалыптасуы бірталай болып келеді.
- Тамақтандыру типі: көп жағдайда балаларда велофрагиальдық жетіспеушілік байқалғанда сәби кезінен бөтелке арқылы тамақтандыру, себебі тілдің қимыл іс әрекеті бұзылуда сол себепті бұл жағдай арқылы тілдік артикуляцияға әкеп соғады.
- Жас кезеңі, бұл жағдайда жасалатын операция түрі, қатты таңдайды жабу яғни создыруға жол бермеу бұл жағдайда операция жасау мүмкіндігі үш жасқа жейін таңдайды жабу жағдайы тек бір стадия арқылы жүргізіледі.бұл жағдай қалыпты сөйлеуге мүмкіндік беру.
- Есту функциясының жағдай, ірің ,отит ауруларымен шалдыққан балаларда болшақта қорқыныш туындауы байқалады, фонетикалық филологиялық дамуы ауыр бұзылысқа немесе артта қалушылық байқалу мүмкін.
- Тіл жақ диформациясы.
- Артикуляциялық анотомиялық кемістік. Микрогиясы микрогиясия тілдің қысқа болуы жоғарғы жоғарғы үстінгі ерінің кішкентай болуы.Бұндай кемістігі бар балаларда өте қиын және көп жақты кемістіктің түрі байқалады. Бұл жағдай дауыс тембірінің бұзылысынан әкеп соғады фонетикалық және фонематикалық есту бұзылысы және барлық сөйлеу дағдысы қалыптасуы мүмкін.
Бітеу (жабық) ринолалияда барлық сөйлеу дыбыстарының айтылуы кезінде ауа ауыз арқылы өтеді. Бұл баланың мұрнымен тыныс алуы қиындағанымен түсіндіріледі. Мұрын қуысына өтетін жолды жауып тұратын полип, аденоидтың ұлғаю, мұрын қалқасының майысуы және басқалары себеп болуы мүмкін. Мұрын резонансы тұтас және жарым-жартылай дауыс қалыптасу барысында өшеді, дауыс бірқатар обертонын жоғалтады, мұрын жолды дыбыстары («м», «н», «ң») бұрмаланып қатаң айтылады. Егер мұрын резонансы жоқ болса, онда бұл дыбыстар ауыздан айтылады б, б', д, д'. Бітеу ринолалияда дауысты дыбыстардың да дұрыс айтылуы бұзылады.
«Ринолалиясы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмысының негіздері» пәнінің мақсаты: сөйлеу тілінің бұзылуы туралы ғылымның шығу тарихы мен дамуы; балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу жолдары мен зандылықтары; сөйлеу тілінің дамуындағы ауытқулардың себептері және механизмдері; сөйлеу тілінің бұзылыуын психолингвистикалық және клиникалық-физиологиялық аспектілерін қарастыру; балалардың тіл бұзылыстарын анықтау, ажырату, әртүрлі арнайы мекемелерде балаларға логопедиялық ықпал жасау, түзету-тәрбиелеу жұмыстарының негізгі бағыттарын бағдарлау туралы студентгерге теориялық білім беру және кәсіби дагдыларын қалыптастыруболып табылады.
«Ринолалиясы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмысының негіздері» пәнінің дефектолог-мамандар дайындаудағы ролі өте зор.
Сұрақтар:
1. Ринолалия туралы түсінік.
2. Ашық ринолалияға сипаттама беріңіз.
3. Жабық ринолалияға сипаттама беріңіз