Пайдаланылған әдебиеттер. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті.
Факультет:жалпы медицина
Кафедра: неврология,психиатрия және наркология
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Суицид қауіп факторлары және біріншілік алдын алу
Орындаған: Түрікпенбаева Мақпал 507б
Тексерген: Кенжегалиева Б.Қ
Ақтөбе 2016 жыл
Жоспары:
Ι. Өзектілігі
ΙΙ. Негізгі бөлім
- Суицидтің этиологиясы
- Суицид түрлері, клиникасы
- Суицидті алдын алу шаралары
- Қауіп факторлары
Орытынды
Өзін-өзі өлтіру (суицид) — өзін өмірден қасақана айыру. Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.
Өзін-өзі өлтірудің себептері әр түрлі. Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу. Депрессивті жағдайлар «жиналып» соның салдарынан өзін-өзі өлтіру болуы мүмкін. Өзін-өзі өлтіру қарттарға, нашақорларға, жазылмайтын аурумен ауыратындарға, қылмыскерлерге тән әрекет. Балалардың өзін-өзі өлтіруі ашық қарсылық білдіру түрінде, көбінесе ата-аналарына қатысты жасалады. Криминалистикада өзін-өзі өлтіру әр түрлі негіздер бойынша сараналады. Мысалы:
- Қорытынды өзін-өзі өлтіру (өзін-өзі өлтірер алдында өз әрекетеріне есеп беретін, бірақ кінәсыз қиын жағдайдаға түскен, ойлану нәтижесінде болашақтың жоқтығына көзі жеткен адамдардың өзін-өзі өлтіруі, қаржының жоқтығы, жазылмайтын ауру және т.б.);
- Ашық қарсыласу түріндегі өзін-өзі өлтіру (бақытсыз махаббат, ажырасу т.б. себеп болатын жан күйзеліс әрекет);
- Аяқ астынан өзін-өзі өлтіру (жаман хабар алғаннан кейін, отбасындағы не жұмыстағы ойда жоқта пайда болған қиыншылықтан кейін өзін-өзі өлтіруге аяқ астынан бел буу);
- Психикалық ауырған кезде өзін-өзі өлтіру
БӘДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы) берген мәлімет бойынша дүние жүзінде жыл бойы 500 мың адамдар өз өмірлерін қияды. Ең жоғарғы суицид көрсеткіші ол ФРГ, ГДР, Австралия, Швецария, Венгрия, Чехославакияда болса, ең төменгі көрсеткіш ол Болгарияда, Ирландияда және Үндістанда. АҚШ-та өзін-өзі өлтіру деңгейі 100 мың адамға орташа алғанда 25-29 адамнан келсе, КСРО-да шамамен 23-24 адамнан келеді.
Қазақстан 2015жыл бойынша жасөспімірдер арасында өзін - өзі өлтіру деңгейі бойынша әлемде 100 мың адамға шаққанда 25.6 жас өліп 4-ші орын алған.
XXI ғасырда дүние жүзінің ғалымдарын толғандыратын мәселе ол қазіргі кезде жасөспірімдер арасында жиі кездесетін-суицид. БӘДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша 15-24 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіру екі есе артып кетті. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға байланысты. Мәселем Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар саны үш есе артқан. Енді бұл өлімдер жол апатынан қайтыс болған адамдар санымен теңеліп отыр. АҚШ-та 15-19 жас аралығындағы өзін- өзі өлтіру саны 1 жылда 5000-ға дейін көтерілді. Қазіргі кезде АҚШ-та ең маңызды өлімдердің арасында суицид 10-шы орында тұр. Онда 1978 жылда 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 29000 суицид тіркелген. Бұнда соңғы 30 жылда суицид 15-19 жас аралығындағы қыздар арасында 200%, ал бозбалалар арасында 300%-ға дейін көтерілген.
Депрессия дегеніміз бір сөзбен айтқанда торығу деген ұғымды білдіреді. Сонда суицид жағдайында жан үзетіндердің көбі торығудың торынан құтылудың жолы – өлім деп біліп, солай шешім қабылдайды деген сөз.
Қазіргі кезде Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағытты бар, ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты.
Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады.
5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде суицидалды әрекеттің себебі болып ата-анасымен мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында әсіресе қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды.
Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б.
Суицидальді мінез- құлықтың 5 типі бар:
1) Протест.
2) Жанашырлыққа шақыру.
3) Қайғыдан қашу.
4) Өзін-өзі жазалау.
5) Өмірден бас тарту.
Суицид әлеуметтік құбылыс ретінде белгілі әлеуметтік себебі бар және зерттеуді сонымен қатар себебін түсіндіруді қажет етеді. Девиантты мінез-құлыққа адамның, әлеуметтік топтың сол қоғамда ресми түрде қабылданған немесе қолданылатын нормаларға сәйкес келмейтін қылықтары, іс әрекеттері жатады. Осы түсінікті анықтау үшін әлеуметтік нормаларғы не жататынын білу керек. Қоғам қандай да бір нормаларды мінез құлық үлгісі ретінде қабылдай отырып, оларға сәйкес келетін қоғамдық моральдік және құқықтық қолдау механизмін құрады, яғни қоғамдық және мемлекеттік әсер етудің санкциялары бар дегенді білдіреді.
Адам белгілі бір нәрсеге қатты күйзелгенде және ол ұзақ уақыт бойы болғанда стресстік сезімдерге душар болады.Стресс өте ауыр психологиялық жағдайда қауіп қатер төнгенде, іс әрекеттің өте ауыр да жауапты кезеңде, әл қуатқа және ақыл ойға салмақ түскенде пайда болады.
Басқалары девиацияны екі негізгі бағытта қарастырады:
бұзушылықтың пайда болатын формалары бойынша – деликвенттілік, үйден қашып керу, қаңғыру, ерте маскүнемдік, суицидтік мінез құлық.
биологиялық факторлар негізінде жатқан себептер, факторлар, дәлелдерге қатысты, сондай ақ әлеуметтік психологиялық негіздегі: әлеуметтік орта және психологиялық жас ерекшеліктері.
Суицидтің қауіп факторлары:
Психикалық бұзылыстар: өзін өзі өлтіру жиі айқын немесе жасырын психика бұзылысы бар адамдар жасайды. Мамандардың айтуынша, суицидке алып келетін психикалық аурулардың ішінде ең негізгісі – депрессия болып табылады. Әсіресе бұрын бір рет немесе бірнеше ретдепрессиялық эпизодтар болғандарда суицидке қауіп жоғары екені байқалады. Өзін өзі өлтіру әрекеттерін жиі наркотикалық немесе алкогольдік тәуелдікпен зардап шегетін адамдар жасайды. Суицидтік әрекеттер шизофрения және басқа да психикалық ауруларда жиілейді.
Соматикалық патология. Суицид жиілігі ауыр соматикалық ауруларда (қатерлі ісіктерде, тыныс алу мен жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары), сонымен қатар туа біткен немесе жүре пайда болған кемістіктерде жоғарылайды. Маңызды физиологиялық қызметтерін (бедеулік, жыныстық өмір сүре алмау, қозғалу немесе сөйлеу қабілетін жоғалту, саңыраулық т.б.) жоғалту да адамды өзін өзі өлтіру әрекеттерін жасауға итермелеуі мүмкін.
Әлеуметтік факторлар. Психиканың кейбір ерекшеліктеріне байланысты өзін өзі өлтірудің сәтсіз әрекеттері жиі әйелдерде байқалса, аяқталған суицидтік жағдайлар ерлерде жиі анықталады. Әйел адамдар эмиоциональды, бірақ өздері шешім қабылдауға әлсіз болып келеді. Ерлер оларға қарағанда тұйық, басқалармен өзінің мазалаған ойларымен бөлісуге бейңм емес. Олар айлар, тіпті жылдар бойы ішінде сақтап, кейін, басқаларға білдірмей суицидтік әрекеттер жасауы мүмкін. Жесір, тұрмыстан ажырасқандар, сәбиі жоқтар мен жалғыз бастыларда жақындарының моральдық қолдауы болмауы және жеке өмірі ретке келмеуі өзін өзі өлтіру әрекеттеріне жиі себеп болады. Үлкен жүйкелік жүктемелі, стресс немесе үлкен жауапкершілікті мамандықтағы адамдарда да жиілейді. Сонымен бірге, әскерилер, мұғалім, хирург, анестезиологтар, психиатрлар т.б. мамандықтарда өзін өзі өлтіру әрекеттері жиі анықталады.
Биографиялық және генетикалық факторлар. Суицидтік әрекеттер жиі олардың жақын туыстарында да байқалады. Көптеген себептердің ішінде генетикалық ерекшелікпен жүре келе қалыптасқан деструктивті әрекеттер орын алады. Статистика бойынша, жақын достарында суицидтік жағдайлар болған адамдарда жиі анықталады.
Суицид түрлері:
Шетелдік ғалымдардың пікірінше, суицидтің үш түрі бар көрінеді. Оның біріншісі — шынайы суицид.Мұндай жағдайда адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз жүреді. Өмір сүрудің мән-маңызын жоғалтады. Ақыры өзіне-өзі қол жұмсауға бел байлайды.
Екіншісі — жариялы суицид. Әдетте, мұндай жолды таңдағандар өлместен бұрын өлгісі келетіндігіне өзгелердің назарын барынша аударуға бейім тұрады. Мәселен, біреумен ренжіссе болғаны қолына суық қару немесе арқан-жіп ала жүгіріп, «өлем» деп өзгелерді үрейлендіргісі келетіндер осы топқа жатады.
Ал үшінші бір түрі — жасырын, яғни құпия суицид. Бұған барғандар өзіне-өзі қол жұмсаудың жақсы еместігін, абырой әпермейтінін жақсы түсінеді. Алайда оларға тірлікте кездескен қиындықтан шығатын жол жоқ болып көрінеді. Бұған көпшілігінде нашақорлар мен ішімдікке салынып кеткендер дайын тұрады.Жасырын сиуицид. Өмірде әр қайсымыз оған тап болады екенбіз. Біреу одан өзі зардап шексе, екіншісі туысы немесе танысының әрекеттері өмірмен қоштасуға итермелейтінің көріп жатады. Бұған қандай да тыйымдар, өтініп-жалынып сұраулар болсын, айналадағылар оның спирт ішімдік ішуге, нашақорлыққа қарсы тұра алмайды.Бірақ жасырын суицид түріне алкоголь мен нашақорлық ғана жатпайды. Оған кез-келген күйреуге апарып соғатын әрекеттер де жатады. Жасырылған немесе тікелей емес суицид – бұл өз-өзіне қол жұмсаудың бүркемеленген түрі. Оның әсерінен адам өзінің санасында немесе санасынан тыс өлімге байланысты үрейі арқылы өз-өзін күйреуге әкеп соғатын әрекеттер нәтижесінде (немесе сыртқы күштер, көбінде өзі арандатып жасаған) көз жұмады.
Шын мәнісінде, жасырын суицид кезінде өлімге тура қадамдар жасалынбайды, тек келешекте болатын өлім үшін қорқыныш-үрей болады. Бұндай ойлармен өмір сүрген адам тәуелділікке тап болып, немесе апат құрбаны, экстремалды спорт түрінің қатысушысы ретінде көрініс табады.
Жасырын суициденттерді киллер, өрт сөндіруші, құтқарушы, көлікті жылдам жүргізетіндер, шылымды көп шегетіндер, өте толық адамдар арасынан табуға болады. Тірі кезінде осылар жақындарына өз қорқыныштары, күйзелуі жайлы айтпайды, сондықтан туыстары оның суицидке байланысты проблемалары бар деп ойламайды.
Адам белгілі бір нәрсеге қатты күйзелгенде және ол ұзақ уақыт бойы болғанда стресстік сезімдерге душар болады.Стресс өте ауыр психологиялық жағдайда қауіп қатер төнгенде,іс әрекеттің өте ауыр да жауапты кезеңде,әл қуатқа және ақыл ойға салмақ түскенде пайда болады.
Профилактика.
Адын алу шарасын 2ге бөлуге болады: Олар: біріншілік және екіншілік профилактика. Біріншілік профилактика 3 және одан да көп суицидтік қауіп факторлары бар, қауіп тобындағы балалар мен жасөспірімдерге бағытталады. Біз бұл балалар міндетті түрде суицидтік әрекеттер жасайды деп айта алмаймыз. Бірақ, суицидтік факторлардың кешенінің болуына байланысты, осы топтарға профилактикалық шаралар жүргізу керек.
Суицидтік әрекеттердің біріншілік профилактикасы:
• Адамдардың әлеуметтік өмірін қалыптастыру;
• Суицидальді әрекеттержасауға алып келетін факторларды жою;
• Әлеуметтік бейімделген тұлғаларды тәрбиелеу;
Екіншілік профилактика:
• Қауіп факторларын анықтау және девиантты әрекеттердің әртүрлі формалары бойынша «профилактикалық тізім» топтарын анықтау;
• Нервтік-психикалық бұзылыстары бар тұлғаларды ерте және белсенді анықтау;
• Анықталған аурулар мен психикалық бұзылыстарды медициналық коррекциялау.
Қазіргі заманғы суицидологтардың пікірінше, суицидтік әрекеттердің кешенді профилактикалық бағдарламасы мына мақсаттарға негізделуі тиіс:
• Өзін өзі өлтіруге потенциальды қаупі бар жағдайларды уақытында анықтау;
• Белгілі бір тұрғындар арасынан суицидтік әрекеттерді ерте анықтау;
• Диагностикалық сұрақтарды шешу және қажетті профилактикалық шараларды қолдану;
• Суицидтен кейінгі жағдайды емдеу, әлеуметтік-еңбектік реадаптация;
• Өзін өзі өлтіру жағдайлары мен ірекеттерін тіркеу және тізім жасау;
• Тұрғындар арасында психогигиеналық кең шаралар жүргізу.
Әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қызметкер міндеттері; суицидтік әрекеттер қалыптасатын әлеуметтік жағдайларды зерттеу, және алынған білімдерге байланысты тиімді профилактикалық шараны таңдау.
Ішкі істер мүшелері міндеттері: құқықтық сұрақтар бойынша консультация жүргізу, құқықтық білім беру.
Қауіп топтарына нақты диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет, себебі бұл психологопедагогикалық жүргізудің бір бөлігі болып табылады. Келесідей әдістер қолданылады:
• Патохарактерологиялық сұрастыру (Личко);
• Фрустрациялық толеранттылық сауалнамасы (Розенцвейг);
• Суицидтік қауіп сауалнамасы (СҚС);
• Әлеуметтік-психологиялық адаптацияны анықтау (Роджерс-Даймонд);
• Үреу деңгейін өзіндік бағалау шкаласы (Спилбергер-Ханин);
• Агрессияны анықтау (Бас-Дарк).
Біріншілік профилактикада психологтың міндеті:
- бақылау мәліметтері, диагностика, мұғалімдер шағымдары, ата-аналарды сұрастыру арқылы қауіп тобындағы жасөспірімдерді анықтау.
- Патохарактерологиялық ерекшелікті, урей мен агрессияның деңгейін, дезадаптация дәрежесін, суицидке қауіп деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін қосымша диагностика жүргізу.
- Консилиум жұмысына қатысу.
- Баланың отбасымен жұмыс жасау.
- Педагогтар мен ата-ананың және басқа да мамандардың кездесуін ұйымдастыру, т.б.
Суицидтік факторлары айқын жасөспірімдерге қосымша Сильвердің «оқиғаны баянда» проективті сауалнамасын ұсынуға болады. Бұл әдіс эмоциональды жүктеме мен әрекеттердің мәнін көрсетеді. Егер отбасында реабилитациялық ресурстар болса, көмектесуге тырысса, алкоголизация болмаса, педагог-психолог өзі суицидтік проблеманы шеше алады. Егер қолайсыз, алкоголизацияланған отбасы болса немесе отбасының бір мүшесінде психиатриялық диагнозы болса, педагог-психолог өзі көмектесе алмайды. Бұндай жағдайда жауапкершілікті медиктермен, әлеуметтік педагогикалық орталықтар мамандарымен және т.б. бөлісу керек
Орытынды
Өзіне-өзі қол жұмсау қазіргі таңда жастар арасында көп кездеседі. Ол рас. Заманның ағымына қарай қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сан түрлі қиындықтар бала психологиясына кері әсер етуде. Мәселен , байлық пен шайлық дегендей, ата - ананың күндіз-түні бала асырау мақсатанда тынбай еңбек етуі, тәрбиеге көңіл бөлмеуі. Соныдақтан менің айтарым , ана қызымен сыр бөлісіп, оларды өтпелі кезеңде қолдап, барлық мінезіндегі өзгерістерді ескеріп отыруы қажет. Әке болса ұлына жасына байланысты ерекшеліктер, алғашқы махаббат сияқты, көңіліне түскен қаяуларды сейілтуге зор үлес қосу керек. Бала өмірдегі ең қымбат байлық екенін естен шығармаған абзал.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Интернет материалдары: https: //bibox.kz: https://kk.wikipedia.org
- Б.Б.Жарбосынова, Ғ.М.Құдияров «психиатрия»
- Н.М.Жариков, Л.Г.Урсова, Д.Ф.Фетининин, К.Т.Сәрсенбаев «психиатрия»