БАӨЖ-на қойылатын талаптар және курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

БАӨЖ жұмысына қойылатын талаптар:

· Әрбір БАӨЖ түрін, мазмұнын сипаттау;

· Қажетті студенттер саны;

· Жұмысты жүргізу үшін қажетті уақыт;

· Бақылау өлшемі;

· Жұмыстың жүргізілу түрі;

· Тапсырманы орындау көлемі.

Курстық жұмыстарын/жобаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар:

1. Курстық жұмыс «Психология» кафедрасына қатты қағазбенжасалған мұқабада тапсырылуы қажет.

2. Курстық жұмыс көлемі 45 – 50 бет, мәтін арасы 1 интервалдан басылады.

3. Курстық жұмыс Microsoft Word мәтіндік басылыммен, таза, қатесіз, қысқартусыз, анық жазылуы қажет.

4. Бірінші бетінде титулды бет болады.

5. Екінші бетінде курстық жұмыс жоспары беріледі.

6. Мәтін үшінші беттетн басталады, жұмыс бір бетінде ғана жазылады. Жұмыстың беттерін ретімен нөмірлеу үшінші беттен, кіріспе бөлімнен басталып, беттің нөмірлеу саны жоғары оң жағына қойылады.

7. Курстық жұмыстың барлық бөлімдерінің аты мәтіндегі жоспарға сәйкес болуы қажет. Кіріспе, тараулар және қорытынды бөлімдер жаңа беттен басталады.

8. Пайдаланылған әдебиеттердің мәтінде қолданылуы жақшаның ішінде көрсетіледі (бірінші сан әдебиеттер тізіміндегі реттік нөмерін, екіншісі әдебиеттің пайдаланылған бетінің санын білдіреді.) Мысалы (2, 31)

9. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі алфавит ретімен талапқа сәйкес болуы керек.

10. Курстық жұмыстың қосымша материалының беттері нөмірленбейді, әр қосымша жаңа беттен басталады, әрқайсысының реттік нөмері болады. Таблица, диаграмма, графиктердің өзіндік атауы болады.

Курстық жұмыстың құрылымы және мазмұны:

Курстық жұмыстың тақырыбының көптүрлілігі курстық жұмыстың бөлімдерін түрліше баяндалу жүйелеріне әсер етеді.

Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі (зерттеу) бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

КІРІСПЕ – курстық жұмыстың бастапқы бөлімі, онда тақырыптың өзектілігі, объектісі, пәні, мақсаты және міндеттері, методологиялық негізі, зерттеу әдістері сипатталып, жұмыстың құрылымын ашады.

Тақырыптың ӨЗЕКТІЛІГІ зерттелетін тақырыптың қазіргі мектеп теориясы мен практикасы үшін құндылығы мен маңызын көрсетеді.

Курстық жұмыстың авторы тақырыптың қазіргі заманға сәйкестігін, әлеуметтік маңызын ашуы тиіс. Тақырыптың өзектілігін ашу көп сөзден тұрмауы мүмкін. 1-2 бетте басты мәселелер тақырыптың өзектілігін көрсетуі қажет. Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі мемлекеттік құжаттар және ҚР «Білім туралы» Заңымен т.б. білім және тәрбие мәселелеріне арналған ғылыми конференция материалдарымен тұжырымдалуы тиіс.

Зерттеу ОБЪЕКТІСІ – зерттеушінің әрекеті бағытталған аймақ. Зерттеу объектісі ретінде оқу немесе тәрбие процестерін алуға болады.

Зерттеу ПӘНІ – зерттеушінің объектіні ғылым тұрғысынан көру әдісі. әр объектіден зерттеудің бірнеше пәндерін: мұғалім жұмысының мазмұны, оқушының оқу – танымдық әрекеті және т.б.

Зерттеудің МАҚСАТЫ – зерттеу әрекеттерінің соңғы нәтижесін ойша қоя білу, нәтиженің моделі ретінде көрсету.

Зерттеудің МІНДЕТТЕРІ – зерттейтін объектінің пәнін, жұмыс жағдайын, практика талабын, зерттеушінің мүмкіндігін ескере отырып, зерттеудің мақсатын нақтылау зерттеудің міндеті, оның мақсатының шеңберінен шықпайды, одан кең болмайды. Курстық жұмыстың міндеттері ретінде мына жағдайларды алуға болады:

- зерттеудің проблемасының теориялық негізінен терең оқу;

- озат педагогикалық тәжірибені талдау және қорытындылау;

- оқу және тәрбие жұмыстарының тиімді негізгі формалары мен әдістерін ашу.

Курстық жұмысты жазу барысында жиі қолданылатын әдістер: әдебиеттерді оқу, талдау және қорытындылау, бақылау, әңгіме, сұрақ – жауап, эксперименттік жұмыстар.

Негізгі зерттеу бөлімі 2-3 тараудан, оның әрқайсысы екіден кем емес параграфтардан тұрады.

Бірінші тарауда алынған проблеманың теориясының зерттелу деңгейін көрсетіп, оның тарихын, қазіргі ғылыми әдебиеттеріндегі ашылуын сипаттайды.

Екінші тарауында зерттеудің практикалық жағы, яғни алғы озат тәжірибенің материалдарын, зерттеушінің зерттеушілік әрекетін сипаттайды. Бұл тарауда зерттеудің әдістемесі (технологиясы) көрсетіледі.

Тарау мен параграфтардың аттары оның мазмұнын ашуға тиіс. Тарау мен параграфтар атаулары бірігіп зерттелетін проблеманың тұтас логикалық жүйесін көрсетуі қажет.

Қорытынды бөлімде зерттелу тақырыбы бойынша қорытындылар, объектілер болуы керек. Қорытынды бөлімде оқу және тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыратын теориялық қорытындылардың практикалық мәнін ашу қажет.

1. 1-ші аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары:

2. Педагогикалық психология ғылымының құрылымы және зерттеудің негізгі әдістері.

3. Педагогикалық психология ғылымының құрылымы.

4. Педагогикалық психология ғылыми-зерттеу әдістері.

5. Педагогикалық психологияның негізгі категориялары.

6. Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы.

7. ХVІІ ғасырдың ортасынан ХІХ ғасырдың аяғына дейінгі кезең.

8. ХІХ ғасырдың аяғынан ХХ ғасырдың ортасына дейінгі кезең.

9. Педагогикалық психологияның теоретикалық негіздерін құру кезеңі.

10. Педагогикалық психологияның зерттеу пәні, міндеттері.

11. Педагогикалық психологияның обьектісі мен пәні.

12. Педагогикалық психологияның міндеттері.

13. Педагогикалық психологияның зерттеу әдістері.

14. Тұлға – тәрбие мен оқыту субъектісі.

15. «Тәрбие»- баланы әлеументтендіру, адамзат тәжірибесінің құралы.

16. Тұлға потенциалдары.

17. Жеке тұлғаның әлеуметтік жағдайда дамуы, оның білім алуы, оқу іс - әрекет формалары.

18. Білім беру процесінің субъектілері.

19. Оқу іс-әрекет формалары.

20. Мотивация және мотив.

21. Мотивация мазмұны.

22. Мотив қажеттілік.

23. Мотив-мақсат.

24. Мотив-ниет.

25. Мотив-қызығу.

26. Мотивация және оқу әрекеті.

27. Мотивацияның сандық және сапалық сипаты.

28. Тұлғаның интеллектуалды даму деңгейі.

29. Іс-әрекет мотивациясының стимулдау әдістері.

30. Танымдық ойындар.

31. Пікірталастар.

32. Оқу ойындары және оның сипаттары.

33. Қиын оқушылар – педагогикалық жағынан қараусыз қалған оқушылар.

34. Педагогикалық жағынан қараусыз қалған оқушылар шығуына себепші факторлар.

35. Тәрбиесі қиын балалармен жүргізілетін жұмыстар.

36. Қазіргі кездегі білім.

37. Білім берудің мазмұнының теориялық негізі.

38. Қазіргі кездегі білім.

39. Оқыту теориясы және қазіргі білім беруді ұйымдастырудағы оның салыстырмалы ролі.

40. Оқытудың когнитивтік теориясы.

41. Оқытудың қызметтік теориясы.

42. Оқытудың тұлғалық-қызметтік теориясы.

43. Оқытудың қурылымдық-функционалды теориясы.

44. Оқытудың даралық-бағалау теориясы.

45. Оқу іс- әрекетінің қалыптасуы және құрылымы.

46. Педагогикалық психологиядағы негізгі ұғымдар.

47. Оқыту түрлері.

48. Оқыту механизмдері.

49. Педагог тұлғасы.

50. Е.А.Климовтың зерттеулері.

51. Педагогикалық іс-әрекеттің даралық субъектісі.

52. Педагогтың жалпы және арнайы қабілеттері.

53. Педагогтың жалпы және арнайы қабілеттері.

54. Педагогикалық іс-әрекетке теориялық дайындық.

55. Педагогикалық іс-әрекет мәдениеті

56. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің әдіснамалық негіздері.

57. Педагогикалық іс-әрекет мәдениеті.

58. Педагогикалық такті мен этиканың психологиялық негіздері.

59. Педагогикалық іс-әрекет және кәсіби құзырлылық.

60. Педагогикалық психология: қалыптасуы, қазіргі кездегі ахуалы.

61. Педагогикалық психология – ғылыми білімнің пәнаралық саласы.

62. Педагогикалық психологияның жалпы ғылыми сипаттамасы.

63. Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы.

64. Педагогикалық психологияның зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы.

65. Педагогикалық психологияның зерттеу пәні.

66. Педагогикалық психологияның міндеттері, құрылымы.

67. Педагогикалық психологияның зерттеу әдістері.

68. Тәрбие психологиясы.

69. Тәрбие психологиясы туралы жалпы түсінік.

70. Тәрбиенің психологиялық механизмдері.

71. Тәрбие тәсілдерінің психологиялық мәні.

72. Білім беру – педагогикалық психологияның ғаламды объектісі.

73. Білім беру көпжақты феномен ретінде.

74. Білім беру ұғымының жалпы әдіснамалық мағынасы.

75. Білім беру: жүйе, процесс, нәтиже ретінде.

7. 2 - аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі замандағы білім берудің психологиялық принциптері.

2. Қазіргі заманғы білім берудегі оқытудың негізгі бағыттары.

3. Оқыту бағыттарының жалпы психологиялық негізінің қалыптасуы.

4. Проблемалық оқыту.

5. Бағдарламаланған оқыту.

6. Ой-еңбегі іс-әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясына негізделген оқыту.

7. Белгілік-контекстік тип бойынша дамыта оқыту.

8. Жобалық оқыту.

9. Оқытудың психологиялық теориялары.

10. Оқытудың когнитивтік және қызметтік теориясы.

11. Оқытудың тұлғалық-қызметтік және құрылымдық-функционалдық теориясы.

12. Білім беру процесінде адамның жеке даралық тәжірибені игеруі.

13. Оқудың жалпы сипаттамасы, аспектілері.

14. Оқыту мен дамыту.

15. Интеллектінің дамуы. Тұлға дамуы.

16. Отандық білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту.

17. В.В. Давыдов бойынша дамыта оқыту.

18. Л.В. Занковтың дидактикалық жүйесі бойынша дамыта оқыту.

19. Педагог және оқушылар – білім беру процесінің субъектілері

20. Білім беру процесінің субъектілері.

21. Білім беру субъектілеріне тән ерекшеліктер.

22. Педагог- педагогикалық іс-әрекеттің субъекті ретінде.

23. Педагог тұлғасы. Педагогтің субъектілік қасиеттері.

24. Педагог және мектеп психологі.

25. Педагогикалық іс-әрекеттің субъекті құрылымындағы қабілеттер.

26. Педагогикалық қабілеттердің жалпы құрамы.

27. Педагогикалық қабілеттердің құрылымы

28. Педагогтық қабілеттер мен іскерлік.

29. Педагогикалық іс-әрекет субъекті құрылымындағы тұлғалық сапалар.

30. Мектеп оқушысы оқу іс – әрекетінің субъекті ретінде.

31. Кіші мектеп оқушысы оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде.

32. Жеткіншек оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде.

33. Жоғары сынып оқушысы оқу іс-әрекеті ретінде.

34. Студент оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде.

35. «Қиын» балалардың мінез құлқын түзетудің психологиялық сипаты.

36. Қиын оқушылар – педагогикалық жағынан қараусыз қалған оқушылар.

37. Оқушылар үлгерімсіздігінің салдары.

38. Оқу іс-әрекетінің қалыптасуы және құрылымы, пәндік мазмұны.

39. Оқу әрекетінің психологиялық сипаты.

40. Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымы.

41. Оқу мотивациясы.

42. Өзіндік жұмыс – оқу іс-әрекетінің жоғары формасы.

43. Түрлі білім беру жүйелеріндегі педагогикалық іс-әрекет.

44. Педагогикалық іс-әрекет: формалары, сипаттамалары, мазмұны.

45. Педагогикалық іс-әрекет мотивациясы.

46. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі функциялары.

47. Педагогикалық іскерліктер.

48. Педагогикалық іс-әрекет стилдерінің түрлері (авторитарлық, демократиялық, либералдық).

49. Педагог іс-әрекетіндегі сабақтың психологиялық талдауы, формасы, талдаудың үш жоспары, схемасы.

50. Білім беру процесіндегі оқу – педагогикалық еңбектестік және қарым-қатынас.

51. Білім беру процесі – субъектілерінің өзара әрекеттесуі.

52. Оқу – педагогикалық еңбектестік.

53. Білім беру процесіндегі қарым-қатынас.

54. Педагогикалық психология – ғылыми білімнің пәнаралық саласы.

55. Педагогикалық психологияның қалыптасуындағы жалпы психологиялық контекст.

56. Педагогикалық психологияның міндеттері мен құрылымы.

57. Оқыту парадигмаларының дәстүрлі және «балалық әлеміне орталықтандырылған» гуманистикалық принциптері.

58. Оқыту бағыттарының жалпы психологиялық негізінің қалыптасуы.

59. Педагогикалық технологиядағы дамытудың мүмкіндіктері.

60. Д.Б. Эльконин және В.В. Давыдов жүйесі бойынша білім алып жатқан оқушылар-дың психикалық үрдістерінің дамуы және оларды зерттеу әдістемесі.

61. Мектепке дейінгі дамуды диагностикалаудың процедуралары мен әдістері.

62. Оқушылар дамуының әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

63. Оқыту және тәрбиелеу ситуациясындағы тұлға дамуының үрдісі.

64. Білім беру іс-әрекеті субъектілерінің мотивациялық аясы.

65. Педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсету.

66. Тұлғаның кәсіби-педагогикалық сапалары.

67. Оқу іс-әрекеті құрылымындағы әрекеттер мен операциялар.

68. Оқыту мен дамудың өзара байланыс мәселесі.

69. Педагогикалық психологияның принциптері.

70. Танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі педагогикалық бағыттары.

71. В.Оконь бойынша оқытудың көпжақтылығы.

72. В.А. Крутецкий бойынша оқытудың проблемалығы деңгейлерінің схемасы.

73. Мотивация құрылымы.

74. Оқытушылардың оқу іс-әрекетіндегі даралық айырмашылықтары (Г.Клаус бойынша).

75. Мұғалім психологиясының ерекшеліктері және оның педагог ретіндегі іс-әрекеті.

Наши рекомендации