Педагогикалық қарым-қатынас қалыптастыру бағдарламасы мен әдістемесі
Педагогикалық қарым-қатынас – іскерлік қарым-қатынастар жасау әрекетінің бір бөлігі. Біріккен қарым-қатынасты біргежасау іс-әрекеттерінің ішінде қарым-қатынастың интерактивті жағы немесе инструменталды технологиялық жағы ретінде қарауға болады. Әлеуметтік-психологиялық тренингтерде, жиі, педагогикалық қарым-қатынас тренингтерінде осы аймақтар бірде біріккен іс-әрекет, енді бірде қарым-қатынас түрлері болып қарастырылады.
Педагогтарда әріптестерімен, жетекшілерімен қткен іс-әрекеттерінің көп бөлігі қарым-қатынас формасында болады. Тренингтерде осы мінез формалары дамиды, бірде өз серіктесін қабылдаса (перцепция), енді бірде оған берілген сигналдарды анықтау(коммуникация) және сол адамға әрекет жасау (интеракция). Олар қарым-қатынастың үш жағын да қарастырады: интерактивті, коммуникативті және перцептивті.
Педагогикалық қарым-қатынас термині әлеуметтік-психологиялық тренингке байланысты (ӘПТ). Негізгі терминді жүргізген М.Форвергом болды. Оны әрі қарай жалғастырғандар Ресей ғалымдары В.Ю.Большаков, С.И.Макшанов, Б.Д.Парыгин, Н.Ю.Хрящев т.б. Кез-келген әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынастың мақсаты қарым-қатынас кезінде компетенттілікті жоғарылату болып табылады. Ол келесі әлеуметтік-психологиялық әрекеттерді дамытады:
- оның байланыста қолдай білуі;
- белсенді тыңдау;
- дискуссия жүргізу;
- серіктесінің эмоционалды ауыртпалылығын жөндеу;
- аргументация және контраргументация.
Тренердің тапсырмасы қатысушы тұлғаның зейінін осы қалпында концентр жүргізу емес, осы әрекеттерді игеруге үйрету.
Педагогикалық қарым-қатынаста дәстүрлі тренинг педагогтың коммуникативті үлгерушілік ой әрекетіне негізделеді, яғни оқукезіндегі педагогтың ажырата алу қабілеті. Әдетте мынандай сценарий жүргізіледі: тренер қатысушының мақсатын тексеріп, анықтап береді. Педагогтар тренингтерге әдетте төмендегідей мақсаттармен қатысады:
- қарым-қатынаста функция, модель, құралдар, стиль,техника жайында ақпараттар алу үшін;
- өз білімін систематизациялау және оқу процесіне мета-көзқарасын дамыту;
- өзінің коммуникативті іс-әрекеті мен жаңалықтарына тренері мен тобынан кері байланыс алу;
- өзіндік маркетингін құру,комуникативті процесс кезінде өзі мінезіндегі әлсіз және күшті жақтарын білу;
-эффективті комуникацияда дағдылар мен практикалық іс-әрекеттерді қайта жөндеу,интеракция,перцепция жетістіктерстратегиясынқолдану;
-жаңатехнологияларды игеру;
Педагогикалық қарым-қатынас тренингін үйретуде төменгі этаптарды анықтау үшін техникалық әңгіме,келісу және дискуссия түрлері жүргізіледі:
1.байланысқа түсіп сөйлесу;
2.проблемаға бейімделу;
3.сұрақ жауаптарды таңдау;
4.ой-пікір алмасу;
5.негізгі қортындысын шығара білу;
Педагогикалық қарым-қатынас тренинг программасында жүргізізілетін әңгімелесу техникасы өзіне төмендегі техникаларды қосады:
Әңгімелесушінің түсінеалмаушылық қабілетінің техникасы:
Негативті бағалау-әңгімелесушінің өз ойын репликамен айтуы: «сіз мұны түсінбейтін шығарсыз ...», «сізбен дұрыс сөйлесу мүмкін емес...», «егер сұрақты дұрыстүсінбесеңіз онда ештеңе айтпай-ақ қойыңыз...», және т.б.
Қысым жасау-біз әңгімелесушінің айтқанын қабылдаймыз,оның айтқанына құлақ асамыз.
Эгоцентризм- біз әңгімелесушіден өзімізді қабылданатын проблемаларды ғана қарастырады.
Аралық техникалар:
Сұраққа алу-біз әңгімелесушіге сұрақ қоя отырып соның артынан біраз мәліметтерді білеміз,бірақта өзіміздің мақсатымызды білдірмейміз.
Әңгіме жүргізу кезіндегі ескертпелер-осыған қатыса отырып біз репликалар қоямыз,мысалы: «әңгімелесу құралына қайта оралайық...», «сіз біздің кездесуіміздің мақсатын білетін шығарсыз» т.б.
Поддокивияние-біз әңгімелесушінің әңгімелеріне реакциялар қоямыз.Мысалы: «иә-иә», «охо», «а-а», «солайма» т.б.
Серіктесті түсіну қабілеттілігінің техникасы:
Вербализация (сөйлесу,қайталау)- біз әңгімелесушінің әңгімесін сөзбе-сөз қайталаймыз «менің түсінуімше», «сіз ...солай ойлайсыз ба» және т.б.
Қайта әңгімелеу-әңгімелесушінің әңгімесін қысқартып айтып беру.
Интерпритация және ойды дамыту-біз әңгімелесушінің әңгімесімен логикалық ойларды шығаруға тырысамыз.
Белгілі маман В.П.Захаровтың пайымдауынша әлеуметтік психологиялық тренингті жүргізу барысында тренер тренингті ұйымдастырғында ондағы қатысушалардыңкоммуникативті әрекеттері айқын көріну керек.
Тұлғаарлық қарым-қатынастағы сұрақтар мен тапсырмалар.
Педагогикалық қарым-қатынастың негізгі сипаты- бұл сұрақ қою және оған дұрыс жауап алу.Бұдан екі мың жыл бұрын Сократ адамға сұрақ қою, оны ойландыратынын айтып кеткен. «Олай ойлатындар, сұрақты да дұрыс қоя алады» деп ғалым Э.Кинг те айтқан болатын.
Неміс ғалымы А.Гумбольдт Мексикаға барған саяхатында әріптестерінен не болса, соны сұрай беріпті, сонда біреуі шыдамай :
- Гумбольдт мырза, сіз мықты ғалымсыз, неге сіз барлық нәрсені сұрай бересіз?
- Міне, осы көп сұрақтардың арқасында мен көп білемін – деп жауап беріпті ғалым.
Егер өзің талқылап отырған мәселе туралы ешнәрсе білмесең, онда ол туралы сұрақ қойма,алдымен ол туралы дұрыс мәлімет алу керек.
Дұрыс сұрақ қоя білу және дұрыс жауап алу өзара қарым-қатынасты қалыптастыруға септігін тигізеді.Өзіңіздің қойып отырған сұрағыңыз дұрыс болу үшін, алдымен сенімділік қажет.Ол үшін мынадай мақсат қойю керек:
- сұрақтарды қысқа да нұсқа қою;
- тыңдаушы оған жауап бере алатынына сенімді болу ;
- шешімін таубды талап етпеу;
- ашық сұрақ қоймау;
- өзің қойған сұрақтарға, өзің жауабын беруге дайын болу.
Түсініспеушілік тосқауылдарының түрлері:
1.Фонетикалық тосқауыл - әртүрлі тілде, диалектіде сөйлеу, тілдегі кемістік (немесе дикция), тілдің грамматикалық құрылымының өзгеруі.
2.Семантикалық тосқауыл – сөз мәнінің ерекшеліктері (тезаурус) әртүрлі жаргондар, слэнгтер. Әртүрлі ортаның өзіне тән «мини-тілі» болады. Өздерінің қалжыңдары, тілінің оралымдары т.с.с. Мұндай барьерлерден аттай білу мұғалімдер, дәрігерлер, басшылар үшін өте қажет.
3.Стилистикалық тосқауыл – коммуникатор тілінің стилі жағдайға сәйкес келмегенге немесе реципиенттің психологиялық көңіл-күйіне сәйкес болмағанда көрінеді. Мысалы: басқаларға берілген мәлімет қызықты,түсінікті тілде емес, қиын ғылыми тілде айтылса, осындай құбылыс байқалады. Сондықтан коммуникатор өзінің реципиенттерінің көңіл-күйі, жағдайларын сезіне білу керек, қарым-қатынас жағдайларының өзгерістерін тез сезініп, соған байланысты өзгерістер енгізуі қажет.
Айтылған сөзді түсіну үшін ең алдымен айтып отырған адамның ниетін ұғып, оны дұрыс интерпретациялау керек.
4.Логикалық тосқауыл.
Адамдар бір-бірімен өзара іс-әрекетте бала туралы, әріптестер үнемі ортақ тіл табыса бермейді. Олардың арасында логикалық кедергі пайда болады.Әр адамда әлемге, қоғамда болып жатқан проблемаларға өзінің көзқарасы болады.Онымен бірге кейбір сөздер бірдей айтылғанымен, әр түрлі мағына беруі мүмкін. Мысалы: «команда» сөзі бұл бұйрық райдағы және спорттық топ болып саналады.Сөздердің мағынасы әрқашан жеке болады.Сөйлеген адамның ойында пайда болады да, бірақ әріптеске түсінікті бола бермейді. Ой-пікір адамның әр-түрлі қажеттіліктерінен пайда болады.Сондықтан әр ойдың артында себеп тұрады. Адам ойын біреуге айтар алдында алдымен оны ойша құрастырады.
Ойдың сөзге айналу үрдісі вербализация деп аталады.Сөйлеп тұрған кезде, әріптес сөздердің мағыналарын ашып, вербалды хабарламаның мәнін түсінеді.
Тәжірибелер көрсеткендей,айтылған ойды түсінбеу, кейбір жағымсыз әсерге әкеліп соғуы мүмкін.Адамдар арасында сөзді толық түсінбеу немесе қабылдамау мағұлматтың дұрыс жеткізілмеуінен болады және сөзді дұрыс түсінбеу қарым-қатынастың 20-30 пайызын құрайды екен.
Қарым-қатынас процесін бағалағанда көп кездесетін қтеліктер мыналар: мен өзімнің айтқым келетінін айттым, ол менің айтқанымды түсінді деген ойлар.Бұл жай иллюзия.Ал, шынында әріптес түсінуі мүмкін біріншіден, ойды басқаша қабылдағанда, екіншіден өзінше ойлағанда.Бұларды барлығын кейбір қарым-қатынасқа байланысты жүргізілген тренингтер растайды.Түсініспеушіліктің негізгі проблемасы әріптестердің ойлау қабілетінің ерекшелігімен байланысты.
Логикалық кедергі әдетте әр түрлі ойлау қабілетінің ерекшелігімен байланысты.Логикалық кедергі әдетте әр түрлі ойлау қабілеті бар әріптестер арасында туады.Мысалы: біреуінде ойлау қабілеті абстракты- логикалық, екіншіден, көрнекі бейнелік, үшіншіден көрнекілі-іс-әрекетті. Адамдардың операциялы ойлау әрекеті әр түрлі болады. Кеңістікті, майысқақтығы, жалдамдығы, сынаулығы, ақылдылығы т.б.әр түрлі көрніс береді.Оларды анықтау үшін ойлау қабілетінің келесі операцияларына мысал келтірейік.
Салыстыру-заттар мен құбылыстарды салыстыру, олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды табу.Талдау(анализ) – заттармен құблыстарды бөлшектерге немесе қасиеттерге түсі,формасы,дәмі және т.б. бөлу.Жинақтау(синтез)-заттар мен құблыстарды біріктіру – тәтті, домалақ, қызырған және т.б.Біріктіру- заттар мен құблыстарды олардың жалпы және бір белгілер бойынша біріктіру. Мысалы: астра, түймедақ, сәлдегүлдер, көккекірелер- бұл гүлдер.
Дерексіз ойлау(абстракциялау)-(лат- abstrahere – алаңдату, талдау мағынасын білдіреді. Заттардың қасиеттерін ойша таладу.)
Коммуникатордың ұсынған логикалық тұжырымдамалары өте күрделі болғанда туындайды. «Ерлер логикасы», «әйелдер логикасы», «балалар логикасы» т.б. логикалар туралы айтуға болады. Қарым-қатынастағы әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерге саяси, діни, кәсіби ерекшеліктерді жатқызуға болады. Қарым-қатынас процесіндегі мәлімет алмасу деңгейлері екі түрде іске асырылады: вербальды,вербальды емес. Вербальді (сөз арқылы) деңгейінде тіл пайдаланылады. Сонымен қатар вербальды емес жүйелер де пайдаланылады: оларға оптикалық-кинестезиялық және акустикалық жүйелер жатады.
Бұл операциялар әр түрлі дәрежеде тереңдікте және бір адам мәселелерді терең талдап жатса, ал басқалары аз ақпарат жинап, оған қоса оның жауаптары да дайын болады.
Педагогикалық қарым- қатынас әсіресе, конференцияларға, дөңгелек үстелге,дискуссияларда, семинарларға қатысу керек және ол туралы ойлану және тұрақты ақпараттарды талдау керек.
Бұл жерде ең маңызды принципті есте сақтау.Өйткені бұл жерде аналитикалық жұмыс туралы айтылған.Педагогтарға ең бастысы талқылау шеберлігі,аналитикалық ақыл-ой қабілеті,болжам жасау қабілеті болуы қажет.
Ой қорытындысы- бұл ойлаудың формасы, бірнеше негізгі талдауларға берілетін белгілі обьект, осындай немесе басқа да қортындылар жасалынады.Ой қортындысы бірнеше түрге бөлінеді: дедуктивті (лат, сөз deductio – қорытынды деген мағынаны білдіреді).Бұл логикалық ойлау поцесіндегі жалпыдан жекеге өтудегі қортынды; индуктивті- бұл логикалық ойлау процесіндегі жекеден жалпыға эксперименталды заңға, принципке өту қортындысы; ұқсастық- бұл логикалық обьектінің арасындағы ұқсастық қарым-қатынас қортындысы.Сонымен бірге педагогикалық қарым-қатынас көптеген жерлерде кездеседі, екі адам қарым-қатынас жасаған кезде өзіндік ойлау қабілетімен ерекшеленеді.Логикалық кедергілерді, жеңу бір ғана жолмен болады.Оның ойқортындысының қалай жасалғанын және олардың арасындағы айырмашылықтарын түсінуге тырысады.
Көптеген ақпараттарды түсінікті сауатты, анық етіп жеткізу, ойдың қаншалықты дұрыстығы мен жүйелі, қисындылығына тәуелді болып табылады.
Н.М.Тимченко қызметтестік қарым-қатынастың құпиясы мен жетістіктерін зерттеуп ашқан. Ол бір әріптестен екінші әріптеске ақпараттардың берілу кезінде пайда болатын қиындықтардың себептерін анықтап көрсетті:
- ойдың дәл болмауы;
- ой мен сөздің байланыспауы;
- термин сөздерді дұрыс қолданбауы;
- әріптестің ақпаратты толық білмеу;
- тез арада ақпаратты асығыс мазмұндау;
- әріптесіне көңіл аударудың жеткіліксіздігі;
- қабылдаудың төмен болуы;
- айтапақ ойды жасырын ұстауы;
- айтпақшы болып отырған сөз бен ойды айналып өтуі;
- дауыс ырғағы, мимика,жесттің сөйлеушінің сөздерімен сәйкес келмеуі.
Нұқтық(стилдік) кедергі. Ситль бұл- стилистік кедергінің ақпарттық мазмұнына әкеліп, ақпараттық жинқталған мінездеменің қабылдауына кедергі келтіреді.
Стиль- күрделі немесе жеңіл ситуацияға сәйкес болмауы және әріптесінің ойымен сәйкес болмауы да мүмкін.
Стилистика тілдің мәнді болуына жауап береді.Онымен қарым-қатынаста ерекше қобалжушылық стилистік кедергілерге әкеліп соғады.Өзіңді дұрыс қабылдау үшін ақпаратты дұрыс жеткізу керек.Ақпараттың негізгі құрлымын нақтылау шін келесі айтылған оймен өзара байланысты болуы керек.
Ақпараттың екі құрылымдық негізі бар: ереже қатары және ереже байланысы.
Ереже байланысы сөздің басы мен аяғында айқын кескінделуі керек. Бастапқыда ережеге сәйкес пікірі, мақсаты, нәтижелері және қортындысы шығу керек.Бұл ереже ақпаратты тек қана түсініп қабылдауға ғана емес, сонымен қатар психологиялық феномендерді есте сақтау қажет.
Неміс психологы Г.Эббингауз 19 ғасырда ақпараттың топтық факторын орындауы ол есте сақтаудың орталығы.Қарым-қатынасқа қатысушы адам мыналарға сенімді болуы керек.Олар: мақсат, нәтиже, талпыну,қортынды.
Сонымен әірптестер олардың өміріне қызығушылығын танытпай,олардың жұмыс бабының және педагогикалық кеңестердің ерекшеліктері қызықтырмай қалай өткені емес, қалай сақталатыны қызықтырады.
Серіктестер өз мақсаттарына қалай жете алды деген мақсатта алдымен, ой процесін жеңіп шығу үшін өзіндік формалық стилін, өз имджін ұсынады.
Ереже қатары ішкі қарым-қатынастың құрлымына бағытталған, ал ол ішкі құрылымда анықталған.Өте қажет ақпаратты бейнелер арқылы байланыстыруға болады.Осы бейнелер арқылы байланыстардың әр түрлі әдістері бар.Ақпаратты мынадай жағдайда орындауға болады.Бірінші,қажеттісін бастап айту керек, одан кейін негізінен келесі мағынасына қарай,одан соң өте қажет емес ақпаратты жеткізу керек.
Коммуникативті сюжетті мынадай логикалық байланыста көрсетуге болады. Ереже қатарын байланыстыру арқылы, біз серіктестерінің түсінуін және ақпаратты есте сақтауын жеңілдетуге болады. Ақпаратты өзара толық жеткізу өте маңызды.Оны дұрыс жеткізбесе әірптестер арасында кедергілер болады. Стилистикалық барьер мына жағдайда туындайды.Мысалы: әңгіме барысында адамға кемшілктерін айту.Мұндай жағдада шынайы қарым-қатынас жасауға кедергі келтіреді, ол қанағаттанбаушылық туындатып қана қоймай, ақпаратты түсінбеушілік, қарама-қайшы эмоция және өз-өзіне келуіне кедергі болады.Ақпарат кітап тілімен айтылған жағдайда, стилистикалық кедергі туындайды.Ғылыми және кеңсе стилімен оқыған кезде күнделікті өмірде өзаар түсінісуге және сөздік қодануда қиындық туғызады.