Оқу құралы» деген атпен шыққан тұңғыш қазақ әліппесінің авторы кім?А. Байтұрсынов

«Сауат аштыру» әдістемесін А.Байтұрсынов қай еңбегінде көрсетті? Әліп-би астары

«Сен тұр! Қозыңа бар.» Берілген сөйлемде А.Байтұрсыновша қандай тыныс белгілері қойылған? лептеулік, тыныстық

«Сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой» деген А.Байтұрсыновтың тұжырымы неге қатысты айтылған? сөйлемге

«Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» - А.Байтұрсыновтың сөзі қай басылымның эпиграфы: Ана тілі

«Сырттан бірен-саран жат сөздер келсе, оны жаншып, кеміріп өз тілінің қалпына түсіріп алған қазақ халқы» деген ойды айтқан кім?А.Байтұрсынов

«Тазы түлкіге әрең жетті». А.Байтұрсыновша сын пысықтауышты табыңыз. әрең

«Түйе тұрып кетер, «шөк-шөк» деп тұрғайсың» сөйлеміндегі одағай сөздің қай түрі? еліктеу

«Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі». Қанатты сөздің авторы кім?А.Байтұрсынов

«Тіл тағылымы» жинағының алғы сөзін жазған ғалым. Р.Сыздықова

«Тіл тағылымының» шыққан жылы?1992

«Тілдің ғұмыры ұзақ ...мың жылдап саналады» қай мақаладан? Қазақша сөз жазушыларға

«Усун жадит» сөзінің беретін мағынасы қандай? төте жазу

«Үй жинадым» қандай етіс түрі? Сабақты

«Хат жаздырды, өлең айттырды, үй салдырды, кітап алдырды» тіркестері қай етіс түріне жатады? Беделді етіс

«Шыр-шыр! быр-быр! сықыр-сықыр! сылдыр-сылдыр! күлдір-күлдір! былдыр-былдыр!» - қандай одағай сөздер? еліктеу

«я», «не», «әлде» - жалғаулықтары арқылы тіл білімінде салаластың қай түрі жасалады? талғаулықты

1921-1926 жж Ахмет оқыған оқу орны: Орынбордағы Қазақстан халық ағарту институты

1929 жылы Ахмет қайда жер аударылды?Архангельскіге

1935 жылы Ахметтің айдаудан мерзімінен бұрын босауына не себеп болды? Дүниежүзілік Қызыл Креске М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пешкованың жолдаған өтініші

1961 жылдан әдебиеттерде көрсетіліп жүрген салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрі. салыстырмалы

А. Байтұрсынов қай дыбыстарды «жарты дауысты» деп атады?у, й

А. Байтұрсынов «Араб әліпбиінің» қандай қолайлы жақтарын көрсетті? жазу, есте сақтау

А. Байтұрсынов «дефисті» қалай атаған? кіші сызықша

А. Байтұрсынов «нәрсенің өзін атайтын сөздерді» қалай атаған?зат есім дейміз

А. Байтұрсынов «Сіз айтасыз, осы 28 қаріппен де оқу кітаптары таралып жатыр» деген сөздерін кімге қаратып айтты? Шаһзаман мырзаға

А. Байтұрсынов «танықтық» есімдігіне қай сөздерді жатқызады? ештеңе, әлдекім

А. Байтұрсынов «Тілекті сөйлемнің үгіт түріндегісінің қаратпа сөзділерінің соңынан қойылады». Ғалымның атап отырған тыныс белгісі?леп белгісі

А. Байтұрсынов 1891 жылы қай оқу орнын бітіреді? Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесін

А. Байтұрсынов бойынша «лап, шап, жұлт, зып, сып, дүрс» - одағайдың қай түріне жатады? ілезділік одағай

А. Байтұрсынов бойынша дыбыстау мүшелері ішіндегі ең бастысы:тіл

А. Байтұрсынов бойынша етістік сөздердің сұрауын көрсетіңіз. Не етпек? Не істемек? Не қылмақ?

А. Байтұрсынов дауыссыздарды қалай жіктеген? қысаң, босаң

А. Байтұрсынов дауыстыларды қалай жіктеді? толық, шала

А. Байтұрсынов дыбыстау мүшелеріне қатысты дыбыстарды қалай жіктейді? өткелділер, өткелсіздер

А. Байтұрсынов есімдіктерді неше топқа (тарауға) бөлді?бес

А. Байтұрсынов жайлы Т.Кәкішевтің еңбегі: Ахаң туралы ақиқат

А. Байтұрсынов жақшаның қойылатын жеріне қатысты айтқан түсінігі? алдағы сөзді артқысы түсіндіре өтетін жерлерде

А. Байтұрсынов жалғауды қалай атады? тысқарғы жалғау

А. Байтұрсынов жұрнақты қалай атады? ішкергі жалғау

А. Байтұрсынов қазақ әріптерін жасауда қандай әріптерді салыстырған? Араб, Латын

А. Байтұрсынов қазақтар қанша хәріппенен жазып түсініседі деген? 28

А. Байтұрсынов қай жылы, қай жерде дүниеге келді? 1873 ж. қазіргі Қостанай облысы, Торғай ауданы

А. Байтұрсынов қанша сөз табын атап көрсетті? тоғыз

А. Байтұрсынов қосымшаларды неше топқа бөледі?екі

А. Байтұрсынов латын әліпбиінің қандай жақтарын тиімсіз деп көрсетті? оқуда, үйретуде

А. Байтұрсынов пікірінше қазақ тілінде қанша дауыссыз дыбыс бар?он тоғыз

А. Байтұрсынов пікірінше қазақ тілінде қанша дыбыс бар?жиырма төрт

А. Байтұрсынов сөздерді тұлғасына қарай нешеге бөлді?беске

А. Байтұрсынов термин жасаудағы ұстанған негізгі принципі: қазақ тілінің өз мүмкіндігін пайдалану

А. Байтұрсынов тырнақшаны қалай атайды? қабат үтір

А. Байтұрсынов: «Лепті сөйлемдерде одағайдан кейін қойылады», - деп атаған тыныс белгісі? теріс үтір

А. Байтұрсыновтың «Араб әліпбиін» жақтаған баяндамасы қай жерде, қай жылы жасалды? 1926 ж. – Баку

А. Байтұрсыновтың «Жаңа емлесі» қай жылы шықты? 1912 жылы

А. Байтұрсыновтың пунктуацияға қатысты терминдері: үтірлі ноқат, үлкен сызықша

А. Байтұрсыновтың «Араб әліпбиін» жақтап сөйлеген баяндамасының мақсаты қандай? дәлелдеу

А. Байтұрсыновтың «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 34-нөмірінде жарияланған мақаласы қалай аталады? «Жазу мәселесі»

А. Байтұрсыновтың «Шаһзаман мырзаға» атты мақаласы қай жылы жарық көрді?1912 ж.

А. Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ жазуына икемдеген «Жаңа емлені» қолдана бастады? 1912 ж.

А. Байтұрсыновтың босаң жолдылары қазіргі қазақ тілінде қалай аталады? ұяң

А. Байтұрсыновтың қысаң жолды дауыссыздары қазіргі қазақ тілінде қалай аталады? қатаң

А. Байтұрсыновтың синтаксистік тәсілмен жасаған термині: құрмалас сөйлем

А. Байтұрсыновтың сөйлем және сөйлем мүшелеріне арналған еңбегін көрсетіңіз. Тіл-құрал (ІІІ)

А. Байтұрсыновтың сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі арқылы танытатын еңбегі қалай аталады? Тіл жұмсар

А. Байтұрсыновтың термин жасауда негізгі пайдаланған тәсілі? семантикалық

А. Байтұрсыновша есімдеуіш атау сөз қайсы? етістік

А. Байтұрсыновша «үйір сөздер» дегеніміз не? айтқанда қосынды сөз сияқты айтылатын, бірақ екі ұғымды көрсететін сөздерге қойылған ат

А. Байтұрсыновша бастауышы мен баяндауышы бар сөйлем қалай аталады? жалаң сөйлем

А. Байтұрсыновша бұратана сөздердің түрлерін көрсетіңіз. қыстырма, қаратпа сөздер

А. Байтұрсыновша бір сөзді ойын анықтау, толықтау, пысықтау үшін алатын сөздер қалай аталады? анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш

А. Байтұрсыновша дыбыстар естілу жағынан қалай бөлінеді? дауыс, үн, сыбыс, сыбыр

А. Байтұрсыновша қосарлы баяндауыш дегеніміз не?екі немесе бірнеше сөзбен айтылған баяндауыш

А. Байтұрсыновша сөйлем дегеніміз не? Сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой

А. Байтұрсыновша сұраусыз, лепсіз, тілексіз айтылған сөйлемдердің бәрі қандай сөйлемдер? жай сөйлем

А. Байтұрсыновша ішінде шарты бар бағыныңқы сөйлемдер қалай аталады? шартты бағыныңқы

А. Байтұрсынұлы «нүктені» қалай атаған? ноқат

А. Байтұрсынұлы дүниеге келген облыс? Қостанай

А. Байтұрсынұлы қашан «Қазақ» газетінің редакторы болды? 1913-1917 жж

А. Байтұрсынұлы қашан қаза тапты? 1937 жылғы желтоқсанның 8-і күні

А. Байтұрсынұлының әліпбиіндегі ымырасыз дыбыстар:д, ғ, г

А.Байтұрсынов қазақ тіліндегі дыбыстарының қайсыларына таңба белгілеу керектігін айтқан? ы,е,и,о, ұ, у.

А.Байтұрсынов «қамау белгісі» деп атаған тыныс белгісі? жақша

А.Байтұрсынов «Учительская школаны» қай жылы бітіреді? 1895 жылы

А.Байтұрсынов «Шаһзаман мырзаға» атты мақаласында Шаһзаман мырзаның қай пікіріне қарсы болады? Қазақ дыбысының бәрі жарты дауысты деген

А.Байтұрсынов 1907 жылы қай түрмеде отырады? Қарқаралы

А.Байтұрсынов бойынша «істі біреу арқылы істеуді» қай етіс түріне жатқызамыз? Беделді етіс

А.Байтұрсынов бойынша алдыңғы сөйлемдерді кейінгі сөйлемдер қорытып айтса: қойылыңқы қиысу

А.Байтұрсынов бойынша «ат жүріңкіреді»тіркесіндегі «жүріңкіреді» қай етіс? өсіңкі

А.Байтұрсынов бойынша «баяншы мүше» деп қай мүшені айтамыз? баяндауыш

А.Байтұрсынов бойынша «Жазатын хат, сөйлейтін сөз, көретін көз» - есімшенің қай түрі? ұйғарынды

А.Байтұрсынов бойынша алдыңғы сөйлемге кейінгі сөйлем қарсы мағыналы болса қалай аталады? қайырыңқы қиысу

А.Байтұрсынов бойынша екі, үшті мағыналы сөйлемдер қиысқан жерде қандай қиысу болады? айырыңқы қиысу

А.Байтұрсынов бойынша есім сияқты айтылатын етістіктің түрі қалай аталады? есімше

А.Байтұрсынов бойынша етістік қай кезде анықтауыш болмайды? жалғыз есімше түрінде

А.Байтұрсынов бойынша маңызды, нығыз айтылған сөйлемді басқа сөйлемдер баяндап тұрса: сұйылыңқы қиысу

А.Байтұрсынов бойынша салалас құрмаластың қиысуының неше түрі бар?бес

А.Байтұрсынов бойынша сөйлем қиысулы бірыңғай, бір беткей болса қалай аталады? жиылыңқы қиысу

А.Байтұрсынов бойынша істің сынын көрсететін сөздерді үстеудің қай түріне жатқызамыз? сынаулық үстеу

А.Байтұрсынов графика мәселесіне қатысты пікірін қай конференцияда қайталайды? 1927 жылы, Қызылордада

А.Байтұрсынов дүиедегі жұрттың тілін қалай жіктеген? түбіршік, жалғамалы, қопармалы

А.Байтұрсынов дыбыстарды қалай жіктеген? дауысты, дауыссыз және жарты дауысты

А.Байтұрсынов ереуіл райға жатқызатын сөздер. сұрасаң да

А.Байтұрсынов жақшаның қойылатын жеріне қатысты айтқан түсінігі? алдағы сөзді артқысы түсіндіре өтетін жерлерде

А.Байтұрсынов жіктеуі бойынша біреудің ісіне себепкер болу қай етіс? өзгелік

А.Байтұрсынов жіктеуі бойынша күшейген істі білдіретін қай етіс? өсіңкі

А.Байтұрсынов жіктеуі бойынша қайта-қайта істелген істі білдірсе қай етіс түрі? дүркінді

А.Байтұрсынов жіктеуі бойынша ортақ істі істеуге себепкер болу қай етіс түрі? шығыс

А.Байтұрсынов жіктеуі бойынша өткен іске бір нәрсе сабақтаулы болса қай етіс түрі? сабақты

А.Байтұрсынов жіктеуі бойынша іс жеке істелмесе қай етіс түрі болады? ортақ

А.Байтұрсынов жіктеуі бойынша істеуші басқаға істерлік ісін өзіне істеу қай етіс түрі болады? өздік

А.Байтұрсынов жіктеуі бойынша істеушіден басқада болған істі білдіретін етістің түрі. ырықсыз

А.Байтұрсынов жіктеуі бойынша істі біреу арқылы істеу қай етіс түрі? беделді

А.Байтұрсынов көрсеткен осы шақтық есімше. өлең айтушы, бие сауушы, құдық қазушы

А.Байтұрсынов қай графиканы қолдады?араб

А.Байтұрсынов қай жылы, қай жерде дүниеге келді? 1873 ж. қазіргі Қостанай облысы, Торғай ауданы

А.Байтұрсынов қандай интернационалдық терминдерді пайдаланған? грамматика, фонетика, морфология

А.Байтұрсынов қытай және жапон тілдерін қай тілдер тобына жатқызады? түбіршік

А.Байтұрсынов өз еңбегінде салаластың қай түрін «айрықша салалас » деп атайды? ыңғайлас салалас

А.Байтұрсынов пысықтауыш сөздерді нешеге бөлген?5

А.Байтұрсынов салалас құрмаласты неше түрге бөледі?бес

А.Байтұрсынов сөз тұлғаларын қалай бөлді? түбір, туынды, қос, қосалқы сөз, қосымшалар

А.Байтұрсынов: «Бұл белгі бағыныңқы сөйлемнің жігін басыңқы сөйлемнен айыру үшін қойылады». Қай тыныс белгі жайлы атып тұр?теріс үтір

А.Байтұрсыновтың пунктуацияға қатысты терминдері. ноқат, дәйекше

А.Байтұрсыновтың пікірінше, қанша дауысты дыбыс бар?бес

А.Байтұрсыновтың «теріс үтір» деп атайтын терминнің осы күндегі баламасы? үтір

А.Байтұрсыновтың «Шаһзаман мырзаға» атты мақаласы «Айқап» журналының қай сандарында жарияланды? № 9, 10, 11

А.Байтұрсыновтың «Шаһзаман мырзаға» атты мақаласы қай журналда жарияланды? «Айқап»

А.Байтұрсыновтың 1912 ж. «Айқап» журналының № 9,10,11 сандарында жарияланған мақаласы қалай аталады? Шаһзаман мырзаға

А.Байтұрсыновтың алдына қойған басты мақсаты? халықты сауаттандыру

А.Байтұрсыновтың демеу сөзге берген анықтамасын көрсетіңіз: Екі сөздің яки сөйлемнің арасын жалғастыруға демеу болатын сөздер

А.Байтұрсыновтың етістіктің райына қатысты жіктеулерінен қазіргі қазақ тілінде қолданылатындары. ашық, шартты, қалау рай

А.Байтұрсыновтың интонацияға қатысты «кіші тыныс» деп атайтын тыныс белгісі? теріс үтір

А.Байтұрсыновтың интонацияға қатысты «ұлы тыныс» деп атайтын тыныс белгісі? нүкте (ноқат)

А.Байтұрсыновтың калькалау тәсілімен жасаған терминдерін көрсетіңіз. дауысты, дауыссыз дыбыстар, қос сөз

А.Байтұрсыновтың қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектер жинағы?Тіл тағылымы

А.Байтұрсыновтың құрмалас сөйлемге қатысты қазіргі тіл білімінде қолданылатын терминдері. салалас құрмалас сөйлем

А.Байтұрсыновтың құрмалас сөйлемге қатысты қазіргі тіл білімінде қолданылатын терминдері. сабақтас құрмалас сөйлем

А.Байтұрсыновтың құрмалас сөйлемге қатысты қазіргі тіл білімінде қолданылмайтын терминдері. жиылыңқы

А.Байтұрсыновтың құрмалас сөйлемге қатысты қазіргі тіл білімінде қолданылмайтын терминдері. сұйылыңқы салалас

А.Байтұрсыновтың лексика семантикалық тәсілмен жасаған терминдері: жұрнақ

А.Байтұрсыновтың морфологиялық тәсілмен жасалған териндері: есімше

А.Байтұрсыновтың морфологиялық тәсілмен жасалған терминдері: анықтауыш

А.Байтұрсыновтың пайымдауынша «Мен жүрмін» ... қай етіс түрі? Салт

А.Байтұрсыновтың пікірінше екі мүшелі сөз қайсы? оқушы, әнші

А.Байтұрсыновтың пікірінше реніш райға жататын сөз.жазсамшы

А.Байтұрсыновтың пікірінше, түркі халықтары негізінен қай әліпбиді пайдаланды? араб

А.Байтұрсыновтың семантикалық тәсілмен жасаған терминдерін көрсетіңіз. жұрнақ, жалғау, шумақ

А.Байтұрсыновтың синтаксистік тәсілмен жасаған термині: сөйлем мүшесі

А.Байтұрсыновтың тұжырымдамасында істеуге ұйғарылған істі көрсету үшін айтылатын сөз түрін қалай атаймыз? ұйғарынды есімше

А.Байтұрсыновтың: «газет, журнал, кітап аттарына қойылады», - деген тыныс белгісі? қабат үтір

А.Байтұрсыновша дәлдеулік (« ») белгісі қай кезде қолданылады? бұлжытпай дәлдеп жазып көрсетерлік жерге

А.Байтұрсыновша жазу дегеніміз не? әріптердің сүгіретін сала тізу

А.Байтұрсыновша жапсарлық (,) белгісі қай кезде қолданылады? дауыс тынбай, тек сөз арасы көбірек ашыла айтылатын жерге

А.Байтұрсыновша келтіріп жазған мақалдар, болмаса біреудің сөздері қалай аталады? келтірінді сөйлем

А.Байтұрсыновша қосарлық (=) белгісі қай кезде қолданылады? сөзді қосу керек болғанда

А.Байтұрсыновша оқу дегеніміз не? әріптердің дыбыстарын айта тізу

А.Байтұрсыновша тастарлық (-) белгісі қай кезде қолданылады? жазбай тасталған сөздің орнына

А.Байтұрсыновша тыныстық (.) белгісі қайда қойылады? дауыстың тынатын жеріне

А.Байтұрсыновша «жаздырды», «айттырды», «салдырды» - етістің қай түріне жатады? беделді етіс

А.Байтұрсыновша «жүріңкіреді», «тасыңқырады», «ұйықтаңқырады» - етістің қай түріне жатады? өсіңкі етіс

А.Байтұрсыновша бас мүше бір сөзбен айтылмай, бірнеше сөзбен айтылса қалай аталады? қосарлы немесе күрделі

А.Байтұрсыновша бас мүше қандай сұрақтарға жауап береді? кім? не?

А.Байтұрсыновша есімшенің түрлерін көрсетіңіз. осы шақтық, өткен шақтық, ұйғарынды

А.Байтұрсыновша көсемшенің түрлерін көрсетіңіз. үнемді, үнемсіз, ниетті

А.Байтұрсыновша нәрсенің болғанын, істің істелгенін тілей айтылатын сөйлем түрлері қалай аталады? тілекті

А.Байтұрсыновша нәрсенің сырын-сипатын, жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын сөз қалай аталады? баяншы мүше

А.Байтұрсыновша салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не? сөйлем арасындағы ішкі жақындық

А.Байтұрсыновша сөйлем ішіндегі сөйлем иесін не деп атаймыз? бас мүше

А.Байтұрсыновша сөйлем ішіндегі сөздер не деп аталады? сөйлем мүшелері

А.Байтұрсыновша сөйлем ішіндегі сөздердің басын түсінікті етіп құрастыру қалай аталады? сөйлем жүйесі

А.Байтұрсыновша сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін көрсетіңіз. бас мүше, баяншы мүше

А.Байтұрсыновша ұзақ айтқанда ой дәуірлеген бетімен барып қайтатын сөйлеудің түрі қалай аталады? орамды

А.Байтұрсыновша шұбалаң және ықшам болып бөлінетін құрмаластың қай түрі? қиысулы

А.Байтұрсынұлы «күшейген істі» білдіретін етісті қалай атайды? Өсіңкі етіс

А.Байтұрсынұлы «Тіл - құрал» еңбегінде сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілерінің қанша түрін көрсеткен? алты

А.Байтұрсынұлы «Тіл - құрал» еңбегінде сөйлемнің ішіне қойылатын тыныс белгілерінің қанша түрін көрсеткен?бес

А.Байтұрсынұлы ашық райды қалай түсіндіреді? істі ашық баяндайтын сөз түрі

А.Байтұрсынұлы билік райды қалай түсіндіреді? істі істеуге-істемеуге кесіп айтқандағы сөз түрі

А.Байтұрсынұлы бойынша етістің қанша түрі бар?он

А.Байтұрсынұлы бойынша одағайдың неше түрі бар?үш

А.Байтұрсынұлы бойынша оңаша айтылатын сөздер. одағай

А.Байтұрсынұлы ереуіл райды қалай түсіндіреді? істейтін істің мақсұтына болымы қарсы, ереуіл болғанда айтылатын сөз түрі

А.Байтұрсынұлы есімшенің қанша түрін көрсеткен?үш

А.Байтұрсынұлы етістіктің райын қанша түрге бөлген?он төрт

А.Байтұрсынұлы күрделі сөздің қай түрін «жалпылағыш, жалқылағыш» деп бөледі? қос сөз

А.Байтұрсынұлы қай жылы жер аударылды? 1910 ж.

А.Байтұрсынұлы қалау райды қалай түсіндіреді? істі көңіл қаламауын көрсететін сөз түрі

А.Байтұрсынұлы одағайдың қанша түрін көрсетеді?үш

А.Байтұрсынұлы өз мақалаларында интернационалдық лексика қолданған ба?қолданған

А.Байтұрсынұлы реніш райды қалай түсіндіреді? істеген-істемеген істерге реніш еткенде айтылатын сөз түрі

А.Байтұрсынұлы сенімді райды қалай түсіндіреді? істің істелу-істелмеуіне көңіл сеніп сөйлегенде айтылатын сөз түрі

А.Байтұрсынұлы сыйысулы құрмаластың екі түрін атайды: шұбалаң, ықшам

А.Байтұрсынұлы терминдерді қалай атаған?пән сөздер

А.Байтұрсынұлы тұжырымдауынша ашық рай дегеніміз не?істі ашық баяндайтын сөздің түрі.

А.Байтұрсынұлы тұйық райды қалай түсіндіреді?іс белгісіз тұйық күйінде айтылатын сөз түрі

А.Байтұрсынұлы шартты райды қалай түсіндіреді? істің істелуіне шарт көрсететін сөз түрі

А.Байтұрсынұлынша дүркінді етіс нені білдіреді? қайта-қайта істелетін істі;

А.Байтұрсынұлының әліпбиіндегі ымыралы дыбыстар:з, ж

А.Байтұрсынұлының қазақ жазуы, сөзжасамы, грамматикасынан басқа аса назар аударған мәселесі: терминология

А.Байтұрсынұлының Қостанай, Қарқаралы, Ақтөбеде мұғалімдік қызмет атқарған мерзімі? 1895-1909жж

А.Байтұрсынұлының пайымдауынша кей сөздер басқа сөздердің мағынасын толтыру үшін не болады дейді? Үстеу

А.Байтұрсынұлының термин жасаудағы ұстанған бағыты. пуристік

Ақтас, Ерғазы, Данияр – А.Байтұрсыновқа кім?ағалары

Алдағы сөзді артқысы түсіндіре өтетін жерлерде қойылатын: жақша

Араб алфавитіндегі қандай дыбыстардың таңбаларын алмауды ұсынады? жуан

Ауыз шығысты дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз. р, л, у, й

Ахмет Байтұрсынов жарты дауыстыларға қай дыбыстарды жатқызады? р, л, у, и

Ахметтің айтуынша «Өткен іске сабақталып, байланып тұрған ешнәрсе болмаса» бұл қай етіс?салт етіс

Ахметтің тұжырымдауынша «Өлең айтқан, бие сауған, құдық қазған» есімшенің қай түрі? өткен шақтық есімше

Әбден біткен ойлы сөйлемді айыратын орында қойылатын: ноқат

б, п, т, с, ш, қ, к – дыбыстарының түрін ажыратыңыз. қатаң

Байтұрсыновтың ересектерге арналған сауат ашқышы қалай аталады? Әліп-би

Балап айтылатын орындарда қолданылатын тыныс белгісі. үлкен сызықша

Басқа сөздердің мағынасын нығыздау үшін айтылатын сөздерді қандай үстеу дейміз? нықтаулық үстеу

Басқаға істерлік істі өзіне істеуді көрсететін сөздер дейміз. өздік етіс

Берілген сөйлемдерден жалаң сөйлемді табыңыз. Ел қонды

Болымды сөйлемді табыңыз. Еділ бойы тоғай бар, тоғай толған ноғай бар

Бұратана сөздер нешеге бөлінеді?2

Бүкілодақтық Бірінші Түркологиялық съезі қашан, қайда өтті? 1926 жылы Бакуде

Біреудің ісіне себепкер істі көрсететін сөздерді қандай етіс деп атаймыз? Өзгелік етіс

Бітпеген шала сөйлемді қалай атаймыз? бағыныңқы

Ғалым сынның я істің шамасын көрсететін сөздерді үстеудің қай түріне жатқызады? өлшеулік үстеу

Дыбыс жүйесі мен әріптер туралы пікірлерін қай басылымдарда жариялай бастады? «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті

Еліктеу одағайды табыңыз. қаңқ-қаңқ

Емле, пән сөз, әліп-би, ана тілін оқыту әдісі қарастырылған мақаласы: «Түркішілдер құрылтайындағы» сөзі

Ең алғаш қазақ тіл біліміне «құрмалас» терминін енгізген кім?А.Байтұрсынов

Жайылма сөйлемді табыңыз. Қоянды қамыс, ерді намыс өлтірер

Жалғау орнына жүріп, жалғау сияқты басқа сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына шықпайтын сөздерді не деп атаймыз? жалғаулықтар

Жалғаулықты және жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдердің бір-бірінен айырмашылығы неде? байланысу тәсілінде

Жалқылау әдісіне қарсы әдіс қалай аталады? жалпылау

Жауап сұраған сөйлемдердің соңынан қойылатын тыныс белгісі? сұрау белгісі

Жиылыңқы қиысуды табыңыз. Ел де жатты, ай да батты

Жуан, жіңішке дыбыстарды ажыратуға А. Байтұрсынов қолданған белгі қалай аталады? дәйекше

Кейде бір сөйлемнің ішінде екінші сөйлем қыстырылып айтылса: қыстырынды сөйлем

Көп компонентті түсіндірмелі салалас сөйлем кімнің еңбегінде «сұйылыңқы» деп аталады? А.Байтұрсынов

Қазақ ССР-інің Жоғарғы Соты А.Байтұрсынұлын қашан ақтады? 1988 жылғы қарашаның 4-і күні

Қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің негізін салушы кім?А. Байтұрсынов

Қазіргі қазақ тіліндегі етіс түрлері: өздік, өзгелік, ортақ, ырықсыз

Қалау рай дегеніміз не? істі көңіл қаламауын көрсететін сөз түрі.

Қарсылықты салалас сөйлемге байланысты қойылып тұрған сызықшаны көрсетіңіз. Жел саябырлаған сияқты, – екпіні әлі қатты.

Құрмалас сөйлемнің қанша түрі бар?3

Құрмаластың «іргелес құрмалас» деген түрі қай ғалымның еңбегінде кездеседі? Н.Сауранбаевтың

Қырғыз-қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде күн тәртібіне қанша мәселе қойылды? алты

-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қосымшаларын сөз еткен мақаласы: «Түркішіл құрылтайындағы сөзі»

Лепті сөйлемдерде одағайдан кейін қойылатын: теріс үтір

Мұндай санасыз қондырыла салатын тәртіптен тартқан азабым соншама – ақыры тіпті Россияға қайта қашып кетпек болдым.Сөйлем салалас құрмалас сөйлемнің қай түрі? түсіндірмелі

Мұң райға қай сөз жатады? айтар ма едім

Мұрын шығысты дауыссыздарды көрсетіңіз.м, н, ң

Не жайынан болса да бар қыла сөйлеген сөйлем.(Байтұрсынов А.): болымды

Не жайынан болса да жоқ қыла сөйлеген сөйлем.(Байтұрсынов А.): болымсыз

Нықтаулық үстеуді табыңыз.нақ сол

Одағай дегеніміз не? одағайланып, оңаша айтылатын сөздерді айтады.

Орынборда өткен съезде А.Байтұрсыновтың оқыған баяндамасы қалай аталған? «Әліпби тақырыпты»

Орыс және араб тілдері қай топқа жатады? қопармалы

Өздік етіс дегеніміз не?істеуші басқаға істерлік ісін өзіне істесе;

Сабақсыз істі көрсететін етіс түрі. Салт етіс

Сабақтас сөйлем сыңарларының құрмаласу жолдарын төрт түрге бөлген кім?Н.Сауранбаев

Салалас құрмаластың қиысуы қанша түрге бөлінеді?бес

Сөздік құрамдағы сөздер қолдану жиілігіне қарай қалай бөлінеді? актив, пассив,лексика

Сөздің аяғына жалғау қосылып өзгерілетін тілдерді қалай атайды? жалғамалы

Сөйлегенде ойды тақ-тұқ қысқа айтып білдірсе: орамды немесе өрнекті сөйлем

Сөйлем ішінде анықтауыш не үшін айтылады? анықтық үшін

Сөйлем ішінде анықтық үшін айтылатын сөз. анықтауыш

Сөйлемдердің ішкі жақындығы күшті болған жерде қолданылатын тыныс белгісі. үтірлі ноқат

Сын пысықтауыш қандай сұраққа жауап береді? Қалай? Қалайша? Қайтіп?

Тарт, ал, ұр, саба, ки – қандай сөздер? Етістік сөздер

Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтында қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс оқыған жылдары: 1926-1928жж

Терминжасам тәсілдерін анықтап, оларды өз тәжірибесінде пайдаланған ғалым. А. Байтұрсынов

Толық дауыстылырады көрсетіңіз. а, е, о, ұ, ы

Төл сөздердің жігін ашу үшін алды-артынан қойылатын белгі? қабат ноқат

Туынды демеуліктерді табыңыз. үйтсе де, сүйтсе де, әйтпесе, бүйтпесе

Тұрлаулы мүшелері ғана бар сөйлем. жалаң

Тіл таныту бастауыш мектепте неше тарауға бөліп қарастырылады? 3

Тілдегі бар дыбыстың бас-басына арнаған белгісі (харфі) бар болса, оны не деп атаймыз? тәртіпті жазу

Тілекті сөйлемнің үгіт түріндегісінің қаратпа сөздерінің соңынан қойылатын:леп белгісі

Хат жаздым, шөп шаптым, қармақ салдым дегенде: жаздым, шаптым, салдым - қай етіс түріне жатады? Сабақты

Шала дауыстыларды көрсетіңіз. р, л, й, у, м, н, ң

Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Неғұрлым тез қайтса,солғұрлым қайсымыз үшін де теріс болмас.

Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз. Жаңа техниканы меңгермейінше, істен нәтиже шықпайды.

Ілезділік одағайды табыңыз. Қалт

Іс жеке істелмейтін, екі жақтап істейтін істерді көрсететін етіс түрі. Ортақ етіс

Істің істелуіне шарт көрсететін сөз: шартты рай

Наши рекомендации