ПӘнніҢ ҚҰрылымы мен мазмҰны
Орқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық факультеті
В040500-журналистика» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы
Филология, тарих және құқық
факультетінің академиялық кеңесінде
бекітілген
№____ Хаттама
« ____»_______ 2016.
Факультет деканы ________С.Т.Тайманов
Модуль № «ZSMIE 2207» 5В050400-журналистика мамандығына
Телевизиялық хабар дайындау технологиясы» курсы бойынша
СИЛЛАБУС
3-курс, күндізгі, 5-семестр (күзгі), 3 кредит, пәннің типі (міндетті)
Лекциялық сабақ бойынша оқытушы:
Әбдіразақова Аягөз Қожамырзақызы, баспа ісінің магистрі., қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, байланыс телефондары (жұмыс орны 27-85-72, ұялы телефоны 87018610875), e-mail: [email protected], каб. 204. 1-оқу ғимараты.
Лабараториялық сабақ /семинар бойынша оқытушылар:
Төлебаева Айдынгүл
Нұрғазиева Айдана Алмасқызы, педагогика ғылымдарының магистрі, қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының оқытушысы, байланыс телефондары (жұмыс орны 27-85-72, ұялы телефоны 8702-615-14-25), e-mail: [email protected], каб. 204. 1-оқу ғимараты.
Ызылорда, 2016
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
Теледидар бүгінде жер шарында болып жатқан сан саладағы оқиғалар мен жаңалықтарды көрермендерге көрсете отырып, адам қолымен жасалған құндылықтарды насихаттаудың қуатты құралына айналып отыр. Жарты ғасырдан астам тарихында Қазақ теледидары қарышты қадам жасап, мәдениетіміз бен әдебиетіміздің, өнеріміз бен ақыл-ойымыздың дамуына елеулі үлес қосуда.
Теледидар – ақпарат пен насихат құралы. Ол БАҚ құралдарына тән жылдамдық пен байқампаздықты, ауқымдылық пен жан-жақтылықты бойына сіңірген өнердің биік түрі. Оның ғажаптылығы, газет секілді баяндап, радио сияқты үн, дыбыс, тынысты естіртумен ғана шектелмей, кинодағыдай өткен оқиғалар елесін пленка арқылы ғана жаңғыртып көрсетпей, бір мезгілде олардың бәрін қатыстыра отырып, көрерменге өтіп жатқан өмір құбылысын сол сәтінде, оқиға болып жатқан ортадан көрсетуінде.
Ақпарат құралдарының ішінде теледидар көркемдік бейнелеу құралдарының ауқымдылығы жағынан өлшеушіз мүмкіндікке ие. Ол адамды, адамзатпен жүздестіретін, әлемнің бір бұрышындағы оқиғаларды үйінің төрінен көре алатын ғажайып құрал. Көгілдір экрандағы фильмдер, театр спектакльдері, концерттер, сұхбаттар мен тікелей эфир, жаңалықтар, той-думан, жарнама т.б. сан миллиондаған көрермендердің рухани дүниесін байытуға қызмет жасауда. Теледидар жұртшылыққа күнбе-күн саяси, мәдени, эстетикалық тәрбие беруде жаңа мүмкіндіктерді іздестіруде.
Тележурналистиканың әлеуметтік институт, қоғамдық саяси қызметтің бір саласы болып табылатындығы жөнінде тұжырым жасап, сондай-ақ студенттерге тележурналистикадағы принциптер мен заңдылықтарды теориялық негізде меңгертіп, телебағдарлама дайындауға машықтандыру
Курстың міндеті - студенттерді телерадиожурналистиканың ерекшелік сипаттарымен, отандық телерадиожурналистиканың пайда болу және даму тарихымен, телерадиожурналистикаға тән мамандықтар қызметі, телехабар әзірлеудің шығармашылық процесі, жанрлары және пішіндерімен, қазіргі телебағдарламалар түрлерімен және тележурналистикадағы бейнелеуші құралдар туралы мағлұматтар беру, телебағдарламаларға жекелеген талдау жасау, ақпараттық, ойын-сауықтық бағдарламалар ерекшеліктерімен таныстыру, ток-шоу хабарларының сипаты, телехабар даярлау, сөйлеу мәдениетін меңгеру, телерадиожурналистика үшін бағдарлама даярлайтын, өңдейтін және тарата алатын мамандардың біліктілігін қалыптастыру болып табылады.
Пререквизиттер:Журналистикаға кіріспе, Телерадиожурналистика
Постреквизиттер:БАҚ тілі мен стилі, Мамандану
ПӘННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ
Апта | Тақырып атауы | Сағ сан | Межелі балл |
1 МОДУЛЬ ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ БҮГІНГІ БЕТ-БЕЙНЕСІ | |||
1 апта | 1-лекция Қазақ тележурналистикасының қалыптасу тарихы мен дамуы 1.1Курсқа кіріспе. Қазақ тележурналистикасының тарихы 1.2Тележурналистика тарихының кезеңдері | ||
2-лекция Телевизияның басқа ақпарат құралдарынан ерекшеліктері 1. 1.1 Теледидар – ақпарат пен насихат құралы. 1.2Телехабар жасау технологиясы туралы жалпы түсініктеме | |||
1-2- лабараториялық сабақ 1-тақырып: Отандық телеарналардың қалыптасу тарихы. Тележурналистика саласын зерттеуші ғалымдар еңбектері. Тапсырма: «Қазақстан» ұлттық арнасы туралы толыққанды мәлімет жинау. Ақпараттық, сараптамалық, танымдық хабарларды талдау. Тележурналистиканың атқаратын функцияларын нақтылау. | |||
1-БАОӨЖ Теледидар саласында жиі кездесетін 10 термин сөзге түсініктеме беру. Дикторға қойылатын талаптарды сараптау. | |||
2 апта | 3-лекция Телестудиялық комплекс 3.1Режиссерлік аппарат 3.2 Дикторлық съемка және аппаратты бөлім | ||
4-лекция Телехабар жасау механизмдері 3.1 Ақпаратты бағдарламаны дайындау технологиясы 3.2 Телехабар жасау барысында пайдаланатын терминдер | |||
3-4-лабараториялық сабақ 2-тақырып:Телеарналардағы «Қорытынды жаңалықтар» шығарылымы. Тапсырма: Факті, дерек, дәйек туралы не білесіз? Фактілердің қақтығысуы дегеніміз не? Өзіндік өткір пікір білдірудегі қандай ерекшеліктерді көрсетер едіңіз? | |||
2-БАОӨЖ Кез-келген бір арнаның «Қорытынды жаңалықтарына» талдау жасау | |||
3 апта | 5-лекция Экран тілінің элементтері 5.1Бейне, дыбыс, сөз 5.2Кадр, план, монтаж | ||
6-лекция Қозғалыс – теледидардағы басты құбылыс 6.1 Панорама жасау, Тревелинг, Траекториялық түсірілім 6.2 План және оның түрлері. Кадр жиілігі. | |||
5-6-лабараториялық сабақ 3-тақырып: Кадр. Көрініс.Кадрдағы сөз.Кадрдың композициясы. Тапсырма:Телехабардың сәтті шығуы оператор біліктілігіне байланысты екендігін дәлелдейтін мысалдар келтіріңіз. Нақты бір хабарды алып, ондағы көріністер мен сәтті кадрларды талдаңыз. | |||
3-БАОӨЖ Телеарналардағы спецэфектілердің маңызы: нақты мысалдар келтіріңіз | |||
4 апта | №2 МОДУЛЬ ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ БЕЙНЕЛЕУШІ ҚҰРАЛДАРЫ | ||
7-лекция Теледидардағы сценарий ұғымы 1. 7.1Сценарий ұғымы. 2. 7.2Сценарийдегі әдеби және экрандық белгілер | |||
8-лекция Телехабардың дыбыстық және сөйлем үндестігі 8.1Дыбыстың физиологиялық құрылымы 8.2Телехабарды шығармашылық тұрғыдан жасаудың шарттары | |||
7-8-лабараториялық сабақ 4-тақырып: Полемикалық шеберліктің негіздері.Тапсырма: Сөз сайысы, дискуссия, полемика. Пікірсайыс мәдениеті. Сөйлеудің темпі, сөйлеудің үдемелілігі, сөйлеудің әуені.Осы мәселелер туралы толыққанды білу және телеарна журналистерінің нақты шығармашылығынан мысалдар келтіру. | |||
4-БАОӨЖ «Тележурналист үшін ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыра білудің маңызы» тақырыбында СӨЖ | |||
5 апта | 9-лекция Телевизиядағы кері байланыс процесі 9.1Аудиториямен түсіністік байланыс орнату 9.2 Кері байланыс процесінің қағидалары | ||
10-лекция Тікелей эфир ерекшеліктері 10.1 Тікелей эфирдегі жүргізуші қызметі 10.2 Эфир этикасы | |||
9-10-лабараториялық сабақ 5-тақырып: Журналистік индукция, дедукция, ассоциация. Тапсырма: Тікелей эфирде берілетін хабарларға талдау жасау. «Қазақстан» ұлттық арнасы мен «Евразия» арналарын салыстыру. | |||
5-БАОӨЖ «Хабар» арнасындағы «Бетпе-бет», «31 арнадағы» «Дода», Қазақстан Ұлттық телеарнасындағы «Оян, қазақ» бағдарламаларын салыстыр | |||
11-лекция Теле сюжет және оған қойылатын талаптар 11.1 Телесюжеттің жасалу жолдары 11.2 Телесюжетке қойылатын талаптар | |||
12-лекция Телесюжет пен мәтіннің байланысы 12.1Телесюжеттегі жаңалықтар мәтініне қойылатын талаптар 12.2 Телесюжеттің дыбысталу ерекшелігі | |||
11-12-лабараториялық сабақ 6-тақырып: Эфир және тіл мәдениеті.Тапсырма: Рахман Омаров жүргізген «Сен сұлу» ток-шоуын талдау. Екі топқа бөлініп, артықшылықтары мен кемшіліктері туралы пікірталас өткізу. | |||
6-БАОӨЖ Қылмыстық оқиғаға байланысты дайындалған телесюжеттің мәтінін жасау, подводка дайындау | |||
7 апта | 13-лекция Стэнд-ап жазудың негізгі ережесі 13.1Оқиғалар сюжеті мен мәтін бірлігі 13.2 Стэнд-ап этикасы | ||
14-лекция Монтажердің рөлі мен міндеті 14.1Монтаждық жұмыстың басы-кадрды іріктеу 14.2Бейнені іріктеудің ерекшелігі | |||
13-14-лабараториялық сабақ 7-тақырып: Хабарды жеткізудің бір түрі-стэндап. Тапсырма: Қазіргі қазақ журналистерінің ғаламтор арқылы хабар жазбаларын көріп, жасаған стэндаптарынан мысалдар келтіру. | |||
7-БАОӨЖ «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы тікелей эфирде жүргізілетін хабарларға талдау жасау | |||
Аралық бақылау | |||
Midterm exam | |||
8 апта | №3 МОДУЛЬ ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ | ||
15-лекция Теледидар құрылымы 2.1 Теледидар құрылымы 2.2 Телехабарлардың практикалық функциясы | |||
16-лекция Тележурналист шеберлігінің әдістемесі 16.1 Тележурналист шеберлігінің қалыптасуы 16.2 Шеберліктің шығармашылық құралдары | |||
15-16-лабараториялық сабақ 8-тақырып: Хабар телеарнасындағы «Бармысың, бауырым?» іздеу салу-публицистикалық апталық бағдарламасы. Тапсырма: Бағдарламаның «Өмір-дария», «Өмір-дерек», «Көзайым хат», «Іздеу саламыз» айдарларын талдау. | |||
8-БАОӨЖ «Әйел бақыты» ток-шоуы туралы зерттеу жүргізу | |||
9 апта | 17-18-лекция Қазақ теледидарындағы жастар бағдарламалары 17.1 Қазақ теледидары жастар бағдарламасының тарихы 17.2 Демократия мен жариялылық жағдайындағы жастар хабарының жаңашылдығы 18.1Жастар бағдарламаларының жасалу тәсілдері | ||
17-18-лабараториялық сабақ 9-тақырып: Балаларға арналған бағдарламалардың жасалу жолдары.Тапсырма: «Балауса», «Бап пен бақ», «Мыңнан тұлпар» балалар мен жасөспірімдер бағдарламаларының басты мақсатын, міндетін нақтылау, сараптау. Бағдарламаларға тән ерекшелік. Бағдарлама түсіру барысында қолданылатын тәсілдер | |||
9-БАОӨЖ Жастар бағдарламасының ізденістері | |||
10 апта | 19-лекция Телеарна және жарнама 19.1 Қазіргі арналардағы жарнаманы берудің тәсілдері 19.2 Телеарна үшін жарнама кіріс көзі | ||
20-лекция Хабар таратудың құрылымдық жүйесі 20.1Мемлекеттік арналар 20.2 Тәуелсіз арналар қызметі | |||
19-20-лабараториялық сабақ 10-тақырып:Телевизия және жарнама. Тапсырма: тұрмыста қолданылатын затқа, жеке гигиенаға пайдаланылатын бұйымға жарнама жасау. | |||
10-БАОӨЖ «Астана» телеарнасының жарнама саясатымен танысып, журналистік зерттеу жүргізу | |||
11 апта | №4 МОДУЛЬ ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР | ||
21-лекция Бүгінгі телевизияның басты ерекшелігі - кірігу(конвергенция) үрдісі 21.1 Телеөндіріске компьютерлердің кірігуі 21.2 Телеиндустрияға Интернеттің кірігуі; | |||
22-лекция Телеиндустрияның бүгінгі мүмкіндіктері 22.1 Жаңа ақпараттық технологиялардың телевизия саласына енгізген жаңалықтары 22.2 Құрал-жабдықтардың техникалық сипаттамасы | |||
21-22-лабараториялық сабақ 11-тақырып: Экономика саласына арналған бағдарламалар ерекшелігі. Тапсырма: «Хабар», «Қазақстан», «Астана» арналарындағы экономика тақырыбын көтеретін хабарларға талдау жасау | |||
11-БАОӨЖ Компьютер арқылы жасалатын спецэфектілердің ерекшеліктері мен түрлері | |||
12 апта | 23-лекция Отандық тұңғыш ұлттық спутниктік «Хабар» телеарнасының тарихы мен құрылымдық ерекшеліктері 23.1«Хабар» телеарнасындағы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың ерекшеліктері 23.2«Хабар» телеарнасындағы танымдық және ток-шоу бағдарламаларының ерекшеліктері | ||
24-лекция Бағдарлама әзірлеуді қаржыландыру түрлері 24.1 Рұқсат құжат аукционы 24.2 Үкімет пен жекеменшіктік хабарлардың айырмашылықтары | |||
23-24-лабараториялық сабақ 12-тақырып: «Хабар» телеарнасындағы «Ел ағалары», «Жан дауа» бағдарламаларының мақсаты. Тапсырма: Аталмыш бағдарламарды талдау. «Жан дауа» бағдарламасына ұқсас бағдарлама дайындау. | |||
12-БАОӨЖ «Хабар» телеарнасындағы танымдық, сараптамалық хабарлар (жазба жұмысы) | |||
13 апта | 25-лекция Саяси хабарларға арналған Ережелер 25.1Саяси хабарларға жасалатын бақылаудың маңызы 25.2Реттеуші орган үшін басшылыққа алынар талаптар | ||
26-лекция Технологиялық үрдіс және сапалық ерекшелік 26.1Эфирлік өнімнің негізгі техникалық ерекшелігі 26.2Телеақпаратты беру шеберлігі | |||
25-26-лабараториялық сабақ 13-тақырып: Хабардағы режиссер қызметі.Тапсырма: «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасындағы режиссерлер туралы толық мәлімет дайындау. Жұмыстарымен танысу. | |||
13-БАОӨЖ Сайлау науқанының тұсында жасалатын хабарлардың түрлері мен ерекшеліктері | |||
14 апта | 27-28-лекция Телестудиялық хабар және журналист 27.1Тікелей эфир мәдениеті 27.2Тікелей эфирде хабар жүргізуге қойылатын талаптар | ||
27-28-лабараториялық сабақ 14-тақырып:Ақпараттық, сараптамалық бағдарламалардың ерекшелігі.Тапсырма: Өзіңіз ашатын авторлық телебағдарламаңыздың жоспарымен, хронометражымен, мақсат, міндетімен және 6 айлық шығарылым жоспарымен таныстырыңыз. | |||
14-БАОӨЖ Облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тікелей эфирде жүретін бағдарламаларына талдау жасау | |||
15 апта | 29-30-лекция Теледидардағы сөз құдіреті 29.1Телеарнадағы тарихи тақырыптарды қамтитын шығарылымдар 30.2Телевизия – телеөндіріс орталығы | ||
29-30-лабараториялық сабақ 15-тақырып: Тележурналистерге бүгінгі көзқарас.Тапсырма: Белгілі, танымал тележурналистер туралы зерттеу жүргізу. | |||
15-БАОӨЖ «Бұл пән маған не берді? Бұл пәннің артықшылығы мен кемшілігі неде? Бұл пәнді болашақта қалай оқытқан дұрыс? Дәріс оқыған оқытушы сіздің ойыңыздан шықты ма? Шықса неге, шықпаса неге? Пәнді оқу барысында журналист мамандығын дұрыс таңдағаныңызға көзіңіз жетті ме?» сұрақтарына ашық, әрі шынайы жауап берсеңіз тапсырманы түгел орындаған боласыз | |||
2-аралық бақылау | |||
Емтихан | |||
Барлығы |
Midterm exam бойынша сауалдар:
1. «Интонация, екпін» туралы
2. Телестудиялық комплекс
3. Телерадиожурналистиканың даму процесінде пайда болатын жанрлар мен пішіндердің әдістемелік сипаты
5. Телевидениядағы жоспарлау
6. Теледидар және кино.
7. Теледидардағы жанр формаларының эволюциясы
8. Теледидардың ерекшеліктері.
9.Теледидардың ағартушылық функциясы
8. Тікелей репортаж. Жүргізуші шеберлігі
10. Тележурналист жұмысының негізгі әдістері
11. ХХІ ғасыр технологиясы
12. Теледидардың тілі мен стилі
13. « МОНТАЖ », «СЦЕНАРИЙ»
14. Жанрдың түрлері, оның жаңа формалары
15. ТВ хаб-ң негізгі атқарар міндеттері
16. Теледидардағы хабар-ң мазмұн-мағынасына, жанрлық ерек-не, берілу пішініне қарай топтастыру
17. Телерадиохабарларын жасаудың негізгі әдістері
18. Тікелей эфирді жүзеге асыру тәртібі
19. Сценарийлік жобаға жан бітіру әдістері
20. Микрофон және оны меңгеру тәсілдері
21. Эфир этикасы
22. Факт және дыбыстық дерек
23. Ақпарат әлемі және жедеғабыл жаңалықтар
24. Телерадиожурналистика жанрлары мен пішіндері
25. Эфирлік материалдарды өңдеу
26. Тікелей эфир мәтінін жазбаша әзірлеу
27. Аудитория қабылдайтын дыбыстық ақпараттың ерекшеліктері
29. Теледидар мен радиодағы музыканың рөлі
30. Сөйлеу өнерін шешендік өнер дәстүрімен байыту әдістері
31. Эфирлік материалдарды сақтау және оны адамзат игілігіне жарату
32. Теледидар хабарларының тарату тиімділігі
33. Теледидардың басқа БАҚ-нан айырмашылығы мен ұқсастығы
34. ТВ – дағы оқу – ағарту бағдарламалар
35. Бейне режиссерлік аппараттық бөлме
36. Оқулық және ағартушылық бағдарламалар
37. ХХІ ғасыр технологиясы
38. Интерактивтік телевидение
40. Теле және радио репортаж
41. Телеочерк
42. Жанр эволюциясы
43. Теледидар және қоғам, теледидардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы алатын орны теледидардың әлеуметтік эстетикалық міндеттері
45. Телевизиялық журналистиканың құрылымдық сипаты мен бейнелеуші құралдары
1-аралық бақылау сұрақтары:
1. Сұхбат қою кезінде жүргізушінің сұрақ қою шеберлігі
3. Видеомәтін және телемәтін
4. ТД-ғы ауызекі сөйлеу
5. «Хабар» арнасындағы пресс-конференция
6. «Хабар» және Ресейдің «Первый канал» арнасындағы танымал журналистерінің шеберлігін салыстыру
7. «Хабар» арнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасының журналистері олардың жүргізушілік шеберлігі
8. Жанр түрлері оның формалары
9. ТД-дың қоғамдағы орны
10. «Қазақстан» арнасындағы сөз еркіндігі және жариялылық проблемалары
11. Тікелей эфир және студияда хабар жазу
12. Республикаға хабар таратудың бүгінгі кезеңдегі жаңа әдісі
13. «Қазақстан» теледидарындағы құрылымдық және мазмұндық өзгерілімдер
14. Сценарилік жобаға жан бітіру әдістері
15. Эфир этикасы
2-аралық бақылау сұрақтары:
1. Журналистік зерттеу әдістерінің бірі «бақылау әдісі»
2. Телеарналар қаржыландыру көзіне байланысты бөлінісі
3. Телехабарлар мазмұнына байланысты бөлінісі
4. Студияда тележурналист, диктордың кадрде өзін-өзі еркін ұстап сөйлеуі, пікір айтуы үшін мүмкіндік жасайтын, электронды мәтін көрсету қондырғысы.
5. Тележурналистиканың бейнелеуші құралдарын ата.
6. Экран тілінің негізгі элементтері
7. Экран тілінің қосалқы элементтері.
8. Экран тілінің екі аспектісін ата.
9. Теледидардағы «сценарий» ұғымы
10. Тележурналистика мен киноның ұқсастығы
11. Тележурналистика соңғы жылдары енген жаңашылықтар
12. Тележурналистика мен радиожурналистиканың ұқсастығы
13. Тележурналистика жанрларын баспасөз, радиожурналистика жанрларымен салыстыра зерттеген ғалымдар еңбектері
14. Теледидар теориясын зерттеген ғалымдар
15. Марат Барманқұловтың теледидар жайлы еңбектері
16. «КТК»- телеарнасының ерекшелігі
17. Тележурналистикадағы аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі
18. Дэвид Рэндалл айтқандай, репортер қанша принцип ұстануы керек?
19. «Қазақстан-Қызылорда» телекорпорациясының ерекшеліктері
20. Журналистік зерттеуді «журналистік қызметтің бір түрі» деп атаған:
21. Журналистің тек тексерілген шынайы фактілерге сүйене отырып, қоғамдағы келеңсіздіктерді дәйекті түрде әшкерелеуі
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Тұрсын Қ. Қазақ тележурналистикасы: қалыптасып даму жолдары мен проблемалары / Алматы: Білім, 2006
2. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. А, 1999
3. Барманкулов М. Телевизия бизнес пе билік пе? / Алматы: Қазақ университеті, 2007
4. 4.Тележурналист анықтамалығы / Алматы: 2005
5. Барманкулов М.К. Вехи эфирной истории / Алматы: 1981
6. Омашев Н. Қазақ журналистикасы. 2-том. А, 2010
7. Масғұтов С. Көгілдір экран - өмір айнасы / Алматы: 1976
8. Кузнецов Г. В. Телевизионная журналистика / М:.2002
9. Цвик В.Л. Телевизионная журналистика /М:. 2002
10. Есенбекова Ұ. Тележурналистика: телехабар жасау технологиясы. А; 2011
11. Рэндалл Дэвид. Универсальный журналист. Алматы, 1996
12. Сағымбеков С. Алматыдан сөйлеп тұрмыз А.,Қазақстан, 1979
13. Омашев Н. Радиожурналистика А.,Экономика., 2005
14. Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарлар технологиясы, А, 1999
15. Ружников В.Н. Основы радиовещания.М.,1993
16. Барманқұлов М. Искусство современной информации А.,1993
Осымша әдебиеттер
1. Барманқұлов М. Общность и специфика документальных жанров
2. печати, телевидения и радио., 1990
3. Омашев Н. Қазақ журналистикасы. 3-том. А, 2008
4. Зарва.М.В. Слово в эфире, М., 1977
5. Жақан С. Сөйлеу техникасы. А.,Қазақ университеті, 2002
6. Велитченко С.Н. Принципы формата в современном радиовещании и его специфические особенности А, 2002
7. Радиожурналистика.Учебник 2- издание. Под.ред. А.А.Шеремя М, 2002
8. Қабылғазина К. Журналист шеберлігін қалыптастыру жолдары а,2012