Адамды әлеуметтендірудегі микрофакторлардың маңызы
Төртінші - микрофакторлар– белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады - әйелмен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар. Микрофакторлар яғни, «кішкене» деген сөздің мағынасына үңілсек, ол адамға ең жақын орта дегенді білдіреді. Бұған адамның отбасы, көрші қолаң, құрбылар, сыныптастар, курстастар, бірге жұмыс істейтіндер, қоғамдық мемлекеттік, жеке меншік мемлекеттер кіреді де олар микроәлеуметтер құрайды. Адам қандай ортада болсын, ол оның қалыптасуына, өсіп-өнуі мен дамуына, тұлға ретінде өмір сүруіне ықпал етеді. Егер де бала жақсы ұйымдастырылған, бірін – бірі сыйлайтын, жағымды қарым – қатынас орнаған ортада өсетін болса, онда оның бойында жақсы қасиеттер қалыптасады. Егер керісінше, болса, ондағы жағымсыз қарым-қатынас баланың тәртібіне, көзқарасына теріс ықпал етеді. Әрбір қоғам, мемлекет, отбасы, мүшелері не азаматтары үшін өзінің даму тарихында көптеген жүріс – тұрыс ережелерін, ұстанымдары мен қағидаларын, ұсыныстары мен қағидаларын, оларды жүзеге асыру жолдарын мысалы, нандыру, иландыру, сендіру, сыйлау, марапаттау секілді әдіс-
тәсілдерін қолданды. Адамның әлеуметтік ортада өмір сүруінің бірқатар тетіктері бар. Олар психологиялық және әлеуметтік – педагогикалық тетіктерден тұрады:
- жаттығып, бейімделу – аккомодация. Бұл-адамдардың жаңа жағдайларға, қоғамдық, отбасылық, діни ахуалдар өзгерген кезде соған сәйкестеніп, лайықты өмір сүруі;
- бірігіп, кірігіп кету-идентификация-басқа адамдардың топтардың, жеке тұлғалардың жүріс – тұрысына, қарым – қатынасына өзін ұқсатып, не дәл соны қайталау болып саналады;
- кері байланыс – рефлекция. Бұл – өзін-өзі тәрбиелеу, өздігімен білім алу, өмірде өзімен өзі кеңесіп, сөйлесіп, талдап шешім қабылдау.
- еліктеу – адамның белгілі бір мұратты, бейнені үлгі не мысал ретінде қабыл алып өмір сүруі, әлеуметтік-тұрмыстық тәжірибе іздестіруінің ең маңызды түрі;
- елестету – импритинг, бұл көріп-білгенін, естігенін көз алдына келтіріп елестетіп, соларға ұқсау не дәл соны қайталау болып саналады. Әлеуметтендіру үрдісінде тиімді пайдалана білсе бұның да маңызы зор.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылы қабылдаған Заңы 2001 жылы қайта қаралып, кейбір өзгерістер мен өзгертулер енгізілген болатын. Мұнда отбасы, әке, ана және баланың мемлекет қорғауында болатыны, балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп – жетілуі мен әл – ауқатты болуына қамқорлық жасау, отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру, отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принцптеріне негізделеді. Осы заңда отбасы және некеге байланысты бірқатар ұғымдар берілген, мысалы, әлеуметтік мәселелерге қатысты «патронат - уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың басқа азаматтардың отбасына тәрбиеленуге берілетін тәрбие нысаны» немесе тәрбиеленуге берілетін бала. Алимент - алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты», ал қорғаншы немесе қамқоршы – «қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін заңды белгіленген тәртіппен тағайындалған адам». Отбасы демографиялық құрылымымен ерекшеленеді: шағын отбасы, үлкен отбасы, толық, не болмаса толық емес, баласыз, көп балалы отбасы, жалғыз балалы отбасы болып топтастырылады. Отбасының әлеуметтік – мәдени деңгейі де әр түрлі, мысалы, білімді, қоғамдық өмірге араласатын, ересектердің бірі үлкен қызметте, не жұмысы жоқ болып келеді.
Отбасылардың техникалық – гигиеналық өмір салты әр түрлі. Соған қарамастан қандай отбасы болса да бала тәрбиесіне, оның әлеуметтенуіне тигізетін әсері мол. Олар мыналар:
- баланың эмоциялық бейімделуі және дене бітімінің дамуына;
- психикалық жүйке жүйесінің дұрыс қалыптасуы мысалы, түйсіну, сезіну, қабыл алу, көңіл бөлу, ақыл – парасатының дамуына;
- зерделік дамуына, ақыл-ойының қызметін пайдалануға дағдыландыру;
- әлеуметтік нормаларды меңгеруіне;
- құндылық бағдарының қалыптасуына.
Демек отбасының балаға тигізетін ықпалы – отбасы құрамы, білім деңгейі, әлеуметтік мәртебесі, материалдық шарттары, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасымен анықталады.
Қазіргі кездзегі отбасылық орта әр түрлі. Кейбір отбасында балалар қараусыз қалып, өз уақытында оқуға бару мүмкіндігі болмай, қылмысқа араласып кететін жағдайлар болады. Отбасы тәрбиесі баланы әлеуметтендіру үрдісінде маңызды орынға ие. Өйткені барлығы отбасынан басталады. Әр отбасының тәрбиелеу мақсаты, мазмұны, түрлері мен әдістері отбасы мүшелерінің өзара қарым –қатынасынан, сый – құрмет, әдет – ғұрып, басқару салтынын басталады.
Отбасы тәрбиесі қарапайым гигиеналық ережелерді сақтау, тұрмыс –тіршілікке араласу, еңбектену, өзіне - өзі қызмет ету секілді әдет – дағдылар мен тәртіп нормаларын қалыптастырудан бастап, болашақта мәдениетті, білімді, ақыл – парасатты кәсіп – иесі болуға бағытталады. Отбасылық тәрбиелеудің ең негізгі сипаты – ересектер мен отбасылардың өзара қарым – қатынасында. Олар әр түрлі болуы мүмкін: авторитарлы, демократиялы. Кейбір ата – аналар баланың толық бағынуын, жүрген – тұрғандарын, кейде тіпті, оның ішкі жан дүниесімен ой – санасын да бақылауға алуға тырысады. Олардың салдарынан бала мен әке, қыз бен ана бір-бірінен алыстап, өзара сенімсіздік туындайды.
Отбасы тәрбиесінде материалдық жақтан қамсыз болудың зор маңызы бар. Кедейлік - әлеуметтік құрбандықтың ең күрделі де нашар түрі. Сондықтан әрбір отбасының материалдық ахуалының жақсы болуы, мүлкі мен жиһазы, киім – кешегі, азық – түлігінің болуы - әлеуметтендірудің басты шарттарының бірі.
Әлеуметтендірудің тағы бір маңызды шарты, көрші қолаң мен араласқан адамдардың бір – біріне ықпал жасауы. Көршілер жақын араласып, өзара байланыс орнатып, бір – бірінен мәлімет алып, өзара көмектесіп, қатар өмір сүреді. Әсіресе балалар үшін көршілердің жақын араласуымен қатар, олардың балаларымен бірге ойнау, бірге оқу, өзара қарым-қатынас жасау да маңызды. Мектепке дейінгі кезде, мектепке барғанда балалар бір-бірімен қоян- қолтық араласып, әлеуметтік тәжірибе жинайды, тұрмыстық тәртіп, жүріс – тұрыс ережелерін меңгереді. Баланың құрбылары жоқ болса, не болмаса олардың арасындағы қарым-қатынаста келісе алмаушылықтар пайда болса, онда бұлар әлеуметтенуге тері әсерін тигізуі мүмкін. Балалар арасында жолдастық қарым – қатынастар жасы жағынан әр түрлі балалар арасында бола береді. Осындай құрбыластық қарым-қатынаста 2-ден 5-ке дейін, өзара келісіп, араласу 7-10 адамға дейін, әлеуметтік қарсы топтар 10-15 адам, ұйымдасқан бейресми топтар 30-40 адамға дейін болады. Әр топтың жетекшісі, басшысы қойған мақсатқа байланысты істі жақсы білетін, жақсы оқитын, ұйымдастыруға байланысты балалардан сайланады, не болмаса өздігінен үздік шығып, басшы бола алады. Балалар үшін көршілердің жақын араласуымен қатар, олардың балаларымен бірге ойнау, бірге оқу, өзара қарым-қатынас жасау да маңызды.
Топ мүшесі өзін жолдастарының арасында жақсы сезініп, оларға қажетті екенін біліп, өз күшіне сенуі және топта белгілі бір орынға ие болуы да әлеуметтік тәрбиеде маңызды. Құрбысы, досы не жолдасы болмаған, басқалардан оқшауланып қалған бала өзін басқаларға «керексіз» деп сезінеді, жалғызсырап, мүмкіндіктерін іске жарата алмайды. Отбасы тәрбиесінде
материалдық жақтан қамсыз болудың зор маңызы бар. Кедейлік - әлеуметтік құрбандықтың ең күрделі де нашар түрі. Сондықтан әрбір отбасының материалдық ахуалының жақсы болуы, мүлкі мен жиһазы, киім – кешегі, азық – түлігінің болуы - әлеуметтендірудің басты шарттарының бірі.
Әлеуметтік педагог балалар тобының мынадай үш негізгі сипаттамасын білуі керек:
1. Әлеуметтік тәрбие әр түрлі топтардан тұратын ұжымдарда, мектепте, мектептен тыс мекемелерде спорт секцияларында жүзеге асады. Тәрбие жұмыстары осы топтың ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылады.
2. Әрбір ұжымда достық және жолдастық кіші топтар болады. Олардың қандай себептерге байланысты құрылғанын, құрамы қандай, өзара қарым –қатынасы қандай сипатта екенін әлеуметтік педагог өз жұмысында ұтымды пайдалана білуі керек.
3. Әлеуметтік тәрбиенің нәтижелігі – ұжым мүшелерінің өзара қандай қарым– қатынаста, кімдермен араласады, не нәрсені мұрат тұтып, қандай істермен шұғылданады, олардың басқа да іс - әрекетін білуге байланысты. Егер педагогке әлеуметке қайшы топпен жұмыс істеуге тура келіп қалса, олармен жұмысты жоспарлы, мақсатты және әр түрлі тәсілдермен жүргізуді көздегені абзал. Қысқасы, әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс істеуден бұрын оны танып білуі, содан кейін ғана жұмыс мазмұны мен тәсілін жоспарлауы керек. Бұл ретте кейбір отбасылардың әлеуметтік педагогтың көмегіне қайшы істерге баруы, оны қаламауы секілді жағдайлар да кездеседі. Мұндай күрделі мәселелерді шешу әлеуметтік педагогтың білім – білігіне байланысты.