Аралық бақылаудын сұрақтар тізімі
1. Ішкі секреция бездері.
2. Гормондар.
3. Гипофиз.
4. Эпифиз
5. Тірек-қимыл аппараты туралы жалпы ұғым.
6. Қаңқаның бөлімдері және оның дамуы.
7. Бұлшық ет жүйесі.
8. Әр жас кезеңдердегі ағзаның физикалық жүктемеге беретін реакцияларының ерекшелігі.
9. Қимылдың дамуы және жасқа байланысты координацияның жетілуі.
10. Мектеп жабдықтары және оны қолдану.
11. Тірек-қимыл аппаратының маңызы.
12.Балалар мен жасөспірімдердің физикалық және психаикалық дамуындағы қозғалыстың рөлі.
13. Қаңқа жүйесінің дамуы.
14.Балалар мен жасөспірімдердің тірек-қимыл аппаратының бұзылуы.
15.Мектеп мүлігі және оны қолдану.
16.Бұлшық ет ұлпасының құрылысы, негізгі қасиеттері.
17.Бұлшықеттің дамуы.
18.Дене тәрбиесінің міндеттері, нысандары, құралдары.
19.Дене шынықтыру және спорт өтетін орындарға қойылатын гигиеналық талаптар.
20. Ас қорытудың физиологиялық мәні.
21. Ауыз қуысында астың қорытылуы.
22. Астың қарында қорытылуы.
23. Астың он екі елі ішекте қорытылуы.
24. Ас пен судың сіңірілуі.
25. Ас қорыту жүйсінің жастық ерекшеліктері
26. Қан және оның маңызы.
27. Қанның физикалық-химиялық қасиеттері
27. Қан жасушалары
28. Қанайналым шеңбері.
29. Қанның қан тамырларымен қозғалуы.
30. Қанайналуды реттеу және оның жасқа байланысты ерекшеліктері.
31. Ағзаның ішкі ортасы.
32. Қан, оның құрамы, маңызы, жалпы қасиеттері.
33. Қан жасушалары.
34.Қан тобы.
35.Балалар мен жасөспірімдер қанының ерекшелігі.
36. Қанның иммундық қасиеті.
37.Донорлық және оның түрлері.
38. Қан айналым жүйесінің жалпы схемасы.
39.Жүрек циклы.
40.Қан қысымы.
41.Лимфа.
42.Тыныс алу мүшелерінің құрлысы мен қызметі және жасқа байланысты ерекшеліктері.
43.Тыныс алудың реттелуі және жасқа байланысты ерекшеліктері.
44. Бөлме ауасының гигиеналық маңызы.
45. Тыныс алу мүшелерінің жасқа байланысты еркшеліктері.
46. Сыртқы тыныс алуды зертеу әдістері.
47. Тыныс алу бұлшық еті мен тыныс алу жолдары.
48. Өкпе вентиляциясы.
49.Газдардың қан бойымен тасымалдануы.
50. Бөлу үрдісінің маңызы.
51.Бүйректің құрылысы
52.Бүйректің қанмен жабдықталуындағы ерекшеліктер
53.Терінің қызметі
54.Терінің қорганыштық қызметі
55.Терінің кұрылысы
56. Тердің құрамы
Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
1. Организмнің жыныстық клеткалар қосылып, ұрықтанған кезінен бастап, туып, өсіп-дамып, кәріліктен өлу кезеңі қалай аталады ?
A\ онтогенез
B\ филогенез
C\ акселерация
D\ ретардация
E\ эмбриональдық даму
2. Балалар мен жасөспірімдердің ағзасының функционалдық жүйелері мен дене бітімінінің жедел дамуы қалай аталады ?
A\ акселерация
B\ ретардация
C\ пренаталды кезең
D\ постнаталды кезең
E\ эмбрион
3. Орталық жүйке жүйесіне не жатады ?
A\ гангли
B\ ми және жұлын
C\ перифериялық жүйке жүйесі
D\ кезеген нерв
E\ жүйке түйіндері
4. Ми мен жұлынның сұр заты неден құралған ?
A\ дәнекер қабаттан
B\ нейрон денесінен
C\ жүйке талшықтарынан
D\ фоторецепторлық клеткалардан
E\ капиллярлардан
5. Мидан неше жұп нерв таралады ?
A\ 1
B\ 10
C\ 12
D\ 20
E\ 31
6. Рефлекс дегеніміз ?
A\ тітіркендіргіштің әсері
B\ жүйке импулсінің жүретін жолы
C\ бір органдардың жұмысы басқалардың әсерінен өзгеруі
D\ жүйке жүйесінің қатысуымен ағзаның тітіркендіргішке жауап беру реакциясы.
E\ дұрыс жауап жоқ
7. Фоторецептор клеткалары қайда орналасқан ?
A\ қасаң қабықта
B\ торлы қабықта
C\ шыны тәрізді денеде
D\ көз бұршағы
E\ тамырлы қабықта
8. Балалардың есту органдарының толық морфофункциональдық қалыптасуы қай жаста аяқталады ?
A\ пренаталды дамудың 8-9 айында
B\ туған соң 7-8 аптада
C\ 2 жаста
D\ 12 жаста
E\ 20 жаста
9. Шартсыз рефлекске қайсысы жатады ?
A\ ойын, қорғаныс рефлекстері
B\ ықпал рефлексі
C\ уақыт рефлексі
D\ экстрополяциялық рефлекс
E\ дұрыс жауап жоқ
10. Күшті, біркелкі, жігерлі ЖЖӘ типі \Гипократ бойынша\ қай темпераментіне сәйкес келеді.
A\ флегматик
B\ меланколик
C\ холерик
D\ сангвиник
E\ аралас
11. Ішкі секреция бездерінен жасалатын гормондар қайда бөлінеді ?
A\ ішек
B\ ұлпа сұйықтығы
C\ қанға
D\ жүйке клеткаларына
E\ тері бетіне
12. Гипофиздің алдыңғы бөлімінен қандай гормондар бөлінеді?
A\ саматотропин, тиронин, эффектор, троптық
B\ саматотропин, тиреотропин, адренокортикотропин, гонадотропин
C\ самототропин, инсулин, гонадотропин
D\ тиреодин, меланостатин, меланотропин
E\ самототропин, меланотропин, альдостероп, тироксин
13. Балалық шақта қалқанша бездің гипофункциясы байқалған кезде баланың ақыл-ойы дұрыс дамымайды. Бұл ауру қалай аталады?
A\ базед
B\ микседема
C\ кретинизм
D\ дауна ауруы
E\ дальтонизм
14. Сыртқы секреция
A\ жасалған секреттерін қанға бөледі
B\ гармон бөледі
C\ секреттер арнайы өзекшелері арқылы дене қуысына, тері бетіне бөледі .
D\ медиаторлар бөледі
E\ дұрыс жауап жоқ
15. Тірек – қимыл жүйесінің қызметі ?
A\ қорғаныштық, қан жасаушы, тіректік
B\ асты қорыту
C\ оттегін тасмалдау
D\ секреторлық
E\ тасмалдаушы
16. Қай жастан бастап баланың омыртқасында төрт иіліс қалыптасады. \мойын және бел лордозы\; \кеуде және сегізкөз кифозы\ ?
A\ 3 айда
B\ 6 айда
C\ 1 жаста
D\ 7-9 жаста
E\ 3-4 жаста
17. Адамдардың кеуде және құрсақ қуысын бөліп тұратын бұлшық ет қалай аталады ?
A\ көкірек
B\ құрсақ
C\ диафрагма
D\ мимикалық \ымдау\
E\ шайнау бұлшық ет
18. Бұлшық ет ұлпасының қасиеті ?
A\ қозу, өткізгіштік және жиырылу
B\ тек ғана қозу және жиырылу
C\ тек ғана жиырылу
D\ тек ғана өткізгіштік
E\ дұрыс жауап жоқ
19. Не себептен құрсақта жатқан баланың қан айналу жүйесі, ересек адамдар-ға қарағанда ерекше болады ?
A\ өйткені жүрек өз бетімен жиырла алмайды
B\ қан аз болғандықтан қан тамырларға қан толмайды
C\ оларда ана қаны әлі де органдарды қан мен қамтамасыз етеді
D\ өкпесі әлі де қызмет етпейді, сол себептен газ алмасу плацента арқылы
жүреді, және де жүректе қарынша – аралық перде жоқ
E\ дұрыс жауап жоқ
20. Көрсетілген қан тамырлардың қайсысында артериалды қан ақпайды ?
A\ қолқада
B\ өкпе артериясында
C\ ұйқы артериясында
D\ бұғана асты артериясында
E\ бүйрек артериясында
21. Өкпе мен ұлпаларда газ алмасу қалай жүреді ?
A\ диффузия заңы арқылы
B\ СО және О2 концентрациясы бірдей жағдайда
C\ қысым айырмашылығында
D\ өз бетімен
E\ заттардың белсенді тасмалдануы
22. Өкпенің орташа тіршілік сиымдылығы неге тең ?
A\ 1000 см
B\ 2000 см
C\ 3500 см
D\ 500 см
E\ 5000 см
23. Клетчатка қай жерде қортылады ?
A\ асқазанда
B\ бауырда
C\ тоқ ішекте
D\ барлық ас қорыту бөлімдерінде
E\ аш ішекте
24. Балада қанша сүт тістері болады ?
A\ 24
B\ 20
C\ 18
D\ 32
E\ 12
25. Алғашқы несеп ....түзіледі ? (сөйлемді толықтырыңыз)
A\ нефрон капсуласында
B\ бүйрек түбегінде
C\ қыртыс қабатында
D\ ми қабатында
E\ иін каналдарында
26. Бір айлық балада тәулігіне түзілетін несептің орташа мөлшері.
A\ 350-380 мл
B\ 1,5 л
C\ 750 мл
D\ 600 мл
E\ 1 л
27. Ересек адамдар тәулігіне қабылдайтын көмірсудың мөлшері:
A\ 200 г
B\ 400-500 г
C\ 800-900 г
D\ 100-120 г
E\ 600 г
Глоссарий
Рефлекс– (латын тілінен енген «бейнелеу» деген мағынаны білдіреді) сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның қайтаратын жауап реакциясы.
Импульс– (латын тілінен енген «күш» деген мағынаны білдіреді).
Динамикалық стереотип– (грек сөзінен енген «қозғалыс жағдайында» және «қатты таңба» деген мағынаны білдіреді) үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерге ағзаның төселуін, соның нәтижесінде ми қабығында қозу мен тежелу жүйесін айтамыз.
Инстинкт– (латын сөзінен енген «санасыз ұмтылу» деген мағынаны білдіреді ) дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы.
Интеллект– (латын сөзінен енген «ақыл» деген мағына білдіреді ) жануарлар психикасының ең икемді түрі.
Эволюция– (латын тілінен енген «біртіндеп даму» деген мағынаны білдіреді) бүкіл тіршіліктің тарихи тұрғыдан біртіндеп дамуы.
Доминанта– (латын тілінен енген «үстемдік» деген мағынаны білдіреді) сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздыратын алапты айтамыз.
Адаптация– (латын тілінен енген «икемделу» деген мағынаны білдіреді ) сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты өзгеріп отыруын айтамыз.
Пигмент– (латын тілінен енген «бояу» деген мағынаны білдіреді).
Вестибулярлық аппарат – (латын тілінен енген «кіре беріс» деген мағынаны білдіреді).
Галлюцинация– (латын тілінен енген «қиялдану, шатасу» деген мағынаны білдіреді).
Аккомадация– (латын тілінен енген «көз үйрету» деген мағынаны білдіреді) көздің затты түрлі қашықтықтан көруге бейімделуі.
Аксон – (грек тілінен енген) жүйке келеткаларының ұзын талшығы.
Анализатор– түйсікті тудыратын анатомиялық – физиологиялық аппарат.
Генотип–жүйке қызметінің туа берілетінтипі.
Гипнопедия –ұйқы кезінде оқытудың мәселесін зерттейтін ілім.
Гипоталамус – ас қорыту, зат алмасу, қан айналысы, дем алу процестерін реттестіріп тұратын ми орталығы.
Мотив – адамдардың қажетін қанағаттандыру үшін іс-әрекетке итермелейтін түрткі.
Онтогенез – ағзаның ұрықтанудан есейгенге дейінгі даму жолы.
Фенотип– өмір сүру барысында қалыптасқан жүйке жүйесінің типі.
Филогенез – тіршіліктің алғаш пайда болуынан бастап адамзатқа дейінгі даму жолы.