Айыптау актісі бойынша прокурордың тиісті өкілеттіктерін іске асыру негіздері мен тәртібі қандай?
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысқаннан және олардың өтінішхаттарын шешкеннен кейін айыптау актісін жасайды.Егер адамға бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік ке лтірілген болса, олардың әрқайсысын сипаттау уақыт бойынша басқалардан ерте жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтан бастап, хронологиялық тәртіппен жүзеге асырылады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам айыптау актісін жасағаннан кейін оны қылмыстық іспен бірге прокурорға жібереді. Айыптау актісі кіріспе, сипаттау-уәждеу және қарар бөліктерінен тұрады. Айыптау актісіне оны жасаған адам қол қояды. Адам қылмыстық заңның әртүрлі баптарында, бөліктерінде немесе тармақтарында көзделген бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп айыпталған кезде айыптау актісінде осы қылмыстық құқық бұзушылықтардың әрқайсысы жеке-жеке сараланып көрсетілуге тиіс. Бір қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп бірнеше адам айыпталған кезде айыптау актісінде қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы күдіктінің әрқайсысына қатысты көрсетіледі.
1. Прокурор айыптау актісімен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделейді және мыналарды:
1) іс-әрекеттiң орын алғанын-алмағанын және іс-әрекет қылмыстық құқық бұзушылық құрамын қамтитынын-қамтымайтынын;
2) iсте оны тоқтатуға әкеп соғатын мән-жайлардың бар-жоғын;
3) күдіктінің іс-әрекетi дұрыс сараланғанын-сараланбағанын;
4) адамға тағылып отырған іс-әрекеттің істе бар дәлелдемелермен расталғанын-расталмағанын;
5) адамның анықталған қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттердің барлығы бойынша күдікті деп танылғанын-танылмағанын;
6) іс бойынша өздеріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы дәлелдемелер алынған барлық адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін шаралардың қабылданғанын-қабылданбағанын;
7) бұлтартпау шарасының дұрыс таңдалғанын-таңдалмағанын және істе оны өзгертуге не оның күшін жоюға негіздердің бар-жоғын;
8) азаматтық талап қоюды және мүлікті ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету шараларының қабылданғанын-қабылданбағанын;
9) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде қылмыстық-процестік заңды елеулі бұзушылықтарға жол берілгенін-берілмегенін;
10) қылмыстық қудалау органының процестік шығындар сомаларын және соттың оларды өндіріп алуын қамтамасыз ету үшін өзге де сомаларды анықтау шараларын қабылдағанын-қабылдамағанын;
11) процестік келісім жасасу үшін негіздердің бар-жоғын тексереді.
Қылмыстық іс материалдарын зерделеу нәтижелері бойынша прокурор мынадай әрекеттердің бірін жүргізеді:
1) айыптау актісін бекітеді;
2) жаңа айыптау актісін жасайды;
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қылмыстық істі қосымша тергеу жүргізу үшін жібереді;
4) қылмыстық істі толық көлемде немесе оның бір бөлігін қысқартады;
5) өз қалауы немесе қорғаушы тараптың өтінішхаты бойынша процестік келісім жасасу туралы мәселені шешеді;
6) қорғаушы куәлардың тiзiмiн қоспағанда, сотқа шақырылуға жататын адамдардың тiзiмiн толықтырады немесе қысқартады.
2. Прокурор осы көзделген әрекеттерді:
1) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруде аяқталған қылмыстық істер бойынша – үш тәулік;
2) жалпы тәртіппен тергелген қылмыстық істер бойынша – он тәулік ішінде жүзеге асырады.
Ылмыстық істердің соттылығын қазіргі қылмыстық іс жүргізу саясатының негізгі бағыттарымен байланыста қарастырыңыз .
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында және құқықтық әдебиеттерде «соттылық» термині екі мағынада қолданылады: 1) соттылық жалпы юрисдикциялық соттардың бірінші саты соттары ретінде қылмыстық істердің нақты бір санатын қарауға және шешуге өкілеттілігінің бір элементі ретінде; 2) соттылық қылмыстық істердің нақты бір сотта және соттардың нақты құрамдарында қаралуы және шешілуімен байланысты бір қасиеті ретінде. Әрине, бұл ұғымдар үздіксіз өзара байланыста, өзара әрекет етуінде көрініс табады. Сондықтан да соттылықтың қылмыстық істің бір қасиеті ретіндегі ұғымымен байланысты мәселелерді ғана зерттеуге назар аударатын боламыз. Қылмыстық істің соттылығы - бұл қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің жиынтығын сипаттайтын жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы қылмыстық істің қасиеті және осыған байланысты қылмыстық іс жүргізушілік заңнама оны қарау және шешу тәртібін белгілейді, айталық, бірінші саты соты ретінде нақты бір соттың қарауын; 2) заң талабы бойынша немесе айыпталушының талабы бойынша бірінші саты сотының қарауын және шешуін (аудандық және оларға теңестірілген соттар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары).
Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Қылмыстық-процестік кодексінің бабына сәйкес «Бiрiншi сатыдағы сот - сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін не сот актісінің күшін жоғары тұрған сот жойғаннан кейін не оның күші жекеше айыптаушының шағымы бойынша жойылғаннан кейін келіп түскен қылмыстық істі соттылығына сәйкес қарайтын аудандық және оған теңестірілген соттар (қалалық, мамандандырылған ауданаралық соттар, гарнизондардың әскери соттары». Мамандандырылған соттардың соттылығына жатқызылған қылмыстық істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер, егер олардың соттылығы қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген жағдайларда өзгертілмеген болса, аудандық және оған теңестірілген соттың соттылығына жатады. Осыған орай қылмыстық істердің соттылығы жөнінде мәселе қозғалғанда оның, ең бастысы, бірінші сатыдағы соттарға қатысты болатындығын атап өткен жөн. Себебі соттылық институты облыстық және оған теңестірілген соттың соттылығына жататын қылмыстық істерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттылығына жататын қылмыстық істерге де қатысты екенін айта кету қажет.
Қылмыстық істердің соттылығына байланысты ҚР ҚПК арнайы тарау бар. Тараудағы баптар бойынша аудандық және оған теңестірілген соттың соттылығына жататын қылмыстық істер; Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын қылмыстық істер; Қылмыстық істердің қылмыстық істер жөніндегімамандандырылған ауданаралық әскери соттардың және гарнизондардың әскери соттарының соттылығына жатуы; Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын қылмыстық істер; Облыстық және оған теңестірілген соттың соттылығына жататын қылмыстық істер; Әскери соттың соттылығына жататын істер; Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттылығына жататын қылмыстық істер; Қылмыстық iстердiң аумақтық тұрғыдағы соттылығы; Қылмыстық істерді біріктіру кезінде соттылықты айқындау; Соттылық туралы дауларды шешу қарастырылады.