Ерте жастағы балалармен педагогикалық жұмысты ұйымдастыру
Оған тән:
· Отбасындағы жұмысты сурдокабинет немесе центрде уақытша қатысатын топтағы сабақтармен сәйкестендіріледі.
Бала өмірінің екінші және үшінші жылы әртүрлі сөйлеу тілі функцияларының ең алдымен коммуникативті сөйлеу тілінің және тілді меңгерудің сензитивті кезеңі.
Бірақ есту қабілеті бұзылған балалар бұл кезеңге, бала жан –жақты дамуына бағытталған арнайы жұмыс нәтижесінде ғана жетуге болады.
Ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту бойынша отбасындағы жұмыстық негізгі міндеттер:
1. Ауызша сөйлеу тілін қолдану арқылы қоршаған ортамен қарым–қатынас қажеттіліктерін дамыту.
2. Сөздік қордың жиналуы, сөз мағынасының және әртүрлі бала іс –әрекет түрлерімен байланысты, әртүрлі тұрмыстық жағдайлардағы айтуды нақтылау, қоршаған әлеммен танысу;
3. Байланыстырып сөйлеу тілін, ең алдымен ауызша сөйлеу тілін және оның әртүрлі тәжірибелік іс –әрекет жағдайында белсенділігін дамыту.
4. Алғышарттарды және жаппай оқу түрінде сөйлеу тілінің жазбаша түріне оқыту.
Бірінші және кезекті жылдары тілдік қабілеттің дамуының маңызды шарты баланың моторлық дамуы, қоршаған заттардың сапасы және қасиеттерін сезіну және қабылдауды дамымту, заттық іс –әрекеттерді қалыптастыру. Өмірінің екінші жылында баланың назарын аударатын, заттар мен құбылыстар шеңбері кеңейеді, ол жүруді меңгеруіне және заттық іс –әрекеттердің кеңеюіне ықапл етеді.
Жұмысты өте маңызды бағыты – сөздің жалпылау функциясын, көлемі, түсі қолдану жағдайы бойынша әртүрлі заттарды бір сөзбен айта білуін қалыптастыру. Үйде қосымша ойыншықтар болуы қажет, мысалы, әртүрлі түсті, әртүрлі текті, әртүрлі тұрған күшіктер және ойыншықтарды сол сөзбен сәйкестендіріп ауыстыруға талпыну.
Екі жастағы балалармен 10-15 минут ұзақтағы, ал үш жастағы балалармен 15-20 минут 3-4 сабақ жүргізіледі. Бұл сабақтарда әртүрлі тақырыптағы сөздік материал қолданылады: «Жануарлар», «Отбасы», «Киім–кешек» және т.б. Ересек адам заттармен ойын жүргізеді, оларды қуыршақтармен, жануарлармен ойынға заттардың атаулары мен олардың қасиеттерін атаумен байланысты қарапайым сөз тіркестері қолданылып, қосады (әдемі, дәмді). Сөйлеу тілін түсіну баланың іс –әрекеттерін бағалайтын сөздердің есебінен де дамиды: жақсы, жаман, дұрыс, жарайсың, олақай.
Ерте жаста сөйлеу тілін дамыту бойынша сабақтарда байланыстырып сөйлеу тілін дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі. Ең бірінші орында ауызша сөйлеу тілін, сондықтан ойын және ойын жаттығулары процесінде балаға формасы және мазмұны бойынша қарапайым, таныс ойыншықтармен бұйрықтар (қоянды, мысықты және т.б. ал, бер) сұрақтар (бөпе, сәби қайда? Кім бұл? Және т.б.). Хабарламалар (қуыршақтар жылайды).
Сонымен бала отбасындағы педагогикалық жұмыс бір –екі жаста басталса, үш жаста басқа адамдармен қарым–қатынаста қысқа сөйлемдермен қолдануды, қоршаған заттардың іс–әрекеттердің, қасиеттердің атауларын білдіретін сөздер көмегімен сөз қорын жинау, меңгерген сөз қорын отбасындағы, серуендеуде, суретті көру кезіндегі құбылыстарды білдіру үшін қолданылады.
Естімейтін балада осы жаста кестеде жазбаша түрде берілген көріністерді, таныс сөздер және сөз тіркестерін жаппай, толық қабылдау дағдыларын қалыптастыруға болады.
В) Мектепке дейінгі жас
Бұл баланың негізгі іс –әрекеттерінің даму кезеңі: ойын, сурет салу, құрастыру, еңбек және т.б.
Мектепке дейінгі балалар үшін ең көп таралған түрі – естімейтін және нашар еститін балалар үшін арналған компесациялау топтарында немес бала –бақшада баланы оқыту және тәрбиелеу. Бұл жағдайда ата –аналар сурдопедагогтың белсенді көмекшілері болады және отбасында соның басқаруымен бала –бақшада қалыптасқан сөздік білік және дағдыларды бекітуге, кеңейтуге бағытталған жұмыстарын жүзеге асырады. Басқа нұсқасы – алдыңғы жылдары басталған педагогикалық жұмысын отбасында ата –аналарға баланың дамуы және оқытуы, мектепке дайындығының деңгейіне жауапкершілік жүктеледі.
Есту қабілеті бұзылған балалармен сөйлеу тілін дамыту бойынша жұмыс түзету – педагогикалық жұмыс жүйесінде орталық орындардың бірі. Бірақ ата –аналар басқа психикалық процестерден бөлек болмайтынын, олар ең алдымен толық сөздік ортасын қамтамасыздандыру қажет екенін, яғни баламен ойын, сурет салу, сабақ барысында қатысатын адамдардың шеңберін барынша кеңейту (ата, әже, туысқандар, таныстар) қажет екенін түсінуі қажет.
Баланың сөйлеу тілін дамытудың негізгі міндеттердің бірі қарым–қатынас үшін қажет ауызша сөйлеу тілін меңгерту болып табылады. Ауызша сөйлеу тілін дамыту тұрмыстық жағдайда, балаға ересек адам таныс сөздермен қолдануды, мыс, бір нәрсе сұрау, ойын айтуды қолдануды үйретумен жүзеге асады. Меңгерілген сөйлеу біліктерін бекіту және автоматтау үшін әртүрлі сюжетті және дидактикалық ойындар қолданылады.
Отбасы – болашақ азамат өзінің әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын бастайтын бірінші әлем. Ол балаға адамгершілік ережелері және нормалары туралы алғашқы көріністерін, қалыптастырады және оны еңбекке үйретеді, өзіне қызмет ету дағдыларын дамытады. Ата–аналардан балаларына атааналардың өмір салтының мінез –құлық және іс –әрекеттері жүйесінен дүниекөзқарас, адамгершілік, әлеуметтік–саяси құндылықтары беріледі.
Отбасындағы жүйелік педагогикалық жұмыс нәтижесінде естімейтін және нашар еститін баланың психологиялық дайындығы мотивациялық, танымдық, эмоционалды–ерік құрылымында маңызды орынды сөздік дайындық алады. Сөздік дайындық түсінігі өзіне аспектілерді қосады: бұл қарым–қатынаста сөйлеу тілін қолдану ынтасы, бұл және де үлкен сөздік қордың жиналуы және диологиялық ауызша сөйлеу тілі дағдыларын меңгеру, сонымен қатар момнологтық сөйлеу тілі элементтері (сипаттау, баяндау), оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру