Тақырыбы: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі
1. Мұғалімнің жоғары рухы
2. Ата-аналар мен мұғалімдер үлгі ретінде
3. Педагогтің стилі
4. Мұғалімдерге арналған ереже
5. Жолдауды жеткізу
6. Педагог шеберлігі
7. Мұғалімнің басты қасиетттері
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаһандану - Қазақстан дамуының басты бағыты» // Егемен Қазақстан, 28.01.2012ж.
2. Назарбаева С.А. Өмір этикасы - Алматы, 2001.
3. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Методика преподавания дисциплины «Самопознание» в школе. Учебно-методическое пособие для учителей. - Алматы: ННПООЦ «Бөбек», 2013.
Қосымша әдебиеттер:
1. Платон. Диалоги Сократа - М.: Мысль, 2007. - 197с.
2. Амоношвили Ш.А. Основы гуманной педагогики. Кн.1,2. Как любить детей. - М.: Амрита-Русь, 2012.
3. Амоношвили Ш.А. Улыбка моя, где ты? - М.: Изд. дом Ш.А. Амоношвили, 2003
4. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері .-А.,1985
Нағыз мұғалім шырмаушы емес, еркіндік беруші, ол балаларды басып тастамайды, керісінше көтермелейді, бұзбайды, керісінше қалыптастырады, жатқа айтқызбайды, оқытады, талап етпейді, керісінше сұрайды, баламен бірге көптеген серпіліс сәттерін басынан кешеді....
Януш Корчак
Мұғалім мамандығы ең қиын да маңызды, жауапкершілікті әрі қызықты мамандық. Қазіргі бастауыш мектепке жоғары кәсіби дайындығы бар мұғалім қажет. Ол мұғалім білгір, талантты, жауапкершілікті болуы әрбір ата-ана үшін маңызды. Өйткені ата-ана мұғалімге өзінің ең қымбаттысын – өзінің баласын табыстайды, ондағы ниет – мейірімді де ақылды адам етіп тәрбиелейді деген сенім. Ш.А.Амонашвили Ізгілік педагогикасы жайлы ережесінен бір үзінді: Баланың өміріне деген қызығушылық танытыңыз, оның қуанышына, қайғысына, жетістіктеріне, армандарына, қол ұшын беруге дайын болыңыз, бірге іс-әрекет істеуге тілегіңізді білдіріңіз, әрқашанда көңіліңізді аударыңыз» Әрбір жас мұғалім мектептегі басты құндылықтар оқушы мен мұғалім, олардың бірлескен еңбегі екенін жақсылап ұғынуы тиіс. Жалпы мектептін іс-әрекеті, мұғалімнің қызметі баланың табиғатына нұқсан келтірмейтін, балаға көмектесетін жағдай туғызуы болып табылады. Мұғалім өз ісінің шебері атану үшін адамгершілік пен кәсіби тұрғыдан сайма-сай тұлға болуы тиіс, яғни ең алдымен, оның адами қасиеті басты нәрсе болып саналады, сонымен қатар ол кәсіби ойлап, әрекет ете алатын маман болуы керек.
Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, қастерлеп, аса жоғары бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады», — деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогі Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі», – деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Амонашвили Шалва Александрович – бұл ізгілік педагогикасының негізін қалаған ұлы ғалым. Ол өзінің әсерлі лекцияларында көптеген тамаша ойларымен бөлісті. Баланы дұрыс қабылдау, оларды шексіз сүю, «біз балаларымыздың табиғатына араласпай, оларды сол күйінде қабылдау» туралы пікірлері, «балаларды түсіну, яғни солардың орнына өзіңізді қою» деген сияқты сөздері әр түрлі ойға әкеледі. Мұғалімнің заңдары мыналар болуы тиіс деді: баланы шексіз сүю, оларды түсіну, балаға деген оптимистік көзқараста болу. Қағидалары: баланың сүйіспеншілігіне шексіз сүю, олардың педагогикалық қабілеттеріне сену, баланың ізгіліктік күшіне сенімділік. Баланың мына тіректеріне сүйену: еркіндікке, ересектілікке, дамуына деген ұмтылыс. Мұғалімнің тұлғалық қасиеттері: жақсылық, ашық болу, адал болу, өз ісіне деген жауапкершілік.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала – ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана коймай, оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқынын әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.
Шынайы Ұстаз баланы Жанды біліммен қаруландыру тиіс. Жанды білім деген бұл – адамды рухтандырады, ғылым көкжиегіне еліктіреді, жаңа өмір жасауға ықпал етеді, жаңа ізденістерге ойды жігерлендіреді, жанды білім қанаттандырады.
«Өзін-өзі тану» пәні бұл мектептегі басқа пәндерден ерекшелігі өте зор. Ол басқа пәндер сияқты айналадағы дүниені тану емес, ТҰЛҒА, АДАМ ретінде өзін-өзі тану туралы ғылым. Адам болып өмірге келу аз, АДАМ болып өмір сүре алу керек! Расында да, біз ұрпақты қалай тәрбиелейміз егер де сол тәрбиелеуге өзіміз лайық болмасақ.
Өмірде болған жағдайды айтатын болсақ, Республикамыздың белгілі бір мектептерінде мұғалім сабақ барысында оқушының бойына қажет жақсы қасиеттерді атап шыққаннан кейін, бір оқушы қолын көтеріп «Ал, сіз өзіңіз осы қасиеттерге ие болғансыз ба?» деген сұраққа ол мұғалім жауап қайтара алмай қалған еді.
Сондықтан да ең қажеттісі бұл мұғалімдерді шабыттандыру болып табылады.
Өзін-өзі тануға деген шабыт, өмірінің мәнін тануға деген шабыт, өзінің орнын табуға деген шабыт!
Риясыз сүйіспеншілік пен нұрлы шығармашылыққа деген шабыт!
Өзінің ойларын жауапкершілікпен саралауға деген шабыт!
Санасын кеңейтуге, түсінісушілікпен қабылдауға, ішкі жан дүниесі мен сыртқы дүниені үйлестіруге деген шабыт!
Парасаттылық пен шыдамдылыкқа деген шабыт!
Күлімсіреуге деген шабыт!
Ойлануға деген шабыт...Өзін-өзі тану дегеніміз не? Өзіңді тану деген мағына нені білдіреді? Мен кіммін? Мен бұл өмірге не үшін келдім? Адам өмірінің мәнісі неде?
Шәкәрім Құдайбердіұлы барлық білім беру мекемелеріне «Ар- ұждан ілімін» енгізу керек екендігін атап айтқан. Ол «Адам жақсы өмір сүруі үшін үш – ақ нәрсеге бой алдыруы керек: адал еңбек, ақыл-парасат, таза жүрек... кішкентай кезінен адам баласының бойында жоғары жауапкершілік пен, өзін-өзі сыйлау, нәпсіңді тиып, арам ой тудыртатын нәрседен аулақ болуы керек» - деді.
Өзін-өзі тану сабақтарын ар-ұждан сабақтары деп айтуға болады. Өйткені ар-ұждан ол барлық рухани-адамгершілік қасиеттерінің бейнесі. Қазіргі уакытта Шәкәрім Құдайбердіұлының арманы орындалды десек болғандай. Бұл «ар-ұждан ілімі» барлық жалпы білім беру мекемелерінде және жоғары оқу орындарында жүргізіліп жатыр.
Бұл ғылыми жобаның ең негізгі мәселесі болып, тереңде жатқан рухани-адамгершілік ойларды толқыту, адамның құндылық потенциалын ашу. Біз балаларымызға ең маңызды «жанды біліммен» қаруландыру.
Ш.А. Амонашвили баланың ішкі потенциалын ашу үшін мынадай бір аспекттерге тыңғылықты көңіл аудару керек деген еді:
-«Айналадағы өзгерістерді білуге менің толық құқығым бар»
-«Мен барлық нәрсені көруім керек»
-«Мен сөйлеуге және өз ойымды айтуға толық құкығым болуы керек»
-«Мен қазір және осында болуыма құқылымын»
-«Мен барлық нәрсені сезуге және оны қалауыма құқылымын»
-«Мен сүюге және сүйіспеншілікпен өмір сүруге құқылымын»
-«Мен іс-әрекет жасауға құқылымын»
Шынайы ұстаз рухани ізгілік педагогикасын дәріптейтін, сонын қағидаттарын ұстанатын, балалардың мүмкіншіліктеріне жағдай жасайтын адам болуы тиіс.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін мойындаймын.Өйткені, жүрегі мейірімге толы менің ұстазым мадаққа да, марапатқа да лайық. Олай дейтінім, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстазым — шәкірт жүрегіне жол таба білген ұстаз. Әр оқушысын баласындай мәпелеп, жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген ардақты ұстаз. Кейде ойлаймын, «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сірә, менің ұстазыма арналған. Қоғам әрқашан да білім саласы қызметкерлеріне ерекше міндет жүктейді. Дана халқымыз «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деп тегін айтпаса керек. Ұстаз болу – жүректің батырлығы. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұстазы жақсының шәкірті үздік. Жақсы маман тәрбиесі – ұстазға байланысты.Себебі ұрпақ тәрбиесі ұстаздың қолында. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсін" дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлататты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
"Ұстаз" деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өленді!
Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман, мектептің айнасы, бәйтерегі. Ахмет Байтұрсынұлы: "Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығын жабады, білдірмейді" - деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйретеді. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғаннын бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердін бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге кұштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман – уакыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шанырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәнгілік іргетасын қалаушы – ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілерңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», – деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде? Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айкындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің рөлін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру – педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын тандап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу кұралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінің нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз. Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана коймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзкарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды. «Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын - жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, «мұғалім болу –талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» – деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта - ыкылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп енбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалык техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.
Ұлт ұстазы, қазақтың өткен ғасырдағы руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: "Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, оқыта білетін ұстаз», – депті.Сондықтан да ардақты да аяулы ұстазымызды сыйлайық!
Ш.А.Амонашвилидың ұстаз туралы ойларын мына шығармасында былай айткан:
Мен – Ұстазбын!
Мен – Сүйіспеншілік пен Адалдықпын!
Сенімділік пен ұстамдылықпын
Мен – ұлы Қуаныш,
Рақымшылық пен Мейірімділікпін
Мен – Ақиқат пен Жүрекпін
Мен – Ар-ұждан мен Жомартпын
Мен – Ізденуші мен сыйға тартушымын
Кедей мен Баймын
Мен – Ұстазбын және тәрбиеленушімін
Мен – Жол қалаушысымын
және Өмір суретшісімін
Мен – балалық шақтың баспанасымын
адамзаттың бесігімін
Мен – болашақтың күлімсіреуімін
және барлық тірі жанның отынымын
Мен – Жаратушыдан ұстазбын
және оның құлымын