Оқу сабақтарында балалардың дағдыларын, шеберліктерін есепке алу

«Ана тілі» сабақтарында мұғалім балалардың қаншалықты саналы, дұрыс оқуларын бақылай отырып, анықтай алады. Сыныптан тыс оқығандары бойынша әңгімелесу және өз беттерімен оқыған кітаптарынан түсінгендерін айтып беру балалардың оқуға қаншалықты ынталы екендігін, шығарманың идеясы мен мазмұнын қаншалықты терең түсінген-түсінбегендерін көрсетеді. Сонымен бірге оқуы кем балаға дұрыс, саналы және шапшаң оқу дағдысын қалыптастыруға, жетілдіруге уақытында көмектесу үшін, оны жүйелі түрде есепке алып отыру керек. Мұндай есеп әсіресе 1,2 және 3-сынып оқушыларына қажет.

Мұғалім дағды мен іскерлікті (шеберлікті) есепке алу үшін бөлек дәптер арнайды. Онда әрбір оқушыға бірнеше жол орын береді де, сыныпта оқыған кезде жіберген кемістіктерін белгілеп қояды.

Бірінші сынып үшін дағдылары мен шеберліктерін толық есепке алатын схема жасауға да болады. Мысалы:

Фамилиясы,аты Қате саны Оқу тәсілі Бір минутта оқыған сөз саны Оқығанын түсінеді Мәнерлі-лік Баға
    Әріптеп,буындап,үзіп, тұтас, созып, сөз        
Омаров Асан - - иә - Иә Нүктеде пауза жоқ
Салменов Серік Қиын сөздері Иә Нүктеде дауысын бәсеңдетпейді

Оқушылардың оқу кемістіктерін түзету үшін олардың себептерін анықтау қажет. Мұндай кемістіктер әр түрлі болады, мысалы: зейіннің тұрақсыздығынан, зейінін тұрақсыздандыра алмаушылық, буындап оқу дағдысының қалыптаспағандығынан(көбіне әріп тастап кету құбылысы), оқушының тіл кемістігі т.б. мұндай кемістіктерді жою барысында істелетін жұмыстар дұрыс оқу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі, оның қажеттілерін бекіте түседі.

Мәнерлеп оқу алмау саналы оқуға олақтықтан туады, яғни демді дұрыс ала алмау немесе дикция кемістігі. Ал мәтінді шала ұғынудың өзі де түрлі –түрлі жағдайларға байланысты: ақыл-ой дамуының жеткіліксіздігі, сөздік қорының тапшылығы, оқушының ұқыпсыздығы т.б.

Оқушының бойында қалыптасуға тиісті дағды мен шеберлік бағдарлама талабына сәйкес болуы үшін мұғалім аталған кемістіктерді жоюға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді.

Тәрбие сағатының жоспары

Дептілік әлемі» мәнерлеп оқу жарысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білгендерін бір жүйеге келтіру, толықтыру, сыпайы сөздерді орнымен қолдануға үйрету,

Дамытушылық: мәнерлеп оқу дағдысын дамыту

Тәрбиелілік: Үлкендерді сыйлауға, адамгершілікке, тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Йымдастыру кезеңі.

Сабақ тақырыбын хабарлау.

Кіріспе сөз.

Құрметті балалар! Сендер болашақ өмірдің мұрагерісіңдер. Бүгінгі тәрбие сағатында сендерді әсемдікке, әдемілікке дағдыландыру, үлкенді сыйлау, кішіге көмек беру, өзін-өзі қалай ұстау керектігі жөнініде айтамыз. Балалар сендер ата-ана тәрбиесінде болдыңдар. Сендер 7 жастан кейін мектепке келген күннен бастап оқушылар ережесімен таныстыңдар және оны орындайсыңдар кейде сол ережені біле тұрсақта әдепсіздік, тәртіпсіздік жасайтын оқушылар арамызда кездесіп қалады. Сондай тәртіпсіздікті , әдепсіздікті болдырмау үшін біз мектепке қалай болуымыз керек ?

Бүгінгі біздің жарысымызды ата – аналар бағалайды.Олар әр кезеңнен кейін оқушының аты жазылған шиыршықты жасырын түрде жәшікке салады.Кімнің аты көп аталса ,сол оқушыны жеңімпаз санаймыз. Бас есепші мектеп психологы ............. жүктеледі

І . Көрініс

Кездесу

Сыныпқа бірнеше оқушы қірді. Олар ары- бері жүрді. Есіктен медет кіреді. Ол жолдастарын амандасады.

Сәлеметсіз бе , Азиза?

Сәлеметсіз бе , Аружан !

Аружан:

Бүгін мектепте домбыра үйірмесі бола ма екен ? Жаңа Айсара болады деген . Гүлнұр болмайды., — дейді.

Арлы-берлі жүріп жатқан адамдар.

Халиссат:

Қане , қыздар, жолдан былай тұрыңызсайшы . Сіз жолды бөгеп тұрсыз, басқа адамдарға кедергі келтіресіздер ғой.

Көмек

Дүкенге бір әжей келе жатты. Жер тайғақ екен, ол кісі тайып жылығып қалды. Ержан мен Маржан мектептен келе жатты. Ержан Лейлаға сумкасын бере салып, әжені орнынан көтеріп тұрғызып жіберді. Лейланың қасына келген соң:

Ана кісі әжең бе? – дейді

Жоқ, әжем емес.

Жеңгең бе?

Жоқ, жеңгем де емес.

Әлде мамаң ба, не танисың ба?

Жоқ, жәй бір адам. Қарт адамды кездестіріп қалсаң әдепті бол, көмектесуге тырыс деп анам айтқан

Ән : «Мен үлгілі баламын»

ІІ. Суретті сөйлетейік

Мұғалім:

Сәлем –сөздің анасы,

Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені деген қазақта мақал бар.Осы мақалдың мағынасын ашып суреттегі оқиға туралы әңгімелеп берулерің сұралады.

Ән: «Мені үлкендер әдепті деп мақтайды»

ІІІ. Мәнерлеп оқу

Әдептілік , ар – ұят – адамдықтың белгісі деген ұстаныммен сендер әдептілік туралы өлеңдер біледі екенсіңдер ?

Сергіту сәті:

Мұғалім: Балалар, енді сендер әдепсіз балалар туралы тақпақ білесіңдер, айтып беріңдерші.

Кеше ғана қадалған,

Өміртайдың түймесі

Орнында жоқ апырай

Қайда кеткен, бұл несі ?

Етек кетер салақтап

Бос жүріспен далақтап

Ұқыптап сабақ ұқпайды.

Өз бетімен алақтап.

Ілгек, түйме жұлынып

Кешке дейін алысар

Әркімге бір ұрынып

Құспен малмен жарысар.

Шашы түсіп көзіне

Түсінбей ақыл сөзіне

Мұғаліммен таласар

Дәлел тауып өзіне.

Сумка, дәптер бәрі де

Дал-бұл болып жыртылып

Сия салған төгіп бәріне

Шимай салған сыртына.

Сабақ бітті мектептен

Оқушылар тарады

Бір тентек бір тентекпен

Дабырласып барады.

Ал, балалар, егер сендер әдепті-әдемі болсаңдар, әдептілік туралы айтып беріңдерші ?

Егер сіздер әдепті екенсіздер

Ар жұрдай болмаймын, десеңдер

Қарсыласпай беріңіз орын,

қарт кісіге.

Егер сіздер әдепті екенсіздер

Көзге ғана түсү үшін емес

Әрдайым троллейбусқа отыруға

Кемтар кісіге көмектесіңіз.

Егер сіздер әдепті екенсіздер

Сабақта отырып,

Жолдасыңмен сыбыр-сыбыр сөйлеспе.

Егер сіздер әдепті екенсіздер:

Үлкенменен әнгімелескенде

Ол атаң болсын ол апаң болсын

Сөзін оның бөлмейсіздер.

Қара сумка біреу

Бейне қасқыр талаған

Ала сумка біреуі

Алба-жұлба жамаған.

Анау бала

Қолың қара,

Кір қожалақ қап-қара !

Тырнағы өскен

Шашы көптен

Алынбапты-ау масқара !

Мұғалім тәрбие сағатының тақырыбын қайталай отырып, көрнекіліктер пайдалана сабақты қорытындылайды.

Орытынды

Қорыта келгенде, стандартта атап көрсетілгендей, «бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру – осы сатыдағы білім мазмұнының құрамдас бөлігі». Оқу сапасы, атап айтқанда, дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқуға төселдірудің негізгі жолы – жаттықтыру әдісі. Әрбір сабақта мәтінді оқуға жаттықтыру арқылы баланы мәнерлеп оқу деңгейіне жеткізу мұғалімге үлкен жауапкершілік жүтейді.

Шығарманы мәнерлеп оқу деңгейіне жеткен оқушы шығарманың сұлу, тұтас бітіміне енеді, сол арқылы кейіпкер бойындағы ізгілік, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді тани алады. Мұның өзі баланы биік адамгершілікке бастайды. Демек, бастауыш сыныптарда оқу сапасын қалыптастыру және дамыту – оқушының жеке тұлғалық бітімінің айқын көрсеткіші. Баланы дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқуға баули алсақ пәндік құзыреттілікке қол жеткізгеніміз.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік оқу, А., 2014

2. Б.Т. Қабатай, С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013

3. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. –Алматы,РБК. 2002 ж.

4. Рахметова С. Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы. – Алматы, «Абай атындағы ҚазҰПУ», 2007 ж.

5. Қазақстан Республикасы бастауыш білім беру бағдарламалары. – Алматы, «Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА», 2002 ж.

6. Рахметова С., Қабатай Б. 2-4-сыныптарға арналған «Ана тілі» оқулықтары. – Алматы, «Атамұра», 2000-2004 ж.ж.

7. Т.Тәжібаев “Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағарту ісі мен педагогикалық ойдың дамуы ”. Алматы Мектеп 1958. 24-25 бет.

8. Ә. Сыдықов “Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі”. Алматы мектеп 1969.

9. Г. Бегалиев “Бастауыш мектептегі оқу сабағы”. Қазақ мұғалімі 1988.

10. М. Жұмабаев “Педагогика” Алматы Ана-тілі 1992.

11. Қ. Бержанов “Дидактиканың осы кездегі кейбір актуальды мәселелері" Қазақстан мектебі, 1968.

12. С.Рахметова “Бастауыш класс оқушыларының тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері” Алматы, 1994.

13. Ж.Әуелбаев “Қазақ тілі пәнінің мазмұны және оны жоспарлау” Алматы Мектеп, 1980.

Наши рекомендации