Тақырып: Халық педагогикасының қазіргі қызметі

Мақсаты:Халық педагогикасының қазіргі қызметі жөнінде білім беру.

Дәріс мазмұны:

1. Халықтардың этнопедагогикалық пансофиясы.

2. Халықтардың рухани мінез-құлықтарындағы ұлтаралық және жалпы адамзаттылық. мәселесі

Халықтардың дәстүрлі мәдениеті осы саясатқа үзілді-кесілді қарсы. Этнопедагогикалық диалог және мәдениет диалогы халықтардың ұлтаралық, жалпы адамзаттық және рухани адамгершілік құндылықтарын көрсетеді. Халықтар түрлі тілдерде сөйлейді, бірақ рухани бір-біріне өте жақын.

Тәрбиелеу тарихында көптеген ашылмаған ақ беттер, құпиялар көп. Тәрбиелеудің жалпы азаматтық тарихын бір үлкен кітап ретінде елестетіп көрелік.

Бұл кітаптан тек өкінішке орай соңғы беттері ғана: педагогикалық ілімдер тарихы, мектептегі білім берудің тарихы оқылған.

Бұл тақырыпты жазу барысында академик Г.Н. Волковтың еңбектері қолданылды. Атап айтқанда, «Этнопедагогика» (1999) кітабы.

Барлық беттерді бірінен кейін бірін ғасырлар түбіне еніп қарастырсақ, көптеген құнды және қызықты жайттарға кезігеміз. Мысалы, керемет тарихи құжат, этнопедагогикалық конституция іспеттес құнды жазба болған ұлы мемлекеттік қайраткер Шыңғысхан (1155-1227) жазған «Великий Джасак» атты шығармасын көбі біле ме екен. Осы жөнінде толығырақ қарастырайық. Құжат екі бөліктен тұрады, бірінші бөлігінде халықтың нақылдары жинақталса, екіншісінде Шыңғысхан халқын басқарған кездегі қолданған заңдар жинақталған. Дегенмен «Жасақ» – стилі бойынша халықтық, ол ауызша түрде жүзеге асырылған: Шыңғысхан сауатсыз болған, сондықтан құжат оның сөзінен жазылған.

Шыңғысхан үшін бірінші орында жастардың және балалардың тәрбиесі болған. Оның негізгі заңының бірінші бабында анық, жарқын түрде нашар тәрбиенің салдары көрсетілген: «Балалар әкелерінің ақылды сөздерін тыңдамады, кіші інілері үлкендердің айтқандарына көңіл аудармады, күйеуінің әйеліне сенім болған жоқ, әйел күйеуінің айтқанын орындамады, енелер келіндерге жағымсыз қарады, ал келіндер енелерін сыйламады, үлкендер кішілерді тәрбиелемеді, ал кішілер үлкендердің ақылына еш көңіл аудармады... Міне осы тайпа осындай тәртіпсіз, мағынасыз болды». Тәрбие тек қана тәрбие ғана адамдағының, халықтағының, елдегінің, барлық әлемдегінің бәрін қалыпқа келтіреді.

«Ұлы жасақ» – бұл халықтардың этнопедагогикалық пансофиясындағы – жалпы ақылдылықтың құжат – символы болып табылады.

Халықтық дәстүрлі педагогикада айтылған нақылдарға Шыңғысхан заңдық күш қылып берді.

Адам өзін қандай бейнеде көрсе, басқаларды да солай білсін. Егер әйелі ақылсыз, тәртіпсіз, ебдейсіз болса, одан күйеуінің нашар сапалары көрініп тұрады.

Шарап пен арақтан ой мен өнерге еш пайда жоқ, онда жақсы сапа мен мінез-құлық жоқ. Ол адамды нашар әрекетке, өлімге әкеп соқтырады. Адамның бойындағы өнерлерінен айырып, адамдардың істеген ісінің жолын ұятқа әкеледі де ол өз мақсатын жоғалтады. Бірақ ішпейтін адамдарды қайдан табады. Егер тапса, ол барлық көшеметке ие.

Ұрланған ат табылған адам, оны иесіне осындай 9 атпен қоса қайтару керек.

Шыңғысханның қонақ қарсыалу туралы заңдары да конституциялық тұрғыға ие болды: ол монғолдарға басқа адамның көзінше оны тамаққа шақырмай ас ішуге тыйым салды, жақын адамдарды өзіңдей жақсы көруге бұйырады, адамдарға қастандық жасауға болмайтындығын, құдайға арналған храмдарды және оған қызмет ететіндерді түгелімен барлық салықтардан босатуды бұйырады.

Шыңғысханның әсер ету шараларының қатары өте қызық.

Кім заңға бір рет қарсы шықса, оны сөзбен ұялту, егер екі рет болса, оған шешендікпен әсер етілсін, үшінші рет – оны алыс жерге жіберілсін. Ол онда барын келгеннен кейін мұқият болады. Егер ол түсінбесе, онда оны түрмеге отырғызылсын. Егер одан шыққаннан кейін ақылды, саналы болса – онда онда өте жақсы; олай болмаған жағдайда барлық туғандары жиналып, жалпы жиналыс жасап, оған не істеу керек екенін шешсін.

Жоғарыда көрсетілгендей әсердің жоғары мөлшері, жауапкершіліктің көбі – туысқандарда. Қазіргі кезде осы дәстүрді қолданған дұрыс сияқты.

Әрбір халықтың тарихында символ тұлғылар және символ оқиғалар бар.

Символ тұлғалар және оқиғалар да халық тарихында тұтас дәуірлер құрады. Лютер және Коменский, Ушинский және Толстой, Ломоносов және Яковлев, Корчак және Штейнер, Нил және Френе, Фрейре және Сухомлинский, Абай және Алтынсарин – олардың әрқайсысы өзінше адамзат дамуына үлсін қосты.

Адамзат тарихында соңғы мыңжылдықтағы «Педагогиканың атасы», шынайы халық педагогы Ян Амос Коменскийдің орны ерекше. Халықтықтың арқасында ол дүниежүзілік, жалпыадамзаттық символ болды. «Ұлы дидактикаға» ол «Чех дидактикасы», «Чех грамматикасы», «Чех поэзиясы», «Ақсақал чехтардың даналығы»арқылы келді. Чех халықтарының ғасырлық даналығынсыз «Адамзаттық істерді түзету туралы жалпыға бірдей кеңес» те болмас еді.

Я.А. Коменскийдің оқу кітаптарында пансофия идеясы өткізілген – жалпыға бірдей даналық.

Ұлы ойшыл зұлымдықтың тамырын білімсізденген немесе дұрыс білім алмағандықтан көреді, сондықтан адамзатты жалпыға бірдей даналыққа, шынайы білімге, яғни пансофияға баулуды армандады. Сондықтан өркениеттің барлық тапқан білімдерін жалпылап және мектеп арқылы осы жалпыланған білімді қоғамдық, нәсілдік, діни белгісіне қарамай адамдарға беруді мақсат тұтты.

Коменскийдің еңбегі елінің қажеттілігі мен дәстүрінен туындап отырады және «ақсақал чехтардың даналығы» оны жақсы бейнелейді.

Коменский жинақтаған мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштар қазір де өзінің өзектілігін және тәрбиелік күшін жоймайды. Мысалы: «Үлкен бұлттардан кішкене жаңбыр», «Көп уәде береді, аз орындайды», «Күшсіз ашу-ыза пайдасыз». Коменский хпалық ауыз әдебинтінің шығармашылығы мақал- мәтел, жаңылтпаш, ертегі, жұмбақ және т.б. жинап өз педагогикалық еңбегінде пайдаланып қана қоймай ол өзі де көркем шығармалар жазды, мұнда педагогикалық мән мен поэзия көркем шығармашылықта бірігеді.

Я.А. Коменскийдің педагогикалық, ағартушылық іс-әрекеті – халықтық педагогикалық тәрбиелеу ұлттық мәдениетінің қазіргі қалыптасуы тек ұлттық бостандықта және тәуелсіздікте ғана мүмкін екені дәлел.

Мектеп ісінің ешқандай жасампаз модернизациясы өзінің ғасырлық дәстүрлік тірегінсіз мүмкін емес. Бұл дәстүрді есепке алмау адамзат пен қоғам деградациясына алып келеді. Сонымен қатар Я.А. Коменскийдің педагогикалық шығармашылығының әлемдік мәні халықтық дәстүрді тірек ететін әрбір өнімді педагогикалық тәжірибе әрқашан өзінің пайда болып дамыған тарихи және мәдени контекстісінен алыстайтынын дәлеледейді. Мысалы, басқа халықтардың педагогикалық жетістіктерін меңгеруге кедергі етпейтін мыңдаған жылдардағы жапондықтардың педагогикалық мәдениетін келтіруге болады. Бұл дәстүрлерді елемеу білім беру және тәрбиелеу жүйесіндегі демократиялықты жоққа шығарады.

Орыс мәдениетінің рухани және педагогикалық-ғұламасы – М.В. Ломоносов. Ол Коменский сияқты символ тұлға, орыс грамматикасының негізін салушы, бірінші Ресей университетінің негізін салушы. Көптеген ғылымдарда әсіресе, тәрбие туралы ғылымда жаңалық ашқан ғалым. Ломоносов – халықтың рухани өміріндегі өз тілі, орыс тілінің ұлы жолын көрсеткен шынайы халық педагогі.

Орыс тілі туралы айтылғандардың барлығын М.В.Ломоносов оңай басқа тілдерге аударды.

Орыс мәдениетіндегі М.В.Ломоносовтың алатын орны секілді Иван Яковлевте чуваш мәдениетінде маңызды тұлға болып саналады. Ол университет және академиямен қоса, политехникалық шеберхананы, консерваторияны, хорларды, ансамблдерді, оркестрлерді құрды; музей, шіркеу тұрғызды; бибилиотеканың, театрдың, монастырдың, ауылшаруашылық фермалардың, баспаханалардың, жетім балалар үйінің және тағы басқалардың негізін салды. Яковлев бұның бәрін қарапайым түрде чуваштық мұғалімдік мектеп деп атады, себебі «мұғалім» түсінігіне өте кең мағына берген. И.Яковлев өзінің барлық ағартушылық жұмысын әлемдік педагогикалық мәдениетпен шыққан бай тәжірибені қолдана отырып, халықтық педагогикалық салт – дәстүрде тұрғызды. Университетте ол Сократтың, Платонның, Аристотельдің, Квинтелианның, Лютердің, Коменскийдің еңбектерін оқыды. Ол әлемдік педагогиканың ең жоғарғы жетістіктерін өте жақсы меңгерген. Университетте дәл сол уақытта ол әлемдік ғылымда бірінші рет халықтық педагогикалық естеліктер жөніндегі мағлұматтарды теориялық түрде қарап шықты. Теориялық шығармасын ол хрестоматиялық қосымшамен жүзеге асырды.

И. Яковлевтың бірінші еңбегі – ұлттық мерекелер туралы, екінші еңбегі – ұлттық күн тізбе жөнінде, ал үшінші еңбегі өз сөзінің ұлылығы, оның күштілігі жөнінде жазылған. Әрі қарай 25 жаста болса да әрекеттің жаңа кезеңі жүреді. «Букварь для чувашей» және християнство жөнінде «Начало истинной веры» кітабын шығарды.

И. Яковлев адам рефлексиясын, өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы жөніндегі халық педагогикасының ашылуында шығармашылық тұрғыдан пайымдады. И. Яковлев рефлексиямен адам жанының ажарын құрастыруға болады, деді.

И. Яковлевтың жанұя үлгісі жөніндегі мектеп құру тәжірибесі әлемдік мағынаға ие (1868). Бұл мектеп қауым болып, 1918 ж. дейін жұмыс істеді. Мектепшілік ұжым үлкен еңбекқорлықты, гуманистік, демократиялық дәстүрге ие, шаруалар педагогикасын танытты.

И. Яковлев жұмысты үлкен жанұяның қамқоршы әкесі ретінде жүргізді. Ол мынадай идея ұсынды: педагогика – тек ғылым және өнер емес сонымен қоса дін, онда халық – құдай, ана – тәңір, патриарх (әке) – рухани, тәлімгер, балалар – періштелер, ата-аналар үйі – құдай храмы, деді.

Мектептегі моральдық ахуал таза жанұялық қатынаспен ерекшеленеді. Өзара қамқоршылық қалыпта болады. Мектепте түрлі ұлт өкілдері білім алды. Бірақ барлығы да мектепке алғыспен қарап, чуваштық тілді белсенділікпен меңгерді.

И. Яковлевтің «Рухани мұрасы» - туған халқына қатынасы, сол арқылы барлық адамдарға яғни танымал идеал барлық халықта бірдей болғандықтан, тәрбиелеудің мақсаты да бірдей. Я. Корчактың, Р.Штейнердің, В. Сухомлинскийдің еңбектерінде өз жерінің балаларын тәрбиелеу жөнінде және оны туған халқының салт-дәстүріне сәйкес ету, бірақ олар барлық педагогикаға түсінікті және жақын.

Сонымен этникалық мәдениеттің әртүрлілігіне қарамастан оның бөлігі ретінде этнопедагогика оқшалануға жол бермейді. Егерде ол шынайы халықтық болса, онда ол – жалпы адамзаттық болады. Мұратында емес, сонымен қоса әрекет стилі жағынан да бір-біріне ұқсас екені кездейсоқтық емес. Оларды мың жобадан жаны бар бір бала артық деген ақылды ой басқарып отырады.

Дәріс

Наши рекомендации