В-ф-ч әріптерінің емлесі

Дәрістер кешені

Дәріс. Қазақ тіл білімі салаларының құрылымдық жүйесіндегі кәсіби бағыт және фонетикалық заңдылықтар

Дәріс жоспары:

Фонетика ғылымы туралы түсінік, оның салалары, зерттеу объектісі.

Фонетиканы зерттеуде қолданылатын әдістер.

Дыбыс туралы түсінік. Дыбыстау мүшелері. Дыбысты қарастырудың аспектлері.

Ріптер емлесі.

Тілдің негізін жасайтын оның грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қоры. Олар фонетикалық құбылыстармен тығыз байланысты. Кез-келген дыбыстардан немесе дыбыстар тіркесінен сөз жасау мүмкін емес. Лексикалық элемент те, грамматикалық элемент те дыбыстардың белгілі жүйелі тіркесі арқылы жасалады. Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Дыбыстар тіркесі арқылы адам ойын білдіреді. Тілдегі лексикалық, грамматикалық құбылыстардың төркінін, өзгеріп дамуын айқындау үшін дыбыстық өзгерістерді жете меңгеру қажет. Тілдің дыбыстық жүйесін фонетика зерттейді. Атап айтқанда фонетика мына мәселелерді қарастырады: 1.тіл дыбыстарының пайда болуы; 2. іштей жіктелуі, бір-біріне әсері; 3. буын; 4. екпін; 5. дыбыстық жағы мен жазудың ара қатынасы; 6.орфография мен орфоэпия.

Фонетика тіліміздегі бірсыпыра сөздердің пайда болуын анықтауға, тілдердің арасындағы туыстық байланысты табуға, тілдің айту, жазу нормаларын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді.Зерттеу мақсатына қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы болып бөлінеді.

Сипаттамалы (синхрониялық немесе статистикалық) тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық жүйесіе қарастырады, дыбыстарды сандық, сапалық жақтан айқындау, олардың тіркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпін, орфоэпия мәселелері негізгі объектісі болып саналады.

Тарихи (диахрониялық) тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың түрлері, даму, қалыптасуы, буын, екпін мәселелері, үндестік заңы әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары бойынша анықталады.

Салыстырмалы фонетика тілдің дыбыстық жүйесін қазіргі тарихи тұрғыдан қарастырған кезде туыс тілдердің фонетикасын да ескерген абзал. Мұның өзі дыбыстардың өзгеру, даму жүйесін айқындаға мүмкіндік береді. Туыс тілдердің дыбыс жүйесін салыстыра зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін айқындайды.

Тіл білімінде фонетика жалпы фонетика, жеке тілдердің фонетикасыболып екіге бөлінеді. Жалпы фонетика сөйлеу дыбыстарын акустикалық, артикуляциялық жақтан зерттейді, олардың сөз мағынасына қатысы ескерілмейді.

Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер. Тіл дыбыстары өзінің табиғаты жағынан әрі акустикалық, әрі анатомо-физиологиялық қасиетке ие. Дыбыстардың акустикалық мінездемесін – күшін, қарқынын, созылыңқылығын, қандай мүшелердің қатысуымен қалай жасалатынын физиологиялық фонетиказерттейді. Ал лабороториялық жолмен түрлі инструменттер, аппараттар арқылы экспериментальды фонетика тексереді. Экспериментальды фонетиканың өзі іштей: акустикалық әдіс(сөйлеу дыбыстарының акустикалық қасиеттерін тексереді), физиологиялық немесе соматикалық(дыбыстардың жасалуына дыбыстау мүшелерінің қатысы тұрғысынан) зерттеу әдісі түрінде жіктеледі. Бұл әдістердің әрқайсысын пайдаланылатын құралдарының түрлеріне қарай бірнеше әдіс түрлеріне ажыратамыз:

Акустикалық әдіс: 1. Кимографтық әдіс; 2.Осцилографтық әдіс; 3. Спектографтық әдіс;

Соматикалық әдіс: 1.Палатографтық, 2. Рентгенографиялық, 3.Кинофотоға түсіру әдісі.

Жалпы тілдегі дыбыстар туралы. 1.Дыбыстардың жасалуы. Дыбыс атауының қандайы болса да серпінді заттың вибрациялық қимылынан пайда болады. Тілдегі дыбыстар да күрделенген вибрациялық қимылдың нәтижесінен пайда болатын құбылыс. Тілдегі дыбыстардың түрленуі олардың ырғағы, күші, әуенітәрізді белгілеріне байланысты болады.

Дыбыс ырғағы 1 сек. ішіндегі дірілдің мөлшеріне байланысты. Неғұрлым діріл мөлшері көбейсе, соғұрлым дыбыс ырғағы күшейіп, азайса 1 сек. ішінде кемінде 16 рет, көп дегенде 20 000 рет дірілдің нәтиже болған дыбыс қана құлаққа естіледі. Тілд/і дыбыстың ырғағына қарай сөздің, сөйлемнің интонациясын білуге болады.

Дыбыс күші 1 сек. ішіндегі дірілдің қарқынымен бай/ты, неғұрлым діріл қарқыны көбейген сайын, соғұрлым дыбыс күші де ұлғаяды. Дыбыс күші көбейген сайын дыбыс жіңішке, ащы шығады. Тіл/і дыбыстар негізгі тон мен көмекші тоннан тұрады. Дыбыстау мүшелері: тыныс мүшелері, тамақ қуысы, ми. Дыбыс ырғағы– герцпен, күші – децибельмен өлшенеді.

Дыбыстау мүшелері.Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады.

Оларды бес тарауға бөліп қарастыруға болады. 1. Тыныс мүшелері: өкпе диафрагмасы, кеңірдек, тыныс алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тараулары, 2. Тамақ, дауыс шымылдығы,3. Қуыс мүшелері – тамақ, ауыз, мұрын қуысы,4. Дыбыс шығарушы мүшелер, 5.Ми және адамның жоғарғы нерв жүйесі. Тыныс мүшелері сөйлегенде көрік сияқты бірде ауаны шығарып, бірде кіргізіп қана қоймастан дыбыстың жасалуына да тікелей қатынасады. Ауа мөлшері дыбыстың күшіне, жасалуына, буынға бөлінуіне әсер етеді. Тамақ қуысына орналасқан дауыс шымылдығының қызметі өте күрделі. Ол көлденеңінен, қиғашынан қиысқан талшықтардан тұрады. Өкпеден келген ауа қысымы дауыс шымылдығына тигенде тербеліс пайда болады. Дыбыс шығарғанда дауыс шымылдығы жиырылып, кішкене қуыс пайда болады. Осының себебінен бір дыбыс созылыңқы, екіншісі қысқа болады. Тамақ қуысы ауыз, мұрын қуыстарымен байланысты. Тамақ, ауыз қуыстары резенаторлық қызмет атқарады, яғни дыбыстардың жуан, жіңішкелігін реттеп тұрады. Дыбыстардың көпшілігі ауыз қуысында жасалады, сондықтан оларды дыбыс шығарушы мүшелер деуге болады. Ауыз қуысындағы ең жылжымалы мүше – тіл. Оның ауыз ішіндегі түрліше қозғалуынан дыбыстар жасалады. Дауысты дыбыстардың жасалуы тіл мен ерінге байланысты. Кішкене тіл тілдің артқы бөлігімен қосылып, қазақтың ұлттық ерекшелігі Қ,Ғ.Ң,Һ дыбыстарын жасауға қатысады.Сөйлеу мүшелерінің бәрі дыбыс жасауға қатынасады. Бірақ бірдей дәрежеде емес. Жылжымалы болып келетін актив мүшелер: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы. Қалғандары пассив мүшелер. Ми кісінің орталық нерв жүйесін басқарады, ол екі бөлшектен тұрады: сол жақ жэартысы доминант, ол сөз жасайды әрі сөздерді байланыстырады, грамматикалық қалыпқа түсіреді. Оң жақ жартысы субдоминант, жасалған сөздерге эмоциялық бояу, кқркемдік береді.

Дыбыстарды қарастырудың 3 жақты аспектісі. Жеке тілдердің фонетикасы барлық тіл дыбыстарын үш аспектіде қарастырады:

1. Анатомо-физиологиялық (немесе биологиялық)Сөйлеу дыбыстарын айтуға арналған арнайы орган жоқ. Мұны әртүрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған органдар қосымша атқарады. Дыбыстау мүшелері: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл тіс, таңдай, жақң ерін т.б. Бұларды бір сөзбен сөйлеу аппараты дейді. Анатомо-физиологиялық аспектсөйлеу дыбыстарын оған қатысты сөйлеу аппараттарының қызметі тұрғысынан зерттейді.

2. Акустикалық(физикалық) аспект. Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір бірінен ырғағы, күші, әуені созылыңқылығы арқылы ерекшеленеді.

Акустикалық аспект тіл дыбыстарын физикалық қасиеті тұрғысынан зерттейді.

3.Лингвистикалық аспект. Линг.аспект тіл дыбыстарын адам қатынасының құралы ретінде қарастырып, зерттейді. Мұны фонология дейді. Яғни линг.аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан келеді. Фонетиканың зерттейтін объектілерінің бірі – фонема.Фонетиканы түсінуде фонеманың не екенін ажырата білудің мәні зор. Фонема туралы лингвистер арасында түрлі пікірлер бар. Фонема туралы теорияның негізін салған орыс-поляк тілінің маманы И.А.Бодуэн де Куртенэ.

Фонема тіл дыбыстарының мағына айқындайтын кезеңін қарастырады. Л.Б.Щербаның айтуынша сөзді және сөздің тұлғасын ажырататын дыбыс типі және дыбыстардың айтылу түрі көп, шегі жоқ, бірақ олар орайласып бір дыбыс типін құрайды. Оны фонема деп ұғамыз.

Л.Б.Щерба фонема жөніндегі теорияны жасай отырып, Л.Б.Щерба тілдің дыбыс кезеңдерін 3 аспект бойынша қарастырады:

1. Социалдық немесе лингвистикалық аспект;

2. Биологиялық аспект;

3. Физикалық аспект.

Бұл үш аспект бойынша қазақ тіліндегі «жас, жез, жон, жүн» сөздеріндегі дыбыстарды талдап қарайық.

Акустика-физиологиялық жағынан қарағанда жоғарыдағы 4 сөздің дыбыстарының тең еместігін байқаймыз. Лингвистикалық аспект тіл дыбыстарының сөз мағынасын айқындау жағын қарастырады. Олай болса жаз, жез, жон, жүн сөздердің басындағы ж дыбысының сөз мағынасын айқындау жағы бар ма? Әрине жоқ. Сөз басындағы ж дыбысының акустика-артикуляциялық ерекшелігі болғанымен лингвистикалық-мағыналық өзгешелігі жоқ.

Демек ж дыб/да болған ерекш/ң фонематикалық кезеңі жоқ та, ал «а, е, о, ү» дыб/ң фонологиялық кезеңі бар. Олай болса қазақ тіліндегі «а, е, о, ү» дыб/ы сөздің мағынасын айқындайтын дыбыс типтері болып есептеледі.

Тілде дыбыс құбылыстары толып жатыр. Оларды акустика-артикуляциялық жағынан маңызсыз деп жіктеуге болмайды. Тіл дыб/ң бұл кезеңдерін тек лингвистикалық жағынан жіктеуге болады. Сондықтан сөз дыб/ң акустика-артикуляциялық аспектілері лингвистикалық аспектіге тәуелді болады.

Фонема теор-ң мәні мен жаңалығы неде дегенде мына 2 мәселеде:

1. Фонема жөніндегі оқу – тіл дыбысын – фонеманы сол тілдің жалпы фонемалар жүйесінен жеке алып қарамайды.

Мәселен: Қазақ тіліндегі а фонемасы тек қана акустика-физиологиялық ерекшеліктерін ғана емес, мағына айқындау ерекшеліктерін осы тілдегі дауысты фон/а (ә, е, о, ө, у, ү, ы, і, и, у ) қарсы қойылып айқындалады.

2. Фонеманың варианттары жөніндегі іліміне қатысты.

Л.В.Щерба фонеманың варианттары жөнінде дербес теория жасайды.

Фонемалар тілде дербес қол/ы. Тек сөзде ғана қолд/ы. Сөз дыбыс тіркесінен құралады. Сөз ішінде фонема түрлі фонетикалық жағдайға байланысты. Сөздегі алатын орнына, екпіннің жайына қарай әртүрлі айтыла береді. Демек оны фонеманың комбинаторлық немесе позициялық варианттары д.а. Комбинаторлық варианттың мағына айқындау жағы болмағандығынан социалдық мәні де болмайды. Тілдегі дыб/ң қайсысы болмасын белгілі бір фонеманың көрінісі. Фонема және оның варианты диалектілік бірліктегі категория. Варианттылық фонетика жағдайға тәуелді болса, ал фонема тәуелсіз болады.

Бір фонеманың комбинаторлық варианттары екінші фонемаға сәйкес келмейді.

Фонема дег/ң өзі мағына айқындау, функциясы бар акустика жағынан шектелген дыбыстар тобы. Фонема тілде неше түрлі комбинаторлық вариантта келсе де оның белгілі артикуляторлық, акустикалық шегі болады.

Бір фонемадан екінші фонеманы ажыратуымыздағы себептің бірі – акустикалық шегінде. Олай болса, бір фонеманың комбинаторлық варианты екінші фонемаға үйлеспейді. Осы күнгі кейбір фонологиялық еңбектерде фонеманы тануда екінші бір жайы бар.

И.Р.Аванесьев, П.К.Кузнецов, В.Н.Сидоров тіл дыбыстарының функциялық кезеңіне мән береді де, оның акустика-артикуляциялық жағын естен шығарады.

Аванесьев пен Сидоров «Очерк грам/и русского литературного языка» (Москва 1945) деген еңбекте функциясына қарай фонема модификациясының 2 түрі бар: 1. Варияциялар. 2.Варианттар.Бұл авторлар фонеманың комбинаторлық варианттарын варияциялар деп, ал фонеманың комбинаторлық алмасуын варианттар деп қарастырады. Осы пікірді И.А.Ватмановтың «Фонетическая система современного литературного языка» (Фрунзе 1946 ж) деген еңбегінен де байқауға болады.

Жоғарыдағы айтылған пікірге қарағанда бір фонеманың варианттары акустика-артикуляциялық жағынан екінші фонемадан өзгешелігі болмай, оның сапасымен үйлесіп келеді. Демек, олардың айтуынша фонема дегеннің өзі функциясы жағынан үйлес келетін әлденеше фонеманың дыбыстық синонимі болып табылады.

Фонема және фонеманың материалдық дыбыстық жағынан шекарасы болмай, тек функциялық жағынан шекарасы болатын көрінеді. Варианттар матер/қ-дыб/қ жағынан өзге фонемаға үйлес келетін болады. Осыған қарағанда қазақ тіліндегі «колхозшы» - «колхошшы», «жазса» - «жасса» сөзд/гі негізгі морфемадағы з ұяңы, қосымша басындағы қатаң дыб/ң ықпалынан ш,с қатаңдарына өтуіне қарай ш,с қатаңдарын з фонемасының комбин/қ варианты деп айтуға үйлеседі.

Лингвистикада едәуір уақыттан бері фонетика және фонология болып жарысып айтылып келеді. Соссюр, Трубецкой фонетика мен фонологияны екі түрлі нәрсе деп қараған.

Орыс тіл білімінде бір дыбыстың әртүрлі айтылуынан сөз мағынасы өзгереді. Мыс., мол – моль, кон – конь, угол – уголь, стол – столь т.б. Ал қазақ тілінде дыбыстардың жуан-жіңішке болып келуінде фонематикалық қасиет жоқ.Мыс., сал, сән, сан, сән, тол, төл, қан, кен деген сөздерде сөз мағынасын өзгертіп тұрған а,ә,о,ө,а,е дыбыстары.Мұнда л дыбысы бірде жуан, бірде жіңішке естіледі. Бұндай реңк тіл білімінде аллофон деп аталады. Қазақ тілі фонетикасын экспериментті зерттеп жүрген Ә.Жүнісбеков үнді европа тілдеріндегі фонемаға түркі тілдеріндегі сингармема деген атау лайық екенін дәлелдейді. С.Мырзабеков а және ә, о және ө, ұ және ү, ы және і, қ және к, ғ және г – бір дыбыстың түрлі фонемалық сипаты болса керек деп түсіндіреді.

Дыбыс және әріп.Адам баласы алдымен сөйлеуді үйренеді. Сөйлеудің өмір сүру формасы – дыбыс. Дыбыстың жазудағы таңбасы – әріп. Бірақ әріптер үнемі дыбыстарды дәл бейнелей алмайды. Мәселен ю,я,щ әріптері бірнеше дыбыстардың қосындысын таңбалайды. Ал ь,ъ таңбаларының дыбыстық мәні жоқ. Сөздердің айтылуына байланысты – дыбыстарды, жазылуына байланысты – әріптерді қарастырамыз. Сөздің айтылуы мен жазылуы үнемі бірдей бола бермейді. Мыс., бар, сандық, қызыл сөздерінің айтылуы мен жазылуы бірдей, ал ойланба, тұзсыз сөздерінің айтылуы жазылуымен сәйкеспейді.

Транскрипция.Дыбыс пен әріптің үнемі сәйкес келмейтіндігінен, сөздің айтылуы мен жазылуы да сөйкесе бермейді. Бұлардың арасындағы осы сәйкессіздікті барынша азайтып, дыбыстық тілді барынша дәл беру үшін лингвистикада арнайы жазу транскрипция қолданылады. Транскрипция екі түрлі: фонематикалық, фонетикалық.

Фонематикалық транскрипциядыбыстарды дәл бейнелеуге тырысады, бірақ фонемалардың түрлі аллофондары ескерілмейді (жуан-жіңішке, езулік-еріндік). Мысалы, құрұқ, өлөң, Божжігіт, тұу, сұу т.б.

Фонетикалық транскрипция дыбыстардың айтылуын таңбалармен неғұрлым дәл беруді мақсат етеді. Дыбыстардың түрлі аллофондары ескеріледі. Бұл ерекшеліктер фонетикалық транскрипцияда айрықша белгілермен көрсетіледі. < - ашық, ^ - қатаң, “ – жіңішке, : - созылыңқы т.б. Сондай-ақ кейбір дыбыстардың алдынан қосылып айтылатын дауыстылар да ескеріледі. Мысалы, (и)ет, (у)от, (у)өт, аш : ық т.б.

А, Ә – әріптерінің емлесі. А – әрпі сөздің барлық буынында жуан қолданылады. Ә – әрпі бірінші буында жіңішке қолданылады. Кейбір сөздерде: сірә, күнә, шүбә, күмән.

Біріккен қос сөздердетүрлі буындарда қолданыла береді. Ә әрпінің сөздің екінші сыңарында қолданылуына байланысты. Мысалы: Әбдікәрім, Есенәлі, тәлім-тәрбие.

О, Ө – әріптерінің емлесі:

О – жуан сөздердің барлық буынында қолданылады.

Ө –жіңішке сөздердің барлық буынында қолданылады.

О, Ө – әріптері біріккен сөз бен қос сөздің соңғы сыңарының бас буынында қолданылады. Мысалы: көнетоз, сарыөзек, өте-мөте.

О – әрпі орыс тілінен енген сөздерде сөздің ортаңғы, соңғы буындарында қолданыла береді. Мысалы: кино, доктор, домино.

Ұ – әрпінің емлесі:

Ұ – әрпі жуан сөздердің басқы буынында қолданылады. Мысалы: ұрпақ.

Біріккен сөзде, қос сөзде ұ әрпі сөз ортасында кездеседі. Мысалы: басқұр, алақ-жұлақ. Аздаған сөздерде ұ әрпі екінші буында кездеседі. Мысалы: марқұм, малғұн.

Ү – әрпінің емлесі:

Ү – әрпі жіңішке сөздің алғашқы буынында қолданылады. Мысалы: үкімет, үтір.

Біріккен, қос сөздерде сһз ортасында қолданылады. Мысалы: бүлік-бүлік, жаздыкүні. Кейбір сөздерде соңғы буында келедң. Мысалы: дәстүр.

Ы-І әріптерінің емлесі:

Ы-І әріптері сөздің барлық буындарында жуан, жіңішке сөздерде қолданылады.

Қырсық, кілем.

Ы-і әріптерің сөзде түсіп қалып, жазылмайтын кездері де болады.Мысалы:

1. Сөз ы-і әріптерінен аяқталса, оған тұйық етістіктің жұрнаға жалғанса.

Оқы + у = оқу

Тоқы + у = тоқу

2. Сөздің соңғы буынына дауысты ы-і әріптері бар қосымша жалғанса, ы-і әріптері жазылмайды. Мысалы: халық – халқы, көрік – көркі.

И - әрпінің емлесі:

И – әрпі жалаң и дыбысының және қосарлы ый, ій дыбыстарының таңбасыретінде қолданылады. Мысалы: кино, тиек

Ы-и, і-и әріптеніне аяқталса, оған көсемшенің й жұрнағы жалғанса, соңғы ы-й әріптерінің орнына и әрпі жазылады.

Байы – баиды, киі – киді.

Сөз ы, і әріптеріне аяқталса, оған көсемшенің й жұрнағы жалғанса, сөздің соңғы ы,і әріптерімен й әрпінің соңына и әрпі жазылады.

Шоқы – шоқиды, тоқы – тоқиды, оқы – оқиды.

У - әрпінің емлесі:

У – әрпі жуан, жіңішке сөздерде қолданылады.

Сұрау, белбеу.

У - әрпіне уы әріптеріне аяқталған етістіктерге у жұрнағы жалғанса, қос уу жазылады.

Қу – қуу.

Ю - әрпінің емлесі:

Ю – әрпі қазақтың ежелгі сөздерде жазылады. Аю, ою.

Байырғы сөздер и,й әріптеріне аяқталып, оған тұйық етістіктің у жұрнағы қосылса, онда ю әрпі жазылады. Сонда ю әріпінің алдына у әрпі жазылады. Сыю, тыю, қию.

Байырғы етістіктер й, иы, иі әріптеріне аяқталса, оған тұйық етістіктің у жұрнағы жалғанғанда ю әрпі жазылады.

Той + у = тою, сой + у = сою.

Орыс тілінен енген сөздерде. Мысалы: салют, компьютер, юмор.

Я - әрпінің емлесі:

Я – әрпі қазақтың байырғы сөздерінде жазылады. Қоян, таяқ.

И әрпіне аяқталған етістікке көсемшенің а жұрнағы я түрінде жазылады. Қи +а = қияды, жи + а = жияды.

И әрпіне аяқталған етістікке көсемшенің а жұрнағы жалғанса, түбірдің й әрпі мен а жұрнағының орнына я әрпі жазылады. Той + а = тояды.

Я– әрпі орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Конверция

Дауыссыз дыбыстардың емлесі:

Шу– әріптері кейбір қазақтың сөздерінде кездеседі.Кеще

Щ – әрпі орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Щетка.

В-ф-ч әріптерінің емлесі.

1. В – фамилияда, орыс тілінен енген сөздерде қолданылады.

2. Ф-ч әріптері араб, парсы, орыс тілінен енген сөздерде қолданылады.

Фатима, хош иіс, фотосурет, хат, хабар, хирург.

һ – ц - әріптерінің емлесі:

1. Һ әрпі санаулы сөздерде жазылады. Мысалы: қаһарман, жиһаз,.

2. Ц-ч әріптері орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Мысалы: цирк, чемодан.

Наши рекомендации