Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы.
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................2
І-ТАРАУ......................................................................................................................5
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы...............................5
1.2 Мектепке дейінгі жастағы балалар психодиагностикасы.................................6
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы................................9
1.4 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі....................................11
ІІ-ТАРАУ...................................................................................................................18
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің құралдары...........18
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл - ой тәрбиесінің міндеттері...................................................................................................................20
Қорытынды..............................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................27
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі.
Курс жұмыстың мақсаты:
Курс жұмыстың міндеттері:
Курс жұмысының құрылымы:Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-ТАРАУ
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы.
1.2 Мектепке дейінгі жастағы балалар психодиагностикасы
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы
1.4 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
ІІ-ТАРАУ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің құралдары
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл - ой тәрбиесінің міндеттері
Орытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі: Бала тәрбиесінің негізі жанұясында қаланатындықтан, халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұпаққа мирас болып келе жатқан жанұялық бала тәрбиесі дәстүрлерін, фольклорлық мұраларын балабақшада педагогикалық процесті ұйымдастыруда кеңінен пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.
Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған бағдарламалар мектепке дейінгі жастағы балалардың денесі шыныққан, ақыл-ойы ұшқыр, адамгершілік жағынан мінсіз, еңбек сүйгіш, эстетикалық талғамы бай етіп тәрбиелеу міндетін қояды. Онда әрбір баланың жас ерекшелігі, жеке басының өзіндік ерекшелігі, психикалық-физиологиялық ерекшелігі ескеріледі.
Балабақша балалардың жан-жақты дамуына қамқорлық жасайды. Олардың талап-тілегін, қажетін ескеріп, мазмұнды да қызықты іс-әрекетін (ойын, еңбек, оқу) ұйымдастырады. Балалардың көңіл-күйінің сергек, қуанышты болуын көздейді. Балабақшада оқыту мен тәрбие бағдарламалары негізінде педагогикалық процесті ұйымдастырып, бір ізді, жүйелі болуын қадағалайтын, оның талаптарын орындауға жауапты басты тұлға – тәрбиеші.
Тәрбие бағдарламасына сүйене отырып, әрбір топтағы тәрбиелеу мен білім беру мазмұнының келесі топқа қайталанбауын қадағалайды және дұрыс ұйымдастырылуына басшылық жасайды.
Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие білім берудің алғашқы буыны болғандықтан, тәрбиешілердің еңбекке, мемлекеттік, әлеуметтік, қоғамдық саяси істерге араласу міндетін шешеді. Елімізде мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі типі - балабақша.
Мектепке дейінгі кезеңдегі білім мазмұны тәрбиелік сипатта сұрыпталған. Білім деңгейі мен оқытылатын материалдардың шынайылығы, ғылыми дұрыстығы, нақтылығы, түсініктілігі ескерілген. Оқытудың мазмұны балабақшаға арналған «Балапан» бағдарламасында анықталған.
Аталған бағдарламада көрсетілген материалдар бір топтан, екінші топқа өткен сайын күрделенеді, мазмұны, көлемі кеңейеді, тақырыптары жаңарады, жаңа мәліметтер қосылады. Бағдарламаны игеру арқылы балалар бірте-бірте жүйелі білімге ие болады және олардың мазмұнын талдап, қорытып өз ойларын айтады.
Мектепке дейінгі жаста көрнекілік әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс арқылы баланың ұғымын кеңейтіп, оқуы түсінікті, қызықты, нақтылы етеді. Ойы мен бақылампаздығын дамытады. Сондай-ақ, бұл әдістерде дидактикалық, техникалық құралдарды кеңінен пайдалану, бейнефильмдерді, слайд, заттардың өзін, үлгіні, қимыл-қозғалыс арқылы көрсету ұсынылады. Сабақ барлық балалар үшін міндетті, мұнда білім, біліктілік, дағдыны игертумен қатар, балалар тобын құруға, онда өмір сүріп, іс-әрекетпен шұғылдануға, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасап, адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді. Сабақ тәрбиешінің басшылығымен өтеді. Ол сабақтың мазмұнын, мақсат-міндеттерін, көрнекі құралдарын белгілейді, әдіс-тәсілдерін таңдап алып, балалардың білімді іскерлікті, дағдыны меңгеру әрекетін басқарады. Сабақты өткізуге ең қолайлы кезең күннің бірінші жартысы, себебі балаларға іс-әрекетпен шұғылдану таңертенгі тамақтан кейін, шаршамай, ойынға кіріспей тұрғанда ыңғайлы екені көптеген ғалымдардың зерттеу еңбектерінде дәлелденген.
Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие ұйымдарының мақсаттары мен міндеттері айқындалады. Балабақшада тәрбиелеу мен оқыту мазмұны нақтыланып, оқытудың әдістері мен тәсілдеріне талдау жасалады.
Тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ болғандықтан, оның маңызына құрылымдық ерекшелігіне тоқталып, тәрбиешінің сабаққа дайындығы жан-жақты қарастырылады.
Бала айналадағы құбылыс, қоршаған орта туралы сан түрлі мағлұматтар мен дағдылар, білімді игереді.
К.Д.Ушинский айтқандай: «Ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі» екенін ескерсек, баланың өзі тәжірбиесі қаншалықты бай, сан алуан дегенімен, ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды. Сондықтан балаға ересек адам тарапынан ұйымдастырылып, түсіндірілмеген, өзінің тікелей өмір тәжірбиесі арқылы меңгерген мәліметтері мен дағдылары өмір құбылыстарының нақты себептерін анықтауға кедергі жасап, жасалған түсініктердің тууына негіз болады.
Ақыл-ой тәрбиесі баланы қоршаған орта, құбылыс, адамдар, олардың өзара қарым-қатынасы жайлы дұрыс мәліметтермен қаруландыру арқылы тәжірбиесін ұлғайтып, айналасындағы құбылыстарға, ақиқатқа, оқиғаларға оның дұрыс қарым-қатынасымен көзқарасын қалыптастырады. Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой тәрбиесі айналадағы құбылысты дұрыс танып-білудің, олардың арасындағы себепші байланыстарды дәл түсінудің алғашқы негізін қалайды. Ақыл-ой тәрбиесі ақыл-ойдың дамуы ғана емес, оның дамуы тек меңгерген білімнің санымен, сапасымен сипатталмай, ойлау процесінің құрылысымен де сипатталады.
Даму – баланың сандық және сапалық жағынан жетілуі, психиканың, ой-санасының өсуі. Ақыл-ойдың дамуы баланы өзін қоршаған дүние туралы алғашқы мәліметтерді игерудің нәтижесінде ғана іске асады.
Курстық жұмыстың мақсаты:Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде тәрбие түрлері мен ақыл-ой тәрбиесімен танысу
Курстық жұмыстың міндеті:Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой тәрбиесінің әдістері мен түрлері мен танысу
Курстық жұмыстың зерттеу пәні:Мектепке дейінгі педагогика
Курстық жұмыстың құрылымы:Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады
І-ТАРАУ
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы.
Ақыл-ойдың дамуы – бұл, баланың жасына тәжірбиесінің молаюы мен тәрбиелік ықпалдардың әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы.
Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуы алғашында қарым-қатынаста, заттық әрекеттерде, ойындарда кейіннен оқу, еңбек, өнімді жұмыс (сурет салу, мүсін жасау, аппликация, құрастыру) процессінде жүзеге асырылады. Ақыл-ойдың неғұрлым тиімді дамуы оқыту, тәрбиелеу ықпалымен жүргізіледі.
Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері – білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгеру деп есептейді.
Ақыл-ой тәрбиесі – балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді, интелектуалдық дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды жан-жақты қамтиды.