Мектепалды даярлық тобының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Мектепалды даярлық тобының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру. 16 сағат А.Е.Манкеш,Г.К.Қиялбекова Алматыкітап баспасы 2013ж
№ | Сабақтың тақырыб | Сабақтың мазмұны | Қолданылатын көрнекілік | Сағат саны | Мерзімі |
Мемлекеттік рәміздер | Балаларға Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет екені туралы түсінік беру, балалардың Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін жетілдіру; мемлекеттік рәміздердің мән - мағынасын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту; балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, өз елінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру. | Дидактикалық материалдар, суреттер | |||
Тәуелсіз Қазақстан | Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы туралы түсінік беру; Отанымыздың байлығы туралы, жеріміздің үлкендігі туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту; балалардың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. | Дидактикалық материалдар, суреттер | |||
Қазақстан ортақ үйіміз | Тәуеліз еліміз туралы білімдерін толықтыру; көпұлтты республикамызда татулық, достық орын алғандығын түсіндіру, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. | Дидактикалық материалдар, суреттер | |||
Балабақша | Балаларға балабақша мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме екендігін түсіндіру және балабақшада жұмыс істейтін мамандық иелерінің жұмыстарымен таныстыру; сурет бойынша әңгімелеу арқылы жейіндерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту; балабақша ауласында өсіп тұрған өсімдіктердің аттарын ажыратып айту арқылы табиғатты сүюге баулу. | Дидактикалық материалдар, суреттер | |||
Туысқан елдер достығы | Қазақстанмен көршілес жатқан (Өзбекстан,Қырғыстан,Түркіменстан, Тәжікстан) елдерімен туысқандық қарым-қатынас,олардың ұлттық ерекшеліктері,астаналары туралы мәлімет беру.Осы ұлттардың бәріне достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. | Сабақтың қысқаша мазмұны, Әліппе дәптері,Мазмұнды суреттер | |||
Ер есімі ел есінде | Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандық батырлар, олардың ерлігі туралы түсіндіру; егеменді Қазақстанның Ұлан әскері туралы түсіндіру. Еліміздің қарулы күштері туралы мағлұмат беру;еліміздің батыр ұлдары мен қыздарының ерліктерін дәріптеу арқылы бала санасына ерлік, батырлық ұғымдарын қалыптастыру. | Дидактикалық материалдар, суреттер | |||
Ерлік мәңгі есте | Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандық батырлар,олардың ерлік істері,мәңгілік алау туралы әңгімелеу. | Сабақтың қысқаша мазмұны, Әліппе дәптері,Мазмұнды суреттер, Хрестоматия, | |||
Ерлік мәңгі есте | Егеменді Қазақстанның Ұлан әскері,олардың түрлері,табиғат апаттарына қарсы әскер жұмыстарымен таныстыру. | Сабақтың қысқаша мазмұны, Әліппе дәптері,Мазмұнды суреттер, Хрестоматия, | |||
Мамандықтар | Адамдардың түрлі мамандықтар туралы балалардың білімдерін жетілдіру; баладардың мұнайшы, шахтер, құрылысшы мамандықтары туралы түсінігін қалыптастыру. Пайдалы қазба байлықтары және олардың алыну жолдары, олардан не жасалатыны жайлы түсіндіру; жанар - жағар май тұрған жерде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. | Дидактикалық материалдар, суреттер | |||
Мұнайшы және шахтер | Мұнайшы, шахтер мамандықт ары туралытүсінік қалыптастыру.пайдалы қазба байлықтары және олардың алыну жолдары, олардан не жасалынатынын жайлы түсіндіру. Жағар –жанар май тұрған жерде қауіпсіздік ережесін | Дидактикалық материалдар, суреттер | |||
Бағдаршам және көлік | Жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызыметімен таныстыру.Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту.Баланы зейінділікке,ептілікке тәрбиелеу. | Дидактикалық материалдар, суреттер | |||
Еңбек ер атандырады | Үлкендердің еңбектері туралы балалардың түсініктерін әрі қарай дамыту. Ауыл шаруашылық өнімдердің түрлері.( оларды өндіретін адамдардың еңбектері) таныстыру. | Дидактикалық материалдар, суреттер | |||
Ана біздің гүліміз | Отбасындағы ананың рөлі туралы түсінік беру; балалардың өздеріне аналары жайлы әңгімелету арқылы отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық туралы түсіндіру; ананы қадірлеуге тәрбиелеу. | Дидактикалық материалдар, суреттер | |||
Байқоңыр ғарыш аймағы | Байқоңыр жайлы түсіндіру; "ғарыш әткеншегі" ойынын ойнату арқылы Күн жүйесіндегі ғаламшарлар туралы мағлұмат беру; балалардың ғылымға деген ынталарын ояту, білімпаз болуға баулу. | Дидактикалық материалдар, суреттер | |||
Байланыс құралдары | Байланыс қызметі түрлерімен таныстырып олардың атауларын меңгерту; балалардың жас шамасына қарай компьютер туралы қарапайым түсінік беру, оны пайдалану ережелерімен таныстыру, бастаған ісін аяғына дейін тыңғылықты аяқтауға, зейінді, шыдамды болуға тәрибелеу. | Дидактикалық материалдар, суреттер | |||
Копьютер әлемі | Балаларды жас шамасына сәйкес компьютер туралы қарапайым түсінік беру,оны пайдалану ережелерін қадағалап отыру.Бастаған ісін аяғына дейін тыңғылықты аяқтауға,зейінді шыдамды болуға тәрбиелеу. | Сабақтың қысқаша мазмұны, Әліппе дәптері,Мазмұнды суреттер,Хрестоматия |
Мектепалды даярлық тобының күнтізбелік - тақырыптық жоспары